18 минут | Негізгі бөлім «Топтық тапсырма» І топ: «Әл-Фараби» Толық аты: Әл – Фарабидің толық аты Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ізлағ Тархани. Туған жері: Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. 950 жылы Дамаскіде (Шам) қайтыс болған. Әбу Насыр ал – Фарабидің білім алған жерлері: Әбу Насыр әл – Фарабидің меңгерген ғылыми салалары: Философия, Логика, Этика, Математика, Тіл білімі, Метафизика, Жаратылыстану, Медицина, Музыка, Астрономия. ІІ топ: Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050) Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан. Анасы оны қиын шарттарда, отын сатып өсірген. Бала кезінен ғылымға және зерттеуге ынталы болған. Хорезмшахтарының қамқорлығына алынып сарай тәрбиесімен өскен. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастады. Атақты ғалым Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек және Қытай тілдерін жақсы білетін. Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді. Әбу Райхан әл-Бируни ашқан жаңалықтар: Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған. Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан. Геометрияны ботаникада қолданды. Дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галлилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтқан. Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген. ІІІ топ: Махмуд Қашқари. Махмуд Қашқаридің толық есімі - Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед Қашқари. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1030-1090 жылдар аралығында Қашқарда дүниеге келген. Махмуд Қашқаридің Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танымал болды. XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалым бұл кітапта Бағдад оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII ғ.) «Китабул айни» атты еңбегі негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. | Оқушыла үш топқа берілген тапырма бойынша орындайды: І топ: «Әл-Фараби» (Постер қорғау) ІІ топ: «Әбу Райхан әл-Бируни» (Презентация) ІІІ топ: «Махмуд Қашқари» (Бүктеме жасау) |