Оқушылармен сәлемдесу «Пазлдар» арқылы топқа бөлу. (Бесшатыр, Шілікті, Берел қорымдарының суреттері) 1. Бесшатыр 2. Шілікті 3. Берел Оқушыларға суреттің фрагменттері беріледі.
Әр оқушы қолындағы фрагментті сәйкестендіріп өзінің тобын табады. Әр топтың суреттерінің артында сүрақ жазылған, топпен сұраққа жауап береді. 1. Неліктен Шілікті мен Бесшатыр "патша қорғандары деп аталады. 2. "Әлеуметтік теңсіздік" дегенді қалай түсінесіз? 3.Шілікті де қандай заттар табылды 4.Обалары саны қаншау Шілікті және Бесшатырда 3. Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды. (Оқушылар өткен сабақ бойынша бастапқы 2 сұраққа жауап береді, 3-ші сұраққа сабақ барысында жауап аламыз) «Миға шабуыл» "Берел қорымының берері мол" тақырыбындағы бейне- роликті көрсету арқылы сабақ тақырыбын анықтау. Сұрақ: 1. Бейне көрсетілімде не туралы айтылды? 2. Сіздер бұл бейне көрсетілім бойынша не айталасыздар? 3. Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыздар? Оқушылардың ойларын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады. Топтық жұмыс: ЖИГСО Әр топқа тапсырмалар беріледі. Оқушылар мәтінді оқиды. 1. Шілікті тобы: Қорымнан табылған заттардың тізімін жасайды. 2. Бесшатыр тобы: Жерлеу ғұрпынан үш сұрақ құрастырады. 3. Берел тобы: Шілікті, Бесшатыр қорымдарымен салыстыра отырып, үш ерекшелігін анықтайды. Критерий | Дескриптор | Берел обасындағы жерлеу ерекшелігін дүниетанымымен байланыстырып сипаттайды | - Берел қорымынан табылған жәдігерлерді атады; - Берел қорымының жерлеу ғұрпын анықтады; - Берел қорымының өзге қорымдардан ерекшелігін ажыратты; | Не? Не? Қандай? 1. Шілікті тобы: Не таңқалдырды? 1. Сақ тайпаларының күрделі жерлеу құрылысын салуы мен мәңгілік тоң қабатында мәйітті шірітпей сақтау технологиясын- бальзамдауды білуі. 2. Жылқыларды адаммен бірге жерлеуі. 3. Шеберлердің зергерлік бұйымдарды алтыннан шебер жасауы. 4. Киізден, жүннен жасалған бұйымдардың 2500 жыл сақталуы. 2. Бесшатыр тобы: Не қызықтырды? Сақ тайпаларының табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, түрлі өсімдіктердің қасиеттерін білуі. 3. Берел тобы: Қандай деректер қынжылтты? Көптеген қорғандардың тоналуы. Адамдармен бірге жерлеу үшін көп жылқыны құрбандыққа шалуы.
Критерий | Дескриптор | Мәтін бойынша таңқалдыратын, қызықтыратын, қынжылтатын деректерді табады | -Мәтін бойынша таңқалдыратын оқиғаны тапты; -Мәтіннен қызықтыратын жағдайларды тапты; -Мәтіннен қынжылтатын деректерді тапты. |
Тарих тақтасын құрастыру: оқушыларға 2500 жыл бұрын өмір сүрген Берел адамының бір күнгі өмірін суреттеуге тапсырма беріледі. 1. Шілікті тобы: Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 3-4 сурет салады. 2. Бесшатыр тобы: Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды. 3. Берел тобы: Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын күнделік жазады.
Критерий | Дескриптор | Берел адамының бір күнгі өмірін суреттейді | -Берел адамының бір күнгі өмірін суретпен сипаттады. -Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын әңгіме құрады. -Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын күнделік жазды. |
Жұптық жұмыс: Диалог құру . ( Тілші мен археолог ) Сөйлеу дағдысы. Тілші археологқа Берел қорымы бойынша сұрақтар қояды. 1- сұрақ. Қорым дегеніміз не? 2-сұрақ. Берел қорымы қай жерде орналасқан? 3-сұрақ. Берел қорымы қашан табылды? 4-сұрақ. Оны зерттеушілер кімдер? 5-сұрақ. Берел қорымынан табылған құнды заттарды ата? Әр жұпқа әр түрлі сұрақтар беріледі. Диалог жазуға пайдалы сөздер тізбегі: Тайпа,тайпалық бірлестік, абыздар,жауынгерлер,егіншілер мен малшылар Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, археология, оба, қорған,ескерткіш ат әбзелдері Жұптарды қалған оқушылар бағалайды. |