kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арма "Же?іске 71 жыл!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                           ?азыбекова Алтынай

                                                      7-сынып, «№152 ?аза? орта мектебі» КММ

                                                          Шиелі ауданы  ?ызылорда облысы

                                                    Жетекшісі: ?лихан Г?лмира ?бді?ани?ызы

                                                            Же?іске 71 жыл!

            И?, осы к?нгі бейбіт ?мір о?айлы?пен келген жо?. ?атал та?дырды? со?тыр?ан азабы со?ыс ала?ында?ы со?талдай азаматтарды? ж?регінде жазылмастай жара?а айналды. Б?ріні? к?кірегін кернеген жал?ыз ой - Же?іс туыны? к?кке желбіреуі, а?айынны? туып-?скен атамекенге аман-есен  оралуы болатын. Алайда  ?ар жастанып, м?з т?сенген азаматтарымызды? ?аншасы майдан шебінде шейт болды. Біра? Отан-ана, Жер-ана, абыройлы ?аза? елі алдында?ы жауынгерлерді? азаматты? борышы, ?мірге ??штарлы?ы, елге, жерге деген с?йіспеншілігі мен зор сенімі оларды тек же?іске жетеледі. Тарихта баяндал?андай,  жерімізді?, елімізді? аманды?ын а? найзаны? ?шымен, а? білекті? к?шімен ?ор?а?ан ата-бабаларымыз секілді ?лы Отан со?ысыны? з?лматты ша?тарында ерж?рек жауынгерлеріміз ке? сахара даламызбен т?тас Отанымызды? аманды?ын, баянды, бейбіт болаша?ымызды ?жет ерлікпен ?ор?ап шы?ып, ?лы же?іс салтанатын к?ллі ?лемге паш етті. Тылда да майдан?а аттан?ан жауынгерлерді?, о??а ?ш?ан бозда?тарды? отбасында та?дыр тау?ыметі - ?лкен ?иынды? орын алды. Елдегі а? жаулы?ты аналар, с?йіктілерін, ерлерін майдан?а аттандыр?ан ?ыз-келіншектер, буыны ?атпа?ан балалар белдері б?гіліп, ?за?ты к?н білегі талып, «Б?рі де Отан ?шін, б?рі де же?іс ?шін!» деп ?рандатып е?бек етті. Сонды?тан та?дыр тау?ыметіні? кермек д?мі осы жылдары тер т?ккен ?рбір жанны? есінен кетпесі аны?.

     Міне, адамзат тарихында м??гі ?шпестей болып са?талып ?ал?ан 4 жыл, я?ни 1418 к?нге созыл?ан  е? суы? та с?рапыл со?ысты? ая?тал?анына 71 жыл тол?алы отыр. ?аншама  жылдар бойы ?шпес ерлікті? ?лгісін к?рсеткен миллионда?ан адамдарды?, ?а?арманды?пен шай?ас?ан азаматтар мен азаматшаларды? ?атарында ?аза? еліні? ?жет ?лдары мен ?ыздары да ерлікпен шай?асты.      

        Алтынны? сыны?ындай бол?ан сол аяулы да ??рметті азаматтарды? ?атарында Сыр бойынан ?ару ?стап, жау?а ?арсы ?ас?айып т?р?ан б?гінгі егемен елді? арда?ты а?са?алы болып аты а?ыз?а айнал?ан ?арттарымыз баршылы?. Олар от пен су?а т?сіп, сыз жерт?лелерде то?ып, ?р а?ысты ?зендерді кешіп, бізді? жа?сы ?мір с?руіміз ?шін денсаулы?ы мен ?ажыр-?айратын беріп, жар?ылда?ан жас ?мірін ??рбан етті. ?асы?тай ?анын т?гіп, ?лтара?тай ата ?онысын жау ?олына бермеу ?шін с?рапыл со?ыс майданында ерлікпен, ?жеттікпен к?ресті. Осындай ?ант?гіс со?ысты? ауыртпалы?ын ?айсарлы?пен к?тере білген, ?иынды??а толы парасатты да, ма?ыналы ?за? ??мырды бастан кешкен жерлес аталарым к?п. Олар Алиакбар ата, Ш?мші ата, Ш?кір ата.

         Мектебімізде майдангерлер жайында іс-шаралар ?ткізіледі, сонда мектепке ардагер аталарды ша?ырып, арнайы сыйлыктар табыстап, баталарын алып, со?ыста?ы ерліктері жайында ??гімелеуін с?райтынбыз. ?кінішке орай,  2015 жылы ?ос бірдей майдангер Алиакбар ата мен Ш?кір ата ?айтыс болды.

      Ардагерлерді? арасында?ы Ш?кір Оразбай?лы ата ма?ан жа?сы таныс еді. Елге ерекше сыйлы, ?адірменді ?арияларды?  бірі болды. ?за? жылдар партия, к?сіпода?, ауыл шаруашылы?ы ж?мыстарында абыроймен ?ызмет етті. Сан салалы ж?мыстар арасында сезімі сергек, зейіні зерек жан шы?армашылы?пен де айналыс?ан. Ол кісі мені? к?ршім болатын, ?йіне барса?, ерліктері жайында ?нгімелеуді ?тінетінбіз. Ш?кір ата да бас тартпай со?ысты? с?рапыл кезе?деріндегі ?иынды?тарды айтып беретін. Бізге со?ыс жайында айт?анда бойымды бір жа?ынан ?ор?ыныш, бір жа?ынан ма?таныш билейтін. Біз келешекті? ба?ытты жастарымыз, себебі Ш?кір атаны ты?да?анда, со?ысты к?зімізге елестетуге ?ор?атынбыз, біра? ??гімені? со?ында со?ысты? жа?сы ая?тал?анын естігенде, к??іліміз жадырап сала беретін. Міне, Ш?кір ата да бізді? бейбіт к?німіз бен тыныш ?й?ымызды ?ор?а?ан, аянбай тер т?гіп, ?лім мен ?мірді? ортасында ж?рген. Ш?кір атаны, ол кісіні? керемет ??гімесін ?атты ?нататынбыз.Ол кісіні? балалары ?азір ата мен ?же боп отыр, олар Ш?кір атаны? балалар?а деген т?рбиесі б?рінен мы?ты болды дейді. Біз Ш?кір атаны? ?артай?ан ?арт кезінде д?ниеге келдік, мен д?л ?азір 13 жастамын, ол кісімен ес жи?алы неб?рі 3-4 жыл болса? та, Ш?кір ата бізді? жадымызда м??гі са?талады. Мен есейгенде ол кісі жайында ?з балаларыма ?неге ретінде айтып беремін. Атаны? ?йіне бар?анда, б?лмесіне кіріп, бірінші атамны? ?олын алатынмын. Ш?кір ата ?мірден оз?ан со? ?йіне бар?анда, орныны? бос т?р?анын к?ргенде, денем м?здап сала береді.

     ?лы Отан со?ысына мені? на?ашы атам Н?ртаза ?алеке?лы да ?атыс?ан. Мені? есімімді сол кісі ?ой?ан екен, дегенмен атам мен д?ние есігін ашпас б?рын ?айтыс болыпты. Н?ртаза ата ауданды? ?аржы б?лімінде 40 жыл, ауданды? т?тынушылар ода?ыны? тексеру комиссиясы председателі ?ызметін 30 жыл, ауданды? сотта 25 жыл заседатель болып е?бек еткен. Мені? на?ашы атам со?ыс ж?не е?бек ардагері. Н?ртаза атам 1998 жылы ?айтыс бол?ан.

    Ата! Жат?ан жері?із жайлы болсын! Сіздей адам мен ?шін ?айталанбас т?л?а.

     ?лы Отан со?ысыны? еліміз ?шін ауыр тигені рас. ?аза? отбасыны? ?аншама  ша?ыра?ы ортасына т?сіп, ойран болды. Бір отбасында бірі ас?ар таудай ?кеден, бірі бауырынан, енді бірі ет жа?ындарынан айырылды. Ал, ?лі еште?ені білмейтін, б??анасы ?атпа?ан балалар ба?ытты балалы? ша?ымен ерте ?оштасты. 1941-1945 жылдар аралы?ында бол?ан со?ыс ?анша жанны? ?мірін ?иды, ?анша отбасын  ер жігіттерінен айырды, ?аншама апа-?пкелеріміз ?ара жамылды, к?птеген б?лдіршіндер жетім ?алды. Елде ашты?, жо?шылы? орнады, тылда кішкене баладан бастап, е?кейген ?арттар?а дейін е?бек етті.

           Б?гінде со?ыс?а ?атыс?ан ардагерлер азайып бара жатыр. Со?ыс туралы ??гімелер ертегі сия?ты. К?п ?асірет ?келген со?ыс енді ?айталанбаса екен деп тілеймін. Неміс бас?ыншыларына ?арсы со?ыста ?анша жауынгер а?аларымыз бен апаларымыз опат болды, ?аншасы жара?ат алды, от пен о?ты? арасында ж?рсе де берілмей, келешек  ?рпа? ?шін деп, ?иынды??а ?арсы к?ресе білді. ?аншама жауынгерлер майдан шебінде ?айтыс болып, еліне жете алмай ?алды. ?азіргі кезде хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіріп жатыр, жа?ын туыстары табыл?ан жауынгерді? бейітіне ту?ан жеріні? топыра?ын апарып ?оюда.

             ?лы Отан со?ысыны? ая?тал?анына 71 жыл толды. Біз 71 жыл бойы бейбіт ?мір с?ріп келеміз. М?ны? б?рі ерж?рек те батыл а?аларымыз бен апаларымызды? ар?асы. ?аза?стан ?алаларыны? к?птеген к?шелеріне оларды? есімдері берілген ж?не ескерткіштер ?ойыл?ан.

            Біз - ба?ытты елді? ?рпа?ымыз. Осы к?нгі бейбіт ?мірге 1941-1945 жылдар аралы?ында бейбітшілік ?шін к?рескен ата-бабаларымыз?а ал?ыс айту?а тиіспіз. Бізге осындай бейбіт ?мір сыйла?аны ?шін, же?іс сыйла?аны ?шін, ?з ?мірлерін Отан ?шін бергеніне ал?ыс айтуымыз керек!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арма "Же?іске 71 жыл!"»














Қазыбекова Алтынай

7-сынып, «№152 қазақ орта мектебі» КММ

Шиелі ауданы Қызылорда облысы

Жетекшісі: Әлихан Гүлмира Әбдіғаниқызы

e-mail: [email protected]




























Жеңіске 71 жыл!


Иә, осы күнгі бейбіт өмір оңайлықпен келген жоқ. Қатал тағдырдың соқтырған азабы соғыс алаңындағы соқталдай азаматтардың жүрегінде жазылмастай жараға айналды. Бәрінің көкірегін кернеген жалғыз ой - Жеңіс туының көкке желбіреуі, ағайынның туып-өскен атамекенге аман-есен оралуы болатын. Алайда қар жастанып, мұз төсенген азаматтарымыздың қаншасы майдан шебінде шейт болды. Бірақ Отан-ана, Жер-ана, абыройлы қазақ елі алдындағы жауынгерлердің азаматтық борышы, өмірге құштарлығы, елге, жерге деген сүйіспеншілігі мен зор сенімі оларды тек жеңіске жетеледі. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі - үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, «Бәрі де Отан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп ұрандатып еңбек етті. Сондықтан тағдыр тауқыметінің кермек дәмі осы жылдары тер төккен әрбір жанның есінен кетпесі анық.

Міне, адамзат тарихында мәңгі өшпестей болып сақталып қалған 4 жыл, яғни 1418 күнге созылған ең суық та сұрапыл соғыстың аяқталғанына 71 жыл толғалы отыр. Қаншама жылдар бойы өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен миллиондаған адамдардың, қаһармандықпен шайқасқан азаматтар мен азаматшалардың қатарында қазақ елінің өжет ұлдары мен қыздары да ерлікпен шайқасты.

Алтынның сынығындай болған сол аяулы да құрметті азаматтардың қатарында Сыр бойынан қару ұстап, жауға қарсы қасқайып тұрған бүгінгі егемен елдің ардақты ақсақалы болып аты аңызға айналған қарттарымыз баршылық. Олар от пен суға түсіп, сыз жертөлелерде тоңып, өр ағысты өзендерді кешіп, біздің жақсы өмір сүруіміз үшін денсаулығы мен қажыр-қайратын беріп, жарқылдаған жас өмірін құрбан етті. Қасықтай қанын төгіп, ұлтарақтай ата қонысын жау қолына бермеу үшін сұрапыл соғыс майданында ерлікпен, өжеттікпен күресті. Осындай қантөгіс соғыстың ауыртпалығын қайсарлықпен көтере білген, қиындыққа толы парасатты да, мағыналы ұзақ ғұмырды бастан кешкен жерлес аталарым көп. Олар Алиакбар ата, Шәмші ата, Шәкір ата.

Мектебімізде майдангерлер жайында іс-шаралар өткізіледі, сонда мектепке ардагер аталарды шақырып, арнайы сыйлыктар табыстап, баталарын алып, соғыстағы ерліктері жайында әңгімелеуін сұрайтынбыз. Өкінішке орай, 2015 жылы қос бірдей майдангер Алиакбар ата мен Шәкір ата қайтыс болды.

Ардагерлердің арасындағы Шәкір Оразбайұлы ата маған жақсы таныс еді. Елге ерекше сыйлы, қадірменді қариялардың бірі болды. Ұзақ жылдар партия, кәсіподақ, ауыл шаруашылығы жұмыстарында абыроймен қызмет етті. Сан салалы жұмыстар арасында сезімі сергек, зейіні зерек жан шығармашылықпен де айналысқан. Ол кісі менің көршім болатын, үйіне барсақ, ерліктері жайында әнгімелеуді өтінетінбіз. Шәкір ата да бас тартпай

соғыстың сұрапыл кезеңдеріндегі қиындықтарды айтып беретін. Бізге соғыс жайында айтқанда бойымды бір жағынан қорқыныш, бір жағынан мақтаныш билейтін. Біз келешектің бақытты жастарымыз, себебі Шәкір атаны тыңдағанда, соғысты көзімізге елестетуге қорқатынбыз, бірақ әңгіменің соңында соғыстың жақсы аяқталғанын естігенде, көңіліміз жадырап сала беретін. Міне, Шәкір ата да біздің бейбіт күніміз бен тыныш ұйқымызды қорғаған, аянбай тер төгіп, өлім мен өмірдің ортасында жүрген. Шәкір атаны, ол кісінің керемет әңгімесін қатты ұнататынбыз.Ол кісінің балалары қазір ата мен әже боп отыр, олар Шәкір атаның балаларға деген тәрбиесі бәрінен мықты болды дейді. Біз Шәкір атаның қартайған қарт кезінде дүниеге келдік, мен дәл қазір 13 жастамын, ол кісімен ес жиғалы небәрі 3-4 жыл болсақ та, Шәкір ата біздің жадымызда мәңгі сақталады. Мен есейгенде ол кісі жайында өз балаларыма өнеге ретінде айтып беремін. Атаның үйіне барғанда, бөлмесіне кіріп, бірінші атамның қолын алатынмын. Шәкір ата өмірден озған соң үйіне барғанда, орнының бос тұрғанын көргенде, денем мұздап сала береді.

Ұлы Отан соғысына менің нағашы атам Нұртаза Қалекеұлы да қатысқан. Менің есімімді сол кісі қойған екен, дегенмен атам мен дүние есігін ашпас бұрын қайтыс болыпты. Нұртаза ата аудандық қаржы бөлімінде 40 жыл, аудандық тұтынушылар одағының тексеру комиссиясы председателі қызметін 30 жыл, аудандық сотта 25 жыл заседатель болып еңбек еткен. Менің нағашы атам соғыс және еңбек ардагері. Нұртаза атам 1998 жылы қайтыс болған.

Ата! Жатқан жеріңіз жайлы болсын! Сіздей адам мен үшін қайталанбас тұлға.

Ұлы Отан соғысының еліміз үшін ауыр тигені рас. Қазақ отбасының қаншама шаңырағы ортасына түсіп, ойран болды. Бір отбасында бірі асқар таудай әкеден, бірі бауырынан, енді бірі ет жақындарынан айырылды. Ал, әлі ештеңені білмейтін, бұғанасы қатпаған балалар бақытты балалық шағымен ерте қоштасты. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс қанша жанның өмірін қиды, қанша отбасын ер жігіттерінен айырды, қаншама апа-әпкелеріміз қара жамылды, көптеген бүлдіршіндер жетім қалды. Елде аштық, жоқшылық орнады, тылда кішкене баладан бастап, еңкейген қарттарға дейін еңбек етті.

Бүгінде соғысқа қатысқан ардагерлер азайып бара жатыр. Соғыс туралы әңгімелер ертегі сияқты. Көп қасірет әкелген соғыс енді қайталанбаса екен деп тілеймін. Неміс басқыншыларына қарсы соғыста қанша жауынгер ағаларымыз бен апаларымыз опат болды, қаншасы жарақат алды, от пен оқтың арасында жүрсе де берілмей, келешек ұрпақ үшін деп, қиындыққа қарсы күресе білді. Қаншама жауынгерлер майдан шебінде қайтыс болып, еліне жете алмай қалды. Қазіргі кезде хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіріп жатыр, жақын туыстары табылған жауынгердің бейітіне туған жерінің топырағын апарып қоюда.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толды. Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп келеміз. Мұның бәрі ержүрек те батыл ағаларымыз бен апаларымыздың арқасы. Қазақстан қалаларының көптеген көшелеріне олардың есімдері берілген және ескерткіштер қойылған.

Біз - бақытты елдің ұрпағымыз. Осы күнгі бейбіт өмірге 1941-1945 жылдар аралығында бейбітшілік үшін күрескен ата-бабаларымызға алғыс айтуға тиіспіз. Бізге осындай бейбіт өмір сыйлағаны үшін, жеңіс сыйлағаны үшін, өз өмірлерін Отан үшін бергеніне алғыс айтуымыз керек!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Шы?арма "Же?іске 71 жыл!"

Автор: ?азыбекова Алтынай

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301822


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства