Просмотр содержимого документа
«Сақтардың қоныстануы 6сынып»
Қазақстан тарихы. 6-сынып
Тақырыбы: Сақ тайпаларының қоныстануы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік бере отырып, оқушылардың сақ тайпалар жайлы білімдерін толықтыра отырып, тарихи сауатты сөйлеу шеберліктерін арттыру.
Дамытушылық: Сақ тайпаларының қоныстанған аймақтарын картадан көрсету арқылы оқушының өзбетімен жұмыс жасау, есте сақтау дағдысын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру
Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі:баяндау, «Қар кесегі», «Тоқта кадр», «Бетпе- бет» әдістері, семантикалық карта толтыру, сұрақ- жауап.
І Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу отырғызу, түгелдеу. Психологиялық ахуал туғызу: барлығы, қонақтар мен оқушылар шеңберге тұрып ізгі тілектер тілейді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 1 «Қар кесегі» ойыны бойынша парақшаларға сұрақтар жазып бір- біріне лақтыру. Жауаптарын толықтыру.
2. «Тоқта кадр» әдісімен тақырыпқа сай слайдтар көрсетіледі, оқушылар өздері жақсы білетін кадрға келгенде «тоқта кадр» деп суретке қатысты жауап береді.
Беттестіру: Төмендегі тарихшылардың еңбектектерін дұрыс беттестіріңдір.
Геродот «Тарих» І Дарий «Бехистун» Страбон Тарихи деректер
Гректер Азиялық скифтер Парсылар Құдіретті еркектер Ирандықтар Жүйрік атты турлар
ІІІ Жаңа сабақ:
Сақтардың Қазақстан жеріне қоныстану территориясы жайлы ақпарат беру. Картадан көрсете отырып.
Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары екендігін айтады. Оған дәлел Чех ғалымы Хрозни өзінің «Батыс Азия, Үндістан және Криттің ежелгі тарихы» атты еңбегінде «Орта Азия адамзаттың тал бесігі іспетті» деп жазуы. Сондай-ақ Экстейд: «Орта Азияда тым ерте кезде ақ адам пайда болумен бірге, онда жоғары дәрежеде дамыған мәдениет те жарыққа шыққан» дейді. Тіпті Ф. Энгельстің еңбегінде арияндардың ең алғаш Оксус (Әмудария) пен Яксарт (Сыр) бойындағы жазық даланы мекендегені айтылады. Сақтар алғаш мына өзендер атырабында : Сырдария, Әмудария, Ертіс, Есіл , Нұра , Жетісу өңірінде мекендеген.
Ал, сақтар біздің өлкемізде өмір сүрді ме? Егер иә болса, қандай дәлел айтасыңдар?
Иә, жазғы бір күндік сапар барысында өздерің көріп қайтқан Берел қорымы, Шіліктідегі сақтардың тұрақтары сақ тайпаларының біздің өлкемізде де болғанын дәлелдейді.
«Құдіретті еркектер» деп атау берген Парсы деректерінде сақтар мекендеген аймақтарына қарай хаомоварга, тиграхауда, парадарайа деп үшке бөлінеді.
1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар – парадарайа. Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында қоныстанған.
1 Стикерлерді пайдалана отырып сақ тайпаларының аттарын үш түске жазу, сол стикерлерді Қазақстанның физикалық картасына тиграхауда, хаомаварга және парадарайа сақтарының орналасқан жеріне апарып ілу,
2 Семантикалық карта
Сақ топтарының аттары
Орналасқан жерлері
Қара теңіздің солтүстігі, арал
теңізінің маңында. Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында.
Шошақ бөрік киген сақтар (тиграхауда)
Муграб
3 Толғаныс : Бетпе- бет әдісінің сұрақтары:
1оқушы. Сақтар қандай тайпа екен?
Хаомаваргалықтардың мекендеген аймағы жайлы
айта кетсеңіз.
2 оқушы. Сақ әйелдері жайлы Ктесий не деген?
Моңғолия жерін мекендеген сақтардың қай тобы?
3 оқушы. Ирандықтар сақтарды қалай атаған?
Тиграхауда сақтарының қазақша баламасы қалай
болады?
4 оқушы.. Томирис туралы не білесіз?
Сақтарды үш топқа топтастырған қай елдің тарихшылары?
5 оқушы. Сақтар туралы қандай жазбалар бар?
Қара теңіз бен Арал маңын мекендеген қай топ?
6оқушы. Сақтардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.
Теңіздің ар жағындағы сақтар қалай аталады?
4. «Тыңшы» ойыны. Оқушылар дәптерге бүгінгі тақырыпқа сай сөздерді жазады. Екі топтан бір- бір тыңшы шығып қарсы топқа барып өздерінде жоқ жаңа сөздерді жазып алып өз тобына айтады, жазғызады.
V. Жаңа сабақты қорыту:
Кері әсер парағы. 1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Маған не ұнады? 3. Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
- Бүгінгі біз сақ тайпаларының үш топқа жіктеліп, орналасқан аймақтарымен таныстық. Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз. Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет. VI. Үйге тапсырма: § 28-29 оқу, кескін картаға сақ тайпаларының орналасу территориясын салып келу.
VII. Бағалау: оқушылар өздерін өздері бағалайды және неліктен ондай баға алғандығын түсіндіріп өтеді.
Бағалау кестесі.
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасы бойынша
Талқылауға қатысуы
Топ жұмысына араласуы, қатысуы
Тақырыпқа байланысты ой қозғауы немесе мазмұндауы
Жалпы әрекетін бағалау.
1
2
3
4
5
6
«Аршаты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Өткізген:
тарих пәнінің мұғалімі- Касенова С.Б.
Аршаты ауылы
2015-2016 оқу жылы
Оқушылар жақсы білулері керек
Сақтар туралы тарихи деректер, сақтардың патшалары,
Сақтар туралы айтылған пікірлер.
Геродот «Тарих» І Дарий «Бехистун» Страбон Тарихи деректер
Сақтар туралы айтылған мәліметтердің авторларын тауып, кестеге жазыңдар.
Венн диаграмасын құру сақтар мен қазіргі Қазақстан туралы
Тыңшы ойыны дәптерге бүгінгі тақырыпқа сай сөздерді жазады. Екі топтан бір- бір тыңшы шығып қарсы топқа барып өздерінде жоқ жаңа сөздерді жазып алып өз тобына айтады, жазғызады.