kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ханды?ына 550 жыл!
1-ж?ргізуші:
-    Биыл?ы жылды? елімізді?  тарихында?ы, хал?ымызды? та?дырында?ы алатын орны ерекше. Биыл бізді? мемлекетімізді?, я?ни ?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына 550 жыл, ?лы Отан со?ысыны? же?ісіне 70 жыл, ?Р-ны? Конституциясына ж?не ?аза? хал?ы ассамблеясына 20 жыл, ?Р-ны? Т?уелсіздігіне 24 жыл толып отыр.
2-ж?ргізуші:
-    Бейбарыс, шын м?нінде биыл ?аза? хал?ы ?шін атаулы жыл екен ?ой. Т?леген Айбергенов атамыз жырлап кеткендей, 
Бір тойым болатыны с?зсіз мені?,
Д?л ?ай к?ні екенін айта алмаймын.
Біра?, біра?. – дегендей, б?гін сол к?нгі той десе?ші.
1-ж?ргізуші:
-    И?, Бикетай. Т?леген атамыз айт?андай
Бізді? ?йді сол к?ні бетке ал ?ауым,
Нысана?а ап ?уаныш то?талмауын.
Кім білсін талай к?нгі арманым еді,
М??гілік тар?амауы да м?мкін оны? –
деп, б?гінгі атаулы мерекеге де бізді? аяулы мектебімізді? 10 - сынып о?ушылары да ?з ?лестерін ?оспа?шы.
2-ж?ргізуші:
-    Ендеше, аяулы ?стаздар, ??рметті ш?кірттер ?ауымы бізбен бірге болып, Т?уелсіз ?аза? еліні? тарихынына, ?ткеніне к?з шолып, тарихымызды еске т?сіріп к?рейік. 
1-ж?ргізуші:
-    ?аза? жеріндегі саяси бытыра??ылы? ?сіресе ?біл?айырды? билігі т?сында ?зіні? шары?тау шегіне жетті. Осыдан кейін ?аза? с?лтандары Керей мен Ж?нібек елмен а?ылдаса отырып, ?з алдына дербес ел болу керектігін ??ынды. 1465 жылы ?біл?айыр ханды?ы А?с?йектер ке?есінде

К?рініс: «С?лтандар ке?есі»
 
/Керей с?лтан мен Ж?нібек с?лтан с?хбат ??руда, ?йге бір топ а?с?йектер кіреді/
-Ассалаума?алейкум,а?алар.
-Уа?алейкумсалам, т?рлеті?іздер.
 
А?с?йектер басшысы:-Біз бір ма?ызды м?селемен келіп т?рмыз. Елді бей –берекетсіздік басып алды.Хан-екем со?ыстарды ?детіп, салы?ты к?бейтті. ?скери дайынды?сыз, батырларды ??далау негізінде ойраттардан же?ілгені ?здері?ізге м?лім. Б?лінетін кез келмеді ме екен?
 Ж?нібек:-Ия, с?здері?із рас, ханны? ?а?арына жергілікті с?лтандар мен ?арапайым халы? та ілігіп отыр. ?з алдымыз?а ел болатын к?н келді.
 
Керей: - Бар ?аза?ты біріктіретін уа?ыт келгенін халы? та т?сінді, со?ымыздан ереді деп сенемін.
 
 Ж?нібек:-Елдігімізді са?тау ?шін ту?ан жерден жыра?тауымыз?а тура келеді.Мо?ол ханы Есен Б??а туысымыз дулаттарды? к?мегімен хан та?ына отырды. Біра? бауыры Ж?ніс Темір ?улетімен ода?тасып а?асына ?арсы шы?уда. Есен Б??а інісіне ?арсы ода?тас іздеуде. Сонда жол тартса? ?айтеді?
 
Керей: Ия,к?шсек к?шейік. Сол жа??а к?шіп барып, ?лы ж?збен бірігейік.
С?лтандар: -Біз дайынбыз баста?ыздар к?шті.Біз сіздермен біргеміз.
 
Ж?нібек: Кереке, ?за? жол?а шы??алы т?рмыз. ?зіні? бір бата бері?із.
 
Керей:
Жолы?ды Алла ?олдасын,
Жаманшылы? болмасын.
Кетілмесін т?лпары?ны? т?я?ы,
?айырылмасын с???ары?ны? ?ия?ы.
Бар?ан жерде ??ша? жая ?арсы алсын
Жа?сы адамдар, жайса? жандар зиялы.
Жалпа? емес, жа?сы жермен таныс?ын
Алла жебеп ?ш?ан ??спен жарыс?ын,
К??ілі? шат, ат-к?лігі? арымай,
Отбасы?мен аман-есен табыс?ын.
?умин.
 

2-ж?ргізуші:
-    И?, с?йтіп Керей мен Ж?нібек баста?ан 200 мы? адам Жетісу?а бет алып, Шуда?ы ?озыбасы?а ?аза? ханды?ыны? ?лтты? туын тігіп, 1465 жылы ?аза? ханды?ы ??рылды.
1-ж?ргізуші:
-    К?й ойнайды ?аза?ымны? ?анында, 
К?й ойнайды ?аза?ымны? жанында.
Бабамызды? м??ысы? сен, домбыра, 
Анамызды? сырысы? сен, домбыра. 
Домбыра б?л, ?нсіз ?алып к?рмеген, 
?уаныш та, ?ай?ы-м?? да кернеген-дегендей ?аза?ты? ?ара домбырасына кезек берелік.
Мырза?алиев Айбар «К?ре??л» к?йі
2-ж?ргізуші:
-    Ендігі кезекте алдары?ыз?а 10-сынып о?ушыларын ша?ырамыз. ?аза? еліні? тарихын ?ле? жолдарымен баяндап берсін. ?ол со?ып, ?ошаметпен ?арсы алайы?.
О?ушылар та?па?ы
1-ж?ргізуші:
-    Т?уелсіздікті? т?п тамыры Желто?сан о?и?асына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта ?оймас. Десек те 1986-ны? ?ай?ылы желто?саны бір к?нгі немесе бір жыл?ы наразылы?ты? к?рінісі болмаса керек. Себебі т?уелсіздікті? т?п тамыры сонау бабалар арманынан туындап жат?ан жо? па? Осыдан 29-жыл б?рын, я?ни 1986 жылы Алматыны? бас ала?ында желто?сан о?и?асы болды. Б?л о?и?а д?ниені д?р сілкіндірді. Б?л желто?сан к?терілісіне ?аза? ел аузында ж?рген, тарихта аты ?ал?ан ?.Р?с??лбеков, Е.Сапатаев, Л.Асанова ж?не т.б. апаларымыз бен а?аларымыз ?атысты.
1986 жылы желто?санда?ы к?теріліске жастар ешбір жаман оймен бар?ан жо?. Олар бейбіт жолмен т?уелсіздікке ?ол жеткізу ?шін ?атыс?ан.
2-ж?ргізуші:
-    Б?л тарих шынды?тарды електейді, 
Десе? да?ы керексіз, керек мейлі. 
"Желто?сан" деген с?зді естігенде 
К?з алды?да сол к?ндер елестейді.
К?рініс: ?айратты? ?амалуы
2-ж?ргізуші: Желто?сан о?и?асыны? басты ?а?арманыны? бірі ?айрат Рыс??лбековке телеорталы? инженері С.Савицкийді? ?ліміне кін?лі деген айып та?ылды. С?йтіп, Семейдегі № 21 камера?а ?амайды. (К?й ойнайды)
 
(Тергеуші, ?айрат, Милиционер)
?: ?айратты тергеуге ?келеді. 
Таспа тілгенде т?німнен тоза? ?штырды?, 
Бала?аттайсы? ма?ан, бір т?йінін т?сіндім. 
Жазы?ты емеспін, ?айталай берем несіне 
О?ып к?р міне ?ле?ге т?нде т?сірдім. 
Т: Т?кірдім мен жырлары?а 
Ит, не деген ?ткір еді?, 
Ине с??тым тырна?ы?а, 
?лердей ?ып, тепкіледім. 
Алдап-арбау т?сілімен, 
Мойындата алмадым

?:Мойындата алмайсы?.
Т: Бай?а, 87-б?л б?лігі к?п
Отырсы? ?ой ?ылмысты? д?бірі боп, 
Тілі?ді безеп, ?ле? айт, ма?ан десе? 
Савицкиді ?лтірді? ала?да сен.

?:Бітер екен осы бір "Ке?ес"?ашан
?лтіргем жо?, к?ргем жо? мен еш?ашан 
Сенбесе?із ??дай менен достар ку?.
Т: Жылап б?ркіт болмас 10 мы? ?ор?а 
?кіметті м??атпа? болды?дар ма? 
Б?рі бір іске аспады амалдары? 
?ара?айдай ?а??ылда?ан ?адамдары? 
Жары? д?ниеге сені енді ?айтармаймыз. 
Паспорты?ды ату?а даярлаймыз.
?: К?н?дан таза басым бар,
21-де жасым бар. 
Бозтор?айдай жаным бар, 
Алам десе? алы?дар 
?айрат деген атым бар 
?аза? деген затым бар 
Еркек то?ты ??рбанды? 
Атам десе? аты?дар.
Т:Тарт тілі?ді. Алып кеті?дер мына мал??нды.

2-ж?ргізуші:
С?л аялдап, та?зым етпей б?л ала?нан ?тпе?дер. 
Желто?санда ыз?ыры?тан тiтiркенiп к?к пен бел, 
Б?л жер, ?ал?ам, ас?а? рух жарылысы ?ткен жер, 
?айта оян?ан ?лт намысы ?ызыл ?ан?а б?ккен жер, 
Ерте есейген ару ?ызды шаштан с?йреп, тепкен жер, 
Жатты м?нда естен танып, к?зге айнал?ан к?ктемдер. 
Ала? шетiн ?оршап т?р?ан шыршалар?а ала к?к, 
Жас б?лдiршiн, сезiмi?дi жанар етiп ?арап ?т. 
Сол арадан сат?ынды? та елестейдi ?ара бет, 
?ара беттi? к?бi б?гiн дара т?л?а, дара бет. 
Жас б?лдiршiн, м?з ??рсан?ан шыршалар?а ?арап ?т, 
Заманы?ны? же?iсi мен же?iлiсiн санап ?т.
М?хтар Шаханов.
1-ж?ргізуші:
 
Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын са?та?ан. 
Б?йыр?анда ?лімге 
Кірпігін де ?а?па?ан. 
Батыр баба? Бауыржан 
?олдады ма, ?ара?ым, 
Желто?санны? шыдады? 
Тол?а?ына, ?ара?ым. 
Арман, арман, арман к?п. 
Айтылар те?еу ?ал?ан жо?. 
?ыс?а ??мыр с?рсе? де, 
Та? ?алдыр?ан ?ара?ым! 
?аза?ы?ды ?айрат деп, 
Тамсандыр?ан ?ара?ым! 
Мамы? болсын ?ара жер, 
Жат?ан жері? жары? боп.
Ба??л бол, ба??л, ?й, к?кем, 
Т?убе, т?убе, т?убе етем!
 
?н: "Желто?сан желі".
2-ж?ргізуші:
-    ?азіргі б?л к?н ?аза? хал?ы ?шін ?лы к?н ?рі ?ай?ылы, ?рі ба?ытты к?н. Б?л 1986 жыл?ы желто?сан о?и?асы ?аза? хал?ында б?рын болма?ан е? ауыр да, ?ділітсіз к?терілісті? бірі. Енді міне осы желто?сан к?терілісіне ?атыс?ан а?аларымыз бен апайларымызды? ар?асында ата-бабаларымыз ?ш ?асыр?а жуы? уа?ыт бойы арманда?ан т?уелсіздікке ?ол жеткіздік. 

1-ж?ргізуші:
-    А?талды бозда?тарды? а? талабы, 
?діл іс ?р?ашанда а?талады. 
Елі ?шін жанын ?и?ан асыл жандар 
Ел есінде м??гілік са?талады. 
Желто?сан ??рбандарын еске алып 1 минутты? ?нсіздік жарияланады.
2-ж?ргізуші:
-    ?уан б?гін, ?уан хал?ым, шынында,
А?тарылсын а?ыл - тегіл жырым да.
Бір ??дайдан бірлік ?ана тілеймін,
Б?гінгі мынау т?уелсіздік та?ында.
1-ж?ргізуші:
-    Шы?ты тарап ой данадан, 
Бері ?арады ж?лдыз беті. 
?зі ?алап сайлап ал?ан 
Елімні? бар Президенті.
2-ж?ргізуші:
-    ?аза?стан Республикасы тарихында халы? ал?аш рет саналы т?рде ?зіні? та?дырын сеніп тапсырып, ?з басшысын сайлады. Дауыс беруге ???ылы 9 млн 960 мы? азаматты? 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлау?а ?атысты. Оларды? 98,76 пайызы Президенттікке ?міткер Н?рс?лтан Назарбаевты ?олдап дауыс берді. Отанынан жыра?та ж?рген ?андас туыс бауырларымыз Алла?а т?убе етіп бір кісідей ?уанып, ?уаныштарымен б?лісіп жатты.
К?рініс: «Н.Назарбаев – ?лт к?шбасшысы»
2-ж?ргізуші:
-    С?йрік сауса? са?адан,
Мы? б?рал?ан ?рмелеп.
Асып - тасып сабадан,
Биші кетер д??гелеп.
Би «?аза? биі»
1-ж?ргізуші:
 
-    Аспан т?стес к?гілдір 
Тік б?рышты матаны? 
Ортасында т?гіп н?р 
К?н жаяды шапа?ын. 
Астында оны? ?ал?ы?ан 
?ыран ??сы шал?ы?ан. 
Сары т?сті жола? б?л, 
М?ратындай атаны? 
?сем ?рнек ол ?лтты?. 
К?к байра?ы бабамны? 
Б?гінгі ?рпа? алауы. 
М?ны? б?рі б?гінгі 
?аза?стан жалауы 
 
?н: «К?к туды? желбірегені»
2-ж?ргізуші:
-    ?н?раным жан?раным
Айтар ?нім, с?йлер с?зім.
Ту?ан жерім – са?ынарым
М??гі ба?и шыр?алады,
Республикам ?н?раны.
1-ж?ргізуші:
-    ?Р-ны? мемлекеттік ?н?раны шыр?алсын. 
?н?ран орындалады.
1-ж?ргізуші:
-     «Ынтыма?ты елге ырыс енші». Аталардан ?ал?ан а?ыз да соны ме?зейді. Сонды?тан бостанды?ымыз баянды болу ?шін ?зімізбен мидай араласып кеткен ж?здеген ?лт ?кілдерімен арамыз?а сызат т?сірмеуіміз керек. Мы??а ж?н айтып ал?алы топты аузына ?арат?ан ?аз дауысты ?азыбек би бабамызды? с?зімен айт?анда «Біз мал ба??ан елміз, ешкімге со?ты?пай жай жат?ан елміз». Бір с?збен айт?анда ?алайтынымыз бейбітшілік, тынышты?, бостанды?, елімізді? боса?асын ны?айту. Т?уелсіздік бізді? алдымызда?ы жар?ын болаша??а жол ашып берді. Біз сол жолмен ал?а баса береміз. Бір ата, бір ананы? т?легіміз Бір болсын ?айда ж?рсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп бірге со?сын ж?регіміз! - дей отырып, тарихи кешімізді ?орытындылаймыз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы»

Қазақ хандығына 550 жыл!

1-жүргізуші:

  • Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл, ҚР-ның Конституциясына және Қазақ халқы ассамблеясына 20 жыл, ҚР-ның Тәуелсіздігіне 24 жыл толып отыр.

2-жүргізуші:

  • Бейбарыс, шын мәнінде биыл қазақ халқы үшін атаулы жыл екен ғой. Төлеген Айбергенов атамыз жырлап кеткендей,

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ, бірақ... – дегендей, бүгін сол күнгі той десеңші.

1-жүргізуші:

  • Иә, Бикетай. Төлеген атамыз айтқандай

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Кім білсін талай күнгі арманым еді,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның –

деп, бүгінгі атаулы мерекеге де біздің аяулы мектебіміздің 10 - сынып оқушылары да өз үлестерін қоспақшы.

2-жүргізуші:

  • Ендеше, аяулы ұстаздар, құрметті шәкірттер қауымы бізбен бірге болып, Тәуелсіз Қазақ елінің тарихынына, өткеніне көз шолып, тарихымызды еске түсіріп көрейік.

1-жүргізуші:

  • Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осыдан кейін қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек елмен ақылдаса отырып, өз алдына дербес ел болу керектігін ұғынды. 1465 жылы Әбілқайыр хандығы Ақсүйектер кеңесінде



Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

-Ассалаумағалейкум,ағалар.

-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

 

Ақсүйектер басшысы:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей –берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

 Жәнібек:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

 

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

 

 Жәнібек:-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

 

Керей: Ия,көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.

 

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

 

Керей:

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқын.

Әумин.



2-жүргізуші:

  • Иә, сөйтіп Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алып, Шудағы Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды.

1-жүргізуші:

  • Күй ойнайды қазағымның қанында, 
    Күй ойнайды қазағымның жанында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, 
Анамыздың сырысың сен, домбыра. 

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, 
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген-дегендей қазақтың қара домбырасына кезек берелік.

Мырзағалиев Айбар «Көреғұл» күйі

2-жүргізуші:

  • Ендігі кезекте алдарыңызға 10-сынып оқушыларын шақырамыз. Қазақ елінің тарихын өлең жолдарымен баяндап берсін. Қол соғып, қошаметпен қарсы алайық.

Оқушылар тақпағы

1-жүргізуші:

  • Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па? Осыдан 29-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л.Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
    1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

2-жүргізуші:

  • Бұл тарих шындықтарды електейді, 
    Десең дағы керексіз, керек мейлі. 
    "Желтоқсан" деген сөзді естігенде 
    Көз алдыңда сол күндер елестейді.

Көрініс: Қайраттың қамалуы
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)


(Тергеуші, Қайрат, Милиционер)
Қ: Қайратты тергеуге әкеледі. 
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың, 
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім. 
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне 
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім. 
Т: Түкірдім мен жырларыңа 
Ит, не деген өткір едің, 
Ине сұқтым тырнағыңа, 
Өлердей ғып, тепкіледім. 
Алдап-арбау тәсілімен, 
Мойындата алмадым

Қ:Мойындата алмайсың.
Т: Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп, 
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең 
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.

Қ:Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан 
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Т: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға 
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма? 
Бәрі бір іске аспады амалдарың 
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың 
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз. 
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қ: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар. 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең алыңдар 
Қайрат деген атым бар 
Қазақ деген затым бар 
Еркек тоқты құрбандық 
Атам десең атыңдар.

Т:Тарт тіліңді. Алып кетіңдер мына малғұнды.









2-жүргізуші:

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...

Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,

Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.

Мұхтар Шаханов.

1-жүргізуші:

Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған. 
Бұйырғанда өлімге 
Кірпігін де қақпаған. 
Батыр бабаң Бауыржан 
Қолдады ма, қарағым, 
Желтоқсанның шыдадың 
Толғағына, қарағым. 
Арман, арман, арман көп. 
Айтылар теңеу қалған жоқ. 
Қысқа ғұмыр сүрсең де, 
Таң қалдырған қарағым! 
Қазағыңды Қайрат деп, 
Тамсандырған қарағым! 
Мамық болсын қара жер, 
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем, 
Тәубе, тәубе, тәубе етем!


Ән: "Желтоқсан желі".

2-жүргізуші:

  • Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.



1-жүргізуші:

  • Ақталды боздақтардың ақ талабы, 
    Әділ іс әрқашанда ақталады. 
    Елі үшін жанын қиған асыл жандар 
    Ел есінде мәңгілік сақталады.

Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.

2-жүргізуші:

  • Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
    Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
    Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
    Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

1-жүргізуші:

  • Шықты тарап ой данадан, 
    Бері қарады жұлдыз беті. 
    Өзі қалап сайлап алған 
    Елімнің бар Президенті.

2-жүргізуші:

  • Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Отанынан жырақта жүрген қандас туыс бауырларымыз Аллаға тәубе етіп бір кісідей қуанып, қуаныштарымен бөлісіп жатты.

Көрініс: «Н.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы»

2-жүргізуші:

  • Сүйрік саусақ сағадан,
    Мың бұралған өрмелеп.
    Асып - тасып сабадан,
    Биші кетер дөңгелеп.

Би «Қазақ биі»

1-жүргізуші:

  • Аспан түстес көгілдір 
    Тік бұрышты матаның 
    Ортасында төгіп нұр 
    Күн жаяды шапағын. 
    Астында оның қалқыған 
    Қыран құсы шалқыған. 
    Сары түсті жолақ бұл, 
    Мұратындай атаның 
    Әсем өрнек ол ұлттық. 
    Көк байрағы бабамның 
    Бүгінгі ұрпақ алауы. 
    Мұның бәрі бүгінгі 
    Қазақстан жалауы 

Ән: «Көк тудың желбірегені»

2-жүргізуші:

  • Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны.

1-жүргізуші:

  • ҚР-ның мемлекеттік Әнұраны шырқалсын.

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші:

  • «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз. Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тарихи кешімізді қорытындылаймыз!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы

Автор: Жайыкбай Перизат

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства