Қарақытацлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін көрсету;
Оқушыларды қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап,тарихи деректермен жұмыс жүргізту, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіру.
Оқушыларды қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекетт тарихымен таныстыра отырып, өз Отанын сүюге адамгершілікке тәрбиелеу
Жалайыр тайпасының Шыңғысханмен қарым-қатынасы қандай болды?
Мемлекеттік бірлестіктердің саяси құрылысы қандай болды?
Шаруашылығы мен мәдениеті туралы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. 1.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы,этникалық құрамы
2.Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым-салық жүйесі.
3.Мемлекеттің сыртқы жағдайы.
Ортағасырлық мемлекеттер тарихымен оқушыларды таныстырудағы тарихи деректердің маңызы туралы айта отырып, жаңа сабақты Қарақытайдың шығу тарихы мен этникалық тегі туралы деректерден, мәлімет беруден бастаймын.Олардың Жетісуға қоныс аудару себептеріне,Қарахан мемлекетінің жерін бағындыруы, мемлекеттік басқару жүйесі,саяси тарихының негізгі мәселелерін баяндай отырып, сабақ барысында алған білімдерін оқушылардың өздеріне талдатып, қорытынды жасату. Ол үшін оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс ауларуының негізгі себептерін жазыңдар