Мектеп: Үшжарма негізгі орта мектебі | Сабақ: 5 |
Күні: 12.12.2015ж | Мұғалімнің аты-жөні:Толеубекова Гульзат Онконысовна |
Сынып: 6 «А» | Қатысқандардың саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Киіз үй көшпенділердің баспанасы |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 1.Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру.2.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | 1.Оқулық пен қосымша деректерді пайдаланып, өз ойларын еркін жеткізе алады. Өз пікірлерін қорғап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыланады. Тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрлыс екенін біледі |
Алдыңғы оқу | Көшелі мал шаруашылығы –тіршііктің қайнар көзі |
Жоспарланған уақыт | Сыныппен амандасу Тұлға аралық байланыс орнату. Топқа бөлу. | ресурстар |
Басталуы | 1). «Сұрақ бізден , жауап сізден » 1.Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі нешеге бөлінген?/Тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі/2.Біздің өткен тақырыбымыз қай дәуір еді? /ерте темір / 3.Темір дәуірінің басты ерекшелігі 4. Қазастанның көп бөлігі қандай өсімдіктерді өсіруге жарамсыз?/жүзім, мақта, дәнді дақылдар/5.Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды? 6.Төрт түлікті атаңыз/жылқы, түйе, сиыр, қой/7. Қазақстанның қай аудандарында түйе маңызы аса зор болды?/Батыс Қазақстан/ 8. Қазақстанда көбінесе төрт түліктің қай түрлерін өсіру ыңғайлы? /жылқы, қой/ | Ресурстық парақтар,Қазақстанның физикалық картасы, презентация. |
Ортасы | 1.Жүк журналы.Кесте орындату Киіз үй туралы бейнебаян 2.Постер қорғау. 1 топ.Көшпелілердің баспанасы 2-топ. Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылық. 3.Жұмбақ жасыру | Сергіту сәті:
|
Аяқталуы | 1.Отырықшы шаруашылық пен көшпелі мал шаруашылығын салыстырыңдар (Венн диаграммасы ) 2.Бекіту сұрағы: Көшпелілердің баспанасы қалай аталады ? Киіз үйдің бөліктері Көшпелілер нені білуге тиіс болды? Киіз үйді қанша уақытта тігуге және жинауға болады? Үйсіндердің баспаналары неден салынған ? Жүк журналын аяқтау. | |
Үйге тапсырма | §26 оқып келу. 1.5 тест құру. 2.Киіз үйдің ішкі бөлігі туралы қосымша мәлімет жинау 3.Егер мен киіз үйде тұрсам...................... /эссе технологиясы/ | |
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
| | Музыка, география, Қазақы наным: 1.Шаңырақты еш уақытта төңкеріп қоюға болмайды. 2. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелі Қосымша мәліметтер. 1.Ошаққа құрметпен қарау қазақта осы күнге дейін сақталған. |
Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма Қандай түзетулер енгіземін және неліктен? | |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде — Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге санына қарай киіз үй 4,6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Ал, Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жетеді. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Қазақы нанымда шаңырақты ешуақытта төңкеріп қоюға болмайды. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелі болмақ. Ал, уық кереге мен шыңырақты жалғап тұрады. Сықырлауық болса кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ағашы толығымен құрылып болған соң — киізі жабылады. Сөйтіп, дайын үйге еңкейіп кіреді қазақ баласы. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Ең қызығы, әлемде киіз үйге ұқсас аралдар мен таулар бар екен. Мәселен Шерқала Батыс Қазақстанда орналасқан ерекше тау.