«М??гілік ел - ата-бабамызды? сан мы? жылдан бергі асыл арманы. Ол арман ?лем елдерімен терезесі те? ?атынас ??ратын, ?лем картасынан ойып т?рып орын алатын, т?рмысы ба?уатты, т?тіні т?зу шы??ан, ?рпа?ы ерте?іне сеніммен ?арайтын ба?ытты ел атану еді. Б?л армандар а?и?ат?а айналды. М??гілік ел іргесі ?аланды. Т?уелсіздігімізбен бірге хал?ымыз м??гілік м?раттарына ?ол жеткізді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел атану еді. Бұл армандар ақиқатқа айналды. Мәңгілік ел іргесі қаланды. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағы. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. Елбасымыз өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
Мәңгілік ел... Мәңгілік Қазақстан... Ата - бабаларымыздың арманы болатын. Ата-бабаларымыздың арманы – ол біздің де арманымыз. Біздің елдің ұраны да, жыр-әні де сол болуы тиіс.
Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады. Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түсуде. Елбасы Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылық¬тарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!
Еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту маңызды мәселелер болып табылады. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергені анық. Жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел. Ол біздің қолымызда. Ол үшін ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деді Елбасы. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз мәңгілік жасай берсін!
«№ 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» КММ
5 «Ә» сынып оқушысы Иманғали Тоғжан
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Далкенова Шолпан