kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ғұндар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 в-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: §42-43. Ғұндар.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: ғұндар тарихының ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұндардың тайпалық бірлестігі туралы түсінік беру, ғұндар туралы 5-сыныпта өткен материалды, білетіндерін толықтыру.

Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, қосымша деректермен таныса отырып, олардың дүниетанымын, тарихи ойын дамыту және жеке, жұппен топпен жұмыс істеу арқылы білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сатылай кешенді талдау, тест тапсырмалары, сұрақ-жауап.

СТО технологиясының және дәстүрлі сабақтың элементтерін қолдану.

Сабақтың тәсілі: логикалық ой қорыту, дәлелдеу, пікір айту.

Басқа пәндермен байланыс: география, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ежелгі дүние тарихы.

Сабақтың көрнекі құралдары: кітап, слайдтар, ғұндардың картасы, ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін суреттер, сөзжұмбақ, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың дайындығын қадағалау.

б) Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы (сұрақ-жауап әдісі арқылы, слайдпен көрсету).

  1. Қаңлылар қай кезеңде өмір сүрді? (б.з.б. 3- б.з. 5 ғасырлары аралығында).
  2. Қаңлы билеушісін қалай деп атаған? (хан)
  3. Қаңлы елінің астанасы қай қала? (Битянь, Түркістан маңында)
  4. Бұдан қанша мың жыл бұрын қаңлыларда қандай кәсіптер жақсы дамыды? (2 мың жыл бұрын қаңлыларда егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыды)
  5. Қаңлылар егіншілікпен қай жерлерде айналысты? (өзендердің бойында, Сырдария өзенінің бойында) Мақта өндірумен қай өңірлерде айналысқан? (Сырдария, Арыс, Бадам өзендерінің орталық өңірлерінде)
  6. Егіс алқаптарын суландыру үшін қандай қоймалар мен каналдар салынды? (20 шақырым Зах каналы, ал сол жағалауында Ханорық арығы тартылды)
  7. Қаңлылардың маңызды шаруашылықтарының бірі мал өсіру болды, олар қандай үй малдарын өсірген? (жылқы, қой, ешкі, сиыр)
  8. Металл өңдеу арнайы қай жерлерде жүргізілді? (шеберханаларда). Онда қандай бұйымдар көптеп дайындалған? (қанжар, семсер, жебе ұштары, қару-жарақ, сауын т.б. соғылған)
  9. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з.-дың қай ғасырында соғылған салмағы әртүрлі қанша теңге тапты және олар қай аймақта көп кездеседі? (3-4 ғасырларға жататын 1300-дей. Мұндай теңгелердің Сырдария аймағынан көптеп табылған)
  10. Қаңлылар қай елдермен сауда жасаған? (Қара теңіз халықтарымен, Сирия, Үндістан, Балтық бойы, Египет, Қытай, Иран елдерімен)
  11. Қаңлылар арасында өнердің қай түрі жақсы дамыды? (қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптар мен сыбызғы-сырнайларда ойнаған)
  12. Қаңлылардың діни наным-сенімдері қандай болған? (ата-баба рухына, тыслым күшке сенген, малдарын құрбандыққа шалған, күн, ай, жұлдыздарға сиынған. Қайтыс болған адамдар киімімен жерленген) 

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.

1) Қызығушылықты ояту. Оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, қызығушылықты ояту және жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін интерактивті тақта арқылы Мөденің суреті көрсетіліп, мынадай сұрақтар қойылады: 1. Балалар, бұл кім деп ойлайсыздар? 2. Бұл тұлға қай тайпаға қатысты? (бұрын қандай тайпалар туралы өткенді балалардың есіне салу). Оқушылар өз білгендерін айтып, осы сұрақтарға жауып беруі тиіс. Жаңа тақырып анықталғаннан кейін тақтаға сабақтың тақырыбын слайд арқылы көрсету: Ғұндар.

2) Топтастыру. Оқушыларды 1,2,3,4 деп санау арқылы төрт топқа бөлу және топтарға атаулар беру. 1-топ – тарихшылар, 2-топ – билеушілер, 3-топ – бекзадалар, 4-топ – құдіреттілер деп аталды. Оқушылардың орнын ауыстырып, араластыру.

3) Мағынаны ашу. Мұғалім слайдтағы картадан ғұндардың мекендеген аумағын көрсетіп, ғұндар туралы қысқаша мағлұмат береді: Б. з. б. бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар қазақ халқының арғы-тегі болып саналады. Ғұндардың кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды. Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Қазақ халқының қалыптасуына көптеген тайпалар үлес қосқан. Өткен сабақтардан білетіндеріңдей, сақ, үйсін, қаңлы тайпаларымен бірге ғұн тайпасы да өз үлесін қосқан.

Әр топқа тапсырма беру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау. 1-топтың тапсырмасы: Ежелгі ғұндар қытай деректерінде; 2-топтың тапсырмасы: Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы; 3-топтың тапсырмасы: Ғұндардың мемлекеттік құрылысы; 4-топтың тапсырмасы: Ғұн тайпаларының бірігуі.

ІV. Ой толғаныс.

1)Төрт топ өзіне берілген тапсырманы меңгеру үшін жеке, жұппен және топпен өз беттерімен жұмыс жасайды.

2) Бұл жұмыстардан кейін оқушылар сабақтың басындағы өз орындарына қайтып отырады. Өз орындарына келгеннен кейін оқушыларға тағы топ бойынша жұмыс жасауға уақыт беріледі (4 минут).  

3) Оқушылар мәтін бойынша жұмыс жасап болғаннан кейін, әр топтың жетекшісі ең алдымен, өз тобының атауын түсіндіруі тиіс. Бұдан кейін әр топтан оқушылар шығып, өз тобына берілген тапсырманы, жобаны қорғау үшін тақтаға шығып рөлдік ойын, постер және т.б. арқылы өз тапсырмаларын (жобасын) қорғайды. Мұғалім тарапынан әр тапсырма бойынша толық жауап алуға көңіл бөлінеді. 

1-ші топ тапсырмасы. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде. Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әртүрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған.

Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. ІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған.

Қытай деректерінде  ғұн мемлекетінің бастапқы тарихы былай пайымдалған: «Мөде өз әкесімен болған күресте билікті қолына алды. Өзара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері жағдайды пайдаланып, соғыс жариялауға бел байлады. Бір күні көрші ел Дунхудың елшілері Мөдеге келіп, одан өзінің ең жақсы атын беруді талап етті. Бұған оның уәзірлері қорланып, Дунхуды жазалау үшін соғыс бастауды өтінді. Алайда Мөде «Көрші отырған адамдардан бір ғана атты аяудың қажеті не?» деп, өзінің сүйікті атын беруді бұйырады. Біраз уақыт өткеннен кейін елшілер қайта келіп, патшалықтағы Мөденің ең сұлу әйелін беруді талап етті. Уәзірлер кеңесі бұл қорлыққа шыдай алмай, құтырған көршілерді жазалау үшін, соғыс бастауды тағы да талап етті. Мөде әйелін беріп жібереді.

Дунху үшінші рет шекаралық біраз жерді беру талабын қойды. Ол малға жаюға қолайсыз және ешкім тұрмайтын, шағын ғана бос жер еді. Жер иесіз болатын, оны екі жағынан – Хунну, екінші жағынан – Дунхулар қорғап тұратын-ды. Мөденің уәзірлері мұндай қолайсыз тулақтай жер үшін араздасудың қажеті жоқ шығар деп шешіп: «Беруге де болады, бермеуге де болады» десті. Мөде сонда ашуланып: «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» деді. Әскерін жинап, Дунхуға шабуыл жасады, оны талқандап, олардың аумағын өзіне қосып алды. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы осылай пайда болды». Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған дейді.

Ғұндар кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды.

2-ші топ тапсырмасы. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы. Б.з.б. 203 – 202 жылдары Мөде Саян, Алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Ғұндар б.з.б. ІІІ ғасырдың соңы мен б.з.б. ІІ ғасырдың басында Еуразия құрлығындағы бірден-бір ірі мемлекетке айналады.

Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезі – құдіретті Мөденің билік жүргізген мезгілі. Мөде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену кезеңін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды.

Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындады. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп отыруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.

Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды.» деп жазылған.

3-ші топ тапсырмасы. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы. Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген.

Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген.

Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» лауазымын иеленген. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды осы бекзадалар биледі. Бұлар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары еді. Олардың әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын және онбасын тағайындай алды. Әрбір рудың мекендейтін, көшіп-қонатын өз жері болды.

Ғұндарда лауазымдар мен жоғарғы шен ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырды. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халыққа салық салынды. Ғұндардың өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілген. Ал ұсақ қылмыстар үшін айыптының бетін тілген және т.б. жазалар қолданған. Ер азаматтардың бәрі өз руының жасағына тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі сабақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

4-ші топ тапсырмасы. Ғұн тайпаларының бірігуі. Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды. Ал оның құрамына Керулен мен Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді.

Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде Байкал көлінен Тибет тауына, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықтағы жерлерді құдіретті Ғұн мемлекеті алып жатты. Б.з.б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Осылайша Ғұн мемлекеті құрамына дун-ху, юечжи, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы тағы басқа тайпалар кірді.

Қытай жазабаларында ғұндарға 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде б.з.б. 174 жылы қайтыс болды. Мөденің мұрагері Лаушан тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 5000 шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

Б.з.б. І ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған Ғұн мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ушыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей түсті. Нәтижесінде ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжи-чжи бастаған солтүстік топтарға бөлінді. Б.з.б. І ғасырдың ортасында Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.

V. Синкуэйн. Әр топтың өз тапсырмасына байланысты зат есім, сын есім, етістік, сөйлем және синонимді пайдалана отырып, бес жол өлең құрастыру (сөздер: 1-ші топ – ғұндар, 2-ші топ – Мөде, 3-ші топ – бекзадалар, 4-ші топ – мемлекет). Топтар бұл тапсырманы орындап болғаннан кейін, оны қорғау үшін төрт топтан төрт оқушы шығып, құрастырған бес жол өлеңін тақтаға жазады және тапсырмалардың дұрыс орындалуы сынып пен мұғалім тарапынан тексеріледі.

VІ. Сабақты бекіту. Оқушылардың жаңа материалды меңгеруін бекіту үшін сөзжұмбақ тапсырмалары орындалады (тақтаға плакатқа сызылған сөзжұмбақ ілінеді). Сөзжұмбақ тапсырмаларына (6 тапсырма) оқушылар топ болып жауап беруі тиіс және оның қорытындысы топ бойынша бағаланады.

Сөзжұмбақ тапсырмалары: Ортада жасырылған сөз: Қазақ халқының арғы тегі болған тайпа (ғұндар).

1. Қытай деректерінде ғұн атауының пайда болған кезі. (б.з.д. 3 ғасыр).

2. Қытаймен 300 жылдан астам уақыт бойы соғысқан тайпа. (ғұндар).

3. Ғұндар билеушісінің атауы. (шаньюй).

4. Ғұндар державасын құрған басшы – шаньюй. (Мөде).

5. Ғұндардан қорғану үшін қорған салған ел. (қытай).

6. Ғұндар мемлекеті құрылған жүйе. (әскери).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ғұндар"»

Ежелгі Қазақстан тарихы сабағы 6 «В» сыныбы

Ежелгі Қазақстан тарихы сабағы

6 «В» сыныбы

Үй тапсырмасын тексеру:  Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы 1. Қаңлылар қай кезеңде өмір сүрді? 2. Қаңлы билеушісін қалай деп атаған? 3. Қаңлы елінің астанасы қай қала? 4. Бұдан қанша мың жыл бұрын қаңлыларда қандай кәсіптер жақсы дамыды? 5. Қаңлылар егіншілікпен қай жерлерде айналысты? Мақта өндірумен қай өңірлерде айналысқан?  6. Егіс алқаптарын суландыру үшін қандай қоймалар мен каналдар салынды?

Үй тапсырмасын тексеру: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

1. Қаңлылар қай кезеңде өмір сүрді?

2. Қаңлы билеушісін қалай деп атаған?

3. Қаңлы елінің астанасы қай қала?

4. Бұдан қанша мың жыл бұрын қаңлыларда қандай кәсіптер жақсы дамыды?

5. Қаңлылар егіншілікпен қай жерлерде айналысты? Мақта өндірумен қай өңірлерде айналысқан? 6. Егіс алқаптарын суландыру үшін қандай қоймалар мен каналдар салынды?

7. Қаңлылардың маңызды шаруашылықтарының бірі мал өсіру болды, олар қандай үй малдарын өсірген?  8. Металл өңдеу арнайы қай жерлерде жүргізілді? Онда қандай бұйымдар көптеп дайындалған?  9. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з.-дың қай ғасырында соғылған салмағы әртүрлі қанша теңге тапты және олар қай аймақта көп кездеседі?  10. Қаңлылар қай елдермен сауда жасаған?  11. Қаңлылар арасында өнердің қай түрі жақсы дамыды?  12. Қаңлылардың діни наным-сенімдері қандай болған?

7. Қаңлылардың маңызды шаруашылықтарының бірі мал өсіру болды, олар қандай үй малдарын өсірген? 8. Металл өңдеу арнайы қай жерлерде жүргізілді? Онда қандай бұйымдар көптеп дайындалған? 9. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з.-дың қай ғасырында соғылған салмағы әртүрлі қанша теңге тапты және олар қай аймақта көп кездеседі? 10. Қаңлылар қай елдермен сауда жасаған? 11. Қаңлылар арасында өнердің қай түрі жақсы дамыды? 12. Қаңлылардың діни наным-сенімдері қандай болған?

ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ ҒҰНДАР

ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

ҒҰНДАР

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЖОСПАРЫ САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Білімділік:  ғұндар тарихының ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұндардың тайпалық бірлестігі туралы түсінік беру, ғұндар туралы 5-сыныпта өткен материалды, білетіндерін толықтыру. Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, қосымша деректермен таныса отырып, олардың дүниетанымын, тарихи ойын дамыту және жеке, жұппен топпен жұмыс істеу арқылы білім сапасын арттыру. Тәрбиелік: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу. САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ: 1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде . 2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы.  3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы.  4. Ғұн тайпаларының бірігуі.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЖОСПАРЫ

  • САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Білімділік: ғұндар тарихының ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұндардың тайпалық бірлестігі туралы түсінік беру, ғұндар туралы 5-сыныпта өткен материалды, білетіндерін толықтыру.

Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, қосымша деректермен таныса отырып, олардың дүниетанымын, тарихи ойын дамыту және жеке, жұппен топпен жұмыс істеу арқылы білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

  • САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:

1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде .

2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы.

3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы.

4. Ғұн тайпаларының бірігуі.

МАҒЫНАНЫ АШУ Б. з. б. І-ші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен белгілі. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша  ғұндар қазақ халқының арғы-тегі болып саналады. Ғұндардың кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды. Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады.  Қазақ халқының қалыптасуына көптеген тайпалар үлес қосқан. Өткен сабақтардан білетіндеріңдей, қазақ халқының қалыптасуына сақ, үйсін, қаңлы тайпаларымен бірге ғұн тайпасы да өз үлесін қосқан.

МАҒЫНАНЫ АШУ

Б. з. б. І-ші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен белгілі. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар қазақ халқының арғы-тегі болып саналады. Ғұндардың кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды. Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Қазақ халқының қалыптасуына көптеген тайпалар үлес қосқан. Өткен сабақтардан білетіндеріңдей, қазақ халқының қалыптасуына сақ, үйсін, қаңлы тайпаларымен бірге ғұн тайпасы да өз үлесін қосқан.

ТОПТАСТЫРУ Оқушыларды 4 топқа бөлеміз: 1-топ: тарихшылар 2-топ: билеушілер 3-топ: бекзадалар 4-топ: құдіреттілер

ТОПТАСТЫРУ

Оқушыларды 4 топқа бөлеміз:

1-топ: тарихшылар

2-топ: билеушілер

3-топ: бекзадалар

4-топ: құдіреттілер

ТАПСЫРМАЛАР

ТАПСЫРМАЛАР

  • 1-топтың тапсырмасы: Ежелгі ғұндар қытай деректерінде
  • 2-топтың тапсырмасы: Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы
  • 3-топтың тапсырмасы: Ғұндардың мемлекеттік құрылысы
  • 4-топтың тапсырмасы: Ғұн тайпаларының бірігуі.
ОЙ ТОЛҒАНЫС  Оқушылардың төрт тобының өз тапсырмаларын ашуы.

ОЙ ТОЛҒАНЫС

Оқушылардың төрт тобының өз тапсырмаларын ашуы.

1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде  Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әртүрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. ІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған.

1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде

Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әртүрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған.

Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. ІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған.

1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде

1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде

  • Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің бастапқы тарихы олардың Мөде деген басшысының болғандығы, көрші Дунху елімен жер үшін соғысып, оларды талқандап, Хунну (ғұн) державасының құрылғандығы туралы баяндалады.
  • Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған дейді.
  • Ғұндар кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды.
2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы

2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы

  • Б.з.б. 203 – 202 жылдары Мөде Саян, Алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Ғұндар б.з.б. ІІІ ғасырдың соңы мен б.з.б. ІІ ғасырдың басында Еуразия құрлығындағы бірден-бір ірі мемлекетке айналады.
  • Ғұн тайпалары құдіретті Мөденің кезінде бір мемлекетке біріккен, гүлденген. Халық саны 300 мыңнан асқан. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.
2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің  негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындады. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп отыруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.

2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы

Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындады. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп отыруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.

3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы

3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы

  • Ғұндар бірлестігіне әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген.
  • Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген.
  • Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» деп атаған. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды осы бекзадалар биледі.
3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы

3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы

  • Ғұндарда лауазымдар мен жоғарғы шен ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырды. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халыққа салық салынды. Ғұндардың өзіндік құқық қорғау жүйесі болған.
  • Ер азаматтардың бәрі өз руының жасағына тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі сабақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.
4. Ғұн тайпаларының бірігуі

4. Ғұн тайпаларының бірігуі

  • Шығыста Мөде «шығыс ху» (Керулен мен Онон алқаптарында мекендеген сяньби, ухуань ) тайпаларын бағындырды.
  • Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде Байкал көлінен Тибет тауына, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықтағы жерлерді құдіретті Ғұн мемлекеті алып жатты. Б.з.б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Осылайша Ғұн мемлекеті құрамына дун-ху, юечжи, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы тағы басқа тайпалар кірді.
4. Ғұн тайпаларының бірігуі

4. Ғұн тайпаларының бірігуі

  • Мөде б.з.б. 174 жылы қайтыс болды. Мөденің мұрагері Лаушан тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейді. Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
  • Б.з.б. І ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған Ғұн мемлекеті әлсірей түсті. Б.з.б. І ғасырдың ортасында Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
СИНКУЭЙН: 5 жол өлең құрастыру

СИНКУЭЙН: 5 жол өлең құрастыру

  • Зат есім
  • Сын есім
  • Етістік
  • Сөйлем
  • Синоним
САБАҚТЫ БЕКІТУ Сөзжұмбақ тапсырмаларын орындау

САБАҚТЫ БЕКІТУ

Сөзжұмбақ тапсырмаларын орындау

БАҒАЛАУ

БАҒАЛАУ

  • Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
  • Тест тапсырмаларын өз бетінше орындауы арқылы барлық оқушылардың бағалануы
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

  • §42-43. Ғұндар (оқу)
  • Ғұндардың шекарасын дәптерге сызу (оқулық, 133-бет).
Рефлексия

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта маған ең қызықты болғаны …
  • Мен … білдім
  • Мен енді … білгім келеді
  • Маған … ұнаған жоқ
  • Маған … ұнады


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Ғұндар"

Автор: Есбосынова Қарлығаш Асанқызы

Дата: 22.11.2016

Номер свидетельства: 361450

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Ғұндар" туралы жинақ"
    ["seo_title"] => string(22) "g_u_ndar_turaly_zhinak"
    ["file_id"] => string(6) "408948"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492078380"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "??ндар (Хундар) мемлекеті"
    ["seo_title"] => string(25) "gundarkhundarmiemliekieti"
    ["file_id"] => string(6) "255542"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447947685"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "??ндар тарихы. ??н мемлекетіні? ?алыптасуы. "
    ["seo_title"] => string(50) "g-u-ndar-tarikhy-g-u-n-miemliekietinin-k-alyptasuy"
    ["file_id"] => string(6) "180277"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425145888"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ашы? саба? "??ндар" "
    ["seo_title"] => string(20) "ashyk-sabak-g-u-ndar"
    ["file_id"] => string(6) "201076"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428976804"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) ""Ғұндар" тест"
    ["seo_title"] => string(14) "g_u_ndar_tiest"
    ["file_id"] => string(6) "408950"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1492078685"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства