Ма?саты: ?лы т?л?аларды? ел т?уелсіздігі жолында?ы ерлік істерін
??ындыру, патриотты? сезімге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Кітап к?рмесі, слайд ?лы Же?іс жайында айтыл?ан на?ыл
с?здер, Книга памятки видио фильм.
« ?ділетті со?ысты? ?р?ашан рухы к?шті-к?шті болады.
?йткені оны? т?ркінінде елді, жерді ?ор?ау принциптері
жатады» Н.?. Назарбаев.
1- ж?ргізуші: Же?іс деген - жа?сылы?ты? сы?ары,
Жігер менен ??штарлы?ты? ??ралы.
К?рескерді? арманы мен ?раны,
?уаныш пен мерекені? б?ла?ы.
?здері?ізге белгілі 1941 жылы 22 маусым к?ні та??ы са?ат 4- те бейбіт жат?ан елімізге Германия т?т?иылдан со?ыс аш?ан болатын. Суы? хабар сол к?ні байта? елімізге, жер - жердегі ауылдар?а тарады. Ер азаматтар асы?ыс со?ыс?а аттанды.
?асиетті жеріміз, бейбіт жат?ан еліміз, ??ла? естіп, к?з к?рмеген апат?а ?шырады. Елімізді? жауынгерлері ?асы?тай ?аны, шыбындай жаны ?ал?анша шай?асты.
2-ж?ргізуші: Жауынгерлер батырлы?ты?, батылды?ты? ?лгісін к?рсетті. Орасын зор майдан шебінде со?ыс ?атты ж?ріп жатты. Осы со?ыста Совет Ода?ыны? бас?а республикалармен бірге біз - ?аза?стан Республикасы да жан аямай жаумен шай?асты?.
Же?іс же?ілдікпен келген жо?.
50 Миллион адамны? ?мірін жалмады. Ешкім де, еш н?рсе де, еш?ашанда ?мытылма? емес.
Просмотр содержимого документа
«?шпес ерлік-?рпа??а м?ра »
Бекітемін:
Мектеп директоры К.Қазмағамбетов.
Тақырыбы:« Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра»
( сахналық көрініс)
Мақсаты: Ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін
ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд ұлы Жеңіс жайында айтылған нақыл
сөздер, Книга памятки видио фильм.
« Әділетті соғыстың әрқашан рухы күшті-күшті болады.
Өйткені оның төркінінде елді, жерді қорғау принциптері
жатады» Н.Ә. Назарбаев.
1- жүргізуші: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашқан болатын. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауылдарға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды.
Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты.
2-жүргізуші: Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасын зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа республикалармен бірге біз - Қазақстан Республикасы да жан аямай жаумен шайқастық.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.
50 Миллион адамның өмірін жалмады. Ешкім де, еш нәрсе де, ешқашанда ұмытылмақ емес.
Соғыс өрті қашанда халық есінде.
1- жүргізуші:Әділ қазыларды таныстырып өтейік.
1. Жалғасова Д.
2. Майлыбаева Д
3. Жакиева Ж.
Енді кезекті оқушыларға берейік.
5-класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
Көрініс: Мәншүк Мәметованың соғыстағы ерлігі.
6-класс оқушыларын ортаға шақырамыз
Көрініс: «Сапарға аттану» Б.Момышұлы.
7-класс оқушыларын ортаға шақырамыз
Көрініс: Әлия Молдағұлованың акоптағы көрінісі.
8-класс оқушыларын ортаға шақырамыз
Көрініс: Б.Момышұлының командирлік қызметі.
9-класс оқушыларын ортаға шақырамыз
Көрініс: Соғысқа азаматтарды шығарып салу.
10-класс оқушыларын ортаға шақырамыз
Көрініс: «Жеңіс күнін тойлау».
1-жүргізуші:
Қорытынды: Халқымыздың зердесіне бұл күн 1945 жылдың
9 мамыры мәңгі есте сақталады.
Өйткені бұл әлем фашистік құлдықтан құтылған күн.
Көрмесін ұрпақ, оқ ұшқындарын,
Тартпасын ана соғыстың аға зарын.
Бейбітшіліктің бекемдігі үшін,
Берекелі іспен тоғысқын бәрін.
Жеңдік жауды, фашизмді жайратып,
Бостандықтың бұлбұлдарын сайратып.
Ұлы Жеңіс! Ескерткіштей мәңгілік!
Ескірмейді, жасаңғырар жаңғырып.
Отанымыз үшін отқа түскен аға - әпкелеріміздің ерлігін ұмытпай үлгі тұтып, тәуелсіз еліміздің адал азаматы болыңыздар!