?й тапсырмасын с?рау б?лігінде с?ра?тар ?ойылады.?р с?ра??а д?рыс жауап берген сайын жасырын портретті? бір б?лігі ашылады. Барлы? с?ра??а жауап берілген кезде жа?а саба?ты? та?ырыбы ?л Фарабиді? портреті шы?ады. Жа?а саба?ты т?сіндіру б?лігінде ?л Фарабиді? толы? ?мірбаяны туралы м?лімет беріледі. Сол кезе?де ?мір с?рген ??лама ?алымдар туралы айтылады. ?л Фарабиді? к?з?арасы бойынша ба?ыт?а жетуді? жолы туралы айтылады ж?не о?ушылар?а осы та?ырып?а байланысты ?з к?з?арастарыны? жобасын сызады.Жа?а саба?ты ?орытындылау б?лігінде с?ра?тар?а жауап береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерактивті тақта,слайд, ойын «Жасырын портрет», «Асыл тасты сұрақтар» І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Жасырын портрет» ойыны арқылы
1.Ұлы Жібек жолының шартты атауы?
Жауабы:Еуразияның батысы мен шығысын байланыстырған керуен жолдары.
2.Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?
Жауабы: Б.з.б. ІІ ғасырдың соңында.
3.Ұлы Жібек жолы қай қалалар арқылы өткен?
Жауабы: Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу,Мерв,Бұхара,Самарқан, Үргеніш,Отырар ,Сығанақ,Сайрам,Созақ,Сауран,Тараз,Баласағұн,Талхиз.
4.Жібек жолымен араб елінен нелер тасылды ?
Жауабы: Сәйгүліктер,түйелер мен пілдер,мүйізтұмсықтар.
5.Ұлы Жібек жолы арқылы қандай діндер таратылды?
Жауабы: Ислам,христиан,будда діндері.
6.Ұлы Жібек жолы арқылы Қытайдан қандай заттар тасымалданды?
Жауабы: Жібек маталар,шай,фарфор т.б. заттар.
7.Ұлы Жібек жолында «әлемнің төрт патшалығын» ата?
Жауабы:
Византия – құнды байлықтар патшалығы,
Түркі қағанаты – жылқы патшалығы,
Қытай – адам патшалығы,
Үндістан – пілдер патшалығы
8.Ұлы Жібек жолы XIV – XVғасырларда не себепті өмір сүруін тоқтатты?
Жауабы:Ұлы географиялық ашулардың,яғни теңіз жолдарының ашылуына байланысты.
9.Ұлы Жібек жолымен қатар,халықтарды өзара жақындастыратын аса маңызды қандай жол болды?
Жауабы: Оңтүстік пен Солтүстік арасын байланыстырған ұлы меридианалды жол.
10.Ұлы меридианалды жолмен кімдер жүрді?
Жауабы: Мал баққан көшпелі елдер жүрді,қоныс аударған рулар мен тайпалар өтті.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсек, сыйқырлы сандардан портрет құрай аламыз. ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту. - Біз тақтада кімнің портретін құрастырдық? - Әбу Насыр әл - Фарабидің
Үй тапсырмасын қорытындылайтын болсақ, Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Тараз, Созақ, Отырар қалалары арқылы өткен екен. Осы Отырар қаласында Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл - Фараби дүниеге келген екен. Отырар Әл - Фараби туған қала Таң қалған ол туғанда барша дала Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да Дәрігер өз халқына болған шипа Осы өлең шумақтарынан қай қаланың атын естідік? Отырар қаласында кім дүниеге келген екен? ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.(слайд арқылы)
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласы баяғы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен. Осы мекенде әл-Фараби дүниеге келіп, жастық шағын өткізген. Нақты айтқанда әл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж – Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтер Весиж қалашығы Отырардан солтүстік батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сайында орналасқан Оксус қалашығына сәйкес келетінін анықтады. Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан және рабаттан тұрады. Қалашықтың ҮІІІ-ХҮ ғасырларда өмір сүргені анықталды. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ақыл ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті. Фарабидің толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки – шыққан тегі түркі дегенді, әл-Фараби – Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты – Мұхаммед, әкесінің де аты Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасы – Ұзлағ. Кейде оны жәй ғана Тархани деп те атаған. Әл-Фараби түркі тайпасының дәулетті отбасында дүниеге келген, әкесі әскербасы болған.
Отырар қаласы ІХғ тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырардағы кітапхана, ел ауызындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған. Әл-Фарабидің ғылымға деген ынтасы осы Отырар кітапханасында пайда болған сияқты. Осы аймақты мекендеген тайпалардың сонау арғы заманнан қалыптасқан өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған. Бала Мұхаммед қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасының мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған және көп тілдерді игерген.
Бұл әл-Фарабидің көзқарасы бойынша бақытқа жетудің жолы, ал сіздер өздеріңіз шығармашылық шабыттарыңызбен «Сен үшін бақыт деген не?» деген сұраққа жауап беріп, «Бақытқа жету жолы» жобасы сызыңдар.
Оқушылар өз ойлары бойынша жобаларын ұсынып, қорғайды.
V.Жаңа сабақты қорытындылау. «Асыл тасты сұрақтар» арқылы
1.Әл -Фараби кім?
Жауабы: Әл Фараби Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының Аристотельден кейінгі екінші ұстазы,ұлы энциклопедист ғалым,ойшыл,философ,математик, әдебиет пен музыка зерттеуші,ақын.
2.Әл - Фараби қай қалада дүниеге келген?
Жауабы: Қазіргі Түркістан алқабының Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында дүниеге келген.
3.Әл -Фарабидің толық аты - жөнін ата?
Жауабы: Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.
4.Әл Фараби қанша тіл білген?
Жауабы: Әл -Фараби 70- ке жуық тіл білген.
5.Әл - Фараби қай жерлерде білім алған?
Жауабы: Алғаш туған жері Отырар медресесінде,Шаш,Самарқан, Бұхара,Мысыр,Халеб,Бағдад қалаларында оқып,жан-жақты білім алған.
6.Әл -Фараби түрлі ғылым салаларынан қанша іргелі еңбектер жазып қалдырды?
Жауабы: Түрлі ғылым салаларынан 150 – ге тарта іргелі еңбектер жазып қалдырды. «Ғылымдардың шығуы, «Бақытқа жол сілтеу», «Сөз, шешендер туралы», «Музыканың ұлы кітабы» т.б.
7.Қазақ елінің тағы қандай ғалымдарды білесің?
Жауабы: 1.Жүсіп Баласағұн 2. Қожа Ахмет Йасауи 3. Махмұт Қашғари 4. Әбу Райхан әл –Бируни
Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге: - Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті. - Әрине , өнер - білімге апарар жолды. - Неге? - Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті. Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ. Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңықы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.