Просмотр содержимого документа
«Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы. Ашық сабақ»
12.12.16
Сыныбы: 6 Ә пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ерте темір дәуірі, Сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы жөнінде мағлұматтарға ие болады.
-Топқа бөлу (Суреттер арқылы )
1. Көшпелілер 2. Шаруалар 3.Шеберлер 4. Абыздар
Амандасу:
Амансызба балалар
Дайынсызба сабаққа
Білім-ырыс қазығы
Білім көзі кітапта
Оқушы;
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызға бас иеміз
Құрметпенен біз.
-Топ ережесін дайындау мен өзін-өзі бағалау.
-Үй тапсырмасын сұрау (Жұмбақтар арқылы)
1. Қадам бас алға сүрінбей Болашақ кілті – білімде. Қандай мағына береді, «Сақ» сөзі парсы тілінде? (Құдіретті еркектер) 2. Басынан кешкен шақтарды Тарихшы тізіп ақтарды Кімдер деп тағы атады. Грек Геродот сақтарды? (Массагеттер) 3. Көгенге құлын байлады, Бес қаруды да сайлады. Айтып берші, қай сақтар, Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа) 4. Таихты жаттап кешегі, Саналы ұрпақ өседі Аргипейлер қай жерде, Мекен қылып көшеді? (Аралдың солтүстік шығысы) 5. Білімді алтынға теңедік, Достарға ашық, кең едік. Әйгілі сусын жасаушы, Сақтарды кімдер деп едік. (Хаомаварга) 6. Арайлып таңы атады, Маужырап күні батады. Түйе сүтін балмен тең, Сақтар қалай атады? (Шұбат) 7. Бел – белестен асады, Өр сақтардың жасағы. Тиграхауда сақтары, Қай жерді мекен жасады? (Жетісуды) 8. Кең болып түзде түлеппін, Шарапаты мен ізгі тілектің, Көшпелілер қалай аталды, Деректерінде гректің? (Дайлар) 9. Еңселі ел көпке танылды, Ізгі ниеттілерде ағылды. Егінші сақтар мекені, Қай қала маңынан табылды? (Алматы)
-Қызығушылықты ояту (Сақтар туралы бейнематериал)
-Дәптермен жұмыс (Күн жады, жаңа тақырып)
Мағынаны тану (Кітаппен жұмыс)
Әр топ тапсырмалары.
1-топ Сақтардың тұрмысы
Тұрмысы туралы мағлұматтар. Сақтардың тұрмысы мен қазіргі қазақ тұрмысын салыстыру (Венн диаграммасы)
2- топ Сақтардың шаруашылығы
Мағлұматтар. Кластер дайындайды.
3-топ Сақтардың қолөнері
Қолөнері туралы мағлұматтар. Семантикалық кубик
4- топ Сақтардың Діни наным-сенімі
Мағлұматтар келтіре отырып. Көрініс абыз сөзі
Рефлексия
1- топ Графикалық диктант
Дұрыс-бұрыс жауаптар
Иә
Жоқ
Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп көшіп қонған
Сақтар- көшпелі мәдениетті қалыптастырушы.
Страбон сақтар туралы « Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. деген мәлімет жазып қалдырған.
Сақтар қыс мезгілінде қыстаудағы тастан немесе шикі кірпіштен салынған үйлерінде де тұрған.
Соғыс арбаларына- түйелер жегілген.
Сақтар- қазақ халқының ата бабалары
2- топ Адасқан әріптер
ЛЫҚЖЫ
АШҰТБ
ГЕНІШКІЛІ
ТЫРА
БАТЫН
КІРШІ-БАТАР
ЛАЙУАЖ
3- топ 5 Жолды өлең
Бес жолды өлең
1. Бір зат есім
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Мағыналы сөйлем
5. Бір синоним
4- топ Сәйкестендіру
Сәйкестендіру
Көшпелі сақтар киелі деп санады
От пен күнді
Тотемизм
Аспан әлемі, жер үсті және жер асты әлемі
Сақтардың наным сенімінің негізгі бағыты
Алтын адам баскиімінде (Күн, қанатты пырақтар
Сақтар түсінігіндегі әлем құрылымы
Ата-баба аруағына сиыну
Ғарыш туралы түсінігі неден аңғарамыз
Жерді
Отырықшылар киелі деп санады
Шығу тегін жануар, өсімдіктермен байланыстыру
Сабақты қорытындылау:
Сақтар қандай тұрмыс кешкен екен?
Қандай шаруашылық түрлерімен айналысқан?
Қолөнер түрлері?
Діни наным сенімдері?
Сақтар мен қазақтардың тарихтағы байланысы?
Бағалау; Өзін-өзі бағалау парғын негізге алып мұғалім
Үй тапсырмасы: Грек тарихшысы Геродоттың, Страбонның еңбетеріндегі сақтар туралы мәліметтерді оқып мазмұндау