kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сарматтар тайпасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сарматтар тайпасының шығу тарихы мен орналасқан аймағы, туралы түсінік беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сарматтар тайпасы»

Бекітемін:

Мектеп директоры

_________Сарсембинов С.Е.






Тарих апталығының жұмыс жоспары

2018 оқу жылы



Рет

Іс-шараның тақырыбы

Сыныптар

Күні

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы

6-8 «А»

05.02.2018

Тасмағанбетова Ж.С.


2

«Сарматтар» Ашық сабақ


6 «А»

06.02.2018.

Тасмағанбетова Ж.С.

3

«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайыс



6-7 «А»

07.02. 2018

Тасмағанбетова Ж.С.

4

«Тарих қадамдары» интеллектуалдық сайыс


8-9 «А»

08.02.2018

Тасмағанбетова Ж.С.


5

Апталық қорытындысы

6-9 «А»

09.02.2018

Тасмаганбетова Ж.С






















Сыныбы: 6 «А»Күні: 06.02.2018

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:§40.Сарматтар.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Арал-Каспий теңіздері бойын мекендеген сармат тайпаларының шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру

Ә)Дамытушылық: Жаңа сабақты меңгерте отырып,оқушылардың ой –өрісіндамыту, белсенділігінарттырып, білімдерінжетілдіру

Б)Тәрбиелік:Оқушылардыотансүйгіштікрухтатәрбиелейотырып, мәдениетті,имандыазаматетіп тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмебаяндау,сұрақ- жауап, тест, тірексызбалары,

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Психологиялық сергіту «Ыстық алақан»

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Сабақ бастау алдында өткен тақырыптар бойынша шығыс Қазақстан туралы қысқаша шолу ретінде сұрақ — жауап әдісі бойынша «Кім жылдам»
Мынадай сұрақтар беріледі.
1.Солтүстік Қазақстан ға бүгінгі қай облыстар кіреді? (Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Қостанай, Солтүстік қазақстан)
2.Мұртты обалар нешеге бөлінеді? (4)
3.Шығыс Қазақстан жері қандай ? (далалы, әрі таулы аймақ)
4.Шілікті ескерткіштерін алғаш рет зерттеген профессор кім? (1960ж С. Черников)
5.Жазда малды қайда бағылд? (Жайлауда)

6. «Алтын киімді адамды қай жылы, кім тапқан» ( 1969ж археолог-ғалым К. Ақышев Алматы қаласы, Есік қорғаны)

7.Берел кезеңі деп аталуы неге? (Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты.)

8.Кейбір ғалымдардың пікірінше «мұртты» қорғандар ненің рөлін атқарған ( Бағдаршам)

9. «Шілікті алтын адамының » киімінің қаптырма- түймешіктерінің саны нешеу? (4303 дана)

10.Берел қорымнан ненің сүйектері табылған? ( Ат, мысық тұқымдас , жыртқыш аңдар т.б)

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Сарматтардың орналасқан жері

2. Савроматтар

3. Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар.

Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8-ғасыры мен б.з.-дың 5-ғасырында мекендеген. Кейде савромматтар деп те атаған. Арал-Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах (дай, даг) тайпалары тіршілік еткен.Батыс Қазақстан жерің біртіңдеп жаулап, қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Сарматтар жөнінде грек, римтарихшыларыДиодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен.

Сарматтардың орналасқан жері

Арал-Каспий Каспий теңізіГиркантеңізі

(дай,даг,дах) (каспилер) (гирканилер)

1).Жаңа сабақтағы термин сөздермен жұмыс.

Дах,дай,даг – арал – каспий бойын мекендеген ежелгітайпалар

Гирканилер – Гиркантеңізібойынмекендегентайпалар

Аршак- апарнтайпасынаншыққан көшпелілер

Этногенез- халықтыңшығутегі.

Дайлар- б.з.б.248-247 жылдарыөмірсүргентайпалықбірлестік

Б.з.б. 1 мыңжылдықтаГеродоттың,парсы патшасы Ксерстің жазбаларында Арал-Каспий теңіздерініңаралығындах,сақ-массагеттайпаларыөмірсүрген. Дайларбірнешерудантұрды. ДайлардыңАпарынтайпасынаншыққанАрсақ (Аршак) бастағанкөшпелілерПарфияныңүлкенбөлігінжәнеГирканияныңоныменшектесаймақтарынбасыпалған.

Сөйтіп, оларбұлелдеАршакидтерәулетібилігініңнегізінсалған.

Сарматтардың қоғамдық құрылымы

Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, таптық қоғам қалыптасты

Әскери демократия жетілді

Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды

Оқулықпен жұмыс

1тапсырма. Сөйлемді толықтыр.
Обаларда ___________ жасалған ыдыстар да кездесен, бірақ бұл ыдыстарды олар өздері жасамаған, _____________ елдерінен алғызған.
Сарматтарда __________ және _________________________ тұрмыспен қатар ____________________ та дамыды.
Ескерткіштердің көпшілігі _________, __________, ________ өзендерінің бойында.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда _______-________________ отқа табыну рәсімі болған.

Керек сөздер: шыныдан, шығыс, көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық, Жайық, Елек, Жем, дай – массагеттерде

Сергіту сәті

2тапсырма Сәйкестендіру тест

Томирис

Тарихтың атасы

Сарыарқа

Сақ тайпаларының патшайымы

Геродот

Батыс Қазақстанда орналасқан тайпа

Сарматтар

Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аймақ

Диодор

Парсы патшасы

Кир Дарий

Рим тарихшысы


Жауабы:

Томирис- Сақ тайпасының патшайымы

Сарыарқа- Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аймақ

Сармат- Батыс Қазақстанда орналасқан тайпа

Диодор- Рим патшасы

Кир Дарий- Парсы патшасы

YI.Жаңа сабақты қорытындылау:

1. Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі
А) б.з.б. У ғасыр В) б.з.б. ІУ ғасыр
С) б.з. ІІ ғасыры Д) б.з.б. ІІІ ғасыр

2. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ
А) Оңтүстік Қазақстан В) Солтүстік Қазақстан
С) Батыс Қазақстан Д )Шығыс Қазақстан

3. Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі
А) б.з.б. Ү ғ.-б.з. І ғ. В) б.з.б. ҮІІІ ғ.-б.з.Ү
С) б.з.б.ҮІІ ғ.-б.з. ІІІ ғ. Д).б.з.б. ҮІ ғ.-б.з. ІІ ғ.

4. Арал-Каспий аралығы, одан оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы

А) Каспий В) Гиркан
С) Саврамат Д) Дах

5. Каспий жағалауындаөмірсүрген сармат тайпасы
А)Гиркани В) Алан
С) Савромат Д) Дах

6. Сармат дәуіріндегі Каспий теңізініңатауы

А) Хорезм В) Исседон
С)Гиркан Д)Дах

7.Сарматтар кімдерментуыстасболыпкеледі?

а)сақтар В) массагеттермен, исседондармен

с)Дайлармен D) исседондар

Жауабы: 1-д 2-с 3-в 4-д 5-а 6-с 7-в

Рефлексия

1.Сары- сіздің жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайды

Ақ- сізді жақсы көреді

Қызыл- сізді құрметтейді

Көк- сіз туралы әр түрлі ойлайды

2. Сиыр- сіз өзінің туралы жоғары пікірдесіз

Жылқы- сізді интуицияныз ешқашан алдамайды

Ит- жақсы жолдас бола аласыз

Қой-Кейде айтатын сөзінізді айта алмағандықтан өкінесіз?

3. Кофе- үнемі жақындарыңыз үшін жаныңыз ауырады

Шай- өзіңізге көп көңіл бөлесіз

Шырын- жақсылық жасауды жаңыныз сүйеді

Су- көңіліңіз қалса да кек сақтамайсыз

4. Қыс- бар нәрсеге қаталдықпен қарауды ұнатасыз

Көктем- кейде екіжүзділікке барудан да қорықпайсыз

Жаз- лауазымы жоғары адамдармен бірге жүргенді ұнатасыз

Күз- бар уайымды ішіңізде сақтайсыз, сондықтан кейде көп ауырасыз

V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасы. §40 Сарматтар мазмұндау. тақырыбының соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру және тест тапсырмаларын орындау.























Тақырыбы: Тарих әлеміне саяхат.

Мақсаты: Оқушылардың  тарих  пәнінен алған білімдерін   толықтыру,  кеңейту, өмірде  қолдана білуі. Оқушылардың  ой-өрісін  кеңейту,  ойлау, сөйлеу  қабілетін дамыту. Оқушылардың  тарих пәнінен деген қызығушылығын ояту.

Жүргізуші:

Тарих түпкірінен сыр іздейміз

Ғажайып, сырлы әлемге кіргендейміз

Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын

Тарихтың әр бетінен көргендейміз

-Қымбатты ұстаздар,оқушылар,бүгінгі өткелі отырған «Тарих әлеміне саяхат»атты топаралық сайысқа қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысушылар 6,7, сынып оқушылары.

 

-Құрметті сайыскерлер !

Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Біздің еліміз елтаңбасымен еңселі,туымен тұғырлы,әнұранымен айбынды!Ендеше сайысымызды әнұранмен бастаймыз!(Әнұран айтылады)

Енді сайысымызға әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Тарихтан білім берген,

Шәкірттерге ел тарихын үйреткен,

Диана апай,Сырым ағай сіздерді,

Қазылыққа шақырамыз құрметпен.

 Сайысымыз5 бөлімнентұрады:

  1. Топпентаныстыру.Атын қорғау,ұранын айту.

  2. «Тарихтереңінеүңілсек» (сұрақ-жауап бөлімі)

  3. «Жылдар сыр шертеді» (жылдарға қарай отырып оқиғаны еске түсіру)

  4. «Тапқырлар» 2топқа логикалық сұрақ

5.Портрет сөйлейді: (Оқушылар тарихи тұлғаның өмір жолы, өлеңі, шығармаларына тоқталады) 

  1. Сайысқа келді әрбір топ

Білімімен санасып

Топ атыментаныстырсын

Ұрандарыжарасып-дегендейсайыстың 1-бөлім бойынша топ аты мен таныстыру және топ аты мен ұранын қорғау.

«Геродот»  тобы. 6 «А» сынып

« Тапқырлар» тобы 7 «А»

  1. Өмір өзі мінбесінен сөзберді,

Тебіреніптолғанатынкезкелді

Тарихтыкөрмесек те кешегі

Айтамызбізестігенді,сезгенді.

Келесібөліміміз.  «Тарих тереңіне үңілсек»  атты сұрақ-жауап бөлімі.

Сұақтар:

  1. Алғашқыретбіржылда  365 күнболатынынесептепшығарғанкімдер? (Ежелгіегипеттұрғындары)

2.Қазақстан тарихықаншағабөлінедіжәнеолардыата.

Қазақстантарихынегізінен 4ке бөлінеді:

1Ежелгі Қазақстан,2Орта ғасырлардағы Қазақстан ,3Жаңа заманғы Қазақтан тарихы және4 Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы.

3.Осыдан 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген,Африканың Кения жерінде Олдувай шатқалынан табылған алғашқы адам қалай аталады? Епті адам

4.Атамекен атауларын анықтап,оның халықтық және ғылыми этимологиясының зерттейтін ғылым?   Топономика

5.Сақтарға «массагет» деп ат берген кім?    Геродот

6.Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысындағы Шаш қаласынан (Ташкент) шығыс Түркістандағы Бесбалық,Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтиды. Орталығы Суяб қаласы.Айтылған мәлімет қай қағанатқа байланысты?   Түргеш қағанаты

7.Б.з.б.  7 ғасырдан бастап далалы аймақтарда аңдарды бейнелеу-аңдық стиль пайда болды.  Осы «Аң стилі» өнерімен сақтар қайда жасаған жорықтарында танысты?    Алдыңғы Азия мен Иран

  1. Қорқыт ата күмбезі қай жерде орналасқан? Қызылордаоблысы,Қармақшыауданы

  1. ӘмірТемірМаураннахрғақаншажылбилікжүргізді. 35 жыл.

  2. Қазақстан мәдениетіқаншағабөлінеді,оларғанелердіжатқызуғаболады?. Материалдықжәнерухани.

  3. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар? (Жәнібек пен Керей)

12.Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл? (Қола)

13.Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақ қалай аталады? (Сақ тайпасы)

14.Бифас дегеніміз не? (екі жағы өңделген, еңбек құралы)

15.Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? ( Тас дәуірі)

16 . Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы кім? (Арыстан баб)

17.Ұлы Жібек жолы нешінші ғасырда пайда болды? (б.з.б. ІІғ)

18. Тарихтың атасы кім? ( Геродот)

19.Алтын киімді адам қай жерден табылған? (Алматы облысы, Есік қорғаны)

20.Ежелгі Египетте жазу үшін нені қолданды? ( Папирус жапырағын)


3.Ұмыт болған,ұмыт қалған жоқ ешкім.

Ешбір адам ұмытпайтын елесін

Сырға толы әрбір саны қарасаң

Сол жылдардан қандай құпия білесің?

3-бөліміміз жылдарға қарай отырып,оқиғаны еске түсіру. «Жылдар сыр шертеді».

Б.з.Б. 2млн жыл.- Адам баласы жер бетінде пайда болды.

Б.з.б 2 ғ-Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауы

Б.з.Б. 12мың -5 мың жыл - Мезолит дәуірі

552-603жж- Ежелгі Түрік қағанаты

453 жылы- Аттиланың өлімі

1155жыл- Шыңғыс ханның дүниеге келуі

1465-1466жж- Қазақ хандығы құрылды

4. «Тапқырлар» 2топқа логикалық сұрақ

1.Ортағасырлық Париж университетінде 4 факультет болды. Олар: заң, дін, өнер, Ал төртіншісі факультет қалай аталады? (Медицина)

2. 1000жылы Кайрді Фатимидтер әулетінен шыққан Хәкім халиф басқарды. Шариғат ережелері мен өз қалауын орындап, ол Каирдегі барлық иттерді өлтіруге жарлық береді, дүкендер де түнде сауда жасасын деп бұйрық беріп, шарап пен балды сатуға тыйым салады. Сондай –ақ Египеттегі барлық жүзім ағаштарын кескізіп тастады. Оның тағы да бір тыйым салуынан кейін әйелдерге арнап аяқ киім жасалмайтын болды.Халиф неге тыйым салды? (Әйелдерге үйден шығуға тыйым салды).

5. «Тарихи тұлғаларды сөйлету» Оқушылар портрет жайлы мәлімет береді. ( Өмір жолы, өлеңдері, шығармалары туралы айтады)

1. Абылайхан-

2. Б. Момышұлы

3. Ә. Молдағұлова

4. М. Мәметова

Жүргізуші:

Әділқазы өз шешімін айтады

Кім тарихты қалай білді?  Байқады? –дегендей,әділқазыларға сөз береміз.

Биік ұшсын бейбітшілік кептері

Нұрын шашсын алтын күнім көктегі

Тарихтың тағылымында қалатын

Өтпейді әсте ерлік кітап беттері.

Қорытынды:  Бүгінгі жарысты қорытындылай келе жарысқа келіп өз өнерлерін ортаға салып, қатысқандарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар!














"Тарих қадамдары" интеллектуалды сайысы

Мақсаты:

1. Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.

2. Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.

Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарламасы негізінде.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакаттар, суреттер

Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кем де емес.

Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.

Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары  қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер апталығына байланысты мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер –

1 Оразқызы Қымбат апай

2 Нұрсұлтан Диана апай

Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстыратын болсақ:

1 қатысушымыз –Аружан2 қатысушы - Арай

3 қатысушы – Дильназ 4 қатысушы - Гүлім

 №5 қатысушы- Әлшер 6 қатысушы – Ақкенже


 Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық:

1. «Бәйге» бөлімінде оқушылар сұраққа жауап береді.

2. «Тіл – өнер» - оқушылар тарихи терминдерге қатысты сұрақтарға жауап береді.

3. «Қасиетті жетілік» - киелі жеті санына қатысты сұрақтар қойылады.

4. «Көкпар» бөлімінде жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді.

5. «Жорға» - жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар.

Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық». Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

(№1 сайыскер).

1. Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан? (Керей)

2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

3. Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)

4. ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)

(№2 сайыскер)

1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 - 1845)

2. «Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, 1, 5 жылда жазып шыққан қай ғалым? (Жүсіп Бласағұн)

3. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

4. Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХV ғ.) 

(№3 сайыскер)

  1. ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)

2. Қазақтан шыққан геолог ғалым кім? (Қаныш Сәтпаев)

3. ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер кім?

(Тоқтар Әубәкіров)

4. Қазіргі таңдағы көрнекті демограф ғалым кім? (Мақаш Тәтімов)

(№4 сайыскер)

1. Тұңғыш 1742 жылы тархан атағын алған батыр кім? (Шақшақ Жәнібек батыр 1693 – 1751)

2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

3. ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

(№5 сайыскер)

1. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

2. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

3. Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? (145)

4. ҚР - сы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан)

(№6 сайыскер)

1. Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт - азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)

2. «Бақытсыз Жамал» романының, «Оян қазақ», «Терме» әдеби публистикалық туындысының авторы кім? (М. Дулатұлы)

3. Бұл күнде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша мемлекет таныды? (120)

4. Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)


Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл - өнер» деп аталады. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады, жауапты кім бірінші болып тапса сол сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай, орысша дұрыс жауабы 20 ұпай, ал ағылшынша дұрыс жауабына 30 ұпай алады.

