kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамны? пайда болуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: Адам.?о?ам.???ы?.

Са?ат саны: 1

Та?ырып:  1. Адамны? пайда болуы.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: адам м?селесі деген кешенді ??ымны? м?нін ашу; о?ушыларды адамны? жалпы сипатымен ежелгі ?ытай, ?нді ж?не грек философиясында?ы адам туралы т?жырымдармен таныстыру:

 Дамытушылы?:  адам туралы діни т?жырымдарды тал?ылау; адамны? бойында?ы психологиялы?, таби?и ж?не ?леуметтік нышандармен таныстыру; адамны? пайда бол?аныны ?азіргі кезге дейінгі аралы?та?ы  эволюциясына к?з ж?гірте отырып, азамт ?о?амны? дамуы ж?не келешегі туралы ой ?оз?ау адамны? м?ніне  к?з ж?гірту;

Т?рбиелік: о?ушыларды? санасына адами ?асиеттерді ?ялату: 

Саба?ты? ?діс-т?сілдері: аралас саба?, сызбаны пайдалана отырып баяндау, таратпа материалдармен ж?мыс ж?ргізу,??гімелесу;

Саба?ты? к?рнекілігі: адамны? бойында?ы психологиялы? таби?и ж?не ?леуметтік нышандарды ажырата к?рсететін сызба, с?ра?тар жазыл?ан таратпа материалдар, ?аза?стан Республикасыны? конституциясы, о?улы?.

Саба?ты? барысы:

1.?йымдастыру кезе?і:

2.Жа?а саба?:

                                      Жоспар

-Адам м?селесі деп нені айтамыз?

-Адамны? тегі ?андай?

-Адам деп кімді айтамыз?

-Ежелгі ?нді философиясы адам туралы ?алай т?жырымдайды?

-Ежелгі ?ытай философиясы адам туралы ?алай т?жырымдайды?

- Ежелгі грек  философиясы адам туралы ?алай т?жырымдайды?

-Исламны? ?асиетті кітабы ??ранда адамны? таби?аты жайлы ?алай сипаттал?ан?

-Адамны? бойында?ы биологиялы? нышандар;

-Адамны? бойында?ы психологиялы? нышандар:

-Адамны? бойында?ы ?леуметтік нышандар нышандар:

-Адам-?о?амды?-тарихи ?ызмет субъектісі;

-Адам м?дениетіні? субъектісі;     

-Адам микрокосмі; ?азіргі к?йі          болаша?ы         

                        т?ні

                                                                              жаны

                                            Адам м?селесі

              м?ні?мірі  

                                 рухани д?ниесі  шы?у тегі

Адам м?селесі. ?алымдарды? жорамалдауынша, б?дан 40 мы? жыл б?рын Жер бетінде  Саналы адам ?кілі пайда болды. Сол д?уірден ?азірге дейінгі аралы?та адамны? Адам туралы, оны? тегі, ?ызметі ?міріні? м?ні,  келешегі туралы ойланба?ан кезі болма?ан шы?ар. Кез-келген  саналы адам, зиялы ?ауым ?кіліні? де адам, ?о?ам ж?не ?орша?ан орта туралы ой сараламайоыны кемде-кем. Сонау  ежелгі д?уірден бергі ??ламаларды?  арасында да адам мен ?о?ам ха?ында азды-к?пті ?з т?жырымын айтпай кеткені жо? деуге болады.

  Жо?арыда айт?андай, адамны? екі т?рлі жаратылысы бар- ол био?леуметтік жан. Онда биологиялы? сапа, ?асиеттермен ?леуметтік сапа, ?асиеттер де бар. ?леуметтік болмыс де?гейде ж?не ?леуметтік теория т?р?ысынан адам проблемасы жеке адам ж?не т?л?а ??ымдары арасында?ы ?арым-?атынас проблемасына айналады, я?ни биологиялы? жаратылысы жа?ынан адам е? алдымен жеке адам, ал ?леуметтік жаратылысы жа?ынан т?л?а болып табылады.

    Жеке адам туралы ??гіме бол?анда, адамзат тегіні? жеке бір ?кілін т?сіну ?ажет. Жеке адам-к?пті? бірі, ол ?лі т?л?а емес. Осы ма?ынада ал?анда “жеке адам” ж?не “т?л?а”  ??ымдары к?лем жа?ынан да, мазм?ны жа?ынан да бір-біріне ?арама-?арсы болып табылады. Жеке адам ??ымында адамны? ешбір жекеше ерекше ?леуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сонды?тан оны? мазм?ны аса кедей болады, біра? к?лемі ке?, ?йткені ?рбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда а?ыл-ойлы адамны? жеке бір т?рін ?ана, адам тегіні? бір ?кілін ?ана алып отырмыз. Ал егер оны? ?айсы бір ерекше белгісін, сапасын атап к?рсетсек, онда ол ??ымны? к?лемін кішірейтіп, бір ?леуметтік тобын б?ліп аламыз. Бірдеде формальды? логиканы? ??ымыны? мазм?ны мен к?лемі арасында?ы кері ?атынас за?ын к?реміз.  Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдарды? белгілі бір тобын бас?аларынан б?ліп к?рсетеміз, с?йтіп ??ымны? к?лемін азайтып, на?тыла?ан сайвн оны? айырмаылы? белгілері к?бейіп, мазм?ны баии т?седі. С?йтіп адам к?леміні? мазм?нын  азайтып, жекелеген сайын бір ?ана жеке адамды білдіретін ??ым?а жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам т?л?а деп аталады.

     Сонымен, т?л?а дегеніміз ?леуметтендірілген жеке адам деуге болады. М?нда адам тек жалпы ж?не ерекше ?леуметтік ?асиеттері т?р?ысынан ?ана емес, сондай-а? ?зіндік ?леуметтік рухани сапасы жа?ынан да ?арастырылады.

    Т?л?аны? адамды? ??рылысы аса к?рделі, сонды?тан оны т?рліше т?л?адан ?арастыру?а болады. М?селен, жалпы психология ?ылымы т?л?а деп т?рлі психикалы? процестерді? адам бойында?ы бірт?тас біріккен, с?йтіп оны? мінез-??л?ына ?ажетті смпат беретін жиынты?ын т?сінеді. Т?л?аны социологиялы? т?р?ыдан зерттеуді? бастама принципі адамны? жеке басыны? ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын ?леуметтік міндеттерді, іс-?рекеттерді зерттеу болуы тиіс. Б?л міндеттер мен іс-?рекеттерді? сипатын аны?таушы ?о?амны? ?леуметтік ??рылымы, сол т?л?а жататын ?леуметтік топ болып ??рылады.

     Адам?а т?н е? жалпы белгі- оны бас?а д?ниеден ажыратып т?ратын ?леуметтік іс-?рекет, е?бек. Адам дегеніміз е? алдымен белсенді т?рде ?рекет етуші, ?зіні? ?мір с?ру жа?дайларын ?згертуші ?леуметтік субъект, ?леуметтік а?ыл-ой ж?не ?леуметтік сезім иесі- м?ны? б?рі ?зара іштей бірлікте болатын ж?не іске асатын сапалы? белгілер. Адамны? б?л сапалары оны ?леуметтендіруді? негізін ??рады, ал ?леуметтендіруді? негізінде адам т?л?асы ?алыптасады. ?леуметтендіру адам ?о?амды? т?жірибені ме?герген сайын, белгілі бір ?о?амды? ?атынастар?а ж?не іс-?рекеттерге аралас?ан сайын тездей т?седі.

    ?леуметтендіру филогенезде де ж?не онтогенезде ж?зеге асады. Б?л екі процесті? екуіндеде т?л?а жеке адамны? ?леуметтенуіні? н?тижесі болып табылады. Б?л ж?нінде белгілі психолог А.И.Леонтьев адам т?л?а болып тумайды, т?л?а болып ?алыптасады деген болатын. ?леуметтену ?здіксіз ж?ріп отыратын, процес бол?анды?тан, т?л?ада ?здіксіз ?алыптасушы ?рекет. ?алыптасуы то?тап ?ал?ан т?л?а,  то?ыраушы т?л?а.

     Адам ж?не оны? тегі туралы а?ызды? т?сініктер де алуан  т?рлі. Адам м?селесімен антропология, социология, психология, этнология, анатомия, физиология т.б ?ылымдар айналысады. Соны? н?тижесінде адам м?селесі ?азіргі ?ылымда жан-жа?ты біршама толы? зерттелген та?ырып деуге болады. Адам т?нилік пен руханилы?ты таби?илы?пен ?леуметтік м?ра?а иеленгені  мен ?мірден  ?абылда?андарын бірлікте алаып ж?ретін пенде.

Саба?ты бекіту:

-Ежелгі ?нді философиясы адам туралы ?алай т?жырымдайды?

-Ежелгі ?ытай философиясы адам туралы ?алай т?жырымдайды?

- Ежелгі грек  философиясы адам туралы ?алай т?жырымдайды?

-Исламны? ?асиетті кітабы ??ранда адамны? таби?аты жайлы ?алай сипаттал?ан?

-Адамны? бойында?ы биологиялы? нышандар;

-Адамны? бойында?ы психологиялы? нышандар:

-Адамны? бойында?ы ?леуметтік нышандар нышандар:

-Адам-?о?амды?-тарихи ?ызмет субъектісі;

-Адам м?дениетіні? субъектісі;     

-Адам микрокосмі;

?йге тапсырма: 1. Адам,  Кестені толтыру                                  Ба?алау

Биопсихо?леуметтік нышандар

 

 

Адамны? бойында?ы биологиялы? нышандар;

Адамны? бойында?ы психологиялы? нышандар

Адамны? бойында?ы ?леуметтік нышандар нышандар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамны? пайда болуы.»


Сынып

9 а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,,з,



Пәні

Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны

1

Тақырып

7. Қоғам және қоғамдық қатынастар

Мақсаты

Білімділі 00к

Қоғам ұымы және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік. Қоғамдық қатынастардың мәнін ашу;

Дамытушылық:

Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуы туралы ой өрбіту;

Тәрбиелік:

Қоғамдық сананы қалыптастыру;

Көрнекілік

Қоғамдық қатынастардың мазмұнын және бағыттарын көрсететін сызбалар;

Әдіс-тәсіл:

Өзара белсенділікті арттыру және әңгімелесу арқылы мәселенің мәнін ашу әдістері. Кесте арқылы түсіндіру.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Ұй жұмысын сұрау.


3. Жаңа сабақ.

Қоғам дегеніміз-материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.

Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қоғамдық қатынастар деп аталады.

Қоғамдық қатынастардың мазмұны



Қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі




Материалдық қатынас дегеніміз-тіршілікке керекті материалдық игілікті өндіру, өндірілген өнімді бөлу, айырбастау, тұтыну, тәжірибе алмасу



Рухани қатынас-адамдардың өзге адамдармен саяси, ғылыми, өнер арқылы, діни, адамгершілік және құқықтық қатынастар жасауы және оны дамутуы


Материалдық және рухани қатынастар өзара байланыста, осы байланыс қоғамның өмір сүруін, дамуын қамтамасыз етеді




Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап

Үйге тапсырма: Қоғам және қоғамдық қатынастар

Бағалау:





Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Адам.Қоғам.Құқық оқулығы жайында оқушыларға жан-жақты түсіндіру Дамытушылық:    Оқушының танымдық процестерін дамыту, оқулықтың қыр-сырымен таныстыру

Тәрбиелік:  Оқушыларға Конституция жайлы түсіндіріп, заңсыйлағыштыққа тәрбиелеу 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының конституциясы, оқулық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Жаңа сабақ:


Оқушылар енді сендер бір жылдан соң қалаған мамандықтарыңды таңдапбағдарлы мектептің немесе арнайы білім беретін оқу орындарының бірде оқуды одан әрі жалғастырады.Кейбіреулерінің бірден өндірістік еңбекке араласып қоғамнан өз орындарыңды тауып, өз беттерімен қызмет жасай бастайсыңдар. Қазірдің өзіннде сендерді мен кіммін өмірді қандай мұраттарға арнаймын деген сұрақтар толғандыра бастаса, сендерге ақыл-кеңесімен көмекке келер ата-аналарың, мұғалімдерің, достарың бар. Сонымен қоса сендерге әрқашан да көмекке келуге дайын тұратын, өздеріңді толғандыратын сұрақтарға жауап бере алатын, аса қадірлі тағы бір достарың бар екенін ұмытпаңдар. Ол-сендердің қолдарыңдағы Адам.Қоғам.Құқық оқулығы. Бұл кітаптан сендер адам, қоғам табиғаты туралы ез-келген саналы адам білуне тиісті ең қажетті кең таралған мағлұматтармен танысасыңдар.

Оқулықты жас ұрпақ өкілінің азаматтық және құқықтық қоғам құрылысына белсене араласатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың заман талабына сай меңгерген, айналада болып жатқан оқиғаларға қатысты өзіндік тұрғысы мен көзқарасы бар, өз Отанын шын сүйетін, саналы азамат болып шығуына септігін тигізетін білімдер қамтылған. Бұл оқулықтағы жинақталған білім сендердің өмірлік қызметтеріңді қанағаттанарлық дәрежеде атқаруға, қақтығысты және қайшылықты жағдайларда қалыптасқан ахуалды ғылмими тұрғыдан объективті дұрыс жол таба білуге көмектеседі.

Адамзат тарихы басынан өткерген ұзақ мерзім ішіндегі қоғамның даму заңдылықтарына, мәдени ерекшеліктеріне, қазіргі кездегі дүниежүзінде болып жатқан үдерістерге арнайы сипаттама берілді .

Қоғам ұғымы дүниежүзілік және Қазақстан қоғамына ажыратылып, қоғамның негізгі даму бағыты-экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық және мәдени-рухани өмір аяларына жіктеліп қарастырылады.

Адамның өмірі мен қызметіне қатысты материалдар-оқулықта қамтылған білім мазмұнының бастыларының бірі. Қоғам мен табиғат туралы мәселелердің қайсысында да болса да, олардағы негізгі ұғым ретінде адам мәселесі көрінсе беріп отырады, қоғамның мәдени-рухани аясы тақырыбында жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына мәдениеттің әсері мен мораль туралы мәселелер қамтылған. Адамның қоғамдық қызметінде және отбасында қажет болатын тәртіптері мен қалыптар да аталған тарауларда берілген

Ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқыны барған сайын үдей түсуде. Дүниежүзінің әрбір түкпірінен шығып жатқан ақпараттар ағынына ілесе білу, заман қарқынынан қалыспау үшін сендерге ең алдымен, мақсаттылық, ойдың айқындылығы, жетілдірілген білім мен белсенді әрекет керек.

3. Сабақты бекіту:

4. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып келу.

 5. Бағалау                    

  
















































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: Дзельбаева С.А.

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 1. Адамның пайда болуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: адам мәселесі деген кешенді ұғымның мәнін ашу; оқушыларды адамның жалпы сипатымен ежелгі қытай, үнді және грек философиясындағы адам туралы тұжырымдармен таныстыру:

Дамытушылық:  адам туралы діни тұжырымдарды талқылау; адамның бойындағы психологиялық, табиғи және әлеуметтік нышандармен таныстыру; адамның пайда болғаныны қазіргі кезге дейінгі аралықтағы эволюциясына көз жүгірте отырып, азамт қоғамның дамуы және келешегі туралы ой қозғау адамның мәніне көз жүгірту;

Тәрбиелік: оқушылардың санасына адами қасиеттерді ұялату:

Сабақтың әдіс-тәсілдері: аралас сабақ, сызбаны пайдалана отырып баяндау, таратпа материалдармен жұмыс жүргізу,әңгімелесу;

Сабақтың көрнекілігі: адамның бойындағы психологиялық табиғи және әлеуметтік нышандарды ажырата көрсететін сызба, сұрақтар жазылған таратпа материалдар, Қазақстан Республикасының конституциясы, оқулық .

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Жаңа сабақ:

Жоспар

-Адам мәселесі деп нені айтамыз?

-Адамның тегі қандай?

-Адам деп кімді айтамыз?

-Ежелгі үнді философиясы адам туралы қалай тұжырымдайды?

-Ежелгі қытай философиясы адам туралы қалай тұжырымдайды?

- Ежелгі грек философиясы адам туралы қалай тұжырымдайды?

-Исламның қасиетті кітабы Құранда адамның табиғаты жайлы қалай сипатталған?

-Адамның бойындағы биологиялық нышандар;

-Адамның бойындағы психологиялық нышандар:

-Адамның бойындағы әлеуметтік нышандар нышандар:

-Адам-қоғамдық-тарихи қызмет субъектісі;

-Адам мәдениетінің субъектісі;

-Адам микрокосмі; Қазіргі күйі болашағы

тәні

жаны



Адам мәселесі

мәніөмірі

рухани дүниесі шығу тегі

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде Саналы адам өкілі пайда болды. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез-келген саналы адам, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайоыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғұламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

  Жоғарыда айтқандай, адамның екі түрлі жаратылысы бар- ол биоәлеуметтік жан. Онда биологиялық сапа, қасиеттермен әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар. Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.

    Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам-көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда “жеке адам” және “тұлға”  ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз.  Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын  азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.

     Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.

    Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады.

     Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі.

    Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А.И.Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға,  тоқыраушы тұлға.

Адам және оның тегі туралы аңыздық түсініктер де алуан түрлі. Адам мәселесімен антропология, социология, психология, этнология, анатомия, физиология т.б ғылымдар айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Адам тәнилік пен руханилықты табиғилықпен әлеуметтік мұраға иеленгені мен өмірден қабылдағандарын бірлікте алаып жүретін пенде.

Сабақты бекіту:

-Ежелгі үнді философиясы адам туралы қалай тұжырымдайды?

-Ежелгі қытай философиясы адам туралы қалай тұжырымдайды?

- Ежелгі грек философиясы адам туралы қалай тұжырымдайды?

-Исламның қасиетті кітабы Құранда адамның табиғаты жайлы қалай сипатталған?

-Адамның бойындағы биологиялық нышандар;

-Адамның бойындағы психологиялық нышандар:

-Адамның бойындағы әлеуметтік нышандар нышандар:

-Адам-қоғамдық-тарихи қызмет субъектісі;

-Адам мәдениетінің субъектісі;

-Адам микрокосмі;

Үйге тапсырма: 1. Адам, Кестені толтыру Бағалау

Биопсихоәлеуметтік нышандар




Адамның бойындағы биологиялық нышандар;



Адамның бойындағы психологиялық нышандар




Адамның бойындағы әлеуметтік нышандар нышандар





















































Бағалау:
















Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 3. Әр адам-қайталанбас тұлға

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: даралық, жеке адам және тұлға ұғымдарының мәнін ашу, оқушыларды аталған ұғымдардың ортақ және оларды бір-бірінен алшақтатып тұрған ерекшеліктерімен таныстыру. Бұл ұғымдар хақында философия әлеуметтік психология ғылымдарының берген анықтамаларымен таныстыру.

Дамытушылық: адамның тұлға ретінде қалыптасу динамикасына көз жүгірту арқылы оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру ойларын өрбіту, оқушының өз бойындағы қабілетін ашуға, жан дүниесін яғни өзін-өзі білуге ұмтылысын дамыту.

Тәрбиелік: дара жаратылған адам ретінде өзін-өзі құрметтеу сезімін тәрбиелеу, адамдарды жеке тұлғалар ретінде қабылдау арқылы адамдарға түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауға тәтәрбиелеу, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Безендірумен түсіндіру тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Топтық жұмыс

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Қоғамнан қол үзген ересек адам қандай күй кешуі мүмкін?

2.Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстырыңдар?

3.Адамның бойындағы әлеуметтік нышандарға сипаттама беріңдер?

4.Ағылшын жазушысы Р.Киплингтің Мауглиі-ойдан сомдалған кейіпкер, “Джунгли кітабы” –романтикалық пайым ғана. Осы тұжырыммен келісесіңдер ме?

3.Жаңа сабақ:


Жоспар

1.Даралықтың сипаты.

2.Жеке адам ұғымы.

3.Әр адам-қайталанбас тұлға.

4.Тұлға.


Даралық деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез-келген өзге даралықтан мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз. Қазіргі замандық физика ғылымы әлемде екі абсолютті тең бөлшектің болуын жоққа шығарады. Қарапайым көзге бірдей болып көрініп тұрған нәрселердің құбылыстардың, үдерістердің ешқайсысында айнымайтын ұқсастық кездеспейді.

Дүние жүзінде қанша адм болса сонша даралық, сонша тағдыр, сонша тұлға бар. Адамдардың тағдырлары ұқсас болуы мүмкін, бірақ бірдей болуы мүмкін емес. Даралық-адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе, бұл жүйеде адамның тұратын және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесуі үндеседі қалыптасады. Тарихи даму барысында адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.

Жеке адам туралы ғылыми түсінік адамның қоғамдық қатынастардың жиынтығының көрінісі ретінде қатынастарын биопсихоәлеуметтік организм деген түсінік негізделеді. Жеке адам деп адамзаттың жеке өкілін қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.

Жеке адам мәні жағынан, әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болдады. Даралық оның өзіндік әлеміне айқындайды, өзіндік өмір жолын ерекшелейді.

Философияда тұлға-әлеукметтік даралық сапасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген.


Жаңа сабақ бойынша тапсырма

Оқушылар өз ойларын жеткізеді.

Тақырыбы: «Отбасы туралы ойларым»


  1. Сабақты бекіту: “ Менің өзгелерден ерекшелігім” шағын шығарма жазу.



Сұрақтар


1.Даралыққа сипаттама беріңдер?

2.Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін негіздеңдер?

3.Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?


4. Үйге тапсырма беру

2. Әр адам-қайталанбас тұлға

 5. Бағалау                    

  



































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 3. Адамның қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әрекет ұғымының мәнін ашу сипатымен тұрпатымен, түрлерімен таныстыру, адам әрекетінің мақсаты мен оған жеткізер құрал арасындағы қатынастарды мақсатымен оған жеткізер құрал арасындағы қатынастар ажырата білу.

Дамытушылық: әрекеттің мақсаттылығымен көңіл аудара отырып, оқушыны өз алдына дұрыс мақсат қоя қоя білуге, мақсатшыл болуға, мақсатқа жетуде табанды болуға, мақсатқа жеткізер құралдарды таңдауға бағыттау.

Тәрбиелік: Адалдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, таратпа материалдар, адамдардың әр түрлі әрекет үстіндегі суреттері.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау:


1.Даралыққа сипаттама беріңдер?

2.Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін негіздеңдер?

3.Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?


3.Жаңа сабақ

1.Қызметтің сипаты.

2.Адамның қызметінің мақсаты.

3.Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар.

4.Мотив.

5.Мақсат.


Жануарлармен салыстырғанда адам қызметінің мәні бөлек. Адамның тіршілігі өзінің субъектісі мен объектісінің белгілі дәрежеде бірінің-біріне қарсы қойылатындығымен ерекшеленеді. Адам өзіне материал ретіндегі қызмет объектісін қарсы қояды, ал объект адамның әрекетіне қарсы тұрады және жаңа форма мен қасиеттерді қабылдап, адамға қажетті өнімге айналады.

Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз.

Мақсат-қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.

Мотив-дегеніміз субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы, субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағытталған айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы, тұлғаның саналы қызметінің негізгі және себебі.

Дегенмен адамның өмірлік тіршілігі тек материалдық игіліктер жинауға арналмайтындғын естен шығаруға болмайды. Адамның қызметке ынтасын мотивтер оның рухани қажеттіліктерден туындауымен түсіндіріледі.

Керек десеңіз, адамға материалдық азықтан гөрі рухани азық көбірек қажет. Қазіргі адамдардың көркем өнерсіз, ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Ал адамның сезім дүниесіне қатысты қызметінің өзі бір ерекше әлем. Қазіргі заманғы философтар адамның қызметін тұтас үдеріс ретінде қарастыра отырып, адамдар арасындағы қатынасты да оның құрамдық құрауыштарының бірі деп санайды.

Сабақты бекіту:


  1. Қызметтің тұрпаттары мен түрлері қандай?

  2. Жануарлардың тіршілік әрекеттері мен адамның іс-әрекеті арасындағы мәнді айырмашылықты көрсетіңдер

  3. Адамның іс-әрекетіне себепші болатын факторларды атаңдар.


4. Үйге тапсырма беру


 5. Бағалау                    













































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 2. Адамның өмірінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамның бойындағы қабілет, дарын, жад.зият ұғымдарының мәнін ашу.

Дамытушылық: әр оқушының ой-өрістерін, қабілеттерін, сана сезімін дамыту:

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әдістемелік құрал, Қ.Р. Конституциясы, оқулық т.б.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау


  1. Қызметтің тұрпаттары мен түрлері қандай?

  2. Жануарлардың тіршілік әрекеттері мен адамның іс-әрекеті арасындағы мәнді айырмашылықты көрсетіңдер

  3. Адамның іс-әрекетіне себепші болатын факторларды атаңдар.


3.Жаңа сабақ

Жоспар

1.Қабілет

2.Дарыннның сипаттамасы

3.Адамның зияттық ресурстары

4.Жад және оның мүмкіндігі

6.Зият


Қабілет- дегеніміз тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын жемісті жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара-психологиялық ерекшелігі.

Дарын деп жаңалығымен жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшелінетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.

Канадалық фотофизиолог Селье ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру кітабында Атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар деген тұжырымға келген екен.Демек теориялық тұрғыдан қарағанда адамның миы шексіз.

Физиологтардың жорамалдауынша адамның миы 15 млрд жүйке клеткаларынан және нейрондардан тұрады. Қарапайым адамдар соның 4 % ғана жұмсайды екен. Ал психолог асқан ұлы ғалымдар соның 7-8 % ғана жұмсайда екен. Адам тәрбие мен білімді қатар алып жүретін болса 30 томдық энциклопедия және 5-6 тілді қатар меңгеріп алуына мүмкіндігі бар.

Жад қызмет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау үдерісі.

Зият адамның ойлауға тануға рационалды қабілеті. Жалпылама алғанда бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады.

Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы тұлғаның дара типологиялық даму ерекшеліктерін зерттейтін теорияда қолданылады. Адамның зияттылығын айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффициенті делінеді.

Жануарлармен салыстырғанда адам қызметінің мәні бөлек. Адамның тіршілігі өзінің субъектісі мен объектісінің белгілі дәрежеде бірінің-біріне қарсы қойылатындығымен ерекшеленеді. Адам өзіне материал ретіндегі қызмет объектісін қарсы қояды, ал объект адамның әрекетіне қарсы тұрады және жаңа форма мен қасиеттерді қабылдап, адамға қажетті өнімге айналады.

Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз.

Мақсат-қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдарды пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.

Мотив-дегеніміз субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы, субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағытталған айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы, тұлғаның саналы қызметінің негізгі және себебі.

Дегенмен адамның өмірлік тіршілігі тек материалдық игіліктер жинауға арналмайтындғын естен шығаруға болмайды. Адамның қызметке ынтасын мотивтер оның рухани қажеттіліктерден туындауымен түсіндіріледі.

Керек десеңіз, адамға материалдық азықтан гөрі рухани азық көбірек қажет. Қазіргі адамдардың көркем өнерсіз, ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Ал адамның сезім дүниесіне қатысты қызметінің өзі бір ерекше әлем. Қазіргі заманғы философтар адамның қызметін тұтас үдеріс ретінде қарастыра отырып, адамдар арасындағы қатынасты да оның құрамдық құрауыштарының бірі деп санайды.


Сабақты бекіту:


1.Қабілет,дарын, зият ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды атап көрсетіңдер.

2.Мектеп баланың бойындағы қабілетті аша ала ма?

3.Қабілет дегеніміз не?

4. Дарыннның сипаттамасы

5.Адамның зияттық ресурстары

6.Жад және оның мүмкіндігі

7.Зият

4. Үйге тапсырма беру

 5. Бағалау                    













































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 2

Тақырып: 5-6 Өмір және оның мәні

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Өмір және оның мәні туралы оқушыға жалпы түсініктер беру арқылы білім көлемін кеңейту

Дамытушылық:    Оқушының танымдық процестерін дамыту, өзін-өзі еркін ұстауға баулу, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.

Тәрбиелік:   Оқушыларды кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр жеке оқушы үнемі өз-өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:   дәстүрлі

Сабақтың әдісі:   Түсіндірмелі, баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау

Пәнаралық байланыс:   Әдебиет,  әдеп,  құқық,  халықтық педагогика,  психология

Сабақтың көрнекілігі:    оқулық, суреттер 

Сабақтың барысы: І.  Ұйымдастыру кезеңі

 -Сәлемдесу;

 -Түгелдеу;

 -Даярлау

 ІІ.  Негізгі бөлім

-Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушыға қойылатын сұрақтар

1. Осы параграфтағы мағлұматтармен танысқаннан кейін өздеріңнің қабілеттерің туралы пікірлерің өзгерді ме?

2.  Қабілет дарын және зият ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды атап көрсетіңдер

3.  Баланың бойындағы қабілетін ашуда мектептің атқаратын рөлі қандай?

ІІІ.  Жаңа сабақ

Ж о с п а р

1.  Өмір, өмірдің мәні туралы түсінік

2.  Бақыт және махаббат туралы әртүрлі ұғымдар

3.  Суицид адасу мәселелері

4.  Оқушылардың пікірі

 1) Өмірдің мәні «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,толғанбайтын,мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар.Олай болса,біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

             Ұлы Абайдың  жас ұрпаққа: «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине,бұл жерде өз атынан лайық, ізгі, мейірімді өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын,өмірден кеткен соң артына жақсы сөзімен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Өмір 1. Алланың ең қымбат сыйы

             2. Көк аспан мен жарық күн                                                   

             3. Ұзақ жол

             4.  Қуаныш пен қайғы                                                     

             5. Ащы мен тәтті

 Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп,артына игілікті мұра қалдыра ала ма?     Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял,орындалмайтын арман емеспе? Менің өмірлік тұрғым басқа,- дейді біреулер ,- өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында  сайран салу керек. Аузың барда асап қал. Киін. Сауық құр. Қайсысы дұрыс?

 Қандай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе – ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден оңды нәтиже шыға қояр ма екен? Дүниежүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікірі алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

  2) Өмірдің мәні туралы айтқанда,біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

            Адамның өзінің болмысының шарттарымен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моралдық сана-бақыт болып табылады.

Бақыт    1. Балалық

 2.  Кәсіби деңгейінің щыңына шығуы                                                       

 3.  Еңбектің жемісі

 4.  Қызықты еңбек жолынан өту                                                                                                                                                                            

 5.  Бейбіт өмір

Бақыт мұраттың сезімдік – эмоциалық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты обьективті жағдайда немесе адамның субьективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті – бағалық сипат алады.  Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуге байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи және ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моралдьдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иілік ететін құқығы есептелінген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.

 Қазір бүкіл прогрессшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық ұстанымдар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратыны болуы керек .Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесі бақытынан құралады.

Қатардағы адамның түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жаныңа жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына белгілі деңгейде орныққан. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол,еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің қошын табу – әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.   

            Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Мысалға , «Кім көп еңбек етсе,бақыт соған қонады» Леонардо да Винчи. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысу, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп,мол тәжірибе жинап, кәсіби деңгейдің шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көру – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның  зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында достары мен туыстарының арасында тату тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

          Бақыт деген – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақыт болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

 

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро – эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян Сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға да дайын еді.

            Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын әрекетерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдер де аз болмаған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Жұптасып өмір сүруге ұмтылу о бастан тек адамдарға ғана тән, табиғи сонысымен де заңды құбылыс. Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келеді және бұдан былай да бола береді. «Махаббатсыз дүние бос» дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүруің осы факторына сүйенің айтса керек.

            Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығына немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін.

Адасу  1. Достар арасынан

 2. Жалғыздық

 3. Іштей құлазу

 4. Өзін өзі өлтіру                  

           Адамның өзін – өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі – бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі – қоғамдағы әділетсіздіктің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді. Осындай жағымсыз әрекеттерге себепші болатын нәрсе күнделікті аулақ болыңдар деп жүретін зиянды әдеттеріміз арақ, темекі, есірткі болып табылады.

          Құран Кәрімнің аятында былай делінген:

          «Дінімізге үлкен мән берілген нәрсенің бірі кісінің өзін өзі өлтіруі. ЖАН – адамға берілген Аллах Тағалланың аманаты. Жанды берген Аллах Тағалла, уақыты жеткенде қайтып алады. Өзін – өзі өлтірушілер Аллах Тағалланың аманатын сақтай алмағаны үшін әрі аманатқа қианат жасағандықтан күнәлі болады. Өзін-өзі өлтірген адам ешкімде жақсы көзбен қарамайды. Тіпті ондай адамдарға жаназа оқымасын деген сөз бар. Адам қандай да бір ауыр жағдайда тұрса да, қайғы жұтып, қиналып, азап шексе де өзін-өзі өлтіру дұрыс емес. Мұндай жағдайда иманы толық адамдар мұсылмандық сабырмен табандылық таныта отырып, өзін аман алып шығуға себепші болады» делінген.

Олай болса, мұндай жаман істен бойымызды да аулақ салғанымыз дұрыс. Себебі сен жалғыз емессің. Сенің ата-анаң, достарың, ұстазың, сыныптастарың бар. Қай уақытта болмасын бұлттан кейін жадырап күн шығады. Әр уақытта мұңайудан кейін қуаныштың болатынына сенуің керек.

          Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы  Николай Островский «Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек» деп жазған еді.

           Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Қолда барды бағалай білейік!

            ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары

Өмірдің мәні неде?

«Бақыт» дегенді қалай түсінеміз?

Адасу туралы ой-пікір

Махаббат туралы түсінік

           Ү. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып келу.

      ҮІ. Бағалау                    

            ҮІІ. Қорытынды                             

































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________


Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З


Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.


Сағат саны: 1


Тақырып: Қайталау.


Мақсаты:


Білімділік: Тарау бойынша өткен сабақтарды оқушылардың санасына берік қалыптастыру.


Дамытушылық: Ауызша сұрақтарды таңдату арқылы білімдерін жетілдіру.


Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, заң сыйлағыштыққа, ұлтжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының конституциясы, ауызша сұрақтар, әдістемелік оқулық.


Әдіс-тәсіл: Аралас сабақ, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ауызша баяндау.


2.Ауызша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұрау.


Ауызша сұрақтар




1


2



3

4

5

6


7

8

9






3. Ата заң асқақ үміт - аппақ мақсат тақырыбында шағын эссе жазу.

3-4 оқушыға оқыту


Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап


Үйге тапсырма: 2 тарау.Қоғамдағы адам тарауына шолу жасау.


Бағалау:















































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 8. Адамдар қауымдастықтарының формалары

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адамдар қауымдастықтарының формаларын түсіндіре отырып білімдерін жетілдіру кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, білімге деген қызығушылығын дамыту:

Тәрбиелік: оқушыларды елін халқын сүюге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: аралас, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының конституциясы, оқулық карточка.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау:

3.Жаңа сабақ.

Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары. Қоғам-көп қырлы,м объект. Сондықтан оны зерттеу әдістері де алуан түрлі. Солардың бірі- адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қалыптастыру. Бұл тұрғыдан қарай отырып, біз адамдардың алғашқы туыстық белгілері бойынша бірігулерінен қазіргі ірі ұлт деңгейіне дейінгі өсу динамикасын зерттеп білеміз.

Адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи формаларын: ұлтқа дейінгі және ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Бұл екі формаға тән ортақ белгілері және ұстанымды айырмашылықтар бар.

Ұлтқа дейінгі адамдар қауымдастықтарының орнықсыздығы олардың өзге қауымдастықтармен қосылып кетуінен, қосылған кезде аз санды қауымдастықтың өзіне тән қасиеттерінен тез айырылып қалуынан , көп санды қауымдастықтың тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, шаруашылық жүргізу тәжірибелерін игере отырып, өздерінің басым топқа сіңіп кетуінен көрінеді.

Ру- туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастықтарының өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы. Ол ежелгі адамдардың экономикалық қатынастарын арқау ете отырып қалыптасады.

Ананың, кейінірек атаның айналасына жиналып өмір сүруді білдіретін матриархат және патриархат ұғымдары бар. Ру қауым мүшелерін тұтас топқа шоғырландырды, отбасылық қатынастарды реттеді, балаларды бірлесе асырау және тәрбиелеу арқылы еңбекке, әлеуметтік қатынастарға жарамды ұрпақтың өсіп шығуын қамтамасыз етті.

Тайпа-адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның түзілуіне рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны көсемдері, ақсақалдары басқарды, белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ тілі, дәстүрлері болды. Мүліктік теңсіздіктің шығуы, ақсүйектердің халық бұхарасынан ажырауы, қолбасылар рөлінің артуы тайпаның ыдырауына себеп болды.

Ұлыс- адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттық түзілімінің алдынғы баспалдақта тұрған сатысы.

Ұлт-белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі мәдениеті, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы.

Халық. Қазақстан халқы дегенде, біздің ойымызға республика аумағын мекен еткен қазақ ұлтының және одан өзге этностар мен диаспоралар өкілдерінің жиынтығы оралады. Бұл жерде халық және тұрғын ұғымдарымен теңестіруге болмайтынан ескеру керек . Тұрғындар деп алынып отырған әкімшілік бірлікте тұрып жатқан адамдардың тұтас жиынтығын алатын болсақ, халық ұғымына бірқатар сапалық қасиеттер кіреді.

Халық деп белгілі бір географиялық ортада тұрып , әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.


Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап

Үйге тапсырма: 8. Адамдар қауымдастықтарының формалары

Бағалау:

















































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 9. Мемлекет

Мақсаты:

Білімділік: мемлекет ұғымының мәнін ашу;мемлекеттің түрлерін оның аумағы мен халқының санына қарай ажырату; тарихи тұрпаттарын өркениеттік тұрғыдан салыстыру; қоғамдық өмір аялары ұғымының мәнін түсіндіру:.

Дамытушылық: қоғамның дамуын оның маңызды буыны-мемлекеттің дамуы мысалдарымен түсіндіре отырып, қоғамдық сананың жетілуіне әсер ету;

Тәрбиелік: қоғамдық саналыққа, демократизмге, идеяларына тәрбиелеу; .

Сабақтың әдіс-тәсілдері: аралас сабақ, безендірулерді пайдалана отырып түсіндіру, оқушылардың өздеріне жұмыс істету.

Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттің түрлері мен тарихи тұрпаттары ,қоғамдық өмір аялары атты сызбалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары.

Ру

Тайпа

Ұлыс

Ұлт

Халық


.

3.Жаңа сабақ

Мемлекеттердің аумағы мен халқының санына қарай түрлерге бөлінуі

Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт



Иеленген аумағына қарай



Халқының санына қарай

Ірі мемлекеттер





Шағын мемлекеттер



Ірі мемлекеттер





Шағын мемлекеттер

Жоспар


1.Мемлекет ұғымы

2.Мемлекеттің түрлері

3.Мемлекеттің тұрпаты

4.Қоғамдық өмір аялары

Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы


Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даиу үдерісінде саясатшылар түрліше бағаланып келеді.




Қоғамдық өмір аялары




Қоғамдық өмір аясының мазмұны

Қоғам өмірінің экономикалық аясы



Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы



Қоғам өмірінің саяси аясы



Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы



Сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап

Бағалау

























Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 10. Өркениет ұғымы. Шығыс және Батыс өркениеттері

Мақсаты:

Білімділік: өркениет ұғымының мәнін ашу, Шығыс өркениеті, Батыс өркениеті, көшпелілер өркениеті туралы түсінік.

Дамытушылық: көшпелілер өркениеті өкілдерінің ұрпақтары туралы ой өрбіту, өркениеттік тұрғыны қалыптастыру;

Тәрбиелік: өркениеттік сананы жетілдіру .

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілігі құралды пайдалана отырып баяндау

Сабақтың көрнекілігі: карточка, ойлан тап ойыны, өркениет ұғымын ашатын сызба.

Мемлекеттің түрлері мен тарихи тұрпаттары ,қоғамдық өмір аялары атты сызбалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Ауызша баяндау

Ойын және карточкалық сұрақтар

1.Мемлекет ұғымы

2.Мемлекеттің түрлері

3.Мемлекеттің тұрпаты

4.Қоғамдық өмір аялары

5.Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы

Жаңа сабақ

Жоспар

1.Өркениет ұғымы

2.Шығыс өркениеті

3.Батыс өркениеті

4.Көшпелілер өркениеті

5.Номадизм

Мәдениет және өркениет

Мәдениет

Өркениет

Айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға және шыңдауға бағытталған адамзаттың гуманистік, шығармашылық қызметі

А)Қоғамның материалдық-техникалық жетістігі

Ә)қоғамның әлеуметтік түзілімі

Б)қоғамның ішкі ұйымдасуы мен негізі







Өркениет дегенде, алдымен мәдениет ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып келді.

Өркениет деп белгілі бір елдер мен халықтардың тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін айтамыз.

Шығыс өркениеті. Өркениеттер арасынан тарихшылар әлемнің әр өңірінде, дамудың түрлі кезеңдерінде өмір сүрген елдерді немесе елдер топтарын бөліп алып қарастырады. Олардың ішінде Шығыс өркениеттеріне Ежелгі Үндістанды, Қытайды Вавилонды, Египетті және Шығыстағы мұсылман мемлекеттерін құрайтын топтар жатады.

Батыс өркениеті. Б.з.д. 8-6 ғасырларда Грекияда өзгеше ақша айналымы жүйесі, нарық және саяси ұйымдасудың негізгі формасы- полис қалыптасты

Көшпелілер өркениеті .Қазіргі қазақтардың және Орталық Азия мен Еуропаның шығысын мекен еткен өзге түркі тілді халықтардың бірқатарының ата-бабалары – көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл кәсіпті олар өздерінен бұрын өсүрген сақ, ғұн тайпаларынан, кейін түрлі аттармен түрлі тармақтарға ыдырап, жеке ұлттардың негізін құраған түркі тайпаларынан мұра ретінде қабылдаған.

Үйге тапсырма

Сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап

Бағалау



































Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып: 9-А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е,Ж,З

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: 11. Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет.

Мақсаты:

Білімділік:Өткен сабаққа шолу жасай отырып, жаңа сабақты түсіндіру .

Дамытушылық: Дәстүрлі және мәдениет ұғымдарының мәнін ашу;

Тәрбиелік: Тақырыпқа байланысты тәрбиелік мәні бар тақырыпшаларды айту .

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілігі құралды пайдалана отырып баяндау

Сабақтың көрнекілігі: карточка, ойлан тап ойыны, оқулық, Қазақстан Республикасының конституциясы. Т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Жоспар

1.Өркениет ұғымы

2.Шығыс өркениеті

3.Батыс өркениеті

4.Көшпелілер өркениеті

5.Номадизм


Жаңа сабақ.

  1. Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар

  2. Индустриалдық қоғамдар

  3. Қазіргі заманғы өркениет

  4. Қоғам және табиғат

  5. Экология

  6. Биосфера

  7. Табиғатты қорғайтын ұйымдар

Адамзат өркениеттері тарихи дамуы жағынан алып қарағанда:дәстүрлі, индустриялық және постиндустриялы қоғамдар болып бөлінеді.

Жоғары құрылымдық орнықтылығы және әлеуметтік мәдени реттелуі дәстүрге негізделгендіктен, егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады.

Демек, дамуының сапалық қасиеттері тұрғысынан алып қарағанда, дәстүрлі қоғамдарға индустрялы қоғамға дейінгі кезеңіндегі аграрлық тұрпаттағы қоғамдық укладтары бар елдер кіреді.

Индустриялы қоғам дегеніміз-қазіргі заманғы дамыған қоғамдардың шығуын және сипатын айқындауға қолданылатын, оларды дәстүрлі қоғамдардан бөліп көрсететін, капиталистік қоғаммен қатар аталатын екі негізгі категорияның бірі-өнеркәсіп қоғам ұғымын білдіреді.


Өнеркәсіпті қоғамда әлеуметтік топтардың еркін жылжуы нәтижесінде қатаң сословиелік кедергілер кейінге ысырылып, адамдардың жаппай білім алуына жол ашылды.Тапаралық қақтығыстар бұрын болып көрмеген жаңа әдістермен – құқықтық жолмен шешіле бастады.Еңбек шарттарының жалпыға бірдей формалары пайда болды.Тұрғындардың бәріне бірдей саяси –азаматтық құқықтар –саяси партияларға бірігу, дауыс беру құқықтары берілді.Монархиялық билікті шектейтін, заң шығарушы жоғары органы парламенті бар,ұлттық либерал-демократиялық мемлекеттер қалыптасты.Қазіргі заманғы өркениет.Қазігі заманғы өркениет деп ХХ ғасырдың екінші жартысынан – ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы өркениетті айтамыз.Қазіргі замандық өркениеттің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына,сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:

-дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;

-дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;

-дүниежүзілік демографиялық ахуалды,халықтардың қоныстануын реттеу;

-ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;

-экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арсындағы алшақтықты қысқарту.

Табиғат адамдар қолданатын заңдардан тыс,стихиялы дамиды.Ал қоғам – мәдениетті жасаушы шығармашылық күш.Қоғам мен табиғат арасындағы арақатынас осыдан туындайды.





























Экономика ұғымы



Адамның қажеттіліктері. Кез келген адамға қалыпты өмір сүру және даму үшін белгілі бір материалдық игіліктер қажет.Олардың қатарына:азық,киім,баспана, көлік,т.б. жатады.Сонымен қатар адамның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі.Оған өзге адамдармен жүздесу,танысу,сыйласу,сүйіспеншілік сезімдері де тән.Осының бәрін біз қажеттілік дейміз.Қажеттіліктер адамның қалауын,эмоциясын, ойы мен еркінің бағыттарын айқындай отырып,оны белсенді әрекетке итермелейді.

Қажеттілік – организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағаттандыруымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталған күй.Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектіліп қалмайды.Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отыралы.Белгілі американдық ғалым А.Мослоу адамның қажеттіліктерінің құрылымын мейлінше айшықты аңықтап берді.Ол ұсынған жүйе бойынша адамның қажеттіліктері бес топқа бөлінеді және маңыздылығының өсуіне сай ретпен орналасады.Олар мыналар:

1) Физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөл,демалыс);

2) Өзін қорғау қажеттілігі (қауіпсіздік,қорғану);

3) әлеуметтік қажеттіліктер адамдармен (қарым-қатынас,билік,махаббат);

4) тұлға ретінде танылуы қажертілігі (мәртебе, бедел);

5) өзін көрсету қажеттілігі (өзін-өзі дамуы,ойы мен санасындағыны жүзеге асыруы).

А.Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы













А.Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы

Қажеттіліктердің бұл құрылымының мәні адамның өзін-өзі ұстау тактикасымен тығыз байланысты. Әр адам, ең алдымен,өзінің алғашқы, басым қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады.Осыған қолы жеткен кезден бастап қажеттіліктің бұл түрі адамның әрекеттіндегі қозғаушы мотив болудан қалады.Алдыңғы лекке маңыздылығы жағынан келесі қажеттілік шығады.

Нарықта айырбас жасаудың нәтижесінде өзінің қалауына қол жеткізем отырып, адам өзін уақытша қанағаттандыратын, сонан кейін жаңа қажеттіліктерді тудыратын тура тұтынынушылығын іске асырады.Енді ол өзінің жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыратын игілік үшін тағы бірдеңені өндіруге кіріседі.

Экономика.Экономика (грек .оikonomia- шаршашылық жүргізу) ұғымы алғашында «үй шаруашылығын жүргізу туралы заң» дегенді білдірген.Еңбек бөлінісі мен мамандандырудын пайда болып,дамуы мен материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелсіздікке түседі.Еңбек бөлінісінің дамуы жоғарылған сайын, олардың арасындағы тәуелсіздік те күшейе түседі.Өндіріс және өндіріс факторлары.Өндіріс- өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғарту үдерісі.Кез- келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек.Экономика тілінде өндіріс факторылары деп аталатын бұл төрт элемент,тиісінше:жер,капитал,еңбек және кәсіпкерлік ұғымдармен белгіленеді.Жер ұғымы бұл жерде кәдуілгі біз аяқ басып жүрген жерден басқа өндірісте қолданылатын табиғи ресурстардың бәрін сиғызады.Капитал-өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған,адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен өндіріс құралдарының жиындығы.Капитал ақша қаражаты ретінде қолданылуы мүмкін.Еңбек дегеніміз-адам ресурсы,былайша айтқанда,жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі. Кәсіпкерлік –адамның өндірісті ұйымдастыру қабілеті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адамны? пайда болуы.

Автор: Дзельбаева Сымбат Абдыказыевна

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267869

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Адамның пайда болуы"
    ["seo_title"] => string(19) "adamnyn_paida_boluy"
    ["file_id"] => string(6) "446909"
    ["category_seo"] => string(5) "pravo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514353841"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "ал?аш?ы адамны? пайда болуы"
    ["seo_title"] => string(25) "algashkyadamnynpaidaboluy"
    ["file_id"] => string(6) "289221"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454762162"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "6-сынып  Адамзатты? пайда болуы "
    ["seo_title"] => string(30) "6-synyp-adamzattyn-paida-boluy"
    ["file_id"] => string(6) "233734"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443199951"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Д?ниетану саба?ынан "Тіршілікті? пайда болуы" та?ырыбына саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(73) "duniietanu-sabag-ynan-tirshiliktin-paida-boluy-tak-yrybyna-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "115432"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411988968"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Адамны? шы?у тегіні? д?лелдемелері "
    ["seo_title"] => string(42) "adamnyn-shyg-u-tieghinin-d-lieldiemielieri"
    ["file_id"] => string(6) "177526"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424677659"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства