Күні: 21.04. 2017 жыл | Тарих сабағы | Сыныбы: 9 « Г» |
Сабақ тақырыбы | Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері |
Мақсаты | Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері мен азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттеріне сипаттама беру. Конституция мемлекеттің негізгі заңы екенін білу. |
Міндеттері: | 1. Оқушылардың жаңа сабақтың тақырыбын ашуына ықпал ету. 2. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері мен азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттеріне сипаттама беру. 3.Өз Отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштілік қасиетін арттыру. |
Күтілетін нәтиже | Жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері мен азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттерін біледі. Өз Отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштілік қасиеті артады . |
Түйінді идеялар: | Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері , азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттері, Отанды қорғау міндеті, Конституция негізгі заң. |
Кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
І.Ұйымдастыру кезеңі (3минут) | Сәлемдесу 1.Сабақтың мақсатымен таныстыру; 2. Оқушыларды түгендеу, журналды толтыру | Сәлемдесу Сабақтың мақсатымен танысады; |
2.Сыныпты топқа бөлу: Үлестірмелі қағаздар ( Азамат, Конституция, Отан)сөздері бойынша топтар құру. | Оқушылар қолына қима қағаздары бойынша топқа бөлінеді, топ жасақталады. |
Үй тапсырмасы (5 минут) | Оқушыларға сұрақтар дайындата отырып орындатылады | Оқушылар сұрақтар дайындап, келесі топтан оқушылар жауап береді |
Топтық жұмыс. (10 минут +9минут) | 1-тапсырма: Постер құрау. 1-топ: Конституция мемлекеттің негізгі заңы атауы себебі? 2-топ: Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттерінне сипаттама 3-топ: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны | Әр топ берілген тапсырмасын орындау арқылы тақырып бойынша постермен жұмыс |
Жеке жұмыс Глоссарий (2+1 мин) | Оқушыларға жаңа сөздер беріледі Конституция , Парламент, Сенат | Әр оқушы сөздердің мағынасын ашады |
Жұптық тапсырма: (2+2минут) | 9 Бөлім бойынша сәйкестендіру | оқушылар жұптасып орындайды. |
Сергіту сәті. (2мин) | « Мен Қазақпын» биі | Оқушылар бой жазады |
Қорытындылау (6 минут) | «Азаматтардың тең құқықтары» тақырыбына өз ойларын жазу | Әр оқушы берілген тақырып бойынша эссе жазады |
Бағалау(1 минут) | Критерий бойынша бағаланады | Өзін-өзі бағалайды |
Үй тапсырмасы (1 минут) | §25. Оқу, тарихи деректер жинау | Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады. |