Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері
педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының
үшінші деңгейі бойынша мектептегі тәжірибесін іске асыру барысындағы
Ахметова Акмарал Болатхановнаның
Қ Ы С Қ А М Е Р З І М Д І С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Пәні: Қазақстан тарихы
Кабинеті:22
Сыныбы: 7 ә
Мерзімі: 21.10.2013
Уақыты: 1520-1605
Тақырыбы: Қарақытайлар (1128-1213 жж)
Мақсаты: Қарақытай мемлекетінің Жетісуға қоныс аударуы мен құрылу тарихын оқып түсіну.
Міндеттері:
Қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы мен саяси тарихымен танысу.
Қарахан мен Қарақытай мемлекеттерін салыстырып, талдау.
Сын тұрғысынан ойлай отырып, топтық тапсырмаларды орындау;
Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар:«Ыстық алақан», «Алты ойлау қалпағы»,«Миға шабуыл», «Ойлан/жұптас/талқыла», «Венн диаграммасы», «Insert»
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі.
«Ыстық алақан»
стратегиясы.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне жылы лебізін білдіру арқылы жағымды орта тудыру.
«Алты ойлау қалпағы»
стратегиясы
Мақсаты:
Оқушылардың өз ойын еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру
Оқушылар бір-бірініне жылы тілектерін айтқызу.
Оқушыларды Қарақытай мемлекетінің қалалары арқылы топтастырамын.
Топтық жұмыс барысындағы «Алтын ережені» еске түсіремін.
Үй тапсырмасын тексеру:
* Ақ қалпақ – тайпалардың орналасуы, құрылу тарихы мен шаруашылығын айтады.
* Сары қалпақ – мемлекеттердің шарықтау шегін айтады;
* Қара қалпақ – мемлекеттердің ыдырау себептерін айтады;
* Көк қалпақ – Не себептен ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмады?
Оқушылар бір – біріне өздерінің жылы тілектерін айтады.
Оқушыларды Қарақытай мемлекетінің қалалары арқылы топтасады.
І – топ Баласағұн
ІІ – топ Бұхара
ІІІ – топ Отырар
ІҮ – топ Тараз
«Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша әр топ мүшелерінің кейбірі киген қалпағы бойынша үй тапсырмасын қорғап шығады.
Тамаша!
Жарайсыңдар!
Смайликтер арқылы бағалаймын!
Алты қалпақ.
Тұсаукесер
Қызығушы
лықты ояту сатысы
«Миға шабуыл» стратегиясы
Мақсаты: түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызуғышылығын ояту
1.Қарақытай мемлекеті туралы не білесіңдер?
2.Найман мемлекетінің орталығы болған Балықты қаласы қай мемлекеттің қыспағында болды?
Сабақтың мақсатын айтамын да, енді оқушылардың мақсатын білгім келетіндігін сұраймын.
Ал, балалар, сіздердің бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді?
Оқушылардың мақсаттары толық тыңдалып, ескеріледі. Сөйтіп оқушы да сабаққа мақсат қоюға тартылады.
Тамаша!
Негізгі бөлім
Мағынаны ажырату сатысы
«Ойлан - жұптас - талқыла» стратегиясы
Мақсаты:
Оқушыларды қалай оқу керек екендігіне үйрету.
Сергіту сәті.
Оқушылардың бойларын сергіте отырып, тапсырманы ынтамен орындауда ықпал ету.
Қарақытай мемлекеті бойынша бірлесе отырып талқылап, өздері түсінуіне ықпал жасау.
Оқулықтан Қарақытай мемлекетінің Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын,алым – салық жүйесін, сыртқы жағдайын бірлесе отырып талқылап, түсінгендерін флипчарқа түсіру.
І - топ Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы.
ІІ – топ Қоғамдық құрылысы.
ІІІ – топ Алым – салық жүйесі
ІҮ – топ Сыртқы жағдайы.
Әр топтан бір немесе екі оқушы ортаға шығып, тақырыптар бойынша сыныпқа әңгімелеп береді. Қалған топ оқушылары қосымша сұрақ қоя алады.
«Қара жорға» биін интерактивті тақтаға қарап, соны қайталап билейді.
Ойы ұшқыр оқушыларды формативті бағалау
Керемет!
Оқулық, флипчарт, маркер, түрлі, түсті қарындаштар.
Интерактивті тақтадан бейне қойылым көрсету.
Қорытынды.
Ой толғаныс сатысы
«Венн диаграммасы»
стратегиясы.
Мақсаты:
Оқушылар тақырып бойынша ұқсастықтарын салыстырып қорытындылайды.
Бүгінгі өткен тақырыпқа сүйене отырып, Қарахан мен Қарақытай мемлекеттерін салыстырып, ұқсастығын жазғызу.
Әр топ Қарахан мен Қарақытай мемлекеттерін салыстырып, ұқсастығын жазады.
Қарахан Қарақытай
Тамаша!
флипчарт, маркер, ватман.
Бағалау.
Рефлексия:«Insert» кері байланыс жасай отырып өзін-өзі бағалауға дағдыландыру
Оқушыларға тақырып бойынша бұрын не білетінін, не білгендігін және нені білгісі келетіндігін жаздыру
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша 2 түсінгенің,1 түсінбеген тақырыбын жазады.