kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерлік са?аты "Отан ?шін от кешкендер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерлік са?атыны? та?ырыбы:Отан ?шін от кешкендер

   Т?рбие ба?ыты:азаматты?-патриотты? т?рбие

   Сынып са?атыны? ма?саты:

1)а)?лы Отан со?ысыны? тарихи о?и?аларын, жас ?рпа?ты? Отан?а деген с?йіспеншілігін, же?іске ?андай жолдармен келгенін ?деби кітаптар, тарихи ??жаттар мен фотосуреттер ар?ылы о?ушылар?а жеткізу;

    ?) ?лы Отан со?ысы кезінде ?шпес ерлікті? ?лгісін к?рсеткен аталарымызды? ерлік істерін тыл ардагерлерлеріні? е?бектерін  ?астерлеп, рухын к?теру, ?лгі-?неге т?ту.

2)О?ушыларды? м?тінге ма?ыналы? талдау ж?ргізу машы?ын, сын т?р?ысынан ?исынды ойлауын дамыту.

3)Жас ?рпа?ты  Отанын аялау?а, ?ор?ау?а т?рбиелеу.

  Міндеттері:  1)О?ушылармен бірге м?тінді бірлесе о?ып, талдау ар?ылы оларды? тал?ылау, с?ра? ?ою, ойлану, іздену ?абілеттерін дамытатын ортаны ??ру.

                         2)Тал?ылау барысында балалар м?тіннен тыс м?селелерді де ?арастыру?а жа?дай жасау ар?ылы оларды ?зін-?зі т?рбиелеуге жетелеу.

                        3)Жеке, ж?пты?, топты?, ?жымды? ж?мыс ар?ылы оларды? бір-біріні? ойын сыйлау?а, ты?дау?а, пікірлерін ??рметтеуге ?йрету.

К?тілетін н?тиже:

1)Саба? барысында майдангерлер мен тыл ардагерлеріні? е?бектерімен, концлагерде бол?ан т?т?ынны?  жан т?ршігерлік ?мірімен таныса алады.

2)О?ушылар ?мірде болып жат?ан ситуациялар?а ?з к?з?арастарын білдіріп, ба?а бере алады.

3)Отанына деген с?йіспеншілік, ?лім, ?мір, та?дыр деген ??ыммен таныса алады.

4)Аталары со?ысып ?ткен жолдары жайлы к?п білу ?шін ізденуді? жолдарын ?йрене алады.

 Сынып са?атында?ы ?олданыл?ан ?дістер:

  • Сыни т?р?ыдан ойлау (?ызы?ушылы?ты ояту,Ма?ынаны тану,Ой тол?ау),
  • АКТ,
  • болжау,
  • ой ша?ыру,
  • бес с?йлемді эссе,
  • Инсерт(т?ртіп алу) ?дісі
  • диалогты? о?ыту:
  • топты? ж?мыс «Сахналы? к?рініс»,
  • ж?пты? ж?мыс «Постер ?зірлемесі»,
  • ми?а шабуыл «Со?ыс» с?зін ж?йелеу,
  • суретпен ж?мыс(ма?ал ??рау),
  • кері байланыс

 Сынып са?атыны? формасы: Шы?армашылы? ізденіс саба?ы

Сынып са?атыны? ?тілетін орны: Мектепті? м?ражайы

П?н аралы? байланыс: Тарих, мектеп кітапханасы, ауыл тарихы, ?аза? ?дебиеті

Сынып са?атыны? к?рнекілігі:

  • к?рнекі ?зірленген слайд,
  • ?н таспа «Левитан дауысы»
  • ?н таспа «Священная война»,
  • бейне фильм «Тыл ардагерімен с?хбат»
  • презентация «Тыл ардагері  ?азанбаева Умітхан С?лмен?ызы»,
  • ?дебиеттер, естеліктер,
  • «?ара ж?шік», оны? ??пиясы,
  • т?с белгілер,
  • ватман, маркерлер, стикерлер

                                                Сынып са?атыны? жоспары:

