kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: "Қазақстан Республикасының Президенті"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі, құқысы туралы мәліметтер беріп, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюуге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Қазақстан Республикасының Президенті"»

Пәні: Қоғам және құқық

Күні: 10.02.2017 жыл

Cыныбы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі, құқысы туралы мәліметтер беріп, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюуге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, тірек-сызба

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды жағымды көңіл-күйге келтіру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Көш түзеу» миға шабуыл

1. Балалар үйге қандай тапсырма берілді? (ҚР Конституциясы)

2. Конституция дегеніміз не? (Мемлекеттің негізгі заңы)

3. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж. 16 желтоқсанда)

4. Мемлекеттің тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңда не жайлы айтылды?

- ҚР дербес мемлекет

- ҚР аумағы тәуелсіз, ешкім қол сұға алмайды, аумақ бөлінбейді

- заң барлық азаматтардың ұлтына, шыққан тегіне қарамастан тең

5. ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993 ж. 23 қаңтарда)

6. ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды? (1995 ж. 30 тамызда референдум нәтижесінде қабылданды)

7. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы тағы қалай аталады? (Ата заң)

8. 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады? (9 бөлімнен, 98 баптан)

ІІІ. Жаңа сабақ

1. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

2. Балалар биыл біз тәуелсіздігіміздің қанша жылдық мерей тойын атап өттік?

3. ҚР тұңғыш Президенті кім?

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) бойынша тұңғыш президентіміз сайланды.

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбіш, шешесі Әлжан қарапайым, өнерлі адамдар болған. Әжесі Мырзабала Нұрсұлтан есімін берген. Нұрсұлтан Әбішұлының мамандығы-металлург.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы техникалық оқу орнын бітірген.

1967-1969 жылдарға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

Жалынды жастық шағын, еңбек жолын Теміртау мен Қарағандының домна пештерінде болат балқытудан бастаған.

Байрақ-Президенттің мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды адам екенін білдіретін айрықша белгі. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап Президент мемлекет басшысы деп, ал 1995 жылғы Конституция бойынша еліміз президенттік басқарудағы мемлекет деп жарияланды.

Президенттің өкілеттілігі, құқығы:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік-заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінген. Президент бұл тармақтарға жатпайды, бірақ мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен байланысты. Президент парламент қабылдаған заңға қол қояды, ол сонымен қатар Президенттің тыйым салу хақысы (вето) бар.

Егер Парламент қалыпты жұмыс істей алмаса, президент оны таратып жібере алады.

Президент халықаралық келіссөздер жүргізіп, шарттарға қол қояды.

Президент-Жоғарғы Сот кеңесін құрады және өзі оның төрағасы болып саналады. Президенттің өте маңызды мәселелер жөнінде референдум өткізуге құқысы бар.

Президент-мемлекет басшысы, халық пен мемлекет атынан сөйлеуге толық құқы бар. Президенттің абыройы мен ар-намысы қорғалады. Президентті бүкіл халық сайлайды, сондықтан ол халыққа адал қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен ар-намысына ешкімнің тиісуіне болмайды.

ҚР Президентін Конституциялық заңға сәйкес Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Республика Президенті болып Республика азаматы болып табылатын, отыз бес жастан аспаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

ІV. Сөздік жұмыс.

Президент-мемлекет басшысы (латын сөзі- алда отырған, бастаушы)

Байрақ – мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды адам екенін білдіретін белгі

Референдум – бүкілхалықтық дауыс беру

V. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырмалыр

ІІ-деңгей

ІІІ-деңгей

ІV-деңгей

Мәтінді түсініп оқу, түсінік айту, суреттермен жұмыс, сөйлемдер құрас-

тыру

Дәптерге жазу, суреттер-мен жұмыс, сөйлемдер

құрастыру

Кеспе әріптермен сөздер құрастыру

VІ. Жаңа тақырыпты пысықтау

1. Балалар бүгін өткен жаңа тақырыбымызды пысықтайық.

2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?

3. Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

4. Қай жылдары қай жерде өзінің еңбек жолын бастаған?

5. Президент байрағы нені білдіреді. Байрақта не бейнеленген?

6. ҚР Президентінің қандай өкілеттілігі, құқысы бар?

7. Қандай адам ҚР Президенті болып сайлана алады?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Тест сұрақтары

1. Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

1. 1940 жылы 6 шілде Алматы облысы

2. 1941 жылы 10 маусым Жамбыл облысы

3. 1942 жылы 16 тамыз Шығыс Қазақстан облысы

2. Президент байрағы нені білдіреді?

1. Ең жоғарғы лауазымды адам екенін білдіретін айрықша белгі

2. Қазақстан Республикасының туы

3. Қазақстан Республикасының белгісі

3. Мемлекеттік билік қандай тармақтарға бөлінеді?

1. Заң шығарушы, атқарушы, сот

2. Парламент, сенат, мәжіліс,

3. Үкімет, прокурор, құқық қорғау

4. Президент Парламент келісімімен кімдерді тағайындайды?

1. Облыс әкімдерін

2. Премьер-Министр, Жоғарғы сот төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік Төраға

3. Депутат

5. Қандай адам Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алады?

1. Кәмелетке толған, 35 жасқа толған, 65 жастан аспаған, тілді еркін меңгерген, Қазақстанда 15 жыл бойы тұрған

2. Кәмелетке толмаған, 25 жасқа толған, 50 жастан аспаған, екі тілді меңгерген, Қазақстанда 20 жыл бойы тұрған.

3. Кәмелетке толған, 40 жасқа толған, 60 жастан аспаған, үш тілді меңгерген, Қазақстанда 10 жыл бойы тұрған.

VІІІ. Бағалау, мадақтау

ІХ. Үйге тапсырма: ҚР Президенті тақырыбын оқып, түсінік айту, 53-56 беттер




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: "Қазақстан Республикасының Президенті"

Автор: Мусаева Гулжанат Алтынбайқызы

Дата: 20.03.2017

Номер свидетельства: 401727

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты Мені? елім - ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-mienin-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "265894"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450036415"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""?аза?стан  егемен ел!" "
    ["seo_title"] => string(26) "k-azak-stan-ieghiemien-iel"
    ["file_id"] => string(6) "151320"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420689682"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Мен, ?аза?станны? патриотымын"
    ["seo_title"] => string(31) "mien_k_azak_stannyn_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "346469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475074277"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "открытый урок на тему Астана-?аза?стан республикасыны? елордасы"
    ["seo_title"] => string(68) "otkrytyi-urok-na-tiemu-astana-k-azak-stan-riespublikasynyn-ielordasy"
    ["file_id"] => string(6) "291060"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455051809"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства