Бейнебаян (1931-1932 жылдардағы ашаршылық тақырыбына арналған)
Мұғалім:
Бұл бейнебаян не туралы?
Қай кездегі оқиға баяндалады?
- Дұрыс. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарындағы ашаршылық туралы баяндалады. Біз бұл тақырыпты оқып жатқанымызға бүгін 4-ші сабақ болады. Сол себепті бізге бұл тақырыпты толық талдау ешқандай қиындық тудырмайды деп есептеймін. Оған қосымша үй тасырмасы ретінде «Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбына арналған көркем әдебиеттерді, деректерді тауып оқу тапсырылған болатын. Дайын болсақ,онда іске кірісейік.Қазір «Ізденіс конференциясы» әдісі арқылы «Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбын 4 топқа бөлініп толық талдаймыз.
І топ.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың ерекшелігі (статистикалық мәліметтермен жұмыс)
ІІ топ.
1929-1931 жж. ұжымдастыруға қарсы шаруалар наразылықтары (картамен жұмыс)
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тақырыптарының зерттелуі (көркем әдебиеттермен жұмыс) өз ұсыныстары
Әр топқа өзінің тапсырмаларын қорғауға 5 минуттай уақыт беріледі.
І топ. Статистикалық мәліметтермен жұмыс
- Ф.И. Голощекин – 1925-1933 жж. – өлкелік партия ұйымының басшысы
- 1927 ж. → партияның ХҮ сьезі – ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты
- 1928 ж. 27 тамыз – Қазақстан ОАК мен ХҚК «Аса ірі бай шаруалар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет
- 1930-32 жж. аштықтан халықтың 40 % қырылуы
- 1931-33 жж. – республиканың 6,2 млн тұрғынының 2,1 млн аштықтан қырылуы
- Қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4 млн адам
- 40,5 млн мал болды,1933 ж. 1 қаңтарда – 4,5 млн қалды.
ІІ топ. Картамен жұмыс
1929-1933 жылдардағы көтерілістер
- Батпаққара көтерілісі
- Қарақұм көтерілісі
- Ырғыз көтерілісі
- Созақ көтерілісі
- Шұбартау көтерілісі
- Абыралы көтерілісі
Әр көтеріліске 1 оқушыдан шығып, картамен жұмыс істеу арқылы көтеріліс барысын баяндады.
ІІІ топ.Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, 1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хатының»(Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышев) жазылуы, 1933 жылы наурызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты туралы талдай келе, Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты»сахналық қойылымынан көрініс көрсетті.
ІҮ топ. (Алдын ала үйден оқуға З.Қыстаубаевтың «Нәубет», В.Михаиловтың «Ұлы жұттың жазбалары», С.Елубайдың «Ақ боз үй», «Зауал» кітаптары берілді.) Оқығандарын ортаға салды.Оразалы М. Т.Невадовскаяның “Қазақстан трагедиясы” өлеңінің жазылу тарихына тоқталып,3-4 шумағын жатқа айтты.
Толғаныс сәті.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тақырыбандағы ең маңызды мәліметтер бойынша жаттығу жұмыстары мен тест жұмыстары алынды.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен сандарды қойып,мәтінді толықтыр.
Сталиндік басшылықтың жоспары бойынша Қазақстанда ұжымдастыру науқанын _____________ қарай аяқтау белгіленді.Партияның ____________ съезінде қабылданған ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың негізгі ұстанымдары: _________, дербестік, __________ ,ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған ____________орнына __________аяқтап, «жалған колхоздар» құра бастады.
1933 жылғы наурызда __________И.В.Сталинге жазған хаты да сол жылдардың сұмдығын ашық көрсетті.
___________жылдары Қазақстанда шаруалар наразылықтары болып өтті.
Республика аумағында 80 мың адам қатысқан __________жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды.
А)Күштеп көшіру В)Халықты сан жағынан көбейту С)Ұлт аймақтарына көмек ұйымдастыру Е)Халықты түгелге жуық қыру
19.«Бесеудің хатында» не туралы жазылды?
А)Аштық апаты мен себептері В)«Кіші Қазан төңкерісіне»қарсылық С)Ұлттық мемлекеттік статус алу Д)Қостанай,Ақмолаоблыстарын республика құрамына қосу Е)ЖЭС-ке көшу
20.Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсы 5000 шаруа бірігіп,көтеріліс жасаған қай аймақ?
А)Батпаққара В)Қрақұм С)Созақ Д)Семей Е)Қарқаралы
Бағалау критерийі:
- Тарихи-саяси сауаттылығы;
- Жұмыстың толық аяқталуы;
- Топпен жұмыста белсенділігі;
- Өз пікірінің болуы;
- Білімділігі және сайлау шешендігі
І топ
№1тапсырма
Ең жоғарғы ұпай - 3
№2тапсырма
Ең жоғарғы ұпай - 5
№3тапсырма
Ең жоғарғы ұпай - 6
№4тапсырма
Ең жоғарғы ұпай - 10
Қорытынды ұпай
«5» - 21-24
«4» - 17-20
«3» - 14-16
ІІ топ
ІІІ топ
ІҮ топ
Үйге тапсырма: 10, мәтінді оқу
Дискуссиялық карта
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың Қазақстан үшін пайдалы жағы болды ма, жоқ па?