І.?ызы?ушылы?ты ояту

а)Т?с белгіні талдау, саба??а болжау жасау

?)ОЙ ША?ЫРУ: Со?ыс с?зін естігенде ойлары?а не келеді? /ойларын жазады, ж?пта тал?ылайды/

ІІ Ма?ынаны тану:  

1)топты? ж?мыс

а)Ер балалар?а арнал?ан тапсырма

М. ?уезов «Абай» романына байланысты  жазыл?ан хат желісі бойынша к?рініс к?рсету;

?) ?ыз балалар?а тапсырма «Концлагерді?  №81523 т?т?ыны А?молалы? Лариса Ивановнаны? басынан кешкендері»

2) «Со?ыс» с?зін ж?йелеу

 3) «?ара ж?шік» тапсырмасы:  ?айтыс бол?ан жауынгерлер жайында  ма?л?мат алу ?шін ?олданыл?ан н?рсе

4) О?ушы шы?армашылы?ында?ы -Тылда?ы е?бек еткен ардагерлер

     а)Сынып о?ушысы Тимурды? ?жесі -Тыл ардагері  ?азанбаева Умітхан С?лмен?ызы

?) бейне фильм «Тыл ардагерімен с?хбат»

ІІІ. Ой тол?аныс

1)Ортамыздан кім ?ткенін білесіз бе?

а) ?йкебаев ?бі?ожа жайлы естеліктер;

?) ?ОС ардагері То?тар ата жайлы м?ражай?а шолу (к?рме)

б) Сыныпты? шы?армашыл о?ушысы ?уантханов Н?рбек шы?армасы «Атам майдангер бол?ан»

2)Суретті? ма?ынасына сай ма?ал-м?телдер

?орытынды

 «Отан ?шін от кешкендер»- кімдер немесе ?андай жандар? (Ой т?йіндемелері)

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:

1) «?аза?стан жауынгерлері ?лы Отан со?ыс майданында» (тарихи ??жатты? зерттеу) Алматы, «?нер» 2010,   108-113,131-132беттер

2)М?уіт?азы З?кен?лы «С?рапыл со?ыс сарбаздары 66 жыл»,Семей «?ш биік» баспасы 2011, 228-230 беттер

3) «?лы же?іс- ?асырлар то?ысында»

4) Тыл ардагері  ?азанбаева Умітхан С?лмен?ызыны? жеке м?р?атынан фотолар

5) Мектеп м?ражайыны? материалдары

6)  ?уантханов Н «Атам майдангер бол?ан» Ауданды?  “Абай елі”газеті   20-30 с?уір, 1-10 мамыр  2010 жыл

Саба? барысы:

І.?ызы?ушылы?ты ояту

а)Т?с белгіні талдау, саба??а болжау жасау

Т?сбелгісіндегі ??ралдар?а талдау жасау ар?ылы б?гінгі саба?ты? та?ырыбына болжау жасайды.Я?ни, пулемет, катель,?алам ?ш, каска. Ендеше ?лы же?іске арналатын саба? екендігіне к?з жеткізеді.

Д?л осынау жадыра??ы жай к?ні,

Болса да?ы ?ай ?асырды? ?ай к?ні.

?лы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алма? сол бір апат ?ай?ыны. 

?)ОЙ ША?ЫРУ: Со?ыс с?зін естігенде ойлары?а не келеді? /ойларын жазады, ж?пта тал?ылайды/Бес с?йлемді эссе орындайды. О?ан ба?ыт беруші слайд беттері «Священная война»?нтаспа негізінде ж?ргізіледі.

Н?рбек: Со?ыс к?птеген жандарды? ?мірін жалмады. Адамдар тылда ауыр ж?мыстан к?з ашпады.Майданнан ?ара ?а?аздар келіп жатты. Б?л со?ыста ?аза?стан  к?п  адамын жо?алтты. Ата апаларымызды? ерлігін ?мытпаймыз.

Бауыржан: Кескілескен шай?ас. ?арша бора?ан о?тар мен снарядтар. Атыл?ан бомбалар, к?к т?тінге оран?ан далалар. ?о?амды? саяси ?иыншылы?тар болды. Жауынгерлер же?іс ?шін жан алысып, жан берісті.

Барлы? сынып о?ушылары ?з ойларын жазды.

ІІ Ма?ынаны тану:  

1)топты? ж?мыс

а)Ер балалар?а арнал?ан тапсырма

Со?ыс майданында М. ?уезов «Абай» романына байланысты  жазыл?ан хат желісі бойынша к?рініс к?рсетеді;

?) ?ыз балалар?а тапсырма «Концлагерді?  №81523 т?т?ыны А?молалы? Лариса Ивановнаны? басынан кешкендері» Берілген естелікті о?ып шы?ып, соны? ?зегіне байланысты постер ?зірлемесін жасайды.

Ми?а шабуыл

Со?ыс: Т?т?ын мен ?орлау, ашты? пен ?асірет, биттеу мен ауру,еріксіз т?зу мен жан азабы

«?ара ж?шік» тапсырмасы:  ?айтыс бол?ан жауынгерлер жайында  ма?л?мат алу ?шін ?олданыл?ан н?рсе . Я?ни ж?шікте жасырын?ан н?рсені табу керек.

 (Т?сініктеме: Ол-гильза. Жауынгерлер ?зіні? аты-ж?ні, т?ра?ы, ту?ан жылы т. б. аны?тамаларын жазып, гильза?а ты?ып,гильзаны? аузын бекітіп, ?здеріні? т?с ?алтасына салып ?ой?ан.)

О?ушы шы?армашылы?ында?ы -Тылда?ы е?бек еткен ардагерлер

Сынып о?ушысы Тимурды? ?жесі -Тыл ардагері  ?азанбаева Умітхан С?лмен?ызы

     ?азанбаева Умітхан С?лмен?ызы 1928 жылы 1 ?а?тарда, Абай ауданы, ?арауылда д?ниеге келген. ?жем 4 сыныпты Ордадан о?ы?ан.?кесі С?лмен Т?сіпжанов 1941 жылы со?ыс?а кеткен. 1941 жылы со?ыс бастал?анды?тан ?жем 5 сыныпты? 2 то?санын ?ана о?ы?ан.

   Ал анасы Би?айша ?ой фермасында ?ой сау?ан. ?міт?ан апа  ?ой фермасында ?озы ба??ан. 1942 жылы сиыр фермасында сана?шы бол?ан. 70-80 б?зауды ??ды?тан ?ау?а тартып суарыпты. К?зде ш?п шап?ан кезде арбамен ш?п тасыпты. 1944 жылды? ая?ында ?кесі жараланып сол ?олыны? шынта?ы жо? болып келеді.

   Со?ыс біткен со? 19 жасында 1946 жылы ?азанбаев Молдабай?а т?рмыс?а шы??ан. Д?ниеге алты ?рпа? ?келген.

?азіргі уа?ытта немересіні? ?олында, ш?берелеріні? ?ызы?ын ?ызы?тап сексен сегіз жас?а келіп отыр.

Апаны? жиырма бір немересі, жиырма то?ыз ш?бересі бар.

?жеме арнау.

?асиетті парыз ?ой, ?же сізге.

Болмаса?ыз еркелейміз біздер кімге

??лындары? тілеуі?ізді тілейді

?зілмесін ша?ыра?тан береке.

Тентек болсам ашынып

Жа?сы іс ?ылсам асырып

Ма?ан са?тап ж?реді

Т?ттілерінде жасырып.  

            Ш?бересі Тимур

?) Cынып о?ушыларыны? бейне фильмі «Тыл ардагерімен с?хбат»

ІІІ. Ой тол?аныс

Ортамыздан кім ?ткенін білесіз бе?

1)Жерлес ?бі?ожа ?йкебаев атамыз кім?

Абай ауданы Ар?ат ауылынан 1942 жылы ?арашада майдан?а аттан?ан Т?шкенде дайындалып, Берлинге дейін со?ыста бол?ан

Полк баласы болады.

Ерлігі ?шін “Жауынгерлік ?ызыл Ту” орденін ?ыры? жылдан со? 1985 жылы омырауына та?ады.

