kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Киіз ?й – к?шпелілерді? баспанасы (киіз ?йді? ??рылысы ж?не жасауы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Киіз ?й – к?шпелілерді? баспанасы (киіз ?йді? ??рылысы ж?не жасауы)

Саба?ты? ма?саты:

  • Киіз ?й – тарихымызда?ы е? бірінші с?улеттік ??рылыс, к?шпелілерді? ?аламат ?нертабысы екендігін айта отырып, о?ушыларды хал?ымызды? тарихына ??ілдіру;
  • О?ушыларды? тарих?а, хал?ыны? м?дениетіне деген ?ызы?ушылы?ы мен ??рмет сезімін дамыту;
  • Е?бекс?йгіштікке, ??ыптылы??а, жо?ары эстетикалы? тал?ам?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Киіз ?й – к?шпелілерді? баспанасы (киіз ?йді? ??рылысы ж?не жасауы)»

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы)

Сабақтың мақсаты:

  • Киіз үй – тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс, көшпелілердің ғаламат өнертабысы екендігін айта отырып, оқушыларды халқымыздың тарихына үңілдіру;

  • Оқушылардың тарихқа, халқының мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту;

  • Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жоғары эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,тірек сызбалар, слайдтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: «Қарлы кесек» сұрақ-жауап әдісі, «Синкуейн» әдісі, «Бортты журнал» әдісі, ассосация құру, түсіндіру

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

а) оқушылармен амандасу;

ә) сабаққа қатысымын тексеру;

б) сабаққа дайындық жасау

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Қарлы кесек» сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.


Миға шабуыл:

Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.

Көзі бар жарқыраған төбесінде,

Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс. (киіз үй)


Жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырып хабарланады.

«Бортты журнал» әдісі

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: сабақ тақырыбын хабарлау.

2-қадам: тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазу.

Жүк журналы

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым.




ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Киіз үй – көшпелілердің баспанасы тақырыбы бойынша бейнебаян көрсету.

Киіз үй – жер бетіндегі ең жеңіл тұрғынжай. Оны бірнеше сағат ішінде “тұрғызуға”, яғни тігуге болады, сондай-ақ соншалықты мерзімде жығып, өзіңмен бірге алып кетуге болады. Киіз үй – көшпелілердің ғаламат өнертабысы. Оның жасы, шамасы, көшпелілер  дүниеге келген уақытпен парапар болар. Біз әңгіме етіп отырған киіз үй біздің заманымыздың мыңжылдығының ортасында пайда  болды.Үй тігу мен жығу дегеніміз – тұтас бір рәсім. Дәстүр бойынша оны бірер ер адам мен екі-үш әйел тұрғыза береді. Олар әуелі ағаш есікке қос қапталынан екі кереге-қанатын бекітеді, сосын қалған қанаттарын (төрт, алты… он екі болуы мүмкін) жалғастырып, дөңгелектеп, үйдің негізгі қаңқасын іргесін тұрғызады. Сосын оның ортасынан жоғары қарай, бақанға іліп, шаңырақты көтереді.

Кереге мен шаңырақты уықпен біріктіріп болған соң, оны киізден жасалған туырлық, үзік, түндік, есікпен жабады. Олар желден, қардан, ыстықтан өте жақсы қорғайды. Киіз үйдің сүйегін ұстастырып, оның киізден істелген бөліктерін мықтап бекіту, бастырып тұру мақсатында түрлі бау-басқұрлар қолданылады.

Киіз үй негізгі 3бөліктен тұрады:Үйдің сүйектері(ағаштан жасалған бөліктері «сүйектері»деп аталады.Киіздері(ши де осыған кіреді). Баулары мен басқұр, арқандары(мұны кейде бір сөзбен «бау-шулары» дейді).

Киіз үй ағаштан,оның ішінде қайыңнан, көпшілігі талдан жасалады.Бұл ағаштар әрі берік, әрі құрт түспейді, басқалардай тез шірімейді.Талдың тағы бір артықшылығы-оны керегеге қажетті жуан-жіңіңшкесін таңдап алуға болады.Үйдің сүйегін үйшілер жасайды, оны «үй басу»дейді.Қажетті ағаштар 6ай, кейде бір жылдай көлеңкеде кептіріледі.Үйшілер мезгілі жеткен кезде бұл ағаштарды қажетінше жонып,тезге салып, түзетіп алады.

Киіз үйдің негізін құрайтын –кереге.Үйдің берік, кеңдігі керегеге байланысты. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтып ортасы дөңестеу жасалады.Дайын керегені «қанат» деп атайды. Яғни 18қанат үйде 18кереге болады деген сөз.

Киіз үйде есік екеу болады. Бірі ағаштан жасалады, оны сықырлауық деп атайды. Екіншісі киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан қапталады.Мұны киіз есік дейді. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып, жиналып қойылады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Бас арқан тұсынан сәндік үшін және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр тағы да орай жүргізіледі.

Уық кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі.Уық «алақан», «иіні», «қары» және «қаламы» деген атаулардан тұрады.Ол иінінен ішке иіле жасалады,яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уақыттан басталады. Қанат санына қарай уақыттың саны да, ұзындығыда өсе береді.Әр үйде көлеміне қарай кеміне 60,әрі кеткенде 150-160-тай уық болады.

Шаңырақ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі. Киіз уй шаңырағы тоғын,күлдіреуіш, кепілдік (кейде «қарғаша») деген бөліктерден тұрады. Тоғынды (яғни шеңбер) қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды.

Үй сүйегі әзір болған соң,оның киіздері жасалады. Киіздері: кереге бойына «туырлық», шаңыраққа дейін «үзік» шаңырақты жабатын «түндік» және «киіз есік» деп аталады. Киіздер құр, бауырлар арқылы тұтылады.

Дәптермен жұмыс:

Киіз үй— көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.


ІV. Қорытынды:


V. Бекіту.

1. Ассоциация құру:









Киіз үй
















2. «Киіз үй тігу» ойыны

Ойынның шарты: төменде берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы киіз үй макетін құрастыру.

1. Киіз үй неше бөліктен тұрады?

2. Киіз үйден басқа ежелгі Қазақстанда қандай баспаналар болған?

3. Кереге мен шаңырақты жалғастыратын иілген сырық.

4. Сықырлауық дегеніміз не?

5. 30 қанат киіз үйді қалай атайды?



3. «Синкуейн» әдісі (бес жолды өлең шығару)



4. «Бортты журнал» әдісі

3-қадам: ақпаратты тыңдап «Болжам» бөлігімен жұмыс жасап, «-» немесе «+» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, екінші бөлігіне жаңа ақпарат жазады.

4-қадам: «жүк» журналының екі жағын салыстырып, сабақ соңында класпен талдау.



VI. Үй тапсырмасы: № 13 оқу

VII. Бағалау.


















5 орта мектеп

















Тақырыбы: Киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы)

















Өткізген: Кемалова Гаухар Құлмырзақызы

тарих пәні мұғалімі










Ақтөбе, 2013 жыл





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Киіз ?й – к?шпелілерді? баспанасы (киіз ?йді? ??рылысы ж?не жасауы)

Автор: Кемалова Гаухар Кулмырзаевна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293955


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства