Сынып 6 «а» 6«ә» | Күні: Пән:Ежелгі Қазақстан тарихы Пән мұғалімі: Кабдуллин Т.Б |
Сабақ тақырыбы | § 30 Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы |
Мақсаты | Білімділік : Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы тақырыбын оқушыға жан-жақты түсіндіру. Тақырыпты түсіндіру барысында жаңа тақырып туралы қосымша мағлұматтар беру. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже | Оқушылар алған білімдері естеріне түсіреді, өзіндік ерекшеліктерін түсінеді, алған білімдерін өмірде қолдана білуді үйренеді. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап отырып, қайталауға арналған сұрақтарды орындайды.
|
Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар | Оқулық, таратпа материалдар, слайдтар. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ - жауап, топтық, ойын, түсіндіру, қайталау, өзіндік бағалау |
| |
Сабақтың барысы | І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу; 2.Түгендеу; 3.Қатар бойынша топқа бөлу 4.Сыныпта сабақ бойы жағымды психологиялық ахуалдың болуын қамтамасыз ету; 5. Өткенге шолу; Ойын кезеңдері; Б) Марапаттау; В) Қорытынды; Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу; |
Сабақтың эпиграфы | Өзің ойлан, өзің тап, өзің ізден, Деген ақыл оқимын көзіңізден...» Қадір Мырза-Әлі |
Жаңа білімді игеру | |
Бөлімі | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
«Қызығушылықты ояту» | Өткен материалдарға шолу жасау арқылы пысықтайды; Сақтар қай аумақты мекендеді? Сақтар қай ғасырда өмір сүрді? Сақ қоғамы нешеге бөлінді? Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атады? | Сыныптардағы оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, алдынғы сабақтан алған білімдерін көрсетеді және қорытындысын жасайды. |
Жаңа сабақты меңгеру ІІ. «Мағынаны ажырату» | Осындай жетектеуші сұрақтар арқылы сабағымыздың тақырыбын айқындап алу. Мақсат қойғызу. Тапсырма беріледі: Кітапта берілген сұрақтармен қоса таратпа материалдағы ақпаратты оқы; Жұпта талқыла; Топта талқыла; Түсінгендеріңді дәлелде; | Сабақ тақырыбын айқындайды Мақсат қояды Жұпта талқылайды Топта талқылайды Сұрақтарға жауап береді. |
Жаңа сабақты қаншалықты түсінгендерін тексеру үшін Блум жүйесі бойынша сұрақтар беру | Бүгінгі сабақтан алған әсер қандай? Сабақ сендерге ұнады ма? Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысына сипаттама бер? Грек тарихшысы Геродот сақтар туралы қандай мағлұмат береді? Сақтардың діни наным-сенімдеріне сипаттама бер? |
Оқушы ойланып жауап береді. |
Кітаппен жұмыс Тақтамен жұмыс | Кітапта берілген сұрақтарды орындайды. Әр топтан жылдам орындаған оқушыға бір ұпай беріліп отырады. | Оқушылар тақтада, интерактивті тақтада берілген сұрақтар бойынша жұмыс жасайды |
Кім жылдам? | «Кім жылдам?»Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады. | Оқушылар тақтада, қалған оқушылар топта берілген жаттығулар бойынша жұмыс жасайды Зерттейді, ізденеді. |
Сергіту сәті | Сергіту сәтін ұйымдастыру. | Сергіту сәтін жасайды, сәл тыныстайды. |
Тестпен жұмыс | Өткен тақырыптар бойынша әр топқа тест сұрақтары береді. | Үйге берілген қайталау жұмыстарын, алынған білімдерін еске түсіреді.Топпен талқылап, сұрақтар дайындайды. |
Ой қорыту «Сабақтан алған әсерім» қысқаша ой қорыту. Кері байланыс | Ой толғанысын жүйелеп, қағаз бетіне түсіреді. Интерактивті тақтада сурет салып, пікір айтады. |
Бағалау | Бағалау парағын тарату | Топ басшысымен ақылдаса отырып, өз-өздерін бағалайды, баға береді |
Үйге тапсырма | § 30 Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы | Жан-жақты ізденеді |