Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан»
Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған мектеп интернат
тарих пәнінен машықтанушы Хамит Бейбіттің
9 «Б» сыныбында өткізген ашық сабағы
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан»
(Конференция)
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Тәуелсіздік алмай тұрған кездегі елдегі болған өзгерістерді. Сол уақытта болған ел ішіндегі оқиғалар мен құрылған ұйымдардың атқарған қызметімен маңызын түсіну..
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ізденімпаздылыққа жетелеу, өз ойларын еркін айтуға және бірін-бірінің пікірлерін құрметтеуге үйрету; дүниетанымын және өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды сол кездегі болған оқиғаларға әділ баға беру арқылы потриоттық сезімін тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Қызығушылығын ояту. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айтып өту.
Конференция жоспар:
Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы (Үй тапсырмасы).
Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы (Жаңа сабақ).
Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы кезең бойынша оқушылар өз ойларын толық шеткізіп, сол кезде талдау жасау арқылы қазіргі Қазақстан құрылуына арналған алғашқы қадамдарды сипаттайды. Осы кезеңде қаралатын мәселелер.
Кадр саясаты
Тіл саясатының жаңаша жүргізілуі
Қайта оралған есімдер
Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы кезеңі барысында оқушыларға видеолар көрсетіледі. Оқушылардың сол кез жайлы өздік ой пікір қалыптастыруға жағдайлар жасап, толыққанды әрі ашық баға беруіне ықпал етеді. Осы кезеңде қарастырылатын мәселелер:
Халықаралық саясаттағы бәсеңдіктің КСРО-ның ішкі саясатына әсері
Қоғамдық – саяси бірлестіктердің құрыла бастауы
Қарағанды шахтерлерінің ереуілі
Жаңаөзен оқиғалары
1991 жылы Оралда болған оқиғалар
Қонақтарға сөз беріледі. Мұғалімнің қорытынды сөзі.