Просмотр содержимого документа
«конспект урока по истории Казахстана по теме "Касым хан"»
Орта ғасыр/ы Қазақстан тарихы пәнінен 7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы: Қасым хан
Мақсаты: Қасым ханның хандықты басқару кезеңі, саясатының ерекшеліктері жайлы білім қалыптастыру
Міндеттері:
1. Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің дамуы, Қасым ханның заңдар жинағы, ханның ішкі және сыртқы саясаты туралы білім игерту;
2. Сыни тұрғыдан ойлау, болжамдау, тұжырымдау, , тақырыпты өз бетінше меңгеру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
3. Топпен ынтымақтастықта қарым-қатынас жасауға, топ мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу, пәнге қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: интерактивті, анықтау-баяндау, ой-қозғау, репродуктивтік ( терминдер арқылы болжау, мозаика, ротация, әуе шары стратегиялары)
Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, әуе шары, бағалау критерийлері, бағалау парағы, термин сөздер (1511-1518жылдар, саясат, билік, заң)
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты түсінеді, сыни тұрғыдан ойлайды, болжамдап тақырыпты және мақсатын ашады, қорытынды жасайды, анықтайды, мазмұндайды, баға береді, қорытындылайды, есте сақтайды;
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Кезеңнің мақсаты
Оқушылардың іс-әрекеті
І Ұйымдастыру
4мин
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері «тілектер жібі»- 2 мин
Кесілген терминдер сөздерді тарату 1-мин
Алтын ережеге назар аударту
Бағалау критерийін тарату- 1мин
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушыларды топқа бөлу, сабаққа қажетті құралдарды тарату
Сәлемдеседі,
Оқушылар шеңберге тұрады, жіпті бір-біріне лақтырып бере отырып сабаққа байланысты жақсы тілектер айтып шығады.
Кесілген термин сөздерді құрастыра отырып топтасады.
Алтын ережеге назар аударып, тәртіп сақтауға тырысады
Бағалау критерийлерімен танысады
ІІ. Жаңа сабақ
мин
Итермелеу сатысы: 1-4 бөлім
Конструкциялау сатысы: 5-6 бөлім
Оқушылардан қандай термин сөздерге байланысты топқа бөлінгенін сұрау
Сабақтың тақырыбын , мақсатын «терминдер арқылы болжау» стратегиясы бойынша болжамдап ашқызу
Тақырыпты бөліктерге бөліп, бөліктерге байланысты оқуға тапсырма беру( мозаика стратегиясы)
Оқушылардың іс-әрекетін бақылау
Ортақ тапсырма беру: «Ротация» стратегиясы бойынша
Дұрыс жауаптарын айтып, тексеру
1-топқа: а) Қасым ханның билігінің бастапқы кезіндегі қазақ хандығының орталығы...
Б) Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты қандай болды?
2-топқа: а) Орыс деректерінде Қасым ханның қайтыс болған жылы...
Б) Қасым ханның заңдары қанша бөлімнен тұрған?
3-топқа; а) Ханның қарамағындағы әскерінің саны туралы кімдер жазды?
Б) Ханның заңды шығарудағы мақсаты қандай?
4-топқа: а) «Қасым ханның қасқа жолы» атауы немен байланысты берілген?
Б) 1514жылы қай елдің билеушісі ханнан көмек сұрады, нәтижесі қандай болды?
1) Оқушылардың логикалық ойлау, болжамдау қабілеттерін арттыру
2.тақырыпты өз бетімен меңгеруге ықпал ету, сынып оқушыларының топпен, жеке жұмыс дағдыларын дамыту
3. тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу, есте сақтау қабілеттерін арттыру