Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасыны? конституциялы? ??рылымыны? негіздері»
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға Конституция – еліміздің Ата заңы екендігін, оның елдегі басқа заңдардың бәрінен жоғары екендігін, мемлекеттегі барлық құқықтық нормативтердің конституция шеңберінде ғана жасалатындығы жөнінде түсіндіріп, білімін қалыптастыру
2.Дамытушылығы: Оқушылардың сасяси санасын қалыптастыру мен еркін ойлау қабілетін дамыту және сөйлей білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелігі: Оқушыларды демократиялық мәдениетке, саяси саналыққа, заңсыйлағыштыққа тәрбиелеу
Тергеуші қылмыс жасаған адамға қарсы іс қозғап, тергеу жүргізсе немесе жол полициясы көлікті жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жүргізушіні жауапқа тартса – бұл жерде тергеуші немесе полиция қандай қызмет атқарып тұр?
ІІІ Жаңа сабақтың мақсатын қою. Хабарлау
Қазіргі Қазақстан Конституциясының қабылдануы, негізгі бөлімдері мен мазмұнын баяндау
VІ. Жаңа материалды өту. Ауызша, баяндау
І. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
ІІ. Халық – Конституцияны жасаушы
ІІІ. Азаматтардың негізгі міндеттері
ІV . Конституцияның құрылымы және мазмұны.
Құқық, заң, әр түрлі құқықтық нормалар қалай жасалынады ?
Конституция дегеніміз не?
Құқықтың біз үшін қажеттілігі?
Конституция (латын сөзі құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтарлың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.
Қазіргі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумында қабылданды.
Референдум – жалпыхалықтық дауыс беру
Конституция азаматтарға кең құқықтар береді. Олар саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтар болып бөлінеді. Азаматтардық саяси құқықтарына азамат пен мемлекет арасындағы қатынастардан туындайтын немесе азаматтардың билікке тартылып араласуынан көрініс беретін құқықтары жатады. Мысалы: азаматтар ауыл, аудан, облыс республика көлеміндегі саяси оқиғаларға араласуға, мемлекетті басқаруға қатысуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ ҚР-ның 18 жасқа толған азаматтардың әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан сайлау құқығы бар. Қазақстан азаматтарына саяси маңыздағы кең көлемдегі құқығына, бостандықтарына кепілдік берілген.
Әлеуметтік құқықтары – азаматтарлың еңбек етуге, демалуға, тұрғын үйге ие болуға, денсаулығын сақтауға, білім алуға құқықтары бар.
ІІ. Азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы айтқанда оның атқаратын міндеттерінен бөле қарауға болмайды. Кез келген адамның мемлекеттің алдында атқаруға тиісті белгілі бір міндеті болады. Мысалы: заңдарды бұлжытпай орындау, басқалардың құқықтарын, еркіндіктерін, арын, намысын, қадірін сыйлау, салықтарды уақытында төлеп отыру, Отан қорғау т.б. жатады.
\ құқық қорғау органдары осы Конституцияның өзін тікелей басшылыққа алады.
VІ. Жаңа материалдың алынғанын тексеру.
Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді
Қазақстанның қазіргі Конституциясы қабылданған күн
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы
Қазақстанның БҰҰ-ға кірген жылы
ҚР «Мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заңы қабылданды
Қазақ КСР-і «Қазақстан Республикасы» болып қайта аталды
Жоғарғы Кеңесте «Қазақ КСР мемлекеттік Егемегендігі туралы» Декларация қабылданды
Соңғы Қазақ КСР Конституциясы қабылданды
Х Бүкілқазақтық Төтенше Кеңестер съезі Қазақ КСР Конституциясын қабылдады
Қазақстан Құрылтай съезі Қазақ АКСР Еңбекшілер құқығы Декларациясын қабылдады
РКФСР БОАК және ХКК декретімен Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрыл
198 ж
20 сәуір
\
1993 ж
28 қаңтар
1990 ж
25 қазан
1920 ж
4 – 12 қазан
1995 ж
30 тамыз
1991 ж
10 желтоқсан
1936 ж
1998 ж
7 қазан
1991 ж
16 желтоқсан
1937 ж
26 наурыз
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет екенін Қонституция бойынша анықтау
Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма.
§ 25
136-141 беттер
Оқу мазмұндау
Конспект
ҚР Конституциясының 10-, 39-баптардың не туралы екенін қысқаша жазып келу
Қосымша сұрақтар
Қазақстан Республикасында халықтың билік етуі жарияланған, оның мағынасы нені білдіреді?
Қазақстан Республикасы Егеменді мемлекет деп жариялады. Мұның мәні мен мағынасын ашып түсіндіріңдер
Конституцияда адам және азамат құқықтарының артықшылығы мен басымдылығы баянды етілген. Мұның мәні неде?
Қазақстан Республикасының 1995 ж қабылданған Конституциясында адамдар ұлты мен нәсіліне қарамастан тең құқылы және бостандықтары бірдей деп жариялаған. Бұл қағиданың мәні мен мағынасын түсіндіріңдер