?аза? хал?ыны? аса бай а?ынды? ж?не музыка хал?ымызды? жо?ары рухыны? к?рінісі болып табылады. Ол ХIХ – XX ?асырды? басында ауызекі ?нерді? к?сіби музыканттарыны? шы?армашылы?ында ай?ын к?рініс тапты.
К?сіби м?дениетті? ?зіндік ерекшеліктері мыналар:
Жо?ары орындалушылы? к?сіп?ойлы?;
Д?ст?рлі ауызекі мектеп ж?йесі бойынша о?ыту; м??алім – о?ушы. О?уды бітіргеннен кейін о?ушы ?зіні? ?стазыны? ал?ысын, батасын алады;
Авторлы?ты? болуы – ?аза? м?дениетінде музыкант тек ?зіні? шы?армалары бол?анда ?ана ата?ты бол?ан;
Просмотр содержимого документа
«доклад на тему "?аза? хал?ыны? музыка м?дениеті" »
«Теректі аудандық №2 саз мектебі» МКҚК
Дайындаған: Домбыра сыныбының
оқытушысы Капезова А.С
2015жы
Қазақ халқының аса бай ақындық және музыка халқымыздың жоғары рухының көрінісі болып табылады. Ол ХIХ – XX ғасырдың басында ауызекі өнердің кәсіби музыканттарының шығармашылығында айқын көрініс тапты.
Кәсіби мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері мыналар:
Жоғары орындалушылық кәсіпқойлық;
Дәстүрлі ауызекі мектеп жүйесі бойынша оқыту; мұғалім – оқушы. Оқуды бітіргеннен кейін оқушы өзінің ұстазының алғысын, батасын алады;
Авторлықтың болуы – қазақ мәдениетінде музыкант тек өзінің шығармалары болғанда ғана атақты болған;
синкретизм – шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлерінің бөлшектенбеуі – ақындық, орындаушылық, шешендік, актерлік, шеберлік;
жеке орындаушылық;
импровизациялық және күйді бір тыңдағаннан есте сақтау қабілеті – айтыстар мен таныстарда көрсету;
авторлық туындылармен жан-жақтылығы;
әнші үшін музыкалық аспаптың бірінде міндетті түрде ойнай алуы – халықтық-кәсіби ән үнемі аспаптың сүйемелдеуімен орындалған;
халық әніне тән емес жанрлардың, өнер туралы күй әндердің, әндерді орындау туралы, өсиет әндердің, күй – арнаулардың және т.б. болуы;
интонационды-қанық, толық, виртуозды әуен;
қоғамдық мойындау, тұрақты саяхаттар.
Ауызекі дәстүрдің кәсіби өнерінің өкілдерімен тасымалдаушылары ақындар, салдар, серілер, жыраулар, жыршылар, күйшілер болған.
Ақын – суырып салма ақын, айтысқа қатысушы, дәстүрлі, лирикалық, эпикалық, репиртуарды орындаушы, ол үнемі өз домбырасында сүйемелдейді. Айтыс өнері қазақ ақындары шеберлігінің жоғары кезеңі болып табылады.
Сал сері – жоғары деңгейлі музыканттар, оларға жоғары көркемдік әртістік, бай музыкалық – ақындық, орындаушылық және композиторлық қабілет тән. Салдар мен серілер әншілердің де, композиторлардың да, аспапшылардың да, әртістердің де, сиқыршылардың да, жонглерлердің де, бишілердің де, палуандардың да рөлін атқарған. Олар, әдеттегідей, жүйрік аттың, құмай тазының, аңшы құстардың иесі болған. Оларға театралдылық, эксцентрлік тән. Академик А.Жұбанов атап өткендей: «Салдар мен серілер әртіс сөзінің толық мағынасын ашатындай әртістер болды. Олар үнемі көпшіліктің назарында болды, өнерге қызмет етті, сондықтан да осы жағдайлардың барлығы оларға өзіндік ізін қалдырған, мамандықтың ерекшелігі олардың басқа адамдардың арасынан еріксіз бөлген. Халық «салдар мен серілердің» жақсы көрді, олар ерекше құрмет пен сыйға бөленген. Олар қазақ қоғамының сүйіктілері мен еркелері болды».
Жырау – жырлаушы, жыршы, эпикалық репертуарды, сонымен қатар философиялық, танымдық әндерді орындаушы.
Жыршы – эпикалық туындыларды, философиялық, танымдық әндерді орындаушы. Зерттеуші Е. Исмайлов жазып өткендей: «Шебер жыршылардың мәртебесі өте жоғары болған – ақыннан немесе жыраудан кем болмайды. Және де салтанатты кештер мен тойлардағы олардың тікелей міндеттерінің шеңбері оларды әнші-ақындармен және шешендермен жақындастырды».
