Просмотр содержимого документа
«"Са? тайпасы" ?аза?стан тарихы п?нінен 6-сынып?а саба? жоспары »
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы
Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Кожабекова Жания Мухаметкалымовна
Қазақстан тарихы 6-сынып
Сабақтың тақырыбы:Сақ тайпаларының қоныстануы,сақтар қоғамының құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға сақтардың мекендеген жері, олар туралы тарихи дереккөздерді, сақ қоғамының дамуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
А) оқушыларға сақ туралы алғаш мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстауы, сақ қоғамы туралы мәлімет беру;
Ә) қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту;
Б) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс, картамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: тақырыптық карта, интербелсенді тақта, кесте, сақтар туралы суреттер
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
І.Үйымдастыру кезеңі:
А)оқушыларды түгендеу;
Ә)оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Көшпелі бақташылық-шаруашылықтың негізгі түрі
1. Көктемгі жайылым қайда орналасқан?
2. Малшылар қыс жақындағанда қай жерге қоныстанған?
3. Көшпелілердің баспанасы туралы әңгімелеп бер.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
Мини-тест
1. Көктемгі жайылым қалай аталады?
А)жайлау Ә)көктеу
Б)күзеу В)қыстау
2. Киіз үйдің негізі:
А)уық Ә)кереге
Б)шаңырақ В)ағаш қаңқасы
ІҮ. Жаңа сабақ:
Сақ тайпаларының қоныстануы,сақтар қоғамының құрылымы
Жоспары:
1. Сақ туралы алғаш мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы
Сақтар-біздің бабамыз,
Ақыл-ойлы данамыз
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын,
Терең іздеп табамыз.
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары.Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндер мен грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбон айтуға болады.
Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «құдіретті еркектер » деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты тулар»дейді.Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер»деп атады.
Грек авторлары Ктесий «сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп,ұрысқа араласады»деп баяндайды.
Арал теңізінің сотүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар,аргипейлер,исседон,массагеттер деп атайды.Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген .
Сақ қоғамы жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрады.Жауынгерлерге ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар»,яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналады. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.
Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл,абыздары ақ,ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын.Мысалы,сақтарды патшайым Томирис басқарды.
Гректерді сақтарды аса жоғары құрметтеп,оларды әлемге ең әділ,ең шыншыл халық деп есептеген. Ежелгі грек географы Страбонның айтуынша,сақтар жақсы шбандоздар болған.Олар «садақпен,қылышпен және қола балталармен қарулаған,сауыт киген».
Тірек-сызбамен жұмыс.
Сақтардың дереккөздердегі атаулары.
Парсы жазбалары иран жазбалары грек авторлары
«құдіретті еркектер» «жүйрік атты турлар» «азиялық скифтер»
Картамен жұмыс. Тақтада ілінген карта арқылы мұғалім оқушыларға сақ тайпаларының мекендеген қоныстарын көрсетеді.
Кестені толтыру.
№
Сақ топтарының аттары
Мекендері
1
Парадарайя – теңіздің арғы жағындағы сақтар
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында