kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ халқы қалай қалыптасты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары қазақ  сыныптарына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқы қалай қалыптасты»


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақ халқының қалыптасуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұлы Дала мұрагері – Қазақ халқы қалай қалыптасты

2-сағат

Сабақтың мақсаты

- Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау;

- «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

Оқу мақсаттары

  • Берілген бөлімде қазақ халқының қалыптасу үрдісінің аяқталуы, «Қазақ», «Алаш» атауларының шығу тегі, жүздердің пайда болу себептері қарастырылады

Бағалау критерийлері

  • «Қазақ» атауының шығу тегі туралы бірнеше ғылыми пікірлер жазылған мәтінді оқып және СБРР материалдарын тыңдап сұрақтарға жауап береді, деңгейлік тапсырмаларды орындайды;

  • «Қазақ және Алаш терминдерінің шығу тарихы» туралы зерттеу жүргізеді;

  • кескін картаға үш жүздің аумағын және шежіре ағашында үш жүз руларын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.


Тілдік

мақсаттар


Тілдік дағдылардың төрт қағидасы әртүрлі әрекеттерде қолданылады:

- СББР материалын тыңдау арқылы және мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар: тарихи мәтін құрастыру, сызбаны толтыру, суреттермен хабарлама дайындау және мәтіндегі қателерді табу, тұжырымдарды тиісті ұғымдармен толықтыру, сәйкестендіру, картаға түсіру, талдау және т.б. орындайды (тыңдалым-жазылым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым );

- «Қазақ» атауының шығу тегі туралы бірнеше ғылыми пікірлер жазылған мәтінді талқылайды, түсіндіреді (оқылым жән айтылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- Халық, консолидация, этносаяси бірлестік, этнос, этноним, ұлт, миграция, ассимиляция, қазақ, алаш, жүз, ру, ата-аймақ.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Дерекке сүйене отырып айтсақ ...

- Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша ...

- «Қазақ» атауының шығу тегі туралы деректерге тоқталсақ, ...

- Біздің тобымыздың пікірі бойынша...

- Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/

экономикалық/ саяси/ мәдени болып табылады, себебі, ...

  • Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Құндылықтарды дарыту



- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;

Пәнаралық

байланыстар

Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, география пәндері

АКТ қолдану дағдылары

  • презентациямен және интернет материалдарымен жұмыс барысында, қажетті ақпаратты мұқият тыңдау, іздеу, табу, сұрыптау, анықтау, салыстыру дағдыларын дамыту;

  • интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім


  • Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттердің этникалық құрамын, миграция бағыттарын және қазақ халқының қалыптаса бастау үрдісіне моңғол шапқыншылығың кедергі келтіргенін түсінеді. Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттердің саяси картасы мен этникалық құрамын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


- Сынып жаңа тақырыптың «Халық», «Алаш», «Жүз», «Қазақ» негізгі ұғымдары жазылған карточкалармен 4 топқа бөлінеді.


Б. ОЙ ШАҚЫРУ. ТАҚЫРЫПҚА ШЫҒУ

- Қола дәуірінен бүгінгі заманымызға дейінгі Қазақстан көрінісі бейнеленген слайдты көрсете отырып, оқушыларға сұрақтар қою:

1. Суреттен не байқап тұрсыздар?

2. Екі суреттің бір-бірімен қандай байланысы бар?

3. Суреттен қандай ақпарат аламыз?

4. Екі суреттің бір-бірімен тарихи сабақтастығы неде деп ойлайсыздар?

- Осы қойылған сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа шығу және сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

- Осыдан кейін сыныпқа өздерінің топ аттарының мәні мен мағынасын таныстыру тапсырылады. Оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қолданады. Әр топ өз топтарын таныстырып отырғанда, тақтадан дұрыс балама жауаптары бар слайдты шығарып отыру керек, бұл оқушыларға алдыңғы білімдерін естеріне түсіріп, қайта жаңғыртуларына көмектеседі.


1-топ: Халық – қандай да бір аумақта тұрақты дамыған адамдар жиынтығы.

2-топ: Алаш – орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы.

3-топ: Қазақ – Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы.

4-топ: Жүз – қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.


1-тапсырма. Сөйлемді тиісті ұғымдармен толықтырып аяқтаңыз:

(қалыптастырушы бағалау)

1. Қазақ халқының ата-бабалары _____ .

2. Казақ халқының ата-бабалары сақтардың тілі ____ , бет келбеті ____ , _____ тайпаларына ұқсас болған.

3. Кейін ____ нәсілге айнала бастаған.

4. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасынан бастап тілдес тайпалар мекендеген.

5. VІ-ХІ ғғ. _____, _____ және ____ Түрік қағанаттары, ____ қағанаты және т.б. түрік мемлекеттері құрыла бастады.

6. ХІ – ХІІ ғғ. Ертістен Еділге дейінгі жерді мекендеген түрік тайпалары өздерін _____ деп атаған.

7. XIII ғ. басында Дешті Қыпшақта басталған қазақ халқының қалыптасу процесін бұзған ______.

8. Қазақ халқының қалыптасу процесі ______ ғғ. аяқталды.

Т/Ж. Бұл тапсырма СББР интерактивті материалын (немесе мәтінін оқытып)

(http://e-history.kz/kz/scorm/course/148) мұқият тыңдағаннан кейін орындалады.

- Оқушылар ресурстың 1-бөлімін тыңдағаннан кейін, тапсырманы таратпа материалға немесе дәптерлеріне орындаулары қажет. Тапсырманы орындап біткеннен кейін, бір-бірін бағалату үшін, дұрыс жауаптары бар бағалау парағын тарату немесе тақтадан көрсету. Бұл тапсырма оқушылардың тілдік дағдыларын ғана емес, танымдық ойлаудың қарапайым дағдысын қалыптастыруға да көмектеседі.

М. Соңында мұғалім өз тұжырымдарымен қорытынды жасап, бекітіп отырады.

- слайдтар;



- үлестірмелі материалдар;




Түрлі түсті қағаз, фломастер, стикерлер




http://e-history.kz/kz/scorm/course/148)






Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі /Дайындаған С.Дәүітов. – Алматы: Жалын, 1993.




Халид К. Тауарих хамса (Бес тарих) /ауд. Б. Төтенаев, А. Жолдасов. – Алматы: Қазақстан, 1992.



Сабақтың ортасы

ТАЛДАУ

(саралап оқытуға арналған тапсырма түрлері )


Т. 2-тапсырма. СББР материалының №23, 2-бөлімі (немесе мәтінін) бойынша орындалады. Қазақ халқының қалыптасуы ресурсын тыңдағаннан кейін топтар өздеріне берілген жеке тапсырмаларды орындайды. Бұл деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөйлеу қабілетін және топтық жұмыс дағдыларын білім мен түсініктерін, басқа да тілдік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Соңында бір-бірін дұрыс жауаптарымен бағалайды.


1-топ. Тарихи мәтін құрастыру



2-топ. Сұрақтарға жауап беріу

  1. "Қазақ» сөзі кездескен сөздік қалай аталады?

  2. “Қазақ” сөзі кездесетін сөздік қай жылы жазылған?

  3. Бұл сөздік қай мемлекетте жазылған ?

  4. Бұл сөздікте “қазақ” сөзі қандай мағына береді?

  5. «Қазақ» атауы көне түрік тілінде қандай мағына білдіреді?

  6. Қазақ хандығының негізін салған сұлтандар ?

  7. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар?


3-топ. Суреттермен хабарлама дайындау



4-топ. Мәтіндегі қателерді табу

- "Қазақ" термині туралы ғалымдар арасында бір ғана пікір бар. Бір деректерде "қазақ" атауы туралы "Қазақ» сөзі тұңғыш рет 1242 жылы жазылған араб-француз сөздігінде кездеседі. Бұл сөздікте «қазақ» ұғымы, «сарбаз», «жауынгер» деген мағынада түсіндіріледі.

«Қазақ» атауы көне түрік тілінде «малшылар» деген мағынаны білдіреді.

   Өзбек пен Берке сұлтандар қазақ халқының қалыптасуына, Қазақ хандығының құрылуының негізін салды. Жәнібек пен Керей хан тұсында олардың қоластындағы барлық халық «өзбек» деп атала бастады. Біртіндеп «түрік» атауы, Қазақстан аумағын мекендеген, сыртқы бет-әлпеті, тілі, мәдениеті ұқсас адамдардың  біртұтас біріккен тобын қалыптастырды.

    Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, барлас, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, монғол, қоңырат, уақ, боржігін, жалайыр, табын, адай және башқұрт басқа да тайпалар кірді. Бұл тайпалардың ортақ тілі – татар тілі болды. Нәсілдік белгілері – монғолоидтық.


ЗЕРТТЕУ. ТАЛДАУ


Т. 3-тапсырма. Қазақ халқы этногенезінің (шығу тегі) қалыптасу кезеңдерін талдау. (қалыптастырушы бағалау)

  1. Территорияны анықтау

  2. Территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі

  3. Белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы

  4. Этностың күшейе бастауы

  5. Этностың шарықтау кезеңі

  6. Этнос дамуының бәсеңдеуі

  7. Тұрақтылық

- Бұл тапсырмада қазақ халқы этногенезінің (шығу тегі) қалыптасу кезеңдері талданады. Оқушыларға кез-келген этностың қалыптасуы мыңдаған жылдарға созылатынын, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін өткеретінін және қазақ халқы да осы өмірлік циклдан өткенін айтып кетіңіз. Осы түсінікті қалыптастырғаннан кейін, оқушыларға мәтін мен кестені таратыңыз. Мәтінді сынып деңгейіне қарай, қысқартып беріңіз. Соңында топтар өз жұмыс нәтижелерін басқа топтардың жұмыстарымен салыстырып, айырмашылықтарын талдайды.

Т. 4-тапсырма. Қазақ тайпаларының бір “халық” болып қалыптасуын дәлелдеу

(қалыптастырушы бағалау)


Ортақ мәдениеттері


Тарихи мекендеген аймақтары


Өздерін қазақ халқының өкілі ретінде санай бастаған кезі

Ортақ тілде сөйлей бастауы


Ортақ атаумен аталуы


Өзіне тән антропологиялық бет пішіні











- Сыныпқа сұрақ қойыңыз: халық болып қалыптасудың белгілері қандай ?

М. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар екенін атап өтіңіз:

  • халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;

  • халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

  • өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

  • халықтың тілінің қалыптасуы;

  • халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

  • халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

Б. Сыныпқа сұрақ: Қазақты «халық» болып қалыптасты деп қалайша дәлелдей аламыз? Жоғарыда көрсетілген критерийлер негізінде, оқушыларға дәлелдеуге тапсырма беріңіз. Әр пункт бойынша оқушылар тиісті дәйектерді көрсетулері тиіс.


Т. 5-тапсырма. Осы суреттер мен тақырыптың арасындағы байланысты табыңыз

(қалыптастырушы бағалау)

М. Бұл тапсырманы әңгіме түрінде өткізуге болады. Алаш ұғымының қазіргі заманда әртүрлі атауларда кездесетіндігін айта келіп, көрсетілген суреттер бойынша сұрақ қойыңыз:

- Мына суреттерге қарап ертеден «қазақ» сөзінің синонимі болған «Алаш» атауы қазіргі заманда қандай мағынада қолданылады деп ойлайсыз?

- Осы суреттер мен тақырыптың арасындағы байланысты табыңыз ?


Т. 6-тапсырма. Ғылыми пікірлерді авторларымен сәйкестендіріңіздер. Қандай пікірлерді көбірек қолдайсыздар?

(қалыптастырушы бағалау)


Авторлар

Ғылыми пікірлері

  1. Ә.Марғұлан


Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған

  1. А.Н. Бернштам


1.«қазақ» сөзінің шығу тегін б. з. д. VII - IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады

  1. В.В. Григорьев


Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді

  1. А.А. Семенов


Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді

  1. Ш. Қудайбердиев


«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі -«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т. б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген

  1. А.А. Самойлович

«қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді

  1. В.В. Радлов


«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады

  1. Ш. Уалиханов


«Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады

  1. Т. Жанұзақов


Арба немесе күймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді

  1. Н. Мыңжанұлы

  • Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді

  • Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған

  1. М.Х. Дулати


Қытай транскрипциясы бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген

  1. Қытай тарихшылары

«қазақ» сөзі кас - пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды



Б. «Қазақ» атауының шығу тегі туралы ғылыми пікірлер жазылған мәтіндерді (суреттерді де беруге болады) оқушыларға таратыңыз. Оқушылар мәліметпен танысқаннан кейін, бір-бірімен сол мәліметпен ақпарат алмасады. Соңында пікірлерді авторларымен сәйкестендіріп, қандай пікірлерді көбірек қолдайтынын және неге екендігін түсіндіріп өтеді.



Т. 7-тапсырма. Картаға қазақ жүздерінің орналасқан аймақтарын орналастырыңыз (қалыптастырушы бағалау)

Б/Т. Тапсырмада жүздердің бөлінуіне қатысты сұрақтар қойып, оқушыларға болжам жасатыңыз. Немесе, жүздердің шығуы туралы және орналасқан аймақтары туралы мәтін таратыңыз. Сұраққа нақты жауап беру үшін Ш.Уәлихановтың зерттеулеріне сүйеніңіз. «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ - қазақ жүздері». Оқушылар сұраққа жауап берген соң, жүздердің орналасуын контурлық картадан көрсету тапсырмасын беріңіз. Соңында дұрыс жауабымен бір-бірін бағалатыңыз.


Т. 8-тапсырма. Ұғымдар мен терминдердің мағынасын сәйкестендіру.

(қалыптастырушы бағалау)

- Жоғарыдағы алған білімдерін нақтылау және бекіту үшін орындалатын тапсырма.


Ұғымдар мен терминдер

Мағынасы


1. ЭТНОС


көне түрік тілінде «еркін адамдар»

2. ХАЛЫҚ


қандай да бір аумақта тұрақты дамыған адамдар жиынтығы

3. ЖҮЗ


өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез -құлқы бар және тұрақты бір аумақта өмір сүретін халық

4. ҰЛТ


белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан бірыңғай тілі, мәдениеті, психологиясы, ділі (менталитеті), салт-дәстүрі, шаруашылығы, өмір салты бар халық

5. ҚАЗАҚ


Қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктері



ҚОРЫТЫНДЫ. БАҒАЛАУ


Б. 9-тапсырма. Тұжырымдардың «қате-дұрыс» екендігін табу

1. Б.з.б.1 мыңжылдық–б.з.б.1 мың жылдықтың басында қазақ жерінде монголоидтық өңді андрон тайпалары өмір сүрген.

2. Қазақ жерінде өмір сүрген-сақ тайпалары, тілі жағынан түркі тілдес болған.

3. Біздің заманымыздың І мың жылдықтың ортасынан бастап Қазақстан аумағының біраз жерін түркі тілді тайпалар мекендеді.

4.   VI ғасырда ежелгі түрік мемлекеттері – Түрік, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік, кейінірек Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері, Қимақ қағанаты мен Қыпшақ хандығы құрылды. 

5. XI-XII ғасырларда Ертістен Еділге (Волгаға) дейінгі ұлан-байтақ жерде мекендеген түрік тайпалары мен рулары өздерін «қазақтар» деп атаған.

6. Ғалымдардың пікірінше, қазақ халқының құрылуы ХІІІ ғ. аяқталған.

7.   ХІV-ХV ғ. алғашқы жартысында Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар  бір тілде – түрік тілінде сөйледі.

8. Халық дегеніміз – тілі, тұрмыс-тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет-бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендеген адамдар қоғамы.

9. "Қазақ» сөзі тұңғыш рет 1245 жылы жазылған   грек-латын сөздігінде кездеседі.

10. «Қазақ» атауы көне түрік тілінде «отырықшы»  деген мағынаны білдіреді.

  1. Академик В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.

  2. Қазақ халқының құрамына қимақ, оғыз, сармат, қарлұқ, қарақытай, бұлақ, қайлар және басқа да тайпалар кірді.





Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010




Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. - Астана, 2008.




Исмагулов О. И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970. (антропологическое исследование)





Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1992.





Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.II – Алма-Ата: Главная редакция казахской советской энциклопедии, 1985




http://e-history.kz/kz/scorm/course/148)





«Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы (ғалымдардың пікірі)

http://www.mtdi.kz/til-bilimi/2015-02-06-05-18-50/soz-tarixy/1743-kazak-degen-attyn-shygu-tegi



Қазақ ұғымы туралы пікірлер:


1. «қазақ» сөзінің шығу тегін б. з. д. VII - IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.



2. Бұл пікірді академик Ә. Х. Марғұлан, тарихшы Ш. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов, т. б. қолдайды.

(«қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді)



3. А. Н. Бернштам

(«қазақ» сөзі кас - пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды).



4. Б. з. д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы Бань Гуд

(«Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған)



5. Шығыстанушы ғалым В. В. Григорьев

(Қытай транскрипциясы бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген)



6. Қытай деректерінде

(Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді).



7. Б. з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде

(Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған)



8. А. А. Семенов

(Арба немесе күймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді).



9. XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес)



10. Академик В. В. Радлов («Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады)



11.А. А. Самойлович, Ш. Құдайбердиев («қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады).



12. Ш. Ш. Уалиханов

(«қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді).



13. Т. Жанұзақов

(«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі -«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т. б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген).



14. Н. Мыңжанұлы

(Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді).




15. М. Х. Дулати

(Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді).\




«Алаш» атауы туралы аңыз

http://old.abai.kz/node/14045


  • Қазақстанның орта ғасыр тарихының карталар







  • Кескін карта

Сабақтың соңы

Тақырыпқа қайта оралу:

Ұлы Дала мұрагері – Қазақ халқы қалай қалыптасты.

РЕФЛЕКСИЯ. БЕКІТУ

  1. Мен мынаны білдім ...

  2. Маған қызық болғаны ...

  3. Маған қиын болғаны ...


Интерпретация

СІЗ ӨЗ ШЕЖІРЕҢІЗДІ БІЛЕСІЗ БЕ ?

Ж. Шежіре ағашында өз руының қай жүзге кіретінін белгілеу (стикер жапсыру)




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Қазақ халқы қалай қалыптасты

Автор: Абдуллаев Алиасқар

Дата: 12.02.2018

Номер свидетельства: 456809

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?аза? ханды?ына 550 - жыл "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-khandyg-yna-550-zhyl-3"
    ["file_id"] => string(6) "244626"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445966071"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "?аза? хал?ыны? Х?І-Х?ІІ ?асырларда?ы шаруашылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(58) "k-azak-khalk-ynyn-khui-khuii-g-asyrlardag-y-sharuashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "211308"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431599366"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""?АЗА? ХАНДЫ?ЫНЫ? ?АЛЫПТАСУЫ МЕН НЫ?АЮЫ" та?ырыбында?ы саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(63) "kazakkhandygynynkalyptasuymiennygaiuytakyrybyndagysabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "289283"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454771805"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?лтты? ??ндылы?тар - т?рбиені? т?п ?азы?ы "
    ["seo_title"] => string(46) "u-lttyk-k-u-ndylyk-tar-t-rbiienin-tup-k-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "188351"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426670247"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы ""
    ["seo_title"] => string(56) "baiandama-u-lttyk-k-u-ndylyk-tar-t-rbiienin-tup-k-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "303966"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457626558"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства