kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан тарихында Ауған соғысының алатын орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ауған соғысының шығу тарихын айта отырып,қатысқан батырларды айту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан тарихында Ауған соғысының алатын орны»

"ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ "АҚ ФИЛИАЛЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ









Тақырыбы: Қазақстан тарихындағы Ауған соғысының алатын орны (Ауған соғысының ардагері - Есенбаев Жетібай Жұманұлымен кездесу)







Ұйымдастырған: В.Жолмухамбетова



















Ақтау қаласы,

14.05.2015ж

14.05.15ж.

сағ.1000де


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тарихындағы Ауған соғысының алатын орны (Ауған соғысының ардагері - Есенбаев Жетібай Жұманұлымен кездесу)

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Шығармашылық ой қозғау белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, іздендіретін, ойландыратын сұрақтар қою арқылы оқушылардың өз ойларын, пікірлерін айтуға, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ауған ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, олардың ерлік істерінен тағылым алатын ұлтжанды, елжанды тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кездесу сабағы

Әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу, ой қозғау, ой тұжырым қалыптастыру. Сыни тұрғыдан ойлау - Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы " стратегиясы
Көрнекілігі:
Тақырыпқа сай слайд, интерактивтік тақта, үлестірмелі қағаздар және хронометражды деректі фильм.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 4топқа бөліп отырғызу.

І. Қызығушылықтарын ояту (сұрақтар қою).

а) Ауған соғысы қай жылдары болды?

ә) Соғысқа қандай сипаттама бересің?

б) Соғыстың салдары мен нәтижесі қандай?

в) Соғыс себебі, алғышарты қандай?

ІІ. Тақырыпқа шолу (бейнетаспа көрсету)

       1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.

       1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 22 солдат іс-түзсіз кетті.

Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 26 жыл толды. Бұл күн- сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн- жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн- бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн. «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!

       «Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді», - деді Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

       Арада 26 жыл өтсе де ауған соғысы өзінің ізін әлі жасырып болған жоқ. Бұл қанды іздің жасырылуы, ұмытылуы мүмкін де емес. Өйткені, ол адамзат тарихында өшпестей із қалдырды.

Бейнетаспа бойынша оқушылардан алған әсерлерін әр топтан сұрау.

ІІІ. Кездесу қонағымыз Ауған соғысының ардагері - Есенбаев Жетібай Жұманұлын ортаға шақырып, оқушыларға таныстыру және сөз беру.

ІV. Ой толғаныс сәті.

Ауған соғысының ардагеріне қойылатын сұрақтар :
1- Сұрақ:
Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?
2- Сұрақ :
Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба , әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
3- Сұрақ :
Ауған соғысында көрген қиыншылықтарыңыздың бір-екеуін қысқаша айтып тоқталсаңыз?
4- Сұрақ :
Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?

V. Кері байланыс.



Ойлаудың «Алты қалпағы» стратегиясы

Тарихи фактілерлерді , жаңа мәліметтерді жеткізу

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ішкі сезім, эмоция, интуицияны білдіру

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соғыстың теріс салдары, проблемаларды бөліп қарастыру

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ауған соғысының жақсы жақтарын көре алдың ба?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ауған соғысына қатысты зерттелген нәтижелерге ұсыныс

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ауған соғысы туралы алған мағлұматтарды қорытындылау

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

VII. Бағалау, қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстан тарихында Ауған соғысының алатын орны

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 05.01.2017

Номер свидетельства: 375711

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Жамбыл айтыс шебері "
    ["seo_title"] => string(23) "zhambyl-aitys-shiebieri"
    ["file_id"] => string(6) "181504"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425365574"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Конспект урока на тему "Ты? игеру" "
    ["seo_title"] => string(36) "konspiekt-uroka-na-tiemu-tyn-ighieru"
    ["file_id"] => string(6) "203107"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429424454"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-khandyg-ynyn-550-zhyldyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "281154"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453476759"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?АЗА? ХАЛ?ЫНЫ? Т?УЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДА НАЙМАН  Ш?РЕК БАТЫРДЫ?  Р?ЛІ"
    ["seo_title"] => string(59) "kazakkhalkynyntuielsizdigizholyndanaimanshoriekbatyrdynroli"
    ["file_id"] => string(6) "318482"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460598597"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?АЗА? ХАЛ?ЫНЫ? Т?УЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДА"
    ["seo_title"] => string(34) "kazakkhalkynyntuielsizdigizholynda"
    ["file_id"] => string(6) "318488"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460600992"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства