?адір атаны б?гінгі ?рпа??а таныстырып, ?аза?стан тарихы п?ніне “Майдангерлер ” ?атарына енуіне ба?ыттал?ан : ?останай облысы ?останай ауданы Алтын дала ауылыны? т?р?ыны ?адір К?рім?лы ?адіров атамызды? ?лы Отан со?ысында к?рсеткен ерлігін, педагогикалы? е?бек жолын зерттеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лы Же?іске- 70 жыл !»
«Жамбыл орта мектебі » ММ
Қостанай ауданы
Қостанай облысы
Тақырыбы:Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
(ҒЫЛЫМИ ЖОБА)
Секциясы: Тарих
Бағыты: Кәрімов Кәдір - батыр атамыздың ерлігін дәріптеу
Орындаған:Дощанов Еркебұлан
Ғылыми жетекші:Тарих пәнінің мұғалімі
Абдибаева Г.О
Жамбыл селосы , 2015
Зерттеудің мақсаты:Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын дала ауылының тұрғыны Қадір Кәрімұлы Қадіров атамыздың Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігін , педагогикалық еңбек жолын зерттеу .
Қадір атаның өз қолымен жазып қалдырған өмір баяны .
Мектептегі Қадір атадан қалған жәдігерлер
көзі көрген шәкірті Қанаш атаның айтуы бойынша
Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылы Красный Октябрь орта мектебі
Алтын дала ауылының тұрғыны шәкірті Теміргалиев Қанаш
Алтын Дала ауылы Қадір атаның өз үйі
Зерттеудің әдістері мен кезеңдері
Зерттеу кезеңі
Дайындық кезеңі
Қадір атамыздың ерлігімен танысып, ерең еңбегін бағалап, дәріптеу
тақырыпты таңдап, мақсаты мен міндеттерін қою
Зерттеу аспектілері мен машықтану кезеңі
Педагог ретінде бағалануы,
Соғысқа дейінгі еңбек жолдары
Атамыздың майдандағы еңбегінің еленуі , тарих бетіне енуі
Соғыстан кейінгі ерең еңбегі
Жұмыстың өзектілігі: Кәрімов Кәдір атаның ерлігінің әрқайсысы өзіне тән қанмен,термен келген ерлігі халыққа, Отанға деген сүйіспеншілігі сезіліп тұр.Кәдір атаның ерлігін тану арқылы бүгінгі болашақты елін сүюге,өз Отанын қастерлеуге жігерлендіріп тұр.
Болжамы: Атамыздың жастар бойына болашаққа сенімін,Отан үшін ерлік жасауға,елін қорғауға және де, өмірге деген құштарлығын ояту.
I. Кіріспе бөлім
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
2.1 Педагог ретінде бағалануы, Соғысқа дейінгі еңбек жолдары
• Кәрімов Қадір 1917 жылдың 9 мамырында Қостанай ауданы Кенжебай ауылында туған . Мектеп есігін 1929жыл 12 жасында ашқан
Кейін оны 1938 жылы бітіреді . Әулекөл ауданы , Шолақсай ауылында мұғалім қызметін атқара жүріп , 1939 жылы қарашада Кеңестік әскер қатарына шақырылады
Соғысқа дейін, 1939 жылы 30қараша күні әскерге алынып, Архангельск қаласында 611 полкінде болады. Ол әскерлік міндетін атқарып жүрген кезінде «отличник» қатарында болды.
1941 жылы соғыс басталғасын полктегі барлық отличниктерді «Великий Устюг» қаласына қысқа мерзімді алты айлық офицерлік мектепке жіберді.Үш айдан кейін экзамен алды. Қадір атаға «кіші лейтенант» атағын берді.Архангельск қаласында жіберді.Пулемет взводының командиры болып қызмет атқарып жүргенінде ,1942 жылдың 22 ақпаныңда соғысқа алдыңғы шепке жіберді,онда да пулемет взводының командирі болды.
Алғашқы бір –екі жыл Карель майданы 88 атқыштар дивизиясы 611 атқыштар полкінде атқыш болады . Кейін кіші летинант курсында оқиды . 296 ерекше шаңғышылар полкінде атқыштар зводының командирі, командалық құрамдарды жетілдіру курсынан кейін , сол Карель майданы 420 атқыштар полкінде звод командирі болып жүріп, пулемет ротасының командиріне жоғарылайды . Осы міндетті 1945 жылдың қазан айына дейін атқарады.
Карель майданында 1944 жылы кеңес шекарасынан шығып , белгі қоюға қатысты . Қадір аға осы майданның 122 атқыштар дивизиясымен Румыния , Венгрияны жаудан азат етті . Сол сияқты қарт жауынгер Батыс –Украин майданы 122 атқыштар дивизиясы , 420 атқыштар полкінің пулемет ротасының командирі болып , соғыс аяқталғанға дейін қыстың аязына да , жаздың аптаған ыстығына да төзіп , Жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосты .
2.4 Соғыстан кейінгі ерең еңбегі
1948 жылы өзеннің жағасында мұғалім , оқушылар саман соғып , екі сыныптық кластар үшін қосымша екі бөлме салады . Сол жылы интернат үйі пайдалануға береді . Жағдайы болмаған , сырттан келген балалалр сол жаттаққа орналастырылады . Краснооктябрь жеті жылдық мектептің оқушлары емтиханнан сүрінбей класстан классқа өтіп жүрді . Қадір атаның оқушылары:Т .Әлмағамбетов , Б. Егеубаев , Т . Дощанов , К . Нүрпейісов, М .Онайбековтер . Қадір Кәрімұлының ауылына жақсылық , қамқорлықтары ұшаң теңіз .
Қорытынды
Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз атамызды мақтан тұтамыз өйткені ол біз үшін ,Отан үшін қасық қаны қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, Қадір ата туралы біз жалықпай айта береміз. Сұм соғыстан аман келіп еліне , жеріне болашаққа деген ұстаздық жолының өзі бір тарих екендігі айдан анық. Бұл атамыздың батырлығы,еңбек жолы тарих төрінен орын алатынына және ұрпақтары мәңгі ұмытпай еске алатынына кәміл сенемін. Жеңіс алауын сөндірмейік, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде сақтайық !