kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсат-міндеттері:
Оқытушылық –Адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни
ілімдердің қалыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы
білім беру.
Тәрбиелік –Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі
үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында
жеткенін айта отырып еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы
діни түсінікті қалыптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық – Адамның дамуының әр сатысындағы қол жеткізген
жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой
қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі.»

Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6 Күні:

Тақырыбы: §1-2. Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық –Адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни

ілімдердің қалыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы

білім беру.

Тәрбиелік –Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі

үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында

жеткенін айта отырып еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы

діни түсінікті қалыптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық – Адамның дамуының әр сатысындағы қол жеткізген

жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой

қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі: дәстүрлі.

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог).

Көрнекілік: Адамның пайда болуы туралы діни наным-сенімдерді

сипаттайтын суреттер, «Алғашқы адамдардың даму сатысы» суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын

тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Адамзат баласының шығуы.

Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайыд. «Епті адам»

Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн

750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп

аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы

табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат

дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп ұтрады. Солтүстік Қытайда

табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар

бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты

«тік жүретін адам» деп атайды.

Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан

табылып 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін,

мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар

қалыптасты.

В) Алғашқы адамдардың кәсібі.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң,

табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ

пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың

жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.

Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді.

Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды.

С) Алғашқы адамның қазақстандағы іздері.

Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам

Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар

шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл

облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі

Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары

дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар

питекантроптың замандастары еді.

Д) Еңбек құралдары.

Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1

килограмға дейін жетті. Жануарларңд ы терісін тазалайтын, етін

боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан

табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі –

қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге

көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек

құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап

тапты.

Е) Отты пайдалану және жердің сууы.

Бұдан 100 мың жыл бұрын Жет беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа

созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен

Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Ғалымдардың айтуынша,

оның қалыңдығы екі километрге жеткен. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық

ери бастайды.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

В) Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек

құралдары туралы әңгімеле?

С) Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп

ойлайсыңдар?

V. Қорытындылау. Сонымен біз бүгін адамдардың пайда болуын,

олардың алғашқы өмірімен, олардың алғашқы еңбек құралдарымен,

тіршілігімен, жер бетін мұз басып, оның қайтадан жылынуын қарастырдық.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.

















Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6 Күні:

Тақырыбы: §3. Ерте тас дәуірі Қазақстан территориясында (Палеолит).

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық –Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің

кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас

дәуіріндегі Қазақстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.

Тәрбиелік –Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық – Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың

материалдық және рухани әмдениеті үздіксіз дамып отығранын

қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу жағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (ауызша жеке

фронтальды сұрау).

Көрнекілік: «Ежелгі Қазақстан» картасы, «Тас дәуірінің кезеңдері»

деп аталатын кесте, тас дәуірі құралдарының суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын

тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Қазақстан аумағындағы тас дәуірі.

Тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақытты тас дәуірі деп

атаймыз. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері – Маңғыстау түбегіндегі

Шақпақта, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер. Бұлардан

табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне

құралдармен замандас. Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш

сынатас, бифас, пышақ, қырғыштар, әр түрлі үшкіртастар. Бифас дегеніміз

екі жағынан да өнделген қарапайым шапқыш тас құрал. Үшкіртастарды тас

жарықшақтарынан жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен өндеп

өткірлеген. Ретушь әдісі дегеніміз бір қабат өнделген тас құралдардың жүзін

ұсақ керткі-ойықтар жасау арқылы өткірлеу.

В) Саналы адам.

Кеінгі тас ғасырында, б.з.б. 40-12 мың жылдықта адам баласы

дамуының жаңа кезеңі басталды. Адамдардың ұжымдасып еңбек ету

барысындағы қарым-қатынасы тілдің дамуына ықпал етті. Ойлау мен тілдің

арасында тығыз байланыс туындап, мидың дамуын күшейтті. Қазіргі адамға

ұқсас адамдар қалыптасты. Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің

нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға»

айналды. Адамның жетілуіне еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек

арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. Саналы адамның сүйегі алғаш

рет Францияның Кро-Манион үңгірінен табылған Сондықтан саналы адамды

кроманьондық деп атайды.

С) Рулық қауымның шығуы. Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға

қарсы тұру, ортақтасып от жағу – адамдарды топтастырды. Адамдар тобы

бірте-бірте туысқандардың ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл

шамамен «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше

рулас адам болды. Алғашында ұжымдағы барлық жұмыртастарды аналар

атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-

жидектерді терді. Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп

шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен

табылған?

В) Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?

С) «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесіңбе?

Д) Ру дегеніміз не?

V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен тас дәуірін өттік. Яғни

палеолит пен мезолит дәуірлерін меңгердік. Бұл уақытта болған уақиғалар

мен маңызды жаңалықтар, ерте және орта тас дәуіріне жататын еңбек

құралдар, жаңадан тағы да басқа көптеген мағлұматтармен таныстық.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.































Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6 Күні:

Тақырыбы: §3. Жаңа тас ғасыры (Неолит).























§4. Мыс-тас ғасыры (Энеолит)

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық –Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің

кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас

дәуіріндегі Қазақстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.

Тәрбиелік –Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық – Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың

материалдық және рухани әмдениеті үздіксіз дамып отығранын

қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу жағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (ауызша жеке

фронтальды сұрау).

Көрнекілік: «Ежелгі Қазақстан» картасы, «Тас дәуірінің кезеңдері»

деп аталатын кесте, тас дәуірі құралдарының суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын

тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Неолит тұрақтары.

Жаңа тас ғасырындағы адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан

жоғары тұрды. Олар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық

ыдыстарға өрнектер сала білді. Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мың

жылдықтар аралығын қамтиды. Неолиттің тұрақ-қоныстары қазақстанда

көптеп кездеседі. Жаңа тас ғасырындағы аңшылардың негізгі аулайтын аңы

аша тұяқты, жайылымын жиі өзгертіп отыратын аңдар болды. Неолит

заманының аңшылары аңдардың соңынан жылжып-көшіп отырған,

сондықтан көпшілік мекен-жайлары уақытша болған.

В) Неолит ескерткіштері.

Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер незггіі белгілері

жағынан бір-біріне ұқсас. Арал өңірінен: найзаның тас ұштары, жалпақ

пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылды. Солтүстік

Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ

пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Балқаштың

солтүстігінде шақпақ (кремний) тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер,

жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі. Орталық қазақстанда

Қарағанды, зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған.

Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары

табылды. Шығыс қазақстан аймағынан табылған қоныстар құрал-

саймандарға өте бай.қазақстан аумағынан неолиттің 500-ден аса тұрақтары

табылған. Неолит революциясы болды. Керемика ойлап шығарылды.

С) Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.

Энеолит сөзі – мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты

қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал

ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды:

еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Қазақстан

аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы

Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл

тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй

табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлардың терісімен қапталған және

ортасына ошақ орнатылған. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар

жылқы малын қолға үйреткен. Сондай-ақ бұланның, еліктің, аюдың, иттің,

қабанның және т.б. сүйектері де кездеседі.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата?

В) Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

С) Энеолит дәуірінің ерекшелігін сипатта?

Д) Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірінің ескерткіштерін ата?

V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен тас дәуірінің сапалы кезеңі

неолит пен энеолит кезеңдері туралы өттік. Адамзат тарихындағы ең басты

жаңалықтардың бірі – неолит революциясы мен керамиканың пайда білдік.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.



























Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6 Күні:

Тақырыбы: §7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалары мен

қазақ халқының қоршаған орта туралы өзіндік түсінігі болғандығы жайында

білім беру.

Тәрбиелік – ертеден қазақ арасына кең тараған және бізге жеткен

дүниенің қоршаған орта туралы аңыздар негізінде әлемнің, жаратылыстың

ұлылығын ұғыну және соның негізінде Отанды сүюге, Жеріміздің бүтіндігі

үшін күресуге тәрбиелеу.

Дамытушылық – Қоршаған орта туралы алғашқы ғылыми түсініктерін

мен білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (ауызша жеке

фронтальды сұрау).

Көрнекілік: «Бұғы болып киінген адам», «Ежел гісуретшілер»

суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын

тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Білімнің дамуы.

Адамдар жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылай жүріп,

өздерінің тәжірибесі мен білімін келесі ұрпаққа саналы түрде мұраға

қалдырып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуын есте сақтап, егінді

жинау уақытын анықтаған. Айдың қозғаласын бақылау арқылы алғашқы

қарапайым күнтізбе жасап, жылды тепе-тең айларға бөлген. Адамдар өз

білімдерін суретті хат – пиктография (тасқа түсірілген хат-суреттер) арқылы

хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Мысалы, шұбар

атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.

В) Діни көзқарастың қалыптасуы.

Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған

табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Ең көне

сенімдерге анимизм, тотемизм жатады. Тотемизм – адамдардың шығу тегін

жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырады.

Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері

болған. Сондықтан оларға құрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан

тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе дауыл тұрады, қаласа, аңдар

басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ал

орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.

С) Өнердің шығуы.

Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуы туралы

мағлұмат береді. Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (гравюра),

рельефтер, суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Алғашқы қауым

суретшілері суретке ағаш көмірін пайдаланған.

Оттың көмескі сәулесі түсетін үңгірдің қап-қараңғы түпкірінде

палеолит дәуірінің суретшілері әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды,

аңшылықтың сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің немесе

адамдардың бейнесін ойып жасаған. Алғашқы қауымдағы суретшілер шашын

таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Кейде олар

салған шым-шытырық ғажайып суреттер де кездеседі.

Ежелгі суретшілер жануарларды айнытпай салды. Археологтар сүйек

пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндерін көп тапқан. Олжалардың

ішінде еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Адамдар өздерінің білімін қалай жетілдірген?

В) Діни көзқарастың қалыптасуы неге байланысты болды?

С) Өнер қалай пайда болған, өнердің қай түрі жақсы дамыған?

V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен білім, дін, өнердің қалыптасу

тарихымен таныстық. Қазіргі күнде жақсы дамыған білімдердің алғышартын,

алғашқы діни түсініктерді, өнердің алғашқы қадамдарын қарастырдық.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.









Сабақ жоспары

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6 Күні:

Тақырыбы:Андроновтықтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызды, қола

дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

Тәрбиелік – Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің

арқасында келгендігін айта отыры, п оқушыларды еңбекті сүюге,

адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының

құрамдас бөлігі екенін ұғыну.

Дамытушылық – Қола дәурінің адамзат баласының басынан кешірген

тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа

металдардан артықшылығы түсініктері мен оның басқа металдардан

артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картинаның көмегімен

қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін

дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (ауызша жеке

фронтальды сұрау).

Көрнекілік: «Ежелгі Қазақстан» картасы, тас бетіне түрлі суреттер

салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін

суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын

тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі.

Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын

жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты.

Адамдар алдымен табғиатта кездесетін таза мыс қорытындысын

пайдаланған. Осындай табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар: біздер,

жебе ұштары, мыс тілікшелер энеолит дәуірінен кездеседі. Ал тотыққан мыс

рудасынан металл қорыту қола дәуірінде басталды.

Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді, ол негізінне мыс пен

қалайының қосындысынан алынады. Металл кеніштер қазіргі Зыряновск,

Жезқазған маңайында, қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың

белгілі ғалымы Қ.И.Сәтпаевтың есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1

миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған.

Шығыс Қазақстанда нарым мен қалба кен орнында 1100 тонна қалайы

шығарылған.

В) Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.

Адам табиғи мысты пайдаланудан біртіндеп оны қорытуға көшті.

Пешті жоғары температураға дейін жеткізе қыздыра алды. Онда кенді

балқытты. Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді

үйренді. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті

болып келді. Қоладан жасалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған

еңбек құралдарын бірітіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп

аталады.

С) Андронов мәдениеті. Шаруашлығы мен кәсібі.

Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андронов мәдениеті

деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Андроново деген

селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында

орналасқан. Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті «Андронов

мәдениеті» атанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық)

өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан

бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік

және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын

зерттеді. Олардың кейбірін ертедігі алғашқы қалалар деуге келеді. Мысалы,

қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейңд і Челябі облысының

шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қола дәуіріндегі қалаға

ұқсатады. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка мен

Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қошалған. Сондай-ақ

ғалымдар Орталық қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150

обаны зерттеді.

Д) Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі

обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын

жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі:

Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық

тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.

Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың

біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір

тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Беғазы мәдениеті мен Андронов мәдениетін салыстырындар?

В) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

С) Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле?

V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен адамзат тарихындағы тағы бір

кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар:

матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-

Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.__


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі.

Автор: Ильясова Жазира Айтуаровна

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384550

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "?аза?стан тарихы "Ал?аш?ы адамдар ?мірі. Е?бек ??ралдарыны? жетілуі""
    ["seo_title"] => string(64) "kazakstantarikhyalgashkyadamdaromiriienbiekkuraldarynynzhietilui"
    ["file_id"] => string(6) "278979"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453176311"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Ал?аш?ы адамдарды? пайда болуы" 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(34) "algashkyadamdardynpaidaboluy6synyp"
    ["file_id"] => string(6) "288982"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454697949"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Тарих п?нінен ашы? саба? "Тас д?уірі""
    ["seo_title"] => string(31) "tarikhpninienashyksabaktasduiri"
    ["file_id"] => string(6) "296405"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455990506"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "ал?аш?ы ?о?амды? ??рылыс 6 сынып "
    ["seo_title"] => string(39) "alg-ashk-y-k-og-amdyk-k-u-rylys-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "195396"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427903059"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Сыныбы: 4-сынып П?ні: ?дебиеттік о?ыту Саба?ты? та?ырыбы: Ал?аш?ы к?мек (Авторы: Б.Т?рсынбаев)"
    ["seo_title"] => string(98) "synyby-4-synyp-p-ni-diebiiettik-ok-ytu-sabak-tyn-tak-yryby-alg-ashk-y-komiek-avtory-b-tu-rsynbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "277043"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452836695"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства