Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан тарихы (аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам баласының пайда болуы және оның дамуы, ежелгі тас дәуірі, тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысынан ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басына дейінгі оқиғаларды қамтитыны туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: өтілген тақырыптарды үрдісті қайталай отырып, оқушыларды талдауға, салыстыруға, шығармашылық ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, елжандылыққа, батылдық пен ержүректілікке баулу.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, Қазақстан картасы, тірек-сызбалар.
Сабақтың әдісі: тірек-сызбамен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты меңгерту.
Сұрақ-жауап жүргізу
3. Үйге тапсырма беру.
№ 1 тапсырма. Тірек-тақырыптарды оқушыларға топтарға бөліп бере отырып, 3-5 мин. қысқаша шығарма жазуға беріледі. Жазып болғаннан кейін бір-біріне оқытамыз.
Нәтижесін әр топтан оқушыға оқытамыз.
Тірек-тақырыптарды талдау:
- 10 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінің қамтитын кезеңдері туралы сұрау.
- Өтілген тақырыптардан сұрақ – жауап өткізу.
№ 2 тапсырма. «Миға шабуыл»
9 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен өтілген тақырыптардан сұрақтар қою арқылы үрдісті қайталау.
№ 3 тапсырма. Кестемен жұмыс жүргізу.
№ | Тірек-сөздер | Жауаптары |
1. | Гоминидтер тұқымдасының қалыпты дамуын | Палеоантропологтар басты 4 кезеңге бөледі
|
2. | Бірінші кезеңіне | Ғалымдар рамапитекті жатқызады және оны «біздің тікелей алғашқы ата тегіміз» деп айтады. Рамапитектің қаңқасы Үндістан, Кения, Қытай, Грекия жерінен табылған |
3. | Екінші қалыпты даму кезеңіне | Австралопитек жатады. Оның қалдықтары Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда табылған. Олар саналы түрде қарапайым құралдарды қолдана білген. |
4. | Осы кезеңде өзінің еңбек етуге қабілеттілігімен көзге түскені | Презинджантроп. Бұл гоминид 1959 жылы Шығыс Африканың Олдувай шатқалын зерттеу барысында тұрпайы жасалған тас қаруымен бірге табылған. |
5. | Төртінші кезеңінде | «Тік жүруші адамның» жақсы зерттелген түрлері – питекантпроп пен синантроп. Питекантроп адамы Ява аралынан (Индонезия) табылған. Синантроп адамы Қытайдан табылған.
|
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Кезеңдерін жаттау.