Сабақтың тақырыбы: §15. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты: Оқушыларға сақ тайпасының тарихы туралы жазған ежелгі тарихшылардың деректерін, археологиялық ескерткіштерін, шаруашылығын, мәдениетін, тұрмысын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды шығармашылық ойлауды, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойында өзінің ата-бабаларының тарихы үшін мақтаныш сезімді қалыптастыру, патриоттық, рухани байлықты дамытуға жағдай жасау.
Сабақтың түрі :Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, тірек-схема, топтастыру тестісі, кесте.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте,сызба,карточка,суреттер,карта.
Пәнаралық байланысы: География, Еңбек.
Тірек ұғымдары: Шірік-Рабат,халцедон, сердолик, агат,ақық,діни-наным сенімі.
Оқыту нәтижесі: .Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланады.
Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.
Сабақ кезеңдері:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту
V.Бағалау
VI.Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды тексеру, оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру.
I топ: Парадарайа сақтары II топ: Тиграхауда сақтары
III топ: Хаумаварга сақтары
Үй тапсырмасын сұрау.
§14.Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.
1-тапсырма:
Тест.
1. Б.з.б.I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазастан жерін мекендеген ежелгі тайпа:
а. сақтар в.аландар с.наймандар д.моңғолдар
2.Сақтар иран жазбаларында қалай аталды?
а. құдіретті еркектер в.жүйрік атты турлар с.халықтар д.скифтер
3. Сақ қоғамы нешеге бөлінді?
а.2 в.3 с.4 д.5
4.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер:
а.патшалар в.жауынгерлер с.абыздар д. егіншілер
5. Мургаб аңғарын мекендеген қандай сақ тайпасы?
а. парадарайа в.тиграхауда с.скифтер д.хаумаварга
6.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?
а. азиялық скифтер в.массагеттер с.дайлар д. сақтар
7.Сақтар туралы олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп жазған ежелгі грек тарихшысы:
а.Страбон в.Фукидид с.Әл-Фараби д.Аристотель
8.Грек тарихшыларының айтуынша сақтар қандай болған?
а. «қатал,ақылды» в. «дұшпанға-қатал,досқа-адал»
с. «мықты сарбаздар» д. «парасатты, ержүрек»
9.Сақтардың ержүрек патшайымы:
а.Венера в.Мадина с.Дарий д.Томирис
10.Сақ топтары нешеге бөлінді?
а.3 в.4 с.5 д.6
2-тапсырма: Тарихи тұлғаға сипаттама.
1/. Томирис
2/.Шырақ
3. Кир,Дарий
3-тапсырма: Термин сөздерді толықтырып жаз:
Тиграхауда
Парадарайа
Хаумаварга
Жауынгерлер
Абыздар
Малшылар мен егіншілер
Құдіретті еркектер
Жүйрік атты турлар
III.Жаңа сабақ.
/ Жаңа сабақты жоспар,сызба бойынша түсіндіру/
Жоспар:
1.Сақтардың тұрмысы.
2.Сақтардың шаруашылығы.
3.Қолөнері, діни-наным-сенімдері.
§15. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
Сақтардың үйлері
Сақтардың шаруашылығы
Егіншілік
Б.з.б.VII ғ.Скифтік-сібірлік «аңдық стиль»
Зергерлік өнер
Мәдениеті
Ағаш бұйымдары
Металл өңдеу
Анимизм
Негізгі ата-баба аруағына сыйыну
Діні
Тотемизм
Мәйітті сақтау үшін бальзамдау, мимиялау
Магия
Мәйіттерге қызыл бояу жағу, ал қабір басына от жағу
Отырықшы сақтар
Киелі деп жерге табынды
Көшпелі сақтар
Күнге, отқа, соғыс құдайына табынды.
Тілі
Шығыс ирандық
IV.Жаңа сабақты бекіту.
1-тапсырма:
Сөзжұмбақ. « Сақтар»
Геродот сақтарды қалай атады? /скифтер/
Шошақ бөрікті сақтар қалай аталды? /Тиграхауда/
Сақтарда жақсы дамыған өнер түрі: /Қолөнер/
Көшпелі сақтар неге табынды? /отқа/
Парсы патшасы I Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері: /Шырақ/
Сақ патшайымы: /Томирис/
2-тапсырма:
I топқа: Сақтардың тұрмысы, шаруашылығы II топқа: Қолөнер кәсібі
III топқа:Діни-нанымдары мен ғұрыптары.
3-тапсырма:
Кесте толтыру
Сақ топтары
Сақ қоғамы
Сақ билеушілері
Шаруашылығы
Неге табынды
Кімдермен соғысты
4-тапсырма: Кесте толтыру.
Бұрыннан білемін
Білгім келеді
Нені үйрендім
V.Бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысқанына қарай бағалау.
VI. Үй тапсырмасы. §15.Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.