Сабақтың білімділік мақсаты: 1917 жылғы Қазан революциясы негізінде пайда болған кеңестік диктатура еңбекшілердің мүддесін білдіретін жаңа қоғамның орнауына, басқарудың әміршілдік – әкімшілдік әдісінің қалыптасуына, қоғам дамуында тоталитарлық жүйесінің пайда болуына негіз болғандығын тарихи деректерге сүйеніп талдау. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін, ізденіс қабілеттерін, қорытынды дәлел айта білетін мінез – құлықтарын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын білуге, өз елін сүюге, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің картасы, тірек – сызбалар, қосымша көмек материалдары,слайдтар Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зерттеу, тарихи деректерді сөйлету, пікірталас.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«1921 – 1939 жылдардағы КСРО»
Дияров Мирбулат Мрадымович
БҚО Білім басқармасы,
«Ақсай техникалық колледжі» МКҚК ,
тарих пәні оқытушысы
Сабақ «1921 – 1939 жылдардағы КСРО
Сабақтың тақырыбы: 1921 – 1939 жылдардағы КСРО
Сабақтың білімділік мақсаты:
1917 жылғы Қазан революциясы негізінде пайда болған кеңестік диктатура еңбекшілердің мүддесін білдіретін жаңа қоғамның орнауына, басқарудың әміршілдік – әкімшілдік әдісінің қалыптасуына, қоғам дамуында тоталитарлық жүйесінің пайда болуына негіз болғандығын тарихи деректерге сүйеніп талдау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін, ізденіс қабілеттерін, қорытынды дәлел айта білетін мінез – құлықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын білуге, өз елін сүюге, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің картасы, тірек – сызбалар, қосымша көмек материалдары,слайдтар
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зерттеу, тарихи деректерді сөйлету, пікірталас.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Миға шабуыл»:
Ресейдегі революциялардың ұлттық қатынастарының одақ болып қалыптасуының басты себебі болғандығын қандай оқиғамен дәлелдейсіңдер?
Жауап: 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін Ресей халықтарының әлеуметтік және ұлттық құлдықпен күрестегі мүдделерінің біржақтылығы социалистік революцияда, азамат соғысында олардың бірлік, күш – қуаты топтасты.
КСРО қашан құрылды?
Жауап : Азамат соғысы біткен соң, ұлт мәселесін шешіп, бір одаққа енгізу қажет болды.1922 жылы кеңестік республикаларда Кеңестер съезі шақырылып, КСРО –ны құру жөнінде шешімдер қабылданды. КСРО – 30.12.1922 ж. құрылды.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары:
Кеңес тәртібі орнағаннан кейінгі билік жүйесі.
Қазақстанның тоталитарлық жүйені нығайту кезіндегі ахуалы.
Халықтың ауыр тұрмысы
Карта – сызбамен жұмыс:
Билік пирамидасы (Н.Ежов, Ф Голощекин, И.В.Сталин)
Атқарушы буын – И.В.Сталин
1. «Сталинизм» деген не?
- жалпыүкіметтік монополиялық идеология;
- террорлық, заңсыз, қадағалаусыз үкімет;
- барлық қарулы күштер, қарудыигеру арқылы басқару;
- адамзаттық еркіндікті жою.
2. Н.Ежов / Қазақстанға 1923 жылы Семей губерниялық комитетінің хатшысы/
3. Ф.Голощекин /1925 ж. өлкелік партия комитетінің жетекшісі/
Ф.Голощекиннің саяси бет – бейнесі:
Казақтардың көшпелі өмірін олардың үйреншікті әдеті ретінде санауы;
көшпелі тұрмыс жағдайында малдың азаюын заңдылық деп санауы;
таптық күрес болуы мүмкін, олай болса айдауға жіберу шарасы қолданылуы заңдылық деп санауы.
Топпен жұмыс (дәлелдеу)
Елді қайта құру жолындағы қажырлы және үлкен үмітке толы еңбек туралы
Ауыр, жазықсыз жазаланған миллиондаған адамдардың тағдыры туралы
Атқарылған істердің жетістіктері мен кемшіліктерін атап өту.
1922 жылы социалистік құрылыстың нақты талаптары мен саяси басшылықтың оған жауап беруге қабілеттілігі арасындағы үйлеспушілік барған сайын сезіле бастады. Соған байланысты шаруашылық дағдарыстар әлеуметтік дамуға кедергі келтірді.
1929 жылы Орталық Комитеттің ауыл шаруашылығы басшысы В.И.Молотов кейіннен Халық комиссарлар кеңесін басқарды. Сталиннің «оң қолы» болды.Күштеп ұйымдастыру идиологтарының бірі болды.
1932 жылы КСРО –да төлқұжат жүйесі енгізілді. Колхозшылар төлқұжат алған жоқ, олар тек ауылдық кеңесте жүргізілген тізімдер бойынша есептелді.
Топпен жұмыс (Кесте толтыру)
Мемлекет басқару кезіндегі И.В.Сталиннің жіберген қателігі мен жетістігі
Жетістігі
Қателігі
КСРО Конституциясының қабылдануы 31.01.1924ж
1.Әкімшіл – әміршіл саясат
Сауатсыздықпен жаппай күрес – 1937 ж
2.ЖЭС – тың іске аспауы
Халық ағарту ісінің дамуы.
3.Ауыл шаруашылығы есебінен өндірісті дамыту
Ұлттық кадрлардың өсуі.
4.Ауыл шаруашылығының күйреуі.
Индустрияландыру
5.Жаппай ұжымдастыру.
Өнеркәсіп салаларының пайда болуы.
6.1932-1933 ж.ж. «Ұлы жұт»
Жұмыссыздықпен күрес.
7.1937-1938 ж.ж.қуғын - сүргін
КСРО – ның негізгі заңы, 1936 ж
8.КСРО – Фин соғысы (1939-1940)
«Ұлттық кіріс» 1937 ж. Қабылданды
9.Әскери мамандардың қуғынға түсуі.
Ұлы Отан соғысы кезінде ұйымдастырушылық шеберлігі
10.1930 ж.Лагерьлер өлкесі
Жапонияның тізе бүгуіндегі саясаты.
11.Зиялы топтың қудалану кезеңі
Карточкалық жүйенің жойылуы
Шаруашылық дағдарыстар
Тоталитаризм жүйесі
(Деректер не дейді?)
XX ғасыр – “Қанды ғасыр» деген атпен тарихта қалды.
(Тақтаға 1930-1941 жж. Лагерьлерде айдауда болғандар санының динамикасы ілінеді)
Жылдар
1 қантарға шаққанда (адам )
Бір жылдағы орташа саны (адам)
1930
1931
1932
1933
1934
1935
1936
1937
1938
1939
1940
1941
179 000
212 000
268 700
334 300
510 307
725 483
839 406
820 881
996 367
1317 195
1344 408
1500 524
190 000
245 000
271 000
456 000
620 000
794 000
836 000
994 000
1331000
1340 000
1400 000
1560 000
Хронологиялық диктант
Қазақстанда репрессия құрбандары саны көбейе түсті. 1920 – 1953 жылдардағы саяси репрессия құрбандарының саны 102 мың адам болды. Бүгінгі таңда оның 90 мыңдай адамы ақталды. 1934 – 1938 жылдары 30387 коммунистер айдалып, оның 25 833 партиядан шығарылды. 1935 – 1938 жылдары 8,5 мың адам «халық жауы» болып жарияланды. Осылайша «сталиндік машина» елді тотальды қорқынышты ұстау үшін күні – түні жұмыс істеді. Олардың қатарында ақын Мағжан Жұмабаев, ағартушы, лингвист, аудармашы Ахмет Байтұрсынов, драматург Жүсіпбек Аймауытовтар болды.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Қазақстандағы тоталитарлы жүйенің нығаюы кімдердің есімдерімен байланысты?
1921 – 1939 жылдардағы қазақтардың көшпелі тұрмысындағы өзгерістер туралы не білдіңдер?
Репрессияның құрбандарын атаңдар?
Қазақстандағы салық түрлері?
Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстар туралы не білесіңдер?
Қорытынды.
Кеңес тәртібі орналған соң Қазақстан биліктің көптеген әлеуметтік – экономикалық сынау сахнасына айналды. 1920 жылдарының екінші жартысынан кейін мемлекет экономикалық және саяси қысымнан азғана есін жиған соң тоталитарлы жүйенің күшейтуіне жаңа экономикалық саясат идеологиясынан шегінеді.