Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Ойын- сабақ Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен және жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс. Көрнекіліктер: Үйсіндердің шаруашылық құрал-саймандарының суреттері, карта.
Сабақтың барысы
І . Ұйымдастыру (Сыныпты топқа бөлу, сабаққа дайындау)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІVСабақты бекіту
V Қортындылау
VІ Бағалау
VІІ Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Үйсіндер туралы алғашқы мәліметтер ежелгі қытай жазбаларында қашаннан бастап кездеседі?
А) Б.з.б. І ғасырда Б) Б.з.б. ІІІ ғасырда С) Б.з.б. ІІ ғасырда
2. Үйсіндер билеушісінің лауазымы?
А) Гуньмо Б) Патша С) Хан
3. Үйсін мемлекеті нешеге бөлінді?
А) 3 ке шығыс, батыс, орталық.
Б) 2-ге оңтүстік және солтүстік.
С) 4-ке шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік
4. “Усунго”, “Синго” ұғымдары:
А) Отырықшы мемлекет. Б) Көшпелі мемлекет. С) Жартылай көшпелі мемлекет.
5. Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы қанша мың адам, әскері қанша жауынгерден құралған?
А) