kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Алаш қозғалысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

8- сынып оқушыларына "Алаш қозғалысы" тақырыбында ашық сабақ өтілді.Сабақтың мақсаты: оқушыларға Алаш қайраткерлерінің қоғамдағы рөлін түсіндіре отырып Алаш қозғалысының тарихта алатын орнын түсіндіру.Сабққа деген қызығушылығы мен жаңартылған білім мазмұнын түсііндіру үшін тарих сабағында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдер қолдандым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Алаш қозғалысы"»

Сабақтың тақырыбы: Алаш қозғалысы



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.

Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш қайраткерлерінің суреттері, тірек сызба, таблица, кітап.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Графикалық диктант
Шарты: Оқылған тапсырманың дұрыс, дұрыс еместігін шартты белгі арқылы белгілеу.

1.Ұрпақтан- ұрпаққа мұрагерлікпен қалып отыратын биліктің мұндай түрі монархия деп аталады.

2.1920 жылы 5 қаңтарда Ресейде патша сарайына жасалған шеру тарихта “Қанды жексенбі”деп аталды.

3. 1917жылы 24 ақпанда патша тақтан құлап,

ІІ Николай биліктен бас тартты.

4. Ресейде уақытша үкімет өз уәдесінде тұрды, бірін-бірі жақтады.

5. 1917 жылғы қазандағы көтеріліс жеңіспен аяқталып, кеңес үкіметі орнады.

6. Азамат соғысы деп бір мемлекет ішіндегі бір-біріне қарсы саяси топтардың арасындағы соғысты атайды.

Дұрыс жауабы:

1

2

3

4

5

6

+

-

+

-

+

+



Бағалау:

6 сұрақ дұрыс- “5” 3 сұрақ дұрыс-”3”

4-5 сұрақ дұрыс- “4” 1-2 сұрақ дұрыс-”2”





Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

Ресейде монархиялық билік қай жылы жойылды ?

Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың?

Ақпан төңкерісі мен қазан төңкерісінің айырмашылығы неде?

Қазақстан қай жылы жеке автономиялы мемлекет болып жарияланды?

Кеңестер Одағының тұсында Қазақстанның жағдайы қандай болды ?



Жаңа сабақ:



Сабақтың жоспары:



1. Алашорда үкіметі

2

1917ж ақпан-қазан

. Алаш қайраткерлері





Алашорда үкіметі







1991 ж. 16 желтоқсан



1989 ж. 14мамыр







1937 ж.



1917ж

5-13 желтоқсан







1918-1920 жыл

















Алаш қайраткерлері























«Алаш» - қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.

1917 жылдың ақпанынан қазанына дейін Ресейдегі сияқты Қазвақстанда да көптеген саяси ағымдар мен саяси партиялар өмір сүрді. Солардың бірі – Алаш партиясы. Алаш партиясы Қазақстанның жеке мемлекет болып құрылуына, өз тілін, әдет-салтын сақтап, өркениетке жетуін аңсады.

Олар сол кезде-ақ Кеңес Одағының құрамында Қазақстан жеке мемлекет болып дами алмайтындығын түсінді. КСРО-ның оны шикізат базасы ретінде ұстайтын саясатын алдын ала білді. Алаш партиясының жетекшісі - Әлихан Бөкейханов болды оның төңірегіне Ахмет Байтұрсынов, Міржақыл Дулатов т. б. қазақтың таңдаулы зиялы өкілдері топтасты.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылғандығы жарияланды.

Алашорда үкіметінің өз баспасөз орталығы -«Қазақ» газеті болды. Осы газетте Алашорда өзінің бағдарламасын жариялады. Бұл бағдарламада елді басқару, білім, құқық т.б. сияқты мемлекеттің өмір сүруіне қажетті мәселелер қарастырылды. Бірақ Алаш мемлекеті құрылған күнінен бастап Кеңес үкіметі тарапынан қарсылыққа ұшырады. 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысынан кейін жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін таратып, оның басшыларын қуғынға ұшыратты.

Алаш қайраткерлері. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген.

Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.

1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды.

Студент болып жүрген кезінде-ақ саяси талас-тартыстарға белсене араласып, ұлт-азаттық козғалыстарға қатысты. Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен.

Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген.

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.

Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті.

Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады.

Өзінің сенімді достары Ө. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты.

1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылады. Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.





Міржақып Дулатов (1885-1935)

ХХ ғасырдың басында әдебиеттеің дамуына үлес қосқан, қоғамдық-әлеуметтік іске белсене қатысқан қоғам қайраткері. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.

1904 жылы Омбыда қазақ зиялыларымен А.Батұрсынов, Ә.Бөкейхановпен кездесу Міржақыптың ой-санасын, ұлтжандылығын оятады.

Ол Алаш қозғалысын ұйымдастыру, Алаш үкіметін құру үшін білек сыбанып қатысқан. Ол кісінің «Оян қазақ!» жинағы.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кепті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамасты, -

Деген беташар бір шумақ өлеңінен танылады. «Оян!» сөзі – оның биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы.

Ақын қазақты оятамын деп маса болып шаққан. А.Байтұрсыновқа қосылып, ұйықтаған жұрттың зердесіне ой салады. М.Дулатов елді егеменді ел болуға, тілімізден, дінімізден айырылып бара жатқанымызды шырылдап елді Тәуелсіздік үшін күреске шақырады.

Республикада мәдениет ісіне араласып жүріп, ол 1928 жылы тұтқынға алынып, 1935 жылы Ақ теңіз, Балтық каналының бойындағы Соловки тұтқындар лагерінде ауыр науқастан қазанның 5-і күні қаза табады. Арада 58 жыл өткен соң туған жеріне 1993 жылы есіл ердің сүйегі әкелініп ақ жауып, арулап қойылды.



Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.





Жаңа сабақты бекіту



Алашорда үкіметі


Құрылған күні, жері


Алаш қайраткерлері


Баспа орталығы


Мақсаты


Нәтижесі

















Тек 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі бір жарым ғасыр бойы үстемдік еткен Ресейдің билігінен құтылып, көптеген аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз де егеменді мемлекетке айналды.

1989 ж. мамырдың 14 Алаш қайраткерлері КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Ұзақ уақыт бойы жолында қанда, жаста, терде төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.

Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді қаз-қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді.

Аз ғана уақыт ішінде еліміз шартарапқа танылып үлгерді.

Өркениеттің соқпағында елеусіз жатқан еліміз замана ағысына қосылды.



Үйге тапсырма: § 46 Алаш қозғалысы ( оқу)

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы?... ( эссе жазу)



Бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ "Алаш қозғалысы"

Автор: Есеналиева Эльмира Маметайева

Дата: 31.01.2020

Номер свидетельства: 538047

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Алаш қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы"
    ["seo_title"] => string(42) "alash_kozgalysy_zh_ne_kazak_ulttyk_ideiasy"
    ["file_id"] => string(6) "562323"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1604413350"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ашы? саба?: "К?пм?шені к?бейткіштерге жіктеу" "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-kopmushieni-kobieitkishtierghie-zhiktieu"
    ["file_id"] => string(6) "182528"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425547969"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашы?  саба?  "Шш дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabakshshdybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "297065"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456138725"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Факультатив"
    ["seo_title"] => string(11) "fakul-tativ"
    ["file_id"] => string(6) "313220"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459442098"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Указательные местоимение "
    ["seo_title"] => string(29) "ukazatiel-nyie-miestoimieniie"
    ["file_id"] => string(6) "182535"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425548903"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства