Просмотр содержимого документа
«Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы»
Қазақстан тарихы
Күні: 17.01.17
Сынып: 6а
Сабақтың тақырыбы:
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
сілтеме
Күнтізбелік жоспар, оқулық, карта, кесте, қосымша дерек көздері, слайд, презентациялар, тақырыпқа қатысты деректі фильм
Сабақтың жалпы мақсаты:
Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ тайпаларының тұрмысы, шаруашылығы, қосымша кәсібі, туралы мағлұматтар алуға, деректерді салыстыруға, талдау жасауға, ойларын еркін жеткізуге және сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, СТО элементтері, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ой-қозғау, диалогтік оқыту, «кезбе микрафон» топтастыру, оқушылар шығармашылығы.
Күтілетін нәтиже:
Темір дәуірінде өмір сүрген Қазақстанның байырғы тұрғындары сақ тайпаларының шаруашылығы, тұрмыс- салты, діни наным –сенімдері туралы жан-жақты білім ала отырып, өз беттерінше оқып меңгереді, диалог жүргізуге, ойларын еркін айтып,сыни ойлануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (үш тілде амандасу), 4 түрлі түстер (ақ, қызыл, сары, көк) арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын қорытындылау:
«Кезбе микрафон» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
«Қазақстандағы алғашқы тайпалық одақтар. Сақ қоғамы»
1 топ- қызыл түс. Сақ- жауынгерлер
2 топ- ақ түс. Сақ-абыздар
3 топ- сары-көк түс. Сақ- малшылар мен егіншілер
Сөйлемді толықтыр.
Сақтар туралы жұмбақтар
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушы шығармашылығы
Ой қозғау:
Тақырыпқа қатысты деректі фильм көрсетіледі.
Слайд, презентациялар арқылы мұғалімнің тақырыпқа қатысты қысқаша түсіндірмесі.
Өз бетінше қосымша деректер арқылы дайындалып келген оқушылардың жұмысы тыңдалады.
Жоспар:
Сақтардың шаруашылығы
Сақтардың қолөнер кәсібі
Діни нанымдары мен ғұрыптары
ІV. Мағынаны тану
Топтық тапсырма
Мәтінді әр топқа бөліп беру
1 топ- «сақтардың шаруашылығы»
2 топ- «сақтардың қолөнер кәсібі»
3топ- «діни наным-сенімдері»
Әр топ «Ойлан. Бірік. Бөліс» қағидасын еске сақтай отырып, берілген тақырыпшалар бойынша топтаса ұйымшылдықпен жұмыс жасап, ментальды карта жасап қорғайды.
Тапсырма. Семантикалық карта
р\с
«иә»
«жоқ»
1
Үшінші алтын адам Шілікті қорғанынан табылды
+
2
Сақ қоғамы 4 топтан тұрады
+
3
Сақтар туралы қытай жазба деректерінде кездеседі
+
4
Сақтардың жақсы шабандоз болғанын айтқан Герадот
+
5
Өз жазбаларында сақтарды массагет деп атаған Герадот
+
Сергіту сәті:
Жаттығу жасайды.
V. Ой толғаныс
Венн диаграммасы
Ерекшелігі мен ұқсастығын табады.
қазақ
сақ
VІ. Үйге тапсырма:
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Кейінгі оқу:
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Бағалау
Топ басшысы бағалау парағына бағалайды. Мұғалімнің жиынтық бағалауы
Шығу парағы
«Сабақтан алған әсерім» парақшасына стикерге жазып қалдырады.
Бүгін не үйрендіңіздер?
Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
6 сынып. Қазақстан тарихы
Топтық тапсырма
1 топ
Сақтардың шаруашылығы туралы топта талқылап, ментальды картасын жасаңдар.
6 сынып. Қазақстан тарихы
Топтық тапсырма
2 топ
Сақтардың қолөнер кәсібі туралы топта талқылап, ментальды картасын жасаңдар.
6 сынып. Қазақстан тарихы
Топтық тапсырма
3 топ
Сақтардың діни наным –сенімдері мен ғұрыптары туралы топта талқылап, ментальды картасын жасаңдар.
Сөйлемді толықтырыңдар
Сақтар б.з.б ................ ғасырларда өмір сүрді.
Парсы деректерінде сақтардың........... түрі белгілі.
«Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында ....... деп аталады.
Иран жазбаларында сақтарды.........дейді.
Ежелгі грек авторлары сақтарды ....... деп атады.
Шошақ бөрікті сақтар-..........
Хаома сусынын дайындаушы сақтар-...........
Теңіздің ар жағындағы сақтар- ........
Жұмбақтар
Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті білімде,
Қандай мағына береді
Сақ сөзі парсы тілінде (құдіретті еркектер)
Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек герадот сақтарды (массагеттер)
Көгенге құлын байлады
Бес қаруды да сайлады
Айтып берші қай сақтар
Арал мен сырды жайлады? (парадарайа)
Тарихты жаттап кешегі
Саналы ұрпақ өседі
Аргиппейлер қай жерде
Мекен қылып көшеді? (аралдың солтүстік шығысы)
Білімді алтынға теңедік
Достарға ашық , кең едік
Әйгілі сусын жасаушы
Сақтарды кімдер деп едік? (хаомаварга)
Арайлап таңы атады
Маужырап күні батады
Түйе сүтін балмен тең
Сақтар қалай атады? (шұбат)
Кезбе микрафон
Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру –тайпалардың ішкі-сыртқы қарым-қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық одақтардың құрылуына әкелді . Қазақстан аумағын б.з.б.VIII-III ғасырларда мекендеген сақтар сондай тайпалық одақтардың бірі болды. Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігіорнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Бір кездегі ру тайпа көсемдерінен өсіп шыққан сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды. Сондай- ақ сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрды. Енді солардың ауылына барып, тілдесіп қайтсақ
Жауынгерлерге сұрақ:
- сақтардың жауынгер халық болғаны туралы қандай деректер бар?
- сақ патшасы Томирис туралы не білесіңдер?
- сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікірлеріңді айтыңдар
Абыздарға сұрақ:
Сақ қоғамында абыздар болған ба?
Олар қандай қызмет атқарды?
Оларды қоғамдағы басқа топтан қалай ажыратуға болады?
Малшылар мен егіншілерге сұрақ:
Сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілер қандай шаруаларды атқарды?
Оларды неге сегізяқты деп атаған?
Оларды басқа адамдардан қалай ажыратқан?
Міне осылайша сақ қоғамымен де танысып қайттық. Біздің Қазақстанның ежелгі тұрғындары сақ тайпаларының ер жүрек, шыншыл халық, әрі әділ халық екенін білдік.