Күйшілер –композитор мен орындаушы бір адам. Ерекше дарынды, айқын жеке стилистикалық қасиетке ие кәсібилігі жоғары ерекше музыкант-аспапшылар, суырып салма шеберлері.
Ауызекі дәстүрдің кәсіби әнші-композиторларының шығармашылығы стилінің жарқын дербестілігімен, өзіндік бейнелік құрлымымен, қалыптасқан көркемдік құралдарымен ерекшеленді. Уақыт өте келе бірнеше мектеп бөлініп шықты: арқалық, батыс қазақстандық, жетісулық – әрқайсысының өзіндік қайталанбас мәнері, стилі болды. Біржан сал, Ақан сері, мұхит, Әсет, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Ыбырай, Майра, Абай және т.б. халықтық-кәсіби әннің жарқын өкілдері болды.
Атақты күйшілердің – ауызекі дәстүрдің кәсіпқойлары шығармашылығын қазақ музыка мәдениетінің классикасы деп атау қажет. Домбыра өнер қарқынды түрде дамыды, ол екі бағытта ұсынылған – батыс қазақстан мектебі төкпе-күй және шығыс қазақстандық шертпе-күй. Осы 2 стиль орындаушылық техникасы, композиция принциптері, тақырыпнамасы бойынша ерекшелекнеді, сонымен қатар айырмашылықтар бар. Шығыс қазақстандық күйдің төкпе дәтүрі-ерекшелігі бойынша динамикалық, ерікті, энергиялық, олардың белгілі форма-сызбасы бар. Тіркеу бөлімінің халықтық атауы бар: бас буын(начальное звено), орта буын(среднее звено), алғашқы саға. Төкпе күйлерде екі шекте буынды қатты сілтеу арқылы дыбыс шығарылған. Шығыс қазақстандық шертпе күйлердің тіркелген форма-сызбасы жоқ. Аймақтарға бөлінген және бөлінбеген күйлер де бар, олар бір әуендік құрлымынан тұрады. Шертпе күйлердің әндік тақырыпнамасы еркін, суырып салмалық түрде дамиды, камералық дыбысталу, жұмсақ шертпелі дыбыс тән.
Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Сүгір, Қазанғап, Түркеш және т.б. домбыра өнерінің атақты өкілдері болып табылады.
Айтыс және тартыс. Қазақ музыканттарының кәсіби өнері өзіндік формасын қалыптастырды. Ауылға атақты әншілердің, күйшілердің келуіне байланысты міндетті түрде қонақтарды қабылдау, мейрам өткізілген, осының шеңберінде әдістер өнер көрсеткен. Кездесу естелігі ретінде қонақжай қожайындарға ән сыйлаған немесе күй шығарылған. Үлкен тойлар, астар ақындардың, жыршылардың, күйшілердің өнер көрсетуімен жалғасқан.
Музыканттардың мақсатты бағдарланғанөнерлері жарыс турнирлерінде өткізілген: айтыс пен тартыста – жиналған халықтың алдында. Осы жарыстардағы жеңістері оларға атақ мәртебе сыйлаған, ақын, күйші жоғары атағын алған. Еркектермен қатар әйелдердің де музыкант бола алатындығын атап өткен жөн. Қазақ әйелдерінің еркіндіктері, лоардың дербестігі туралы орыс саяхатшылары өз естеліктерінде жазған.
Айтыстар мен тартыстардың бірқатар түрлері болды, олардың әрқайсысының белгілі ережелері болды, олардың әрқайсысының белгілі ережелері болды. Барынша кеңінен тараған түрлерінің бірі – әр түрлі рудың қыздары мен бозбалаларының сайысы. Кез келген музыкалық-ақындық немесе аспаптық жарыстың негізін – суырып салмалық құрайды. Шығармашылықтың осы түрінің бірегейлігі мен күрделілігі осында. Бұл әнді немесе күйді үздік орындаушы конкурсы ғана емес. Айтыста бір сәттік, екпінді-озат ақындық суырып салмалық қасиетін көрсету үшін қажет қатысушылар ақындық, әртістік дарындылықтарыменқатар өздерінің өткір тілділігін, тапқырлығын, зеректігін көрсеткен. Айтыстардың тақарыбы әр түрлі болды: көкейкесті қоғамдық мәселелер, туыстық қатынастар, адамгершілік тақырыптары, әйелдерді азат ету, әділдік, тұлға тақырыбы, өнер және т.б. көтерілген. Барынша атақты айтыстар поэмалар түрінде халықтың есінде сақталып қалған. Дәстүрге сәйкес жеңіске жеткен ақын осындай поэма шығарған. Ақындардың барынша танымал сайысы Біржан мен Саранаң айтысы болып табылады. Ол жерде феодалдық қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жойылады,тұлға еркіндігі, әйелдер теңдігі мәселесі көтеріледі. Біржан теңбәсекелестіктің нәтижесінде ақын Сараның жеңеді, ол бұл айтыста Сараның сүймейтін адамға шыққандығын алға тартады. Сара өзінің жеңілісін мойындай келе, қазақ әйелінің қоғамдағы теңсіздігі туралы өзінің алаңдаушылығын жеткізді. Осылайша, әйелдер теңсіздігі туралы өзекті әлеуметтік мәселені көтерді. Айтыстың мәтәнін 1872ж. Қазақ халық шығармашылығын жинаушы Ж. Шайхисламұлы Сараның аузынан жазып алған. Тілдің жоғары көркемдігі мәнерлілігі, жарқын бейнелілігі, өнер күшінің атаққа ие болуы оның басты артықшылығы болып табылады. Біржан мен Сараның айтысы атақты композитор М. Төлебаевтың аттас операсының негізін құрады (Қ. Жұмалиевтің либереттосы) және Қазақстанның опера өнерінің үздік жетістіктерінің біріне айналады.
Айтыс жанры қазіргі уақытқа дейін қазақ өнерінде өмір сүруде.
Тартыс – домбырашылардың сайысы қазақтардың музыка әлемінде кеңінен таралды. Тартыс 3 түрлі болады, олардың арқайсысы өзінің бағытымен ерекшеленеді: орындаушылық шеберлдігін, күйді бірінші орындағаннан кейінгі есте сақтау қабілетін көрсету. Ең көп тараған түрі тартыс болды, бұл жерде бәсекелестік орындаушылық шеберлігін көрсетуден тұрды.
Атақты музыканттар арасында өткен көптеген тартыстар аспаптық музыка тарихында сақталып қалды, мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы, Қазанғап пен Үсен төре арасындағы және т.б.
Академик А. Жұбанов өзінің кітабында Тәттімбет қатысқан қызықты тартысы (сайысты) былай сипаттайды: «олар көптеген күй ойнайды. Намысқой қыз өз бағысын білді. Сондықтан да ол осы аймақтың сол кездегі атақты күйшісіне айналған дәулескер күйші Тәттімбет кіріп келгенде еш қысылған жоқ. Ол сымбатты жас жігітті жылы қабақпен қарсы алды, оған құрмет белгісі ретінде өз қолымен шай құйып береді, оның сыпайылығы Тәттімбетті таңдандырады. Шай ішіп болғаннан кейін қыздан сыпайы түрде домбыраны сұрайды, бірақ ол бірінші болып күй ойнайды, тек осыдан кейін аспапты Тәттімбетке тапсырады.»Осы арқылы ол қонаққа өзінің әдістерін корсетуден қорықпайтындығын түсіндірді, ол өзінің алдында Арғындардың атақты күйшісі отырса даеш сескенбейді. Ол Арғынға қарағанда аз Найман руына жататындықтан, өзінің руының абыройын қорғап шығуға жақсылап дайындалған екен.Басекелестер көптеген тамаша күйлермен алмасады, оның нақты санын айнала қоршап отырған тыңдармандар есептеп отырған. Тәттімбет 40 күй ойнайды, қыз 39-шы күйде тоқтап қалады. Осылайша ол жеңіліске ұшырайды. Қазақтың дәстүрлі ауызекі сайыстары көркемдік тұрғыда тарихи нақтылықты бейнелеген.
Осылайша, копғасырлық музыка мәдениетінің негізінде қалыптаса және дами келе, ауызекі дәстүрдің кәсіби музыканттары көркемдік мәнерлілігі жоғары туындылар шығарған.
Жырау шығармашылығы.Жазба әдебиеті саласындағы жетістіктермен қатар ауызекі музыкалық-ақындық кәсіби шығармашылық шеберлерінің шығармашылығы да ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ескерткіштері боп табылады.
Көшпенділердіңдәстүрлі өмір сүру салты поэзия мен музыка секілді белгілі өнер түрлерінің қалыптасуына және таралуына ықпал етті. Дәл музыкалық-ақындық шығармашылық қалыптасты, олар ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған.Ауызекілік пен суырып салмалық қазақ музыкалық-ақындық мәдениетінің басты ерекшелігі болып табылады.
Тарихи даму барысында тарихи алаңда жыраулар пайда болады, зерттеушілер атап өткендей,- ақынның көне түрі.Жыр сөзінің өзі олең, тақпақб эпос дегенді білдіреді, ал жырау - жырды жеткізуші. Жырау – дәстурлі мәдениеттің көрнекті өкілдері, ерекше есте сақтау қабілетімен ерекшеленетін тұлғалар.Көптеген жыраулар ақындық қызметтерді де атқарған: ірі әскери басшы, кеңесші, абыз (болжаушы), халықтың атынын сөйлейтін ақсақалдар болған. Осыған сәйкес жыраулар поэзиясында сол уақыттағы тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Сыпыра жырау,Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау,Бұқар жырау және т.б сияқты өз заманының көрнекті өкілдерінің шығармалары біздің уақытымызға дейін жетті.