Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру. Тәрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституциялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру. Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту және заңдық білімдерін жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, плакаттар, үлестірмелі қағаздар. әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру, тарихқа саяхат түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп олардың зейінін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1 тапсырма
Кроссворд «Ата Заң»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру. Тәрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституциялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру. Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту және заңдық білімдерін жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, плакаттар, үлестірмелі қағаздар. әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру, тарихқа саяхат түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп олардың зейінін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1 тапсырма
Кроссворд «Ата Заң»
1
Т
Ұ
Т
Қ
Ы
Н
Д
А
У
2
О
Н
Т
Ө
Р
Т
3
А
С
Т
А
Н
А
4
Ж
А
З
А
5
О
Н
А
Л
Т
Ы
6
З
А
Ң
Сұрақтары:
1. Жазаның түрі
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
3. Қазақстан Республикасының астанасы
4. Қылмыскер өзінің қылмысы үшін неге тартылады?
5. Қандай негіз адамдардың қоғамға қауіпті, зиянды әрекеттер істеуіне тыйым салады?
6. Адамдар нені үнемі сақтап жүрсе, қоғам қалыпты өмір сүретін болады? ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Жоспар: 1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы. 2. 1993жылғы Конституция 3. 1995жылғы Конституция 4. Құрылымы мен мазмұны 5. Конституцияның жоғарғы заңдық күші
Конституцияның жоғары заңдық күші бар қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы
Конституция (лат. Constituto-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.
Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік-құқықтық актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.
• Алғашкы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан).
• Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995 жылы 30 тамыз).
• Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңнын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституция қабылданды.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері баян етілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. 1998 жылы және 2007 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізілді.
Ата Заңның құрылымы
Қазақстан Республикасының Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)
Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады.
«Жалпы ережелер» деп аталған I бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жарияланған.
Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер «Адам және азамат» деп аталған II бөлімде жинақталып берілген.
III бөлімде Президенттің, IV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалу мерзімдері мен заңдары, өкілеттіліктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі сыртқы саясатты айқындап жүргізуі, т.б. баяндалған.
VI бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары,
VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері
VIII бөлімде тұжырымдалған.
Соңғы IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген. Тапсырмалар 1 тапсырма Сөйлемді толықтырыңыз
Қазақстан Республикасы өзін .........., ......., ........, ........, мемлекет ретінде орнықтырады, және оның ең қымбат қазынасы -........, ......................, ............. мен ..........
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - ........... .
Қазақстан Республикасындағы ...................... – қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - ..........., ............., және ............. бар.
Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында .................... алуына кепілдік береді. ...................... алу міндетті.
Әркім Қазақстан Республикасының .................... және ..................., .........................., ......................, ............. мен ................ құрметтеуге міндетті.
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының ....................... және ...................
2 тапсырма Әр оқушыға ата заңның бірінші, екінші бөлімінен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тауып жазуды тапсырамын. Тез орындаған және көбірек жазғанға көңіл бөлемін.
3 тапсырма Тарихқа саяхат 1. “Қасым ханның қасқа” жолы неше бөлімнен тұрды? 2. Қасым ханнан кейін құқықтық жүйені дамытуға үлес қосқан хан. 3. Тәуке ханның “Жеті жарғысында”қандай жаңа құқықтық ережелер болды?
4 тапсырма Мәліметтерді сәйкестендіріңіз 1995жыл----------Қазақ КСР Конституциясы қабылданды 2007жыл ---------Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды 1991 жыл -------- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды
1937 жыл-------- Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
IV. Қорытынды кезең.
Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай?
2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?
3. Референдум дегеніміз не?
4. Азаматтардың конституциялық құқықтарын атап беріңдер.
5. Конституцияда Қазақстан мемлекетіне қандай сипат берілген?
6. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.
V. Бағалау
Үй тапсырмасы: § 25. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері (түсінік айту, конституцияның қандай бөлімдерден тұратынын дәптерге жазу).