Бұл тайпа б.з.б 3-2ғасырлар – б.з-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген. Олардың атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында жатты. Қытай деректері бойынша бұл тайпа одағында 120 мың түтіні, яғни отбасыдан тұрған. Шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Бұл ел Қытай, Иран, Сирия мемлекеттерімен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған. Қай тайпа жөнінде айтылып жатыр, деп ойлайсындар балалар?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы"»
04.03.2017жж
6 сынып. Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз
ойларын еркін айтуға жетелеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту,өзіндік жұмыс жасауына жол ашу.
Тәрбиелік: Тарихи деректерді оқыта отырып, өз Отанын, елін, туған
жерін, құрметтейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: оқулық, карта, кестелер, рефераттар
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
3 Жаңа сабақты түсіндіру
4 Сабақты бекіту
5 Қорытындылау
6 Бағалау
7 Үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ – жауап арқылы
Үй тапсырмасының тақырыбы: «Қаңлылар туралы деректер»
1 Қаңлылардың орналасуы.
2 Қоғамдық құрылысы
3 Археологиялық ескерткіштер (мәдениеті)
3 Жаңа сабақ: Жоспары
1 Егіншілік пен мал шаруашылығы
2 Қолөнері мен сауда қатынастары
3 Діни - наным сенімдері
Мұғалімнің сөзі: сабақты «Жұмбақ хатпен» ашамыз.
Бұл тайпа б.з.б 3-2ғасырлар – б.з-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген. Олардың атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында жатты. Қытай деректері бойынша бұл тайпа одағында 120 мың түтіні, яғни отбасыдан тұрған. Шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Бұл ел Қытай, Иран, Сирия мемлекеттерімен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған. Қай тайпа жөнінде айтылып жатыр, деп ойлайсындар балалар?
1 Шаруашылығы мен мал шаруашылығы
1-тапсырма. Кестені толтыр
Егіншілік
Қаңлыларда осыдан 2 мың жыл бұрын
дамыған кәсіптер
Мал шаруашылығы
Қолөнер
Аңшылық
Сауда қатынасы
2- тапсырма. Кестені толтыр. Егіншілік және мал шаруашылығы.
«Карта» деген грекше қандай ұғым? ( Жазу папирусы)
2 Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті – білімде
Қандай мағына береді
«Сақ» сөзі парсы тілінде (Құдіретті еркектер)
3 Қазақстан баршаға болған мекен
Баурайы да байлыққа толған екен
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде
«Алтын адам» нешеде болған екен (17 жаста)
Сабақты бекіту. Сұрақ – жауап арқылы
1 Егін алқаптарын суландыру үшін қандай арық қазды?
2 Қаңлы әйелдерінің кәсібі қандай болды?
3 Қаңлылар қандай күшке сенді?
Қорытынды. Сонымен, балалар, алғашқы қауымдық құрылыстың пайда болуынан бастап, ерте темір дәуірінде тайпалық одақтардың қалыптасуы мен шаруашылығымен таныстындар. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі жазба деректер аз. Сондықтан тек археологиялық қазба деректер арқылы зертелген.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. «Қаңлылардың шаруашылығы» туралы суреттеп, әңгіме құрау.