2)То?тар Бекбосынов атамыз жайлы естелік( М?ражайды? к?рмесіне шолу)

3)С. Бекбосынов есіміні? мектепке берілуі

Сурет бойынша ма?ал м?тел ??растыр

О?ушылар?а сурет ?сынылады, оны? ма?ынасын ашатындай ма?ал-м?тел ??растырады.Мысылы: « Жау жа?адан ал?анда, б?рі етектен алады», «Жау жо? деме, жар астында»,  т.б.

?орытынды

«Отан ?шін от кешкендер»- кімдер немесе ?андай жандар? (Ой т?йіндемелері)

О?ушылар б?гінгі саба? негізінде та?ырып?а сай ойларын стикерге жазады.

Саба? ая?талды. Саба??а белсене ?атыс?андары?ыз?а рахмет!

?лы Же?іс мейрамы ??тты болсын!

Тыл ардагері Серікбаева К?лжи?ан Садуа?ас?ызы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерлік са?аты "Отан ?шін от кешкендер" »

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы

Архат ауылы

«С. Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ

Ерлік сағатының тақырыбы: Отан үшін от кешкендер



Авторы: Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы

Лауазымы: математика және физика пәні мұғалімі

( Ұлы Жеңістің 70жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Отан үшін от кешкендер» атты ерлік сағатының жүргізілу барысын толықтай ұсынып отырмын. Жұмыс барысында жауынгер аталарымыздың майдандағы, тұтқынға түскен және тылдағы аналарымыздың өмірі жайлы мағлұмат беріледі.Алдағы атаулы мейрам кезінде әріптестерімнің бір кәдесіне жаратылатынына сенімдімін)



Ерлік сағатының тақырыбы:Отан үшін от кешкендер

Тәрбие бағыты:азаматтық-патриоттық тәрбие

Сынып сағатының мақсаты:

1)а)Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларын, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, жеңіске қандай жолдармен келгенін әдеби кітаптар, тарихи құжаттар мен фотосуреттер арқылы оқушыларға жеткізу;

ә) Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерлік істерін тыл ардагерлерлерінің еңбектерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

2)Оқушылардың мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан қисынды ойлауын дамыту.

3)Жас ұрпақты Отанын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.


Міндеттері: 1)Оқушылармен бірге мәтінді бірлесе оқып, талдау арқылы олардың талқылау, сұрақ қою, ойлану, іздену қабілеттерін дамытатын ортаны құру.

2)Талқылау барысында балалар мәтіннен тыс мәселелерді де қарастыруға жағдай жасау арқылы оларды өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеу.

3)Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс арқылы олардың бір-бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

1)Сабақ барысында майдангерлер мен тыл ардагерлерінің еңбектерімен , концлагерде болған тұтқынның жан түршігерлік өмірімен таныса алады.

2)Оқушылар өмірде болып жатқан ситуацияларға өз көзқарастарын білдіріп, баға бере алады.

3)Отанына деген сүйіспеншілік, өлім, өмір, тағдыр деген ұғыммен таныса алады.

4)Аталары соғысып өткен жолдары жайлы көп білу үшін ізденудің жолдарын үйрене алады.

Сынып сағатындағы қолданылған әдістер:

  • Сыни тұрғыдан ойлау (Қызығушылықты ояту,Мағынаны тану,Ой толғау),

  • АКТ,

  • болжау,

  • ой шақыру,

  • бес сөйлемді эссе,

  • Инсерт(түртіп алу) әдісі

  • диалогтық оқыту:

  • топтық жұмыс «Сахналық көрініс»,

  • жұптық жұмыс «Постер әзірлемесі»,

  • миға шабуыл «Соғыс» сөзін жүйелеу,

  • суретпен жұмыс(мақал құрау),

  • кері байланыс

Сынып сағатының формасы: Шығармашылық ізденіс сабағы

Сынып сағатының өтілетін орны: Мектептің мұражайы

Пән аралық байланыс: Тарих, мектеп кітапханасы, ауыл тарихы, қазақ әдебиеті


Сынып сағатының көрнекілігі:

  • көрнекі әзірленген слайд,

  • үн таспа «Левитан дауысы»

  • үн таспа «Священная война»,

  • бейне фильм «Тыл ардагерімен сұхбат»

  • презентация «Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы»,

  • әдебиеттер, естеліктер,

  • «Қара жәшік», оның құпиясы,

  • төс белгілер,

  • ватман, маркерлер, стикерлер


Сынып сағатының жоспары:

І.Қызығушылықты ояту

а)Төс белгіні талдау, сабаққа болжау жасау

ә)ОЙ ШАҚЫРУ: Соғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын жазады, жұпта талқылайды/

ІІ Мағынаны тану:

1)топтық жұмыс

а)Ер балаларға арналған тапсырма

М. Әуезов «Абай» романына байланысты жазылған хат желісі бойынша көрініс көрсету;

ә) Қыз балаларға тапсырма «Концлагердің №81523 тұтқыны Ақмолалық Лариса Ивановнаның басынан кешкендері»

2) «Соғыс» сөзін жүйелеу

3) «Қара жәшік» тапсырмасы: Қайтыс болған жауынгерлер жайында мағлұмат алу үшін қолданылған нәрсе

4) Оқушы шығармашылығындағы -Тылдағы еңбек еткен ардагерлер

а)Сынып оқушысы Тимурдың әжесі -Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы

ә) бейне фильм «Тыл ардагерімен сұхбат»

ІІІ. Ой толғаныс

1)Ортамыздан кім өткенін білесіз бе?

а) Әйкебаев Үбіғожа жайлы естеліктер;

ә) ҰОС ардагері Тоқтар ата жайлы мұражайға шолу (көрме)

б) Сыныптың шығармашыл оқушысы Қуантханов Нұрбек шығармасы «Атам майдангер болған»

2)Суреттің мағынасына сай мақал-мәтелдер

Қорытынды

«Отан үшін от кешкендер»- кімдер немесе қандай жандар? (Ой түйіндемелері)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) «Қазақстан жауынгерлері Ұлы Отан соғыс майданында» (тарихи құжаттық зерттеу) Алматы, «Өнер» 2010, 108-113,131-132беттер

2)Мәуітқазы Зүкенұлы «Сұрапыл соғыс сарбаздары 66 жыл» ,Семей «Үш биік» баспасы 2011, 228-230 беттер

3) «Ұлы жеңіс- ғасырлар тоғысында»

4) Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызының жеке мұрғатынан фотолар

5) Мектеп мұражайының материалдары

6) Қуантханов Н «Атам майдангер болған» Аудандық “Абай елі”газеті 20-30 сәуір , 1-10 мамыр 2010 жыл



Сабақ барысы:

І.Қызығушылықты ояту

а)Төс белгіні талдау, сабаққа болжау жасау

Төсбелгісіндегі құралдарға талдау жасау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына болжау жасайды.Яғни, пулемет, катель,қалам ұш, каска. Ендеше Ұлы жеңіске арналатын сабақ екендігіне көз жеткізеді.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. 


ә)ОЙ ШАҚЫРУ: Соғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын жазады, жұпта талқылайды/Бес сөйлемді эссе орындайды. Оған бағыт беруші слайд беттері «Священная война»үнтаспа негізінде жүргізіледі.

Нұрбек: Соғыс көптеген жандардың өмірін жалмады. Адамдар тылда ауыр жұмыстан көз ашпады.Майданнан қара қағаздар келіп жатты. Бұл соғыста Қазақстан көп адамын жоғалтты. Ата апаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз.

Бауыржан: Кескілескен шайқас. Қарша бораған оқтар мен снарядтар. Атылған бомбалар , көк түтінге оранған далалар. Қоғамдық саяси қиыншылықтар болды. Жауынгерлер жеңіс үшін жан алысып, жан берісті.

Барлық сынып оқушылары өз ойларын жазды.

ІІ Мағынаны тану:

1)топтық жұмыс

а)Ер балаларға арналған тапсырма

Соғыс майданында М. Әуезов «Абай» романына байланысты жазылған хат желісі бойынша көрініс көрсетеді;

ә) Қыз балаларға тапсырма «Концлагердің №81523 тұтқыны Ақмолалық Лариса Ивановнаның басынан кешкендері» Берілген естелікті оқып шығып, соның өзегіне байланысты постер әзірлемесін жасайды.

Миға шабуыл

Соғыс: Тұтқын мен қорлау, аштық пен қасірет, биттеу мен ауру,еріксіз төзу мен жан азабы

«Қара жәшік» тапсырмасы: Қайтыс болған жауынгерлер жайында мағлұмат алу үшін қолданылған нәрсе . Яғни жәшікте жасырынған нәрсені табу керек.

(Түсініктеме: Ол-гильза. Жауынгерлер өзінің аты-жөні, тұрағы, туған жылы т. б. анықтамаларын жазып, гильзаға тығып,гильзаның аузын бекітіп, өздерінің төс қалтасына салып қойған.)

Оқушы шығармашылығындағы -Тылдағы еңбек еткен ардагерлер

Сынып оқушысы Тимурдың әжесі -Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы

Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы 1928 жылы 1 қаңтарда, Абай ауданы, Қарауылда дүниеге келген. Әжем 4 сыныпты Ордадан оқыған.Әкесі Сәлмен Түсіпжанов 1941 жылы соғысқа кеткен. 1941 жылы соғыс басталғандықтан әжем 5 сыныптың 2 тоқсанын ғана оқыған.

Ал анасы Биғайша қой фермасында қой сауған. Үмітқан апа қой фермасында қозы баққан. 1942 жылы сиыр фермасында санақшы болған. 70-80 бұзауды құдықтан қауға тартып суарыпты. Күзде шөп шапқан кезде арбамен шөп тасыпты. 1944 жылдың аяғында әкесі жараланып сол қолының шынтағы жоқ болып келеді.

Соғыс біткен соң 19 жасында 1946 жылы Қазанбаев Молдабайға тұрмысқа шыққан. Дүниеге алты ұрпақ әкелген.

Қазіргі уақытта немересінің қолында, шөберелерінің қызығын қызықтап сексен сегіз жасқа келіп отыр.

Апаның жиырма бір немересі, жиырма тоғыз шөбересі бар.

Әжеме арнау.

Қасиетті парыз ғой, Әже сізге.

Болмасаңыз еркелейміз біздер кімге

Құлындарың тілеуіңізді тілейді

Үзілмесін шаңырақтан береке.

Тентек болсам ашынып

Жақсы іс қылсам асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттілерінде жасырып.

Шөбересі Тимур


Ә) Cынып оқушыларының бейне фильмі «Тыл ардагерімен сұхбат»



ІІІ. Ой толғаныс

Ортамыздан кім өткенін білесіз бе?

1)Жерлес Үбіқожа Әйкебаев атамыз кім?

Абай ауданы Арқат ауылынан 1942 жылы қарашада майданға аттанған Тәшкенде дайындалып, Берлинге дейін соғыста болған

Полк баласы болады.

Ерлігі үшін “Жауынгерлік Қызыл Ту” орденін қырық жылдан соң 1985 жылы омырауына тағады.

2)Тоқтар Бекбосынов атамыз жайлы естелік( Мұражайдың көрмесіне шолу)

3)С. Бекбосынов есімінің мектепке берілуі

Сурет бойынша мақал мәтел құрастыр

Оқушыларға сурет ұсынылады, оның мағынасын ашатындай мақал-мәтел құрастырады.Мысылы: « Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады», «Жау жоқ деме, жар астында», т.б.

Қорытынды

«Отан үшін от кешкендер»- кімдер немесе қандай жандар? (Ой түйіндемелері)

Оқушылар бүгінгі сабақ негізінде тақырыпқа сай ойларын стикерге жазады.



Сабақ аяқталды. Сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет!

Ұлы Жеңіс мейрамы құтты болсын!

Тыл ардагері Серікбаева Күлжиһан Садуақасқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ерлік са?аты "Отан ?шін от кешкендер"

Автор: Тлеубай Ба?ыт

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181732


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства