Білімділік: оқушыларға Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру, табиғат жағдайлары мен шаруашылығының дамуы туралы төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндау;
Дамытушылық: тақырыпқа қатысты мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушыларды өз бетінше жұмыстануға дағдыландыру;
Тәрбиелік: өз халқы мен басқа да халықтардың мәдениеті мен тарихын құрметтей білу сезімін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
2. Табиғат жағдайлары. Ежелгі Үндістан картасы бойынша сипаттама беру.
3.Ең ежелгі қалалары.Археологтар Үндістаннан алғашқы тас ғасырына тән бірнеше қоныстың орнын тауып, зерттеді. Өзендер бойынан алғашқы қалалар мен елді мекендер дүниеге келді. Бұл б.з.б.ІІ мыңжылдықтың басы еді. Хараппа және Мохенджа қалалары.Үйлер екі қабатты болды. Іргелері күйдірілмеген кірпіштерден қаланған. Су жүйесі жүйге келтірілген. Көшелерде құдықтар орналасқан. Әрбір үйде хауыз, қойма болған.