Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты: Парсы патшасы Кирдің, Дарийдің және А.Македонскийдің шапқыншылықтарына қарсы күрескен сақтардың ерліктерін, соғыс тарихы туралы жазылған ежелгі тарихи шығармалар негізінде түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін болған күресін меңгерту. Күтілетін нәтижелер: Парсы және сақ тайпалары арасындағы соғыстың шығу себебі туралы білімдерін жетілдіреді, соғыс туралы жазылған тарихи деректерді талдайды, сақ патшаларының жүргізген саясатын бағалауға үйренеді Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, карта, ғылыми әдебиеттер, тест жинақтары. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың өткізілу әдісі: Түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған жоғары деңгейдегі сұрақтар беру, тестілік сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.»
Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сабақтың мақсаты: Парсы патшасы Кирдің, Дарийдің және А.Македонскийдің шапқыншылықтарына қарсы күрескен сақтардың ерліктерін, соғыс тарихы туралы жазылған ежелгі тарихи шығармалар негізінде түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін болған күресін меңгерту.
Күтілетін нәтижелер: Парсы және сақ тайпалары арасындағы соғыстың шығу себебі туралы білімдерін жетілдіреді, соғыс туралы жазылған тарихи деректерді талдайды, сақ патшаларының жүргізген саясатын бағалауға үйренеді
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, карта, ғылыми әдебиеттер, тест жинақтары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың өткізілу әдісі: Түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған жоғары деңгейдегі сұрақтар беру, тестілік сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың барысы.
I.Кіріспе.
Оқушылармен амандасу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасының мақсатын нақты айқындау. Бұл кезде оқушылар өз білімдерін тексерудегі үй тапсырмасының маңызды екендігін түсінеді.
Үй тапсырмасына байланысты оқушыларға жоғары және орта деңгейдегі сұрақтар беріледі. Бұл кезеңде оқушылар сұраққа жауап береді, түсіндіреді және өз ойын дәлелдейді.
- Тайпа одақтарының қалыптасуы қандай кезеңдерден өтті?
- Темір дәуірінің басқа дәуірлерден айырмашылығы қандай?
- Сақтар туралы жазылған тарихи еңбектерде не туралы айтылады?
- Сақ тайпаларының атауын тарихи жазбалар қалай түсіндіреді?
- Сақ тайпаларының қоныстанған жерлерін көрсет?
- Сақ қоғамындағы әр түрлі топтардың қызметін түсіндір?
- Сақтар қандай шаруашылықпен айналысты?
- Темір дәуірінде темірді қандай әдіс арқылы өндірді?
Осыдан кейін үй тапсырмасын жинақтап қорытындылау үшін оқушыларға бағдарлама талабына сәйкес келетін тестілік сұрақтар беріледі. Тест жауаптарын шешкеннен кейін оқушылар алдарына берілген дұрыс жауап бойынша бір-бірінің жұмыс парағын тексереді, қатесін табады.
Үй тапсырмасы бойынша әр оқушының білімін бағалау.
II.Тұсаукесер.
Жаңа сабақты бастамастан бұрын сабақтың мақсаты оқушыларға түсіндіріледі. Осы арқылы оқушылар алдын-ала сабақта қандай жаңа материалдар меңгеретінін біліп, оған қызығушылықпен қарайды.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруге деген танымдық қызығушылықтарын белсендіру үшін мұғалім жаңа тақырыптың маңыздылығын, алған білімнің өмірде қажет болатындығын естеріне салады.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгерулеріне көмектесетін және оған қатысты не білетіндіктерін еске түсіру үшін мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы өздерінің жаңа тақырыпты меңгеру үшін оған қатынасты қандай материалды білетіндіктерін еске түсіреді.
- Сақ билеушісін қалай атады?
-Сақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
-Сақ жеріне кімдер жорық жасады?
Жаңа тақырыптың жоспары:
1) Парсы патшасы Кир мен сақтардың арасындағы күрес? 2) Парсы патшасы Дарий мен сақтардың арасындағы күрес? 3 Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы. 4) Тәуелсіздік үшін болған күрестің қорытындылары.
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру барысында алдымен интерактивті тақтадан оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған парсы және сақ жауынгерлерінің күресі туралы ежелгі грек авторларының (Геродот, Полиэн, Помпей Трог) айтқан сөздері көрсетіледі. Нәтижесінде оқушылар мәліметтерді оқиды, оқиғаны сипаттайды, болған мерзімін салыстырады, топқа жіктейді, бөледі, оқиғаның себеп-салдарын анықтайды, бір шешімге келеді.
Интерактивті тақтадан толтыруға арналған кестелер көрсетіледі. Нәтижесінде оқушылар тәуелсіздік үшін болған күреске қатысты берілген кестені толтыра отырып, күрестің болған жерлерін, себеп-салдарын, нәтижесін біледі, мәселеге өз пікірлерін білдіреді, сипаттап айтады.
III. Қорытынды.
Жаңа тақырыпты қорытындылау. Материалды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушыларға сұрақтар беріледі: 1.Сақтардың парсы жаулаушыларына қарсы күресі туралы қандай деректер бар? 2.Сақ патшайымы туралы деректерде не айтылады? 3. Сақ-парсы соғысын қазіргі тұрғыда қалай бағалайсың? 4.А.Македонскийдің сақтарға қарсы соғысы туралы қандай деректер бар? Осы арқылы оқушылар жаңа алған білімдерін талдайды, бағалайды, тәжірибеде қолдана білуге дағдыланады.
Тестілік сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты бекіту. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша іріктеліп алынған ҰБТ-да келіп жүрген тестілік сұрақтар беріледі. Нәтижесінде оқушылар тестке жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін біледі.
Үй тапсырмасын беру. Төменде көрсетілген үлгіде кестені толтыру.