Отандық тарихты оқытудағы ұлттық ұстанымдар мәселелері
Отандық тарихты оқытудағы ұлттық ұстанымдар мәселелері
Бүгінгі таңда бүкіл елімізде жүріп жатқан ұлттық мемлекетті нығайту жолындағы игі істер, жаңалықтар өте көп. Солардың ішінде ең бастысы əрбір халықтың тарихын, тілі мен əдебиетіне, мəдениетіне, əдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау мəселесі болса керек. Міне, осындай қамқорлықтың бір көрінісі 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес дайындаған Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасу тұжырымдамасы болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отандық тарихты оқытудағы ұлттық ұстанымдар мәселелері»
ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ислямгалиева Жанна Букенбаевна
тарих пәні мұғалімі,
Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені
Тасқала ауданды, БҚО
Бүгінгі таңда бүкіл елімізде жүріп жатқан ұлттық мемлекетті нығайту жолындағы игі істер, жаңалықтар өте көп. Солардың ішінде ең бастысы əрбір халықтың тарихын, тілі мен əдебиетіне, мəдениетіне, əдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау мəселесі болса керек. Міне, осындай қамқорлықтың бір көрінісі 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес дайындаған Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасу тұжырымдамасы болды.
Онда отандық тарихты оқытудың басымдықтары, негізгі проблемалары айқындалды. Тəуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанда жаңа əлеуметтік-саяси ахуал қоғамда да, оның азаматтарының санасында да үлкен сілкініс туғызды. Дүниеге, халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егеменді ел болып, іргелі дамуға тұғыр болатын ұлттық сананың ұстанымды ерекшеліктерін айқындау қажеттігі туды.
Біріншіден, қазақтың толыққанды ұлт санатында болатынына, яғни оның өзіндік «Мен» (қазақ) дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктерінің бар екенін фактілермен дəлелдей отырып оқыту — парыз. Отаршылдықтың ауыр зардаптарына қарамастан, аса тегеурінді этномəдени сананың сақталуының қайнар көзінің бірі дəстүрлі өмір салтының, тарихи маңызы терең талданып, оқу барысында берілуі қажет.
Екінші, тарихпен қатар өріліп келе жатқан дəстүрлі құқықтың ел билеудегі, мемлекет пен қоғам үшін атқарар қызметінің ұлт болып ұйысуындағы ролін, нақты мысалдармен оқыту білім берудің ұлттық үлгісінің негізіне айналуы шарт.
Əлемге ғылымы-білімімен атағы жайылған Эллада, Рим, Вавилон, Мысыр, Қытай, Парсы жазба мұрасы, мəдениеті, əдебиеті жəне заңнама ережелері бар мемлекеттермен көрші отырып, сан мəрте экономикалық, мəдени, саяси байланыс орнатқан, сол елдердің бұғауына түспей, ел мен жерді қорғау мүддесі үшін, оларға қарсы əскери жорыққа шығып, ата-бабаларымыз көшпелі мемлекетті басқарып, жауына жем болмай, өз үстемдігін жүргізді. Оның дəлеліне «Күлтегін» жырындағы өлең жолдарын келтіруге болады.
Үшіншіден, қазақтың жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алуға тыйым салғандығы, ұлттық сананы шыңдауға белгілі дəрежеде ықпал еткенін, сол дəстүрдің бүгінгі жаһандану заманында қазақ жастары үшін, ұлтымыздың болашағы үшін құндылығы бар екенін түсіндіру, оқыту қажет.
Қазақ елінің көшпелі тұрмыс-тіршілігінен іріктеліп шыққан əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер мыңдаған жылдар бойы сақталып келген.
Халқымыздың ойға орамды, жүрекке жылы икемді, есте сақтауға ыңғайлы сөз тіркестері, ұйқасты əуезбен, шешендік үлгідегі нақыл сөздер заң ережесіне айналған. Олар қазақ мемлекетіндегі дəстүрлі құқықтың бұлжымас қағидасы деп танылған. Нақыл сөздер мен мақал-мəтелдерді бүгінгі күндегі кодекс ретінде қолданып жүрген нормативтік заңдармен салыстыра қарап, талдау арқылы, ұлттық ой-пікірдің ұшқырлығы, ерекшелігін көрсетуде, жас ұрпақ санасына ұлттық мақтаныш, тіліне деген құрмет қалыптасуына ықпал жасайтыны сөзсіз. Мысалы, сот ісін жүргізген билер туралы: «Қара қылды қақ жару», «Əділ билік — алтын таразы», «Тура биде туған жоқ», «Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады» жəне қылмыстық істерге қатысты айғақ-дəлелдер мен үкім-келісімдер, азаматтық, шаруашылық істердегі заң нормаларына келетін мақалдар мен нақыл-сөздер; сөз маржандары қазақ қоғамындағы тұрмыс-тіршіліктің өзінен ерекшеленіп шыққан, халықтың ұғымындағы дəстүрлі құқықтарының тұжырымдары.
Отандық тарихты оқытуда басты көңіл идеялық тұғырды түсіндіруге аударылуы тиіс. Яғни дербес мемлекеттікті сақтау жəне дамыту жолындағы іс-əрекеттер тарихын, бүгінін, болашағын салыстыра оқыту.
Ұлттық мүддеге қызмет етудің ұлы үлгілерін шын мəнінде көрсетіп берген тарихи тұлғалардың, мемлекет басқарушылардың тарихын, солардың өз еңбектерін талдап оқыту арқылы берілуі қажет. Мысалы, Е.Б.Бекмаханов туралы тарихты оқытқанда мына проблемаларға көңіл аударған дұрыс.
Е.Б.Бекмахановтың Едіге батыр туралы деректер келтіре отырып, еңбек жазуы ұлттық батырларды, ру батырларына бөлмей, олар жайлы ерлердің ерліктері сериясын жазу керектігін, сол арқылы ұлттық сананы оятуды, азаттық қозғалыстағы қазақ батырларының ролін көрсеткендігін оқыту қажет. Оның еңбегінде Алтын Орда жəне оның Ресеймен қарым-қатынасы, Русь жəне Дешті-Қыпшақ, Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген саяси-əкімшілік реформалары, Отандық тарихты оқытудағы ұлттық… қырғыз-қазақ қатынастары, ел билеудің дəстүрлі институттары, орыс-қазақ шаруаларының бірлескен күрестері, Қазақстанның Қытаймен, Хиуа, Бұқара, Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары деген күрделі проблемалардың орын алуы — болашақ тарихшылардың бүгінгі күнгі тəуелсіз Қазақстан мемлекетінде сыртқы саяси қарым-қатынасқа негіз болғанын көрсету.
Е.Б.Бекмаханов еңбегі — отандық тарихта тарихнамалық еңбек жазудың үлгісі, оның еңбектерінде келтірілген мұрағат деректерінің өзі Қазақстан тарихын зерттеуде пайдаланатын бір мəселе. Оның түрмеде жазған хаттарынан, көрген азаптарынан 1991 жылға дейін зерттелмеген тарихи проблемада Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген зорлық-зомбылығы деген тақырып ХХ ғ. 40– 50 жж. өзінде күн тəртібінде тұрғандығын көрсету керек. Оны айыптау құжаттарынан қазақ зиялыларының 1937 ж. кейінгі екінші рет қудалау тарихын зерттеуге қажетті деректер алуға болады.
Қазақ зиялылары туралы тақырыптарды оқытқан кезде Ə.Бөкейхановтың қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысты еуропалық, демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолы арқылы тəуелсіздікке жетуді жақтағанын жəне А.Байтұрсыновтың ұлт-азаттық қозғалысқа гуманистік, ұлттық сипат бергендігін, оқу-ағарту арқылы ұлттың өзін-өзі билеуге жетуге шақырғандығын баса айту керек. Яғни қазақ зиялыларының идеялары тəуелсіздіктің ұлттық тұғырнамасы болғандығын терең түсіндіру парыз.
Ұлы реформатор А.Байтұрсынов туралы материалдарды түсіндірген кезде оның мынадай мəселелерге көңіл бөлгендігін баса айтуға тиіспіз. Оның кəсібилікке көңіл бөлгендігі. Оның айтуынша, «мал бағатындар мал бағуын жақсы білуге керек», «ел бағатындар ел бағуын жақсы білуге керек», «бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білуі керек» дей келе, «жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын» азаматқа «ұлт намысы» екі ауылдың, я екі рудың намысы емес екендігін ескерткендігін көрсету қажет.
«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» — дей келіп ол: «Баланы ұлша тəрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы», — деп пайымдайды. Рухани отаршылдықтың сырын терең түсінген халықты құлдықтан, «соқыр санадан», «адамдық айуандықтан» құтқарудың жолын іздейді. Осы ой-пікірдің мəнін ашып, бүгінгі күнмен байланыстыра түсіндіру абзал.
А.Байтұрсынов ұлы ұстаз-теоретик ретінде бала тəрбиесінен бастап ұлттық санаға дейінгі педагогикалық проблемаларды жан-жақты зерделеген. «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, бізде өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік», — деп армандайды, соның концептуалдық мəнін ашып түсіндіру керек.
А.Байтұрсынов ұлт ұстазы ретінде, М.Əуезов айтқандай, «елшілдік ұранын» көтерді, ұлттың мұң-мұқтажына, мүддесіне тоқтала келіп, «заманына қарай амалы» барын айтып, «талап жоқ, үміті мол» қазаққа «ғамалыңды түзет, түзелмесең ешкімге кінə қойма!...Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңірген тиын жұғымды» екенін дəлелдеді, ХХ ғ. басындағы нарықтық экономикаға халық пейілін бейімдейді.
Ресейлік отаршылдық қанаудан, кеңестік ұжымдастырудан, саяси қуғыннан, ұлтшыл деп жойылудан, орны толмас мəдени шығындар кезеңінен де мың өліп, мың тірілген ұлтымыздың психологиялық тығырыққа тірелмей, өздерін ұлы өркениеттің мұрагері, өзінің ұлттық «Мен» (қазақ) дегізерлік қасиеттерін алып шығып, оны жаңғырта білгендігі жəне ұлттық мəдени дамуды тежеу ешкімнің қолынан келмегендігін талдау бүгінгі таңдағы оқытудың басты міндеті болмақ.
Тарих дегеніміз өмір, қоғам жəне адамтанудың ұлы мектебі екендігіне көніл аудара отырып, қазақтың қоғамдық құрылымында жеті ата ғана емес, тұтас елді саралап танып, сабақтап тарата білу кез-келген қазақ үшін өмір салтына, əрі өмірлік қажеттілігіне, əрі кісілік нормасына айналғанын түсіндіру керек. Сондықтан да отандық тарихты оқытуда бұл мəселеге көп көңіл бөлу, бүгінгі тек тест жаттап, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін білімділікпен қатар өз халқын сүюге де тəрбиелейтіні сөзсіз.
Қазақ халқының тарихы «ұлттық тарих жылы» деп аталған кезеңде кеңірек зерттеле бастады, алайда басшылыққа алатын методологиялық принциптер жоқтың қасы. Бұл қиындыққа қарамай, ұлт болып қалу үшін ұлттық тарихымызды оқытуда ұлттық ұстаным жəне білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру міндеті тұр.