kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ халқының музыка мәдениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының музыка мәдениетін еске түсіру. Алған білімдері арқылы ой қорыта білуге, өз ойын жеткізе білу, бірін -бірін бағалай білу қабілеттерін дамыту;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының музыка мәдениеті»

Cабақты құру және жоспарлау кестесі


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Ериков Кабижан

8 «Ә» сынып

Оқушының саны: 14

Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Жаңақима ауылы

Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі

Күні

02.04.2017


Сабақтың атауы

§55. Қазақ халқының музыка мәдениеті

Сілтеме

Қазақстан тарихы оқулығы

Жалпы мақсаты


а) білімділік: Қазақ халқының музыка мәдениетін еске түсіру

ә) дамытушылық: алған білімдері арқылы ой қорыта білуге, өз ойын жеткізе білу, бірін -бірін бағалай білу қабілеттерін дамыту;

б) ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, әділдікке, ізденушілікке баулу

Міндеттері


Қазақ халқының музыка мәдениетін еске түсіру

Күтілетін нәтиже


- белгілі тұлғалары туралы біледі

- айтылған ойды негізгі ақпарат көзімен салыстыра алу

- сұрақтар мен жауаптардың нақтылай алады;

- топтарда пікірін тыңдата отырып ой қорыта біледі;

- шығармашылықты дамиды;

- АКТ-ны пайдалана алады;

- қосымша ақпараттар арқылы ой-өрісін кеңейтеді;

- бірін-бірі бағалай біледі.

Тапсырмалар


- жеке жұмыс

- топтық жұмыс

- жұппен жұмыс

- шығармашылық жұмыс

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу

  2. Оқушыларды түгелдеу

  3. Топқа бөлу

  4. Бағалау парақшасын тарату,түсіндіру.(1-минут)

Топқа бөлу үшін өзім үш оқушыны тандаймын.Ол оқушылар өздеріне команда жасап алады/1 мин/

II Бүгінгі сабаққа болжам жасау.

Оқушылар бүгінгі сабақта не білемін деп ойлайсыңдар?

Тақтада «Идеялар себеті» ілініп тұр .Соған ақпарат жапсырамыз.


СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?



- даму ерекшеліктерін саралай алады;

- суреттер арқылы ой қорытады;

- күнделікті өмірден мысал келтіре алады;

- өз ойын басқамен бөлісе алады;;

- пікірлесе отырып өзін және өзгені оқыта алады;

- тақырыптың мәнін аша алады.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

1. Үй тапсырмасын сұрау (топқа сұрақтар беріледі, өзара ақылдасып жауап беруге біреуі шығады)

1.Бейнелеу өнері?

2.Қолданбалы өнер?

3.Зергерлік бұйымдар?


Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу


Аспаптар анықтамасы

Соғыс дауылпазы

Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.

Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.

Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертердің көлемі домбырадан кіші, бірақ пішіні қобызға ұқсайды.

Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап.

Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған.

Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған.

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысыҚарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашышертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.

Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар:

  • “Қосбасар” (бірнеше түрі),

  • “Сары жайлау”,

  • “Сары өзен”,

  • “Теріс қақпай”,

  • “Сылқылдақ”,

  • “Былқылдақ”,

  • “Бестөре”,

  • “Азамат”,

  • “Алшағыр”,

  • “Азына”,

  • “Көкей кесті”,

  • “Боз торғай”,

  • “Қорамжан”,

  • “Боз айғыр”,

  • “Ерке атан”,

  • “Ноғай-қазақ”,

  • “Кер киік”,

  • “Қашқан қалмақ”,

  • “Қара жорға”,

  • “Балбырауын”,

  • “Жетім қыз”,

  • “Сал қоңыр”,

  • “Көш жанаған”,

  • “Сары қамыс”,

  • “Шәйір қалды”



Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-189) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би,Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаңсияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.

Шығармалары

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.



Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгірде оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX гасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.

Шығармашылығы

Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған. Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар.



Топпен жұмыс.

Әрбір топ музыка өнерінің майталмандарының өмірімен таныстырады

(Постер қорғау) 5-минут

Тәттімбет Қазанғапұлы 

Құрманғазы Сағырбайұлы 

Дәулеткерей Шығайұлы 

Қорғауға 2-минут уақыт беріледі.



Видеоролик

Видеоролик оқушыларға көрсетіледі, сол видеороликтің мазмұнына бойынша кезек-кезек сұрақ кояды.

Сергіту сәті. Осы музыка өнерінің қайраткерлерінің суреттерін көрсетіп,кім екенің тауып алу? (2-минут)

Тәттімбет тобы





Құрманғазы тобы

Дәулеткерей тобы


Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру


Сабақты қортындылау.Бекіту

Әр топтан екі оқушы шығады.



    1. Бүгінгі білім қайда керек болады?

    2. Бүгін сізге не қиын болды?

    3. Бүгін сіз қалай жұмыс істедіңіз?

    4. Бүгін не қызық болды?

    5. Бүгін сіз не білдіңіз?

    6. Бүгін сабақтан өзіңе не алдың?


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Кері байланыс. «Алақан»

Бас бармақ – не ұнады?

Балан үйрек – жаңадан не білдің?

Ортан тірек –не жөнінде ойландың?

Шылдыр шүмек – өз қоржыныңа не алдың?

Кішкентай бөбек – не бігің келді?


Бесбармақ арқылы бағалау. (әрбір орындалған жұмыс бойынша оқушылар бағасын беріп отырады)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ халқының музыка мәдениеті

Автор: Ериков Кабижан

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443792

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Саба?ты? та?ырыбы: «?аза? хал?ыны? музыка ?нері»"
    ["seo_title"] => string(42) "sabaktyntakyrybykazakkhalkynynmuzykaonieri"
    ["file_id"] => string(6) "299157"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456477741"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?аза? хал?ыны? музыка ?нері "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-khalk-ynyn-muzyka-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "185151"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426152789"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "ХІV – ХV ??. ?аза? хал?ыны? рухани м?дениеті"
    ["seo_title"] => string(50) "khiv-khv-g-g-k-azak-khalk-ynyn-rukhani-m-dieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "294591"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455692414"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "доклад на тему "?аза? хал?ыны? музыка м?дениеті" "
    ["seo_title"] => string(52) "doklad-na-tiemu-k-azak-khalk-ynyn-muzyka-m-dieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "218856"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433935436"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Қазақ халқының музыка өнері"
    ["seo_title"] => string(31) "k_azak_khalk_ynyn_muzyka_onieri"
    ["file_id"] => string(6) "403093"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490416903"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства