Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Карта, тірек схемалары, слайд әр түрлі кестелер, видео.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пән аралық байланыс: География, әдебиет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1.ХҮ ғасырда қазақ жерінің батыс бөлігінде құрылған мемлекет? Ноғай Ордасы.
2.ХҮ ғасырда Жетісу аумағында құрылған мемлекет? Моғолстан.
3. 1428 жылы қай хан дүнйеден өтті? Барақ.
4.Керей мен Жәнібек қай ханнан бөлініп өз мемлекетін құрды? Әбілқайыр хандығынан.
5.Керей мен Жәнібек бастаған көшпелі тайпалар қай жерге келіп қоныстанды? Қозыбасы және Шу өзенінң аңғары.
6.Қай халымның енбегінде «қазақтар дүниежүзіндегі ен күшті саны көп халық деп айтылған? Рузбихан.
7.Атақты Сауран, Отырар, Түркістан, Сығанақ Сайрам, Тараз т.б қалалардың төңірегінде қоныстанған ру тайпа қандай шаруашылықпен айналысты? Жартылай мал шаруашылығы, егін шаруашылығы.
8.Сауда жолының бойында орналасқан қыстақ кенттер қала дәрежесіне көтерілгендігін археологиялық зерттеулер дәлелдиді, мысалы қандай қалалар? Алмалы, Талғар, Тараз
9.Археологиялық зерттеу барысында қала дәрежесіне көтерілген кенттерден қандай буйымдар сауда саттықтын дамығанын көрсетеді. Шетелдік тенгелер, ыдыс-аяқтар, қола күміс сияқты жасалған бұйымдар.
III.Үй тапсырмасын бекіту:
Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?
Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?
Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?
Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?
Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?
IV.Жаңа сабақ.
1.Хандықтын негізің қалаушылар Жәнібек пен Керей.
(Керей мен Жәнібек туралы видео көрсету)
Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп - қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат - тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
Осы көріністен не түсіндіңдер? (Қысқаша әңгімелеу)
2.Қазақ хандығының аумағы. (Картамен жұмыс)
3.Қазақ халқының этникалық құрамы.
4.Көрші елдермен қарым — қатынастры.
Қазақ хандығының алғашқы қарым – қатынас жасаған елі Моғол хандығы болды. Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды? Ол туралы біз жоғарыда айтып өттік. Есен-бұға хан, сондай-ақ ХҮ ғасырдың басында Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарың мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.
Жәңібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өз ара тату қарым-қатынас орнатты. Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.
V.Жаңа сабақты бекіту:
1.Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?
-
-
2.Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?
3.Қазақ хандығы қашан құрылды?
4.Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?
-
5.Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?
VI.Қорытындылау:Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
VII.Бағалау:
VIII.Үйге тапсырма: §36 оқу. 154 бет сұрақтарға жауап беру.