1. Екі немесе одан да көп мемлекеттердің әскери күштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрысы? (соғыс - война - war)

2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым - қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы заңды түрде құрылған адамдар бірлігі қалай аталады? (мемлекет - государство - government)

3. Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік - құқықтық акт? (заң - закон - laus)

4. ІІ дүниежүзілік соғыстың кезінде антигитлерлік коалицияға ұйтқы болған мемлекеттер КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасындағы бейбітшілікті қолдау мен нығайту мақсатында құрылған мемлекеттердің халықаралық ұйымы? (Біріккен Ұлттар Ұйымы - Организация Объединеных Наций - United Nations Organization)

5. Терісінің түсіне, бет әлпетінің ерекшелігіне, шаш құрылымына, сөйлеуіне, өзгеде ұлттық ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту қалай аталады? (нәсілшілдік - рацизм - rasism)

6. Саяси қарсыластарға қарсы қолданатын саяси бақылау, қадағалау, заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? (қуғын - сүргін – репрессия - represion)

3тур 

Қазақ халқы 7 санын қасиетті деп есептеген. Келесі сайысымыз «Қасиетті жетілік». Толық дұрыс жауапқа 40 ұпай беріледі.

1 – сайыскерге: Жеті қазынаны ата? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

2 – сайыскерге: Жеті ғаламды ата? (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты)

3 – сайыскерге: Жеті жұтты ата? (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

4 – сайыскерге: Жеті атаны ата? (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)

Сайыстың бұл бөлімінен кейін ұпайы төмен 1 оқушы шығады. 

Келесі бөлім – «КӨКПАР».

Жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде.

20/1: Әйгілі сақ патшайымы Томиристің ұлының есімі? (Спаргапис)

20/2: Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

20/3: 1930 - 33 жылдары ашаршылық зардабынан қанша адам қырылды?(2, 1 млн)

30/1: Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гуньмо)

30/2: Әйгілі Атлах шайқасы қашан және кімдер арасында болған? (751 арабтар мен қытайлар)

30/3: 1726 жылы Қалмаққырылған оқиғасы болған жер? (сарысу өзенінің орта ағысы, Торғай)

40/1: Шыңғыс ханның шын есімі? (Темучин)

40/2: Қазақ хандығының территориясын кеңейткен, халқының санын 1 млн - ға жеткізген қай хан? (Қасым хан)

40/3: «Көшпелі мемлекет» деп аталған ежелгі мемлекет қайсысы? (Үйсін) 

«Көкпар» сайысында ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Келесі 5 – бөлім «Жорға» әрбір сайыскерге 10 – 10 - нан жедел сұрақтар беріледі.


1 сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)

2. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)

3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)

5. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)

6. Шет елде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)

7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)

8. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? (Аппақ Байжанов)

9. 1917 – 1920ж. ж. Алашорда мемлекетімен Алаш партиясының ұйымдстыру

10. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

 №2 сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

2. Қазақстанда қанша болыс бар? (14)

3. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

4. Екінші рет конституция елімізде қашан қабылда? (1995ж., 30 тамыз)

5. Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)

6. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)

8. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С. Асфендияров)

9. 1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз көтерілісін басқарған кім? (С. Дулатов)

10. Қазақ ұлтынан бірінші рет КСРО халық әртісі атағын алған кім? (К. Байсейітова)

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.

Сонымен сайысымыздың нәтижесі бойынша мектебіміздің ең зерек әрі тапқыр оқушымыз болып Алясхарова Гүлім мен Байдилдина Ақкенже анықталды. Оған мақтау қағазын табыстаймыз. Ендеше, бүгінгі «Тарих қадамдары» атты интеллектуалдық тарихи танымдық сайысы аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сарматтар тайпасы

Автор: Тасмаганбетова Жангул Сериковна

Дата: 02.03.2018

Номер свидетельства: 460406

Похожие файлы

object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Сарматтар"
    ["seo_title"] => string(9) "sarmattar"
    ["file_id"] => string(6) "298784"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456404722"
  }
}
object(ArrayObject)#895 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Сарматтар тайпасы"
    ["seo_title"] => string(19) "sarmattar_taipasy_1"
    ["file_id"] => string(6) "497994"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1548955102"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Сарматтарды? шаруашылы?ы мен т?рмысы "
    ["seo_title"] => string(41) "sarmattardyn-sharuashylyg-y-mien-tu-rmysy"
    ["file_id"] => string(6) "192306"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427446163"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства