kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ең білгір" интеллектуалды ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интеллектуалды ойын "Ең білгір" оұушыларға арналған тарих пәнінен сұрақтарға жауап ретінде жеңіске жетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ең білгір" интеллектуалды ойын»

№5 мектеп-лицей















Интеллектуалдық ойын





Дайындаған: Тажибаева Салтанат Мухтаровна

Сынып: 7 «А», «Б»











2023-2024оқу жылы

Күні: 25.11.2022

Тақырыбы: «Ең білгір» интеллектуалдық ойын

Сыныбы: 6 сыныптар

Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру. Қазақстан тарихын терең түсіну, ой қорыту, ой тұжырым жасау, қабілеттерін дамытып, көп оқып ізденуге жетелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін тұжырымдамасында «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты-жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау»-делінген. «Қазақстан деген сөздің қуатты естілуі, еліміздің өркениетті мемлкеттермен терезесі тең тұруы үшін жастардың жан-жақты, терең білімді болғаны қажет»-деген Елбасы ойына қосыла отырып сайысымызды бастаймыз.

Қатысушы топтар: «Алғырлар» тобы- 6а сынып оқушылары және «Желтоқсан жастары» тобы- 6 б сынып оқушылары.

2-жүргізуші:

Сайыс турларымен таныстырып өтейін:

1тур- Таныстыру (Әр топ өзінің төс белгісімен, ұранымен, топ мүшелерімен таныстырады)

2тур- Кім жылдам? (Әр топқа сұрақтар беріледі, жылдам жауап беру керек)

3тур- Жалғастыр... (Әр топқа түрік кезеңіндегі қағанаттар тарихы беріледі)

4тур- Тарихи жұмбақтар

5тур- Тіл өнері (Әр топ жұмбақтың шешімін тауып, оны орысшаға аударады)

6тур- Жорға (Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығады. Екі оқушы 1минуттың ішінде жауап қайтару керек, әр қайсысына бірдей сұрақтар беріледі)

7тур- Ойлан тап (Экрандағы сұрақтарға жауап беру. Бұл сұрақтар ұлы ғалымдар, саяхатшылар, тарихшылардың сөздері.)

1-жүргізуші:

Таза мінсіз, асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз, асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқыса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады,- деген Асан қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турымызды бастаймыз. Әр топ өзін-өзі таныстырсын.

2-жүргізуші:

Келесі тур «Кім жылдам?» деп аталады. Әр топқа 8сұрақтан қойылады. Әр сұраққа тезірек жауап беру қажет. Бірінші «Алғырлар» тобы бастайды.

1топ:

Жолаушы мұраты-жету

Тұңғыш президентіміз-Н.Назарбаев

Бір жылда қанша апта бар-52апта

Үйдегі ең қасиетті нәрсе- ошақ

Қабанбайдың шын есімі- Ерасыл

Соғыста ерлік көрсеткен адам- батыр

Ономастика ғылымы нені зерттейді- атаулар туралы ғылым

Көне заттарды сақтайтын орын- мұражай

1-жүргізуші:

2топ:

Жер шарында ең көп халық-қытай

«Жеті жарғы» заңдар жинағын кім шығарды?- Тәуке хан

Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында- 9орында

Тәуелсіздік күні қашан тойланады- 16желтоқсан

Сәкен Сейфуллинннің шын есімі- Сәдуақас

Қызылорда облысында неше аудан бар- 7ауданэ

Теңгелер тарихын не зерттейді- Нумизматика ғылымы

Этнография туралы ғылым нені зерттейді – тұрмыс-салттарды.

2-жүргізуші:

Бүгінгі күн сайыста

Сен ешкімнен қалыспа

Біліміңді шыңдай біл

Бағыңды сынар жарыста.

Сұрақтары әр түрлі,

Тақырып та қойылар

Бәйгеде озар жүйрік ой,

Шығуға кімнің ойы бар?! Біз үшінші турымызды бастаймыз. Бұл сайыста әр топ өзіне берілген қағанаттар тарихын толығырақ жазып, айту керек. Жазылған сөйлемдер саналатын болады. Сонымен «Алғырлар» тобына Оғыз мемлекеті, «Желтоқсан жастары» тобына Батыс Түрік қағанаты беріледі. 5минут уақыт кетті. Ал бастаңыздар!

Топтар дайын болғанша күй ойнатылады.

1-жүргізуші:

Келесі турымызда сіздердің қаншалықты тапқыр екендеріңізді байқаймыз! 4тур- «Тарихи жұмбақтар». Әр топқа төрт өлең шумақтарымен тарихи жұмбақтар қойылады. Ендеше, бастайық!

1топ:

  1. Қадам бас алға,

Болашақ кілті білімде.

Қандай мағына береді,

«Сақ» сөзі парсы тілінде (Құдіретті еркектер)

  1. Басынан кешкен шақтарды,

Тарихшы тізіп атқарды

Кімдер деп тағы атады,

Грек Герадот сақтарды? (Массагеттер)

  1. Ағаға тыныс іні еді

Тарих өткеннің үні еді

Сақ әйелінің ерлігін,

Сипаттап берген кім еді? (Ктесий)



  1. Көгенге құлын байлайды,

Бес қаруды сайлайды

Айтып берші қай сақтар

Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа)



  1. Тарихты жаттап кешегі,

Саналы ұрпақ өседі

Аргиппейлер қай жерді

Мекен қылып көшеді? ( Аралдың солтүстік-шығысы)

2-жүргізуші:

2 топ:

  1. Білімді алтынға теңедік,

Достарға ашық, кең едік

Әйгілі сусын жасаушы

Сақтарды кімдер деп едік? (Хаомаварга)



  1. Бел-белестен асады,

Өр сақтардың жасағы

Тиграхауда сақтары

Қай жерде мекен жасады? (Жетісу)



  1. Еңселі ел көпке танылды

Ізгі ниеттілер де ағылды

Егінші сақтар мекені

Қай қала маңынан табылды? (Алматы)



  1. Қазақстан баршаға болған мекен

Баурайы да балыққа толған екен

Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде

«Алтын адам» нешеде болған екен? (17жаста)



  1. Қараңғылық қоюлап түнді жапты,

Ғалымдар адам сенген дінді тапты

Ява аралын зерттеушілер

Айтыңдаршы, қанекей кімді тапты? (Питекантроп)

1-жүргізуші:

5тур. Тіл өнері деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша аудармасын айту керек. Толық жауап берсе, 10ұпай беріледі.

Алғырлар тобына:

  1. Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Биіктеп қайта түскенде

Өңі кірер даланың (жаңбыр-дождь)

  1. Балдан тәтті (ұйқы-сон)

  2. Үй үстінде ақ аю билеп тұр. (түтін-дым)

  3. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең

Адамзат, жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген (жер-земля)

  1. Жаhанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып

Ішінде толып жатқан қазына бар

Қорек қып пайдаланар тәмәм халық (кітап-книга)

2-жүргізуші:

Желтоқсан жастары тобына:

  1. Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ (мысық-кот)

  1. Ерте тұрдым,

Алып ұрдым (есік-дверь)

  1. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді (хат-письмо)

  1. Аласа тауда алуан алма

Алқызыл болмай аузыңа салма (қызанақ)

  1. Кеудесінде жаны жоқ

Тамырында қаны жоқ

Май жейді

Су ішеді (көлік-машина)

1-жүргізуші:

6-шы кезең Жорға. Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығады. Екі оқушы 1 минуттың ішінде жауап қайтару керек, әр қайсысына бірдей сұрақ беріледі. Әр жауапқа 10ұпай.

  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Греландия)

  2. Қиылыспайтын екі түзу (Параллель)

  3. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (Шаңырақ)

  4. Ыбырай алтынсарин қай жылы дүниге келді? (1841жылы)

  5. Қазақстан Республикасының мемлкеттік рәміздерін ата (Ту,Елтаңба,Әнұран)

  6. Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? (7)

  7. Жамбыл қай жылы дүниге келді? (1846жылы)

  8. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесін кім жазды? (Сәкен Сейфуллин)

  9. «Бір адамға» өлеңін кім жазды? (Сұлтанмахмұт Торйғыров)

  10. Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды? (Кереге)

  11. «Қараңғы түне тау қалғып» өлеңінің әнән жазған кім? (Абай)

  12. Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)

2-жүргізуші:

7тур-«Ойлан тап» кезеңі. Экрандағы сұрақтарға жауап беру. Бұл сұрақтар ұлы ғалымдар, саяхатшылар, тарихшылардың сөздері. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан ие боласыздар!

1топ:

  1. Жанып тұрған оттың арасынан өтіп, қаған қабылдауында болған Византия елшісі

Земарх

  1. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші

Бартольд

  1. Қарлұқтарда 9 тайпа болды деп жазған араб тарихшысы

Марвази

  1. Кім оғыздарда 24 тайпа болды деп жазған?

Махмуд Қашқари



1-жүргізуші:

2топ:

  1. Қарлұқтар туралы «Қаған қаласының халқы көп бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол»-деп жазған ғалым.

Әл-Идриси

  1. «Оғызнама» дастанын толық жазған тарихшы

Әбілғазы хан

  1. Жетісу қазақтарының Ұмай анаға табынуы туралы жазған қазақ ғалымы

Шоқан Уәлиханов

  1. Қарахандар жылқы малына ерекше көңіл бөлді деп жазған кім?

Жүсіп Баласағұн



Сонымен 7турымызды аяқтадық, ендігі кезде шешім қабылдау үшін әділқазыларға уақыт беріледі! Шешім қабылдап болғанша, мектебіміздің биші қыздарын ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші:

Сайымыздың нәтижелерін білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін берелік!

1-жүргізуші:

Тебіренбей сөйлеу бүгін мүмкін емес,

Қазақ халқы тәуелсіздік алған кезде

Бұл бостандық, оңайлықпен келген емес

Қанша жастың қаны арқылы жеткен бізге

Аман қалған қиындықтан көптеген,

Батыр халық екенбіз ғой біз деген.

Қазақ деген киелі де, қастерлі

Үлгі тұтар өзге ұлттар біздерді

Әркез тұрар төбемізде желбіреп,

Көк байрағым, қазағыма нұрын сеп,

Туған елдің мақтанышы, айбары,

Биік болшы барша жанды сүйсінтіп-дей келе бүгінгі сайысымызда жеңіске жеткен _____________________ тобын шын жүректен құттықтаймыз!!!

2-жүргізуші:

Еліміздің мерейі үстем болсын

Еңсесін көтеретін енді жастар,

Болашаққа нық сенім артады олар,

Елбасы, елімізді алға баста!- дей отырып бүгінгі «Ең білгір» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз! Көріскенше аман болыңыздар!!!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Ең білгір" интеллектуалды ойын

Автор: Тажибаева Салтанат Мухтаровна

Дата: 06.02.2024

Номер свидетельства: 645210

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "учительница Кулагинская средняя школа  "Тіл білгірі" интеллектуалды? ойыны"
    ["seo_title"] => string(75) "uchitielnitsakulaghinskaiasriedniaiashkolatilbilghiriintielliektualdykoiyny"
    ["file_id"] => string(6) "299398"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456506494"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Білгірлер" интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(31) "bilghirlierintielliektualdyoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "270280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451053985"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Тапқыр достар атты интеллектуалдық ойын."
    ["seo_title"] => string(42) "tapk_yr_dostar_atty_intielliektualdyk_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "452246"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516805158"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Не?  ?айда?  ?ашан?  тарихи –танымды?   интеллектуалды? ойын "
    ["seo_title"] => string(58) "nie-k-aida-k-ashan-tarikhi-tanymdyk-intielliektualdyk-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "245893"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446228562"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "«Зерде» интеллектуалды? ойыны."
    ["seo_title"] => string(29) "zierdieintielliektualdykoiyny"
    ["file_id"] => string(6) "327154"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463399165"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства