kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лы же?іске 70жыл. Шы?ысты? ?ос ж?лдызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды ?лы Отан со?ысымен, ?аза?станды?тарды? ерлік істерімен таныстыру.  Аттары а?ыз?а айналып, ерлік  істері барша   ?лтты  та? ?алдырып, есімдері тарих  беттерінде алтын ?ріппен ?рнектелген ерлікті? м??гі  алауын  жа??ан  ?аза?ты? ?ос шынары М?нш?к  Маметова мен ?лия  Молда??лованы? жар?ын ?мірі  ж?не ?лы Отан  со?ысында?ы ерлік  істерін  ?рпа??а ?лгі  етіп, ?неге  ету.
К?рнекілік: М?нш?к, ?лия портреттері, слайд ж?не мультимедиа материалдары,бейнефильм
Барысы:

    Б?гінгі т?рбие са?аты ?лы Же?істі? 70 жылды?ына байланысты. Сан мы?да?ан ер азаматтарды? ?мірін ?и?ан ?лы Отан со?ысыны? ?лемдік тарихта?ы орны зор.

   Тарих кеші ?немі жа?аланып отырады. Десе де ?мытылмайтын, ескірмейтін тарихи о?и?алар бар. Соны? бірі ?лемді д?р сілкіндірген екінші д?ниеж?зілік со?ысты? ?асіреті мен ?лы Же?істі? ?асиетін, батыр а?аларымызбен апаларымызды? ерлігін ешкім де еш?ашанда ?мытпа? емес. ?лемді д?р сілкіндірген о?и?а 1941 жылы 22 маусым к?ні та??ы са?ат 4 - те бейбіт жат?ан елімізге Германия т?т?иылдан со?ыс ашты. Суы? хабар сол к?ні байта? елімізге, жер - жердегі ауыл - село?а тарады. Ер азаматтар асы?ыс со?ыс?а аттанды.Кейбірі ?здері с?ралып кетті. ?асиетті жеріміз, бейбіт жат?ан еліміз, ??ла? естіп, к?з к?рмеген апат?а ?шырады. Елімізді? жауынгерлері ?асы? ?аны, шыбындай жаны ?ал?анша шай?асты. Же?іс же?ілдікпен келген жо?.
50 млн адамны? ?мірін ?иды. Міне, осынау елімізді? же?ісіне 70 жыл толып отыр. Ешкім де, еш?ашан да ?мытылма? емес. Осы ?ан майданда мерт бол?ан ерлерді? рухына, б?гін арамызда ас?ар таудай болып ж?рген аталарымыз?а басымызды иіп та?зым етейік. Оларды? ерлік істерін ешкім де, еш?ашанда ?мытпауы тиіс.
     - Ия, же?істі сан миллионда?ан адамдар бес жыл бойы минуттап, са?аттап, жылдап сарыла к?тті емес пе? А?ыры, оларды? ?міті мен сенімі а?талды. Біра? сол же?іс о?айлы?пен келген жо?. Же?іс жолында Отан ?шін от кешіп миллионда?ан асыл азаматтар мерт болды.
Бізді? ?аза?станда да со?ыс оты шарпыма?ан ша?ыра? кем де кем.
Жау?а ?арсы атыл?ан он о?ты? то?ызы ?аза?станда жасалды. Осы ?ан майданда мерт бол?ан ерлерді? рухына, бізді? арамызда ас?ар таудай болып ж?рген ата – апаларымыз?а басымызды иіп та?зым етейік. Оларды? ерлік істерін ешкім де, еш?ашан да ?мытпау?а тиіс./3-слайд/

Б?гінгі к?н – к?птен к?ткен салтанатты к?н, зымыра?ан уа?ытты? ?анатында Же?істі? міне 70- к?ктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт к?ктем та? ат?алы,
70 жыл - шуа?ты к?н таратты ?нін.
70 рет - к?ктемде сонан бері,
Ашылды Же?іс к?нні? пара?тары.
«Жойылсын жал?ыз с?з со?ыс деген,
О? даусы м??гілік жойылсын.
Бомбаны? орнын тегістеген,
К?ректер музейге ?ойылсын».

     ?лы Отан со?ысы тарихыны? беттерін пара?та?ан адам же?іс са?атын со?тыру?а ?аза?станны? ?ос?ан ?лесі телегей - те?із екенін бай?ар еді. Осы бір ая? астынан бастал?ан ?ділетсіз арпалыс?а ?аза?станнан 2 миллион?а жуы? т?рлі ?лт ?кілдері ?скер ?атарына ша?ырылды. Майдан даласынан 394 мы? ?аза? бозда?тары ?айтпай ?алды. Б?л со?ыс ?ай?ы - ?асірет ?келмеген бірде - бір отбасы болмады. Біріні? ?кесі, біріні? а?асы ?аза тапты. ?аншама жас бозда?тарды? ?ыршын жасы ?иылды. Ішінде а?ын да, ?ншісі де бар еді. ?ауызын ашпай к?ктей ?ыр?ыл?ан сол жастарды? ішінде, ?тте? дари?а - ай, ?анша Абай, ?анша Шо?ан кетті екен.

       ?лия –М?нш?к! 

       Б?л есімдер хал?ымызды? ?адір ?асиетін ?лтты? мінезін,патриотты? ?асиетін биіктететін т?л?алар.

       ?аза?ты? екі асыл ?ызыны? ?мір жолыны? к?з жасыны? тамшысындай бірдейлігін та?дандырып ?мірлерін жа?ындастырады. ?лия мен М?нш?кті арда?тау иісі ?аза?ты  арда?тау.

                                         ?лия –М?нш?к ер ?ыздары елімні?

                                         ?лия –М?нш?к –г?л ?ыздары жерімні?

                                         ?лия –М?нш?к аттары ?нге айнал?ан

                                         ?лия –М?нш?к ?ос ж?лдыз к?кте жайна?ан.
- 300 мы? жауынгер ?ыз – келіншектерді? ішінде 86 - сы Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ына ие болса, оны? екеуі б?кіл Шы?ысты? да??ты ?ыздары – ?лия мен М?нш?к. (слайд  бойынша ??гім

       М?нш?к  М?метова 1922 жылды? ?азан айында Орал  облысыны? Орда  ?алашы?ында  д?ниеге  келген. М?нш?кті?   балалы?  ша?ы  Алматыда  ?ткен М?нш?к  ?мина  С?лейменованы? т?рбиесінде  бол?ан.  

       ?лия  Молда??лова 1925 жылы 15  маусымда А?т?бе облысыны? ?обда  ауданында?ы   Б?ла?   аулында   д?ниеге  келген. ?лия   на?ашы  ?жесі Т?жікенні? т?рбиесінде  бол?ан. 

      М?нш?к  М?метова ?лы  Отан со?ысы   бастал?ан   кезде Алматы  мед  институтында о?ып  ж?рді.  1942  жылды?   тамызында   ол  ?з   еркімен ?ызыл  Армия  ?атарына  алынад

   ?лия 1942 жылды?  желто?сан айыны? 18  ж?лдызында  мергендер  дайындайтын Орталы?  ?ыздар  мектебіне о?у?а  т?сіп, ?здік  бітіріп  шы?ады. 

      1943 жылды? шілдесінде ?лия  ?з  еркімен  со?ыс?а  ал?ы  шепке  аттанады. ?лия б?л  кезде  небары   21   жаста

          К?рініс:   М?нш?к
(Капитан со?ыс ала?ына келіп ) Сау - с?леметсіздер бе, жолдастар?
( Солдаттар орындарынан т?рып) С?леметсіз бе, жолдас капитан?
Капитан: (т?с ?алтасынан хаттарды ала бастап солдаттар?а) Міне, біраз хаттар келіп ?алыпты, алы?дар! М?нш?к, ана?ны? беріп жіберген с?лемдемесін ал, ал мынау хаты (Т?с ?алтасынан ал?ан хатты ?сына беріп, кідіріп ?алады)
М?нш?к: Рахмет, а?ай, ?алай, ел - ж?рт аман ба? Анамны?, ?кемні? дендері сау ма екен? (Хат?а ?олын соза береді)
Капитан: То?тай т?р, М?нш?к, билемесе? хатты бермеймін. Ал Алматыны? алмасына не айтары?ды ?зі? біл.
М?нш?к: Жарайды. ?ане ?ыздар билеп жіберейік!
(?ыздар «Катюша» ?ніне билейді. Капитан орынды??а барып отырып тамашалайды)
Капитан: Жарайсы?дар, ?ыздар!
Капитан: (?арсы алдында орынды??а отырып с?йсіне ?ол со?ты) ?те жа?сы орындады?, М?нш?к. Енді са?ан ананы? хатын бермеске болмас.

   Ана :

              ?ош бол ?ыран ?ыздарым мені?! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, ?ос ?арлы?ашым,?здері? ерте сол?анмен,со?дары?да ?шпес ерлікті? да??ы ?алды. Ел мен жері? ?здері?ді ?мытпа? емес.

«?лия мен М?нш?к туралы фильм» бейнефильмінен ?зінді

?н «Шы?ысты? ?ос ж?лыдызы»

??рметті балалар ?лы отан со?ысында ерлік к?рсеткен ?аза?станды? батырлар жайлы тере?ірек білдік. Міне биыл Же?іске 70 жыл толып отыр. ?рдайым аспанымыз ашы?, еліміз тынышты?та ?мір с?рсін. Б?гінде ?аза?станды ?лем тануда. Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаевты? н?рлы жолымен болаша??а ны? басайы?.

   Балалар бейбітшілік ??сы деп ?андай ??сты атайды? Олай болса ?р ??сты? жылы тілегі бар.

   Жасасын Же?іс!
Е?бегі барлы? солдатты?,
Болаша? ?рпа? ерлігін айтар жал?ап мы?.
?анша ма адам ерліктер жасап майданда
?аза?ты? атын, халы?ты? атын сам?атты?!
    Барша халы? же?іс к?нін тойлайды,
Жас с?билер думандатып ойнайды.
Ардагерлер к?здеріне жас алып,
?рпа?тарды? аманды?ын ойлайды.
   ?уантамыз ?н сап ж?ртты,
Келе берсін ба?ыт та?ы.
Же?іс к?ні? болсын ??тты,
Батырларды? ?рпа?тары.
   Жасасын Же?іс!
Ба?ытты елім к?ле бер!
Т?уелсіз болып болаша?ына ж?ре бер!
Болмасын со?ыс!
Болмасын со?ыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайы? т?регел!?орытынды: Балалар Отандары?ды с?йіп, ?астерлей білі?дер, ата – баба д?ст?рін, ?дет – ??рпын
берік ?станып, ?лкенге ізетті, кішіге ілтипатты болы?дар, хал?ымны? ерлігімен, батырлы?ымен, ?айсарлы?ымен келген т?уелсіздігімізді? туы м??гілік желбіреп т?рсын.?н: «Же?іс туы желбіресін»

«Майшам»жатты?уы (рефлексия)

 Елге ?ауіп т?нбесін,
Егестен адам ?лмесін!
Есен – аман болайы?,
Енді со?ыс болмасын!
?ртенбесін ту?ан ел!
Шай?алмасын ас?ар бел!
Шай?алмасын шал?ар к?л!

-Отанын с?йетін, ?ор?ай білетін на?ыз азамат болып ?се бері?дер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лы же?іске 70жыл. Шы?ысты? ?ос ж?лдызы"»

Тақырыбы: Ұлы Жеңіске 70 жыл. Шығыстың қос жұлдызы.

