kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Же?іске -70 жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:  «?лы Же?іске -70 жыл»

Т?рбие са?атыны?  ма?саты :

Білімділік :  О?ушылар?а  ?лы Отан со?ысы жайлы толы? ма?л?мат беру,  жас ?рпа?ты бейбітшілікті са?тау?а ж?не ны?айту?а, ?з Отанын с?юге баулу;

Дамытушылы? : ?з Отанына шексіз берілген, патриотты? рухы жо?ары, ?айсар жауынгер а?аларды? ерлігін ?лгі ету;

Т?рбиелілік: ?лы Отан со?ысында опат бол?ан жауынгерлерімізді?  есімдерін ?астерлеуге,  ерлікке, адал, батыл болу?а т?рбиелеу;

Саба? т?рі: Жа?а саба?

К?рнекілік: ?лы Отан со?ысы туралы слайдтар, кітаптар, бейнебаяндар.

Саба? барысы:

I. ?йымдастыру кезе?і

II. Жа?а саба?

ІІІ. ?орытынды

М??алім:

-?айырлы к?н ?адірменді   ?стаздар мен о?ушылар!  Б?гінгі ?лы Отан со?ысыны? ая?талуына 70 жыл толуына  орай ?йымдастырылп отыр?ан «?лы Же?іске -70 жыл» атты  т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер.

Ж?ргізуші:

 - Ия. Же?іс! Же?іс! Же?іс! Осы  бір ауыз с?з ?аншама жаралы жанны? ж?регіне ?уаныш пен ба?ыт сыйлады, ?аншама жанарды ?уантты десе?ші. Осы бір с?ттегі ?уанышты сезімді ауызбен айтып жеткізу м?мкін емес ?рине.  Сан миллионда?ан адамдар осы бір с?зді   4  жыл бойы минуттап, са?аттап, жылдап сарыла к?тті емес пе? А?ыры, оларды? ?міті мен сенімі а?талды. Біра? сол же?іс бізге  о?айлы?пен келген жо?. Же?іс жолында Отан ?шін от пен су кешіп ?аншама  ?ара к?з  асыл азаматтарымыз  мерт болды. Бізді? ?аза?станда да со?ыс зардабын тарт?ан ша?ыра? ?аншама.  Осы ?ан майданда мерт бол?ан ерлерді? рухына, бізді? арамызда ас?ар таудай болып ж?рген ата – апаларымыз?а басымызды иіп та?зым етейік.
 

Ж?ргізуші:  
Же?іс туы, 
Же?іс туы 
Желбіресін м??гілік! 
Же?іс жыры, 
Же?іс жыры 
Ас?а?тасын жа??ырып! 

?н «Же?іс жыры»
Ж?ргізуші:  Биыл  ?лы Отан со?ысыны? ая?тал?анына 70 жыл толады. 1941 жылды? 22 маусымында фашистік Германияны? Ке?ес Ода?ына опасызды?пен басып кіргеніне биыл?ы жылы 70 жыл толма?. 1418 к?н мен т?нге созыл?ан ?ан майданда  бізді? ?аншама бозда?тарымыз  Отан ?шін от?а т?сіп,  со?ысты? ??рбаны бол?аны –  ?рине ащы шынды?. Оларды? ?ай-?айсысы да  ерлікті? ерен ?лгісін к?рсетіп, хал?ымызды? ерлік рухын ас?а?татты. Мысалы; ?асым ?айсенов, Тал?ат Бигельдинов, Н?ркен ?бдіров, М?лік ?абдуллин, М?нш?к М?метова, ?лия Молда??лова, Бауыржан Момыш?лы, Т?леген То?таров, Ра?ымжан ?ош?арбаев сия?ты аты а?ыз?а айнал?ан а?аларымызбен апаларымызды тарих пара?тарына «Батыр» деген есімдері ою т?рып жазылды.   Осы атал?ан батыр а?а-апаларымызды? рухтарына  ??рметпен бас иеміз..

Ж?ргізуші:

Бір с?т назарымызды  экран?а   аударайы?

 Со?ыс туралы бейнебаян «?лы Же?іске -70 жыл»

?лы Отан со?ысына ?аза?стан хал?ыны?  ?ос?ан ?лесі ?шан те?із еді.. Осы бір с?рапыл со?ыс?а  ?аза?станнан 2 миллион?а жуы? т?рлі ?лт ?кілдері ?скер ?атарына ша?ырылды. ?аза?стан хал?ы Отан ?ор?аушылар ?атарына ?з еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтыны? студенті Манш?к М?метова: «Отбасымыздан майдан?а жіберетін ешкім жо?, а?ам да, апам да жо?, сонды?тан ?зімді жіберуді ?тінемін», - деп ?скери комитетке ?тініш берді. Со?ысты? ал?аш?ы кезе?інде 14 ат?ыштар ж?не атты ?скер дивизиясы, 6 бригада ??рылып, майдан?а жіберілді. ?аза?станды? 36 – жеке ат?ыштар бригадасы 30 – дан астам ?лттан ??рылды. Алматы, Жамбыл, О?т?стік ?аза?стан, ?ыр?ызстаннан ша?ырыл?ан жігіттерден 316 – ат?ыштар дивизиясы ??рылып, оны? командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия ?атарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) ?аза?станды? ?осылып, ?рбір бесінші адам майдан?а аттанды.

?аза?станда е?бек армиясы ??рылып, ?аза? КСР – нен 700 мы?нан астам адам ша?ырылды. Со?ыс жылдары 27 ?скери о?у орны 16 мы? офицер даярлап шы?арды. 1941 – 1945 жылдары ?скери о?у орындарына 42 мы?нан астам ?аза?станды? жіберілді. Со?ыс жылдарында Шымкентте орналас?ан Чугуев ?скери авиация училищесі т?лектеріні? бірі И. Н. Кожедуб ?ш м?ртебе Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ын алды.

О?ушы : ?ле?  «Со?ысты? со??ы к?ктемі»    М??а?али Ма?атаев

Жасылмен бояп ?ой?ан ба?!

Жап-жасыл тауды? б?ктері

?ырлар да, мынау ойлар да,

Жап-жасыл болып к?ктеді.

Со?ысты? со??ы к?ктемі.

К?п болды, жасыл таулар?а,

Жап-жасыл б?лттар ш?ккелі.

?келді шуа? бар ма??а,

Со?ысть? со??ы к?ктемі.

Со?ысты? со??ы к?ктемі,

К?п болды н?рын т?ккелі.

Жап-жасыл анау аспан да,

Аспан да, сір?, к?ктеді.

Бойына тауды? асылып,

Ш??ыла т?рды, к?к ме?і.

?ыз?анып, г?лін жасырып,

?ылтана?тар да к?ктеді.

Со?ысты? со??ы к?ктемі.

Жап-жасыл шыбы?, тал-да?ы,

Орманны? жасыл шекпені.

?уанта, біра?, алмады,

Сонау бір ?йді шеттегі,

Со?ысты? со??ы к?ктемі.

Ж?ргізуші: ?аза?станды?тарды? жауынгерлік да??ы, ?сіресе, Москва т?біндегі шай?аста шы?ты. Республикада жаса?тал?ан 316 – ат?ыштар дивизиясына Москва?а апаратын негізгі ?зекті жолды? бірі – Волокаламск тас жолын ?ор?ау тапсырылды. М?нда Бауыржан Момыш?лы бас?ар?ан 1075 ?лан ат?ыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жауды? 18 танкісін жойып жіберді. Ротаны? саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия ке? – байта?, біра? шегінерге жер жо?, артымызда Москва» ?ранын к?терді. Оны? б?л с?зі б?кіл майдан?а тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі а?ыз?а айналды. Олар ?асы? ?аны ?ал?анша шай?асты. Б?рі дерлік ?аза тапты, біра? жауды ?ткізбеді. Сондай – а? Москва ?ор?ау тарихына панфиловшылар дивизиясы б?лімдеріні? саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. То?таров, Р. Амангелдиев м??гі ?шпес із ?алдырды.

?лы Отан со?ысында?ы ерліктері ?шін 11600 адам?а Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ы берілсе, оны? 497 - сі ?аза?станды?, оны? ішінде 97 - сі ?аза?. 110 ?аза?станды? Да?? орденіні? толы? иегері.

 О?ушы:  ?ле? « Майдангерлер» Махм?тбай ?міре?лы

?ан майданны? ж?ректе жарасы бар,

?ай?ысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда ж?ретін алша? басып,

Ардагерлер азайып барасы?дар.

?астерлейді хал?ымыз ?а?арманын,

Ж?р есінде сан жары?, сапарлары?.

?айран ерлер, ?а?арман ардагерлер,

?алды-ау сиреп б?л к?нде ?атарлары?.

Ерлік с?йген елі?е салты? ?нар,

Ж?здері?де жан?ан от жар?ылы бар.

«Со?ыс» деген салма?ын жал?ыз с?зді?,

Б?гінгі ?рпа? ?здері? ар?ылы ??ар.

Жас?анба?ан жауынан жара?ты ер,

Ерлігі?ді а?ыз ?ып таратты ел.

?а?арманды? дегенді кейінгі ?рпа?,

Ж?здері?е сендерді? ?арап білер.

Дар?ан мінез, дария ой, дара шы?дар,

Жар?ын ж?зді, ж?регі а?, жаны асылдар.

Арамызда ж?ретін алша? басып,

Майдангерлер азайып барасы?дар.

О?ушы :316 – дивизия жауынгерлеріні? ерлігі мен ?а?арманды?ы жо?ары ба?аланды. 1941 жылы 17 ?арашада о?ан 8-ші гвардиялы? дивизия ата?ы беріліп, ?ызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысыны? Бородино селосыны? т?бінде неміс штабына басып кіріп, немістерді? к?зін жой?ан Т?леген То?таров?а Ке?естер Ода?ыны? батыры ата?ы берілді. М. ?абдуллин бас?ар?ан автоматшылар тобы да ерекше ерлік к?рсетіп, жау танкілеріні? бірнешеуін жойды. М. ?абдуллинге Ке?естер Ода?ы батыры ата?ы берілді.

1942 жылы 3 мамырда 238 ат?ыштар дивизиясы ?йымшылды?ы ж?не ерлігі ?шін ?ызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы б?л дивизия 30 – гвардиялы? дивизия болып ?айта ??рылды.

Ж?ргізуші:

Ленинград шай?асына ?атыс?ан ?аза?станды?тар: 
1. 
Партия ?йымдастырушысы Султан Байма?анбетов А. Матросовты? ерлігін ?айталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 
2. 372-ат?ыштар дивизиясыны? 1236-ат?ыштар полкі 5-ат?ыштар ротосыны? б?лімше командирі ?ойба?аров ?рыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ерж?ректілік к?рсетті. 
3. 48-ат?ыштар дивизиясыны? ата?ты мергені Д?йсенбай Шыныбеков шай?асты. 314-дивизияны? мергендер ?оз?алысын ?атарда?ы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 
4. Ленин ?аласы ?шін бол?ан шай?астарда артеллериялы? ба?ылау аэростаттарыны? дивизион командирі С. Жыл?ышев та ерекше к?зге т?сті.

1941 жыл?ы ?ырк?йекті? ауыр к?ндерінда ?аза?ты? халы? а?ыны Жамбыл ленинградты?тар?а «Ленинградты? ?ренім» деген жыры досты?ты? шынайы ?н ?ранына айналды. ?оршау жылдарында 850 мы??а жуы? бейбіт т?р?ын ?аза тапты. 1943 жылы ?а?тарда 900 к?нге созыл?ан Ленинград ?оршауы б?зылды, ал 1944 жылы Ленинград бас?ыншылардан толы? азат етілді.

О?ушы:

Панфиловшы а?а лейтенант Б.Момыш?лы М?скеу т?біндегі шай?аста ?з батальонымен жау ?оршауын ?ш рет б?зып шы?ты. Со?ысты Б.Момыш?лы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялы? ат?ыштар дивизиясыны? командирі болып ж?ріп ая?тады. С?йтсе де, Б.Момыш?лыны? со?ыс жылдарында?ы ерлігі ?з д?режесінде мойындалмай, тек 1990 жылы елімізді? Президенті Н.?. Назарбаевты? тікелей араласуымен, о?ан Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ы берілді.

Бейнебаян «Же?іс жолында

О?ушы: ?ле? : Естек Н?сіпбеков «Со?ыс ардагерлеріне»

Армысы?дар, а?алар, от кешкендер!

А? т?ндерін боршалап о? тескендер.

 Армысы?дар, а?алар, ардагерлер!

 Ар сынал?ан жылдарда от кешкендер

 От кешті?дер, ?ып-?ызыл шо? кешті?дер!

Аяр жаумен аянбай ?штесті?дер.

 К?зін жоймай гитлершіл жендеттерді?.

Беттен ?айту, бел шешу жо? десті?дер.

Ер ?лімін к?рді?дер достары?нан,

?айтарды?дар ?анды кек ?астары?нан.

Ку? о?ан б?л к?нде протез ?ол,

 ?а?па?сыз ми б?лкілдер бастары?нан.

Бастары?нан айналды?, ?олдары?нан,

 Айлар тусын ?манда о?дары?нан,

?ара орманды хал?ы?ны? ортасынан

Т?рлетуге сендерге жол жарыл?ан.

Сендер бізге ?ашан да ?лгісі?дер,

Тым алысты к?рсетер д?рбісі?дер.

Адамзат?а жа?сылы? ?келуде

 Жапыра?ты, саялы, б?рлісі?дер.

 Т?л?алары? ?р?ашан биік т?рар,

 Батыр деген бір с?зге сыйып т?рар.

 Ізгілікті?, ерлікті?, ?айсарлы?ты?

?сиетін ш?мектеп ??йып т?рар.

Кеуделері?, біздерге ке? сарайдай,

Мейірменен ?арайды бір тараймай.

 Сендер жайлы тол?ансам оралардай

 Ойы отты жол, ?ш?ынды с?з алаудай.

Ж?ргізуші:

 ?аза?станды? жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балты? бойын, Молдовияны азат етуге ?атысты. Мы?да?ан ?аза? жігіттері Ке?ес ?скеріні? ??рамында Шы?ыс Европа халы?тарын Гитлерді? тепкісінен азат етуіне ат салысты.

-1945 жылы 2 мамырда Берлин ?аласы алынды. 
-1945 жыл?ы 8 мамыр-фашистік Германияны? тізе б?ккендігі туралы шарт?а ?ол ?ойылды. 
-1945 жыл?ы 9 мамыр-?ызыл Армия же?іске жетіп, ?лы Отан со?ыс ая?талды.

И? аспанымызда Же?іс туы желбірегеніне — 70 жыл. Со?ыс ?рті ?шіп, ?ай?ы м??нан арылып, бейбітшілік орнап, бейбітшілік к?ктемін ?арсы ал?анына  — 70 жыл.

Ж?ргізуші:

Же?іс! Же?іс! Жасасын м??гі же?іс к?н,

Аты ?шсін сол бір с?рапыл ?анды со?ысты?.

К?лімдеп  та?ы, же?істі? к?ні ата бер,

Тойласын хал?ы?, мерекесін же?істі?.

70 жыл болды, к?н н?ры шуа? т?ккенге,

70 жыл бойы а?аштар б?рін сепкенге,

70 жыл бойы ?уанды жасы к?рі де,

70 жыл бойы ?уанып к?тті к?ктемді.

Сол к?ні ?сте  ерлікке   та?зым жасалар,

Бір с?тте    м??мен ?лкендер к?зге жас алар,

Батырды? рухы, ?шпесін деген ниетпен

Жас ?рпа? м??гі ерлікке ??рмет жаса алар.

Со?ысты  ешкім  де  ?мытпауы, ешн?рсе  де ?мытылмауы керек. Отан ?шін от кешкен батыр рухты а?а-апаларымызды? ерлігін еш?ашан естен шы?армай, батырлар рухына ?рдайым та?зым ету-жас ?рпа?ты? міндеті.Елі ?шін ??рбан бол?ан батырлар рухына –мы? та?зым! Еш?ашан со?ыс болмай, ?лемде тек бейбітшілік болсын!

Осымен «?лы Же?іске -70 жыл»  атты т?рбие са?атымызды  ая?таймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Же?іске -70 жыл! »

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы Жеңіске -70 жыл»

Тәрбие сағатының мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы толық мағлұмат беру, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге баулу;

Дамытушылық : Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Тәрбиелілік: Ұлы Отан соғысында опат болған жауынгерлеріміздің есімдерін қастерлеуге, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілік: Ұлы Отан соғысы туралы слайдтар, кітаптар, бейнебаяндар .

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа сабақ

ІІІ. Қорытынды


Мұғалім:

-Қайырлы күн қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Ұлы Отан соғысының аяқталуына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылп отырған «Ұлы Жеңіске -70 жыл» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

- Ия. Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! Осы бір ауыз сөз қаншама жаралы жанның жүрегіне қуаныш пен бақыт сыйлады, қаншама жанарды қуантты десеңші.. Осы бір сәттегі қуанышты сезімді ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес әрине. Сан миллиондаған адамдар осы бір сөзді 4 жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от пен су кешіп қаншама қара көз асыл азаматтарымыз мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс зардабын тартқан шаңырақ қаншама. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік .


Жүргізуші:
Жеңіс туы, 
Жеңіс туы 
Желбіресін мәңгілік! 
Жеңіс жыры, 
Жеңіс жыры 
Асқақтасын жаңғырып! 

Ән «Жеңіс жыры»
Жүргізуші:
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған қан майданда біздің қаншама боздақтарымыз Отан үшін отқа түсіп, соғыстың құрбаны болғаны – әрине ащы шындық. Олардың қай-қайсысы да ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мысалы; Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов , Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова , Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров , Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымызбен апаларымызды тарих парақтарына «Батыр» деген есімдері ою тұрып жазылды. Осы аталған батыр аға-апаларымыздың рухтарына құрметпен бас иеміз. .

Жүргізуші:

Бір сәт назарымызды экранға аударайық

Соғыс туралы бейнебаян «Ұлы Жеңіске -70 жыл»

Ұлы Отан соғысына Қазақстан халқының қосқан үлесі ұшан теңіз еді. . Осы бір сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Оқушы : Өлең «Соғыстың соңғы көктемі» Мұқағали Мақатаев

Жасылмен бояп қойған ба?!

Жап-жасыл таудың бөктері

Қырлар да, мынау ойлар да,

Жап-жасыл болып көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

Көп болды, жасыл тауларға,

Жап-жасыл бұлттар шөккелі.

Әкелді шуақ бар маңға,

Соғыстьң соңғы көктемі.

Соғыстың соңғы көктемі,

Көп болды нұрын төккелі.

Жап-жасыл анау аспан да,

Аспан да, сірә, көктеді.

Бойына таудың асылып,

Шұғыла тұрды, көк меңі.

Қызғанып, гүлін жасырып,

Қылтанақтар да көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,

Орманның жасыл шекпені.

Қуанта, бірақ, алмады,

Сонау бір үйді шеттегі,

Соғыстың соңғы көктемі...


Жүргізуші: Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Москваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 497 - сі қазақстандық, оның ішінде 97 - сі қазақ. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері.

Оқушы: Өлең « Майдангерлер» Махмұтбай Әміреұлы

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жарық, сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,

Жүздеріңе сендердің қарап білер.

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Майдангерлер азайып барасыңдар.


Оқушы :316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.

Жүргізуші:

Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 
1.
 Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.

1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.

Оқушы:

Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бейнебаян «Жеңіс жолында

Оқушы: Өлең : Естек Нүсіпбеков «Соғыс ардагерлеріне»

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кешкендер

От кештіңдер, қып-қызыл шоқ кештіңдер!

Аяр жаумен аянбай өштестіңдер.

Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің.

Беттен қайту, бел шешу жоқ дестіңдер.

Ер өлімін көрдіңдер достарыңнан,

Қайтардыңдар қанды кек қастарыңнан.

Куә оған бұл күнде протез қол,

Қақпақсыз ми бүлкілдер бастарыңнан.

Бастарыңнан айналдық, қолдарыңнан,

Айлар тусын әманда оңдарыңнан,

Қара орманды халқыңның ортасынан

Төрлетуге сендерге жол жарылған.

Сендер бізге қашан да үлгісіңдер,

Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде

Жапырақты, саялы, бүрлісіңдер.

Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сыйып тұрар.

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың

Өсиетін шүмектеп құйып тұрар.

Кеуделерің, біздерге кең сарайдай,

Мейірменен қарайды бір тараймай.

Сендер жайлы толғансам оралардай

Ойы отты жол, ұшқынды сөз алаудай.

Жүргізуші:

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 
-1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
 
-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.

Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бейбітшілік көктемін қарсы алғанына  — 70 жыл.

Жүргізуші:

Жеңіс! Жеңіс! Жасасын мәңгі жеңіс күн,

Аты өшсін сол бір сұрапыл қанды соғыстың.

Күлімдеп таңы , жеңістің күні ата бер,

Тойласын халқың, мерекесін жеңістің.

70 жыл болды, күн нұры шуақ төккенге,

70 жыл бойы ағаштар бүрін сепкенге,

70 жыл бойы қуанды жасы кәрі де,

70 жыл бойы қуанып күтті көктемді.

Сол күні әсте ерлікке тағзым жасалар,

Бір сәтте мұңмен үлкендер көзге жас алар,

Батырдың рухы , өшпесін деген ниетпен

Жас ұрпақ мәңгі ерлікке құрмет жаса алар.

Соғысты  ешкім  де  ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек. Отан үшін от кешкен батыр рухты аға-апаларымыздың ерлігін ешқашан естен шығармай, батырлар рухына әрдайым тағзым ету-жас ұрпақтың міндеті.Елі үшін құрбан болған батырлар рухына –мың тағзым! Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!!!

Осымен «Ұлы Жеңіске -70 жыл» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?лы Же?іске -70 жыл!

Автор: Еспембетова Замзаг?л Мирамбек?ызы

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195673

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Шы?арма "Же?іске 71 жыл!""
    ["seo_title"] => string(29) "shyg-arma-zhien-iskie-71-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "301822"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456996557"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ма?ала. "?лы Же?іске 70 жыл!" "
    ["seo_title"] => string(32) "mak-ala-u-ly-zhien-iskie-70-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "214643"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432389221"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«?лы Же?іске  - 70 жыл» "
    ["seo_title"] => string(26) "u-ly-zhien-iskie-70-zhyl-6"
    ["file_id"] => string(6) "245898"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446229056"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…"
    ["seo_title"] => string(62) "k_asiriet_shieghip_k_an_kieship_zhien_iskie_zhietkien_kun_iedi"
    ["file_id"] => string(6) "396742"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488307441"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?лы Же?іске жетпіс жыл "
    ["seo_title"] => string(30) "u-ly-zhien-iskie-zhietpis-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "212172"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431773603"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства