Үй тапсырмасын тексеру | 1 тапсырма «Өрмекші торы » 2 тапсырма. «Тест жұмысы» тестермен жұмыс | 1.Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей және Жәнібек сұлтандар екеуінің де отыруға құқылы болды. Бұл мәселені қазақ хандығында қалай шешті? Жауап. Сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолына алған? 2. Жаңадан шаңырақ көтерген қазақ хандығы өз алдына қандай міндеттер қойды? Жауап. А) Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан тәртіпті қалпына келтіру. В)Сырдария бойындағы қалаларды қазақ хандығына қарату. С)Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. 3.Керей ханның ақылдасар тірегі кім болды? Жауап. Жәнібек 4.Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын қайда тікті? Жауап. Шу өзені бойындағы Қозыбасы жері. /карта көрсету/ 5. Қазақ мемлекеті құрылуының қандай тарихи маңызы болды? Жауап. 1.Әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. 2.Қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас саяси әкімшілік жүйесі құрылды. 3. Құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде қалып қоймай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. 4. Өзін қоршап жатқан үлкенді –кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. 5.Әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды. | 10 мин |
Жаңа сабақ | Үй тапсырмасын қорытындылау. - Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен талас –тартысты тоқтатты.Адам өліміне, өріс бұзылуына әкеп соғатын тайпааралық қақтығыстарға тыйым салынды. Ел ішінде тыныштық берік орнап, береке –бірлік кең өріс алды. -Көшпелі шаруалардың қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын тиімді пайдалануға жағдай жасалды. Бейбіт өмір, мамыражай заман орнады. Сөйтіп, қазақ хандығының іргесі бекіп, күш қуаты мен беделі артты. Ой сергіту: /Әуен қосылады/ Бұл – жарық жүлдыз. Бұл менің жұлдызым. Мен кіммін? Әрине, Қазақпын. Ендеше бұл, бүкіл қазақтың жарық жұлдызы. Шарла, шарықта қазағым! Жұлдыз боп жарқыра. Жаңа сабақ: Біз кімбіз? Ой толғау -Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін жастармыз -Егемен елдің тірегіміз, жомарт көңіл дархан даланың иесіміз -Талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз -Бірлікті ту, татулықты тұғыр, бейбітшілікті ұран еткен халықпыз -Батырлар мен баһадүрлердің, Билер мен хандардың ұрпағымыз Қазақ деген халықтың баласымын, Баласына беретін бар асылын Тілін алып өсетін ағасының, Жағасынан алмайтын данасының, Айтқанынан шықпайтын әкесінің, Бір сөзін де жықпайтын анасының. Ағы менен көзінің қарасымын Халық мақтан ететін әр жерлерде Салтын сақтап жүретін бабасының, Ұлылардан ұлағат алып өскен Қазақ деген халықтың баласымыз Ендеше, балалар бүгінгі сабағымыз Қазақ хандығының саяси дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан, Әлемді мойындатқан Қасым хан жайында болмақ. | 6.Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасады.1470 7.Жәнібек бастаған қол қай қалаға шабуыл жасайды? Созақ 8.15 ғасырдың 80-жылдары Шайбани хан Қазақ хандығына қарсы шабуылға шығып қай қалаларды басып алды. Сауран,Сығанақ, Созақ 9.Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы қанша уақытқа созылды 30 жылдан астам 10. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері. Сырдария мен Қаратау өңірі 11.Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып кімге қарсы шабуылға шықты. Шайбани ханға 12.Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар:Сақ,үйсін,қаңлы түркі тілдес тайпалар 13. 10.Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар :Сыр бойындағы 14.XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:Шайбани хан 15.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты:Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды 13.Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465-1466 ж. 17.XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар Созақ, Сығанақ 18.Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшыМұхаммед Хайдар Дулати 19.XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлеріСырдария мен Қаратау 20. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?30 жыл 21. Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап қаланы Қазақ хандығының қол астына қаратты?1470 Не білемін?кестесін толтыру. Видеоқарау « Қасым хан» Топтарға тапсырма: 1 топқа тапсырма – «Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі» постер жасау) 2 топқа тапсырма: «Қасым ханның заңдары» (Кезбе тілші әдісі ) бойынша таныстыру 3 топқа тапсырма «Қасым ханның ішкі саясаты (таныстырылым жасау) 4 топқа тапсырма «Қасым ханның сыртқы саясаты» балық сүйегін құрастыру» Сергіту сәті. | 5 мин 5 мин оқу 5 мин постер құрастыру 8 мин қорғау 1 мин |