Тарих пәнінің мұғалімі М.К.Сегизбаеваның қысқа мерзімді жоспары
17.12.16
Қазақстан тарихы
11-сынып
Сабақ тақырыбы:
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Жалпы мақсат:
Оқушыларға Қазақстандағы ұжымдастыру, оның барысы мен зардаптары жайлы түсініктерін қалыптастыру
Сілтеме:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.11-сыныпқа арналған оқулық
3.11-сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың бойындағы өзіне деген сенімділігі қалыптасады және сабаққа қызығушылығы артады. Білімді пікір алмасу арқылы және бірін-бірі тыңдай отырып, сыни тұрғыда ойлай отырып сұрақ қояды, және сұраққа жауап береді.
- Ұжымдастыру жайлы түсініктері қалыптасады
- Қазақ ауылдарының жағдайы, күштеп ұжымдастыру саясатының мәнін, және салдарын анықтайды.
Асыра сілтеушілік зардаптарын айтады
Түйінді идея
Топтық жұмысты орындау арқылы бірін-бірі бағалай білу, тыңдау дағдысын қалыптастыру
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, оқулық, жұмыс дәптері, постер, бағалау парағы, смайликтер т.б
Оқыту әдістері:
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,
Дереккөздер
Интернет, оқулық, энциклопедия.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Түс таңдау арқылы топқа бөліну
Таңдаған түстеріне байланысты топқа бөліну
Жаңа тақырып
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Болжау әдісі
«Қолдан жасалған қасірет» бейне фильм арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау
Мағынаны тану
Топтарға тапсырма
Ітоп Тарихшылар
Ұжымдастыру не үшін керек болды ?
Мақсаты, барысы,қателіктері
ІІ-топ Әдебиетшілер
Қазақ зиялыларының ұжымдастыруға көзқарасы қандай болды?
Құжаттар арқылы толықтыру «Бесеудің»хаты,
«Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты».
ІІІ-топ Әлеуметтанушылар
Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың
әлеуметтік зардаптары.
Ұлы нәубет ( 1930-32 ж.ж.)
ІY-топ Демографтар
Қазақстандағы демографиялық жағдайға қалай әсер етті
Ой қортынды
І-топ
Семантикалық карта
Тестпен жұмыс
Неліктен ұжымдастыру саясаты
,,ұлы нәубетке,, әкеліп соқтырды?
тақырыбына ой толғау
Оқушылар бейнефильмді көре отырып, өз ойларын айтып, талқылайды.
Берілген тапсырманы бірлесе отырып қорғау
Үйге тапсырма беру
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі.
Үй тапсырмасын түртіп алу
Бағалау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Өлшемді және жиынтық бағалау
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды
Рефлексия
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бес саусақ әдісі
«Бес саусақ» әдісі
1.Бас бармақ – Не үйрендім?
2.Балан үйрек – Неге көңіл аудару керек?
3.Ортан терек – Кімге көмектестім?
4.Шылдыр шүмек – Алған әсерім, Көңіл-күйім?
5.Кішкене бөбек – Неден қиналдым?