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша  ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих  беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі  алауын  жаққан қазақтың қос шынары Мәншүк  Маметова мен Әлия  Молдағұлованың жарқын өмірі  және Ұлы Отан  соғысындағы ерлік  істерін ұрпаққа үлгі  етіп, өнеге  ету.
Көрнекілік: Мәншүк, Әлия портреттері, слайд және мультимедиа материалдары,бейнефильм
Барысы:

Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор./1-слайд/

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауыл - селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. /2-слайд/.Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.
50 млн адамның өмірін қиды. Міне, осынау еліміздің жеңісіне 70 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда ұмытпауы тиіс.
   - Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс./3-слайд/

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын».

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей - теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға - ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен...

Ал ,енді сол елім,жерім деп жүректері соққан қаһарман да қайсар ағаларымызды еске түсірейік

«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты бейнефильмді тамашалайық.

Бақтілек:

Біріктіріп үмітімен тілегін,

Біріктіріп барлық күшін, жігерін,

Ана үшін, бала үшін, жар үшін,

Жасқанбастан тосты оққа жігерін.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырылған аналар.

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды

Отан деп өз өмірлерін берген ерлерімізді бір минут үнсіздікте еске алайық.

Асылхан:

Жаралғандай жалыннан

Жайсан батыр Бауыржан

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған

Жанат:

Артта ажал,алда үміт

Есімі ердің жаңғырып

Есінде жұрттың мәңгілік

Жас қыран Нүркен Әбдіров.

Т.Диана:

Бауырлас ізгі ерлердің

Іздерін қалай шаң баспақ?

Төлеген, Мәншүк, Ақеділ

Жасады және сан ерлік

Баймағанбеттің сұлтаны

Байсалды туған ер, батыр.

Жағасын жаудың жыртады

Жолбарыс болып атылып.

Д.Диана

Ажал боп төнген жауына

Дауылды көктің қыраны.

Оралды Алатуына

Ерліктің бір өжет бір әні

Таңғалтқан батырларымен

Тарланбоз Талғат ағамыз.

Жеңістің күні келгенде

Көшеге жайнап шығады

Сөнбесін оның жұлдызы,

Сөнбесін оның шырағы.

Сұраймын көптен кешірім,

Дәріптеу парыз ер атын

Ерлердің елге есімін

Естірте беру – парызым.

Мұғалім:

Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

       Әлия –Мәншүк! /5-слайд/

       Бұл есімдер халқымыздың қадір қасиетін ұлттық мінезін,патриоттық қасиетін биіктететін тұлғалар.

       Қазақтың екі асыл қызының өмір жолының көз жасының тамшысындай бірдейлігін таңдандырып өмірлерін жақындастырады. Әлия мен Мәншүкті ардақтау иісі қазақты  ардақтау.

                                         Әлия –Мәншүк ер қыздары елімнің

                                         Әлия –Мәншүк –гүл қыздары жерімнің

                                         Әлия –Мәншүк аттары әнге айналған

     Әлия –Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған.
- 300 мың жауынгер қыз – келіншектердің ішінде 86 - сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, оның екеуі бүкіл Шығыстың даңқты қыздары – Әлия мен Мәншүк. (слайд бойынша әңгімелеу)

Ельдос:

Жер мен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт,

Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт.

Жауменен жалғыз алысты

Түбінде Мәншүк Невельдің.

Бермеді қолдан намысты

Жүректі қызы ер елдің

Т.Диана:/6-слайд/

       Мәншүк  Мәметова 1922 жылдың қазан айында Орал  облысының Орда  қалашығында  дүниеге  келген. Мәншүктің   балалық  шағы  Алматыда  өткен Мәншүк  Әмина  Сүлейменованың тәрбиесінде  болған. 

       Ельдос:  /7-слайд/

       Әлия  Молдағұлова 1925 жылы 15  маусымда Ақтөбе облысының Қобда  ауданындағы   Бұлақ   аулында   дүниеге  келген. Әлия   нағашы  әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде  болған. 

     Т.Диана:/8-слайд/

      Мәншүк  Мәметова Ұлы  Отан соғысы   басталған   кезде Алматы  мед  институтында оқып  жүрді.  1942  жылдың   тамызында   ол  өз   еркімен Қызыл  Армия  қатарына  алынады.

     Ельдос: /9-слайд/

  Әлия 1942 жылдың  желтоқсан айының 18  жұлдызында  мергендер  дайындайтын Орталық  қыздар  мектебіне оқуға  түсіп, үздік  бітіріп  шығады. 

      1943 жылдың шілдесінде Әлия  өз  еркімен  соғысқа  алғы  шепке  аттанады. Әлия бұл  кезде  небары   21   жаста

          Көрініс: Мәншүк /капитан Ельдос, Мәншүк Д.Диана/
(Капитан соғыс алаңына келіп ) Сау - сәлеметсіздер бе, жолдастар?
( Солдаттар орындарынан тұрып) Сәлеметсіз бе, жолдас капитан?
Капитан: (төс қалтасынан хаттарды ала бастап солдаттарға) Міне, біраз хаттар келіп қалыпты, алыңдар! Мәншүк, анаңның беріп жіберген сәлемдемесін ал, ал мынау хаты (Төс қалтасынан алған хатты ұсына беріп, кідіріп қалады)
Мәншүк: Рахмет, ағай, қалай, ел - жұрт аман ба? Анамның, әкемнің дендері сау ма екен? (Хатқа қолын соза береді)
Капитан: Тоқтай тұр, Мәншүк, билемесең хатты бермеймін. Ал Алматының алмасына не айтарыңды өзің біл.
Мәншүк: Жарайды. Қане қыздар билеп жіберейік!
(Қыздар «Катюша» әніне билейді. Капитан орындыққа барып отырып тамашалайды)
Капитан: Жарайсыңдар, қыздар!
Капитан: (Қарсы алдында орындыққа отырып сүйсіне қол соқты) Өте жақсы орындадың, Мәншүк. Енді саған ананың хатын бермеске болмас. (Қолыңдағы қағазды ұсынды)
Мұғалім:

          Мәншүк пен Әлия байтақ елдің бостандығы жолында шыбын жанын пида етті,ал тарих оларға өз төрінен орын берді. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда... Олардың бейнесі ерлігі келесі жылдарға ғасырларға  бізбен бірге...

Мәншүк пен Әлияның жазған хаттарынан үзінді (бейнефильм)

Әлия мен Мәншүк  есімі мәңгі  жадымызда (көрініс)

Сахнада тұрған баланың бірі 

Анаға жақындап,сұрақ қоя сөйледі.

                   Меруерт:  Айтшы ана сезіппедің ,сонда сен 

                     Жақындаған қара бұлтты

                     Қара бұлтты, қара нөсер дауылды

                     Естіп пе едің сонда сен 

                     Өз еліңе жақындаған 

                     Үрейді алған сарынды 

                                                         (Ә.Тәжібаев)

(Сахнаға әсери киімді Әлия мен Мәншүк келеді.)

 Ана Бақтілек:  (көрермендерге жақындап)     

Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,

                     Елге дауыл тиетінін  біліп  ем,  

Тыныш  жатқан  берекелі  еліме

Қанішердің  келетінін сезіп  ем

                     Бірақ, бірақ  бейбіт шақтың келеріне

Мен тәңірідей  сеніп  ем

Ел қорғайтын  ерлерімнің 

Мәншүк  пен  Әлиядай  

Қыздарымның  ерлігіне  сеніп  ем

Мәншүк (Д.Диана) : (анаға  қарап  сөйлейді)

                    Мама, мама  күнім  деген сенсің  ғой

                     Әрең  жетті-ау әлсіреген дауысың

Жыламашы шыдап бақшы  ерсің  ғой

Бар  емеспе бір  еркектей намысың

Сағындың ба,  менде  сені сағындым.

Қандай  ана  сағынбайды  баласын

Қандай  бала   сағынбайды анасын

Жүрегімде  жалғыз  өзің   ғанасың

Батқан  күнмен, батқан түнмен бірге күт

Менде  саған  оралғанша   ынтықпын

Оралмасам  қош бол  мама көрерсің

Қалған  менен соңғы  белгі  мылтықты.  

                                                              (Ә.Тәжібаев)

Ана (Бақтілек):  (тебірене)

Тап  таза  мөп-мөлдір  көгілдір,

Жан еді – ау жапырақтай  көктемгі

                    Шырқайтын жыр  қылып осынау  өмірді,

                    Әнсің  бір  жарылып  кетердей  от  кеуде

                    Жан берді  жалғызым  өрт  топан  майданда 

                    Соғыс  қой  ақмарал аруды  сындырған 

                    О,  бүгінге  жауапты  адамдар

                    Сақтаңдар ұрпақты

                    Апаттан,қырғыннан

                                                             (Ә.Тәжібаев)

(Әлия мен Мәншүк  кезектесіп, залға  қарап  сөйлейді)

Мәншүк: Д.Диана:

Біз сендердей  жаңа  ашылған гүл  едік

                  Жерге  бақыт,елге бақыт тіледік

                  Отан ана отқа күйіп жатқанда

                  Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Әлия: Т.Диана

               Отан –ана жылағанда шерленіп

                Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

                Қара бұлтты қақ жарайық дедікте 

                Қолымызға қару алдық ерленіп 

Мәншүк: 

                Қыздың жанын біз білмесек кім білер ,

                Көктем келсе құлпырмайма мұңлы жер

                Үстімізге біз кимедік ақ көйлек

               «Жар-жар» жырын естімедік,сіңілілер

Әлия:  

               Күліп қарсы ап бал бақыттың ақ таңын,

               Айтпадық біз махаббаттың тәтті әнін

               Бізге жылы хат жазатын жігіттер,

               Қаныменен қарға жазды хаттарын 

Мәншүк:

               «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

               Зор айқасқа  кеттік біздер  аттанып

               Біз  сендердей қыдырмадық  кешқұрым,

               Біз  сендердей  арман  гүлін тақпадық.

 Әлия,Мәншүк:

               Қатар тұрмыз қатар жүріп келеміз,

               Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз,

               Біздер өлдік,өлмесіндеп басқалар,

               Бізді қайта туды Отан, ел егіз

               Жетсек деген арманымыз көп еді.

               Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

               Біздің туған күнімізді құттықтап

               Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

 

              Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

              Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

            

              Қолымыздан осы болды келгені 

              Біздердей ерте солмау үшін басқа қыз.

                                                                       /Т.Молдағалиев/

/Әлия мен Мәншүк ескерткіш тәрізді тұрып қалады/.

   Ана :

              Қош бол қыран қыздарым менің! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қос қарлығашым,өздерің ерте солғанмен,соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес.

«Әлия мен Мәншүк туралы фильм» бейнефильмінен үзінді

Ән «Шығыстың қос жұлыдызы»

Құрметті балалар Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар жайлы тереңірек білдік. Міне биыл Жеңіске 70 жыл толып отыр. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныштықта өмір сүрсін. Бүгінде Қазақстанды әлем тануда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолымен болашаққа нық басайық.

Балалар бейбітшілік құсы деп қандай құсты атайды? Олай болса әр құстың жылы тілегі бар.

Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!Қорытынды: Балалар Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын
берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.Ән: «Жеңіс туы желбіресін»

«Майшам»жаттығуы (рефлексия)

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

-Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Назарларыңызға рақмет!Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?лы же?іске 70жыл. Шы?ысты? ?ос ж?лдызы"

Автор: Кусаинова Гулизат Тулешевна

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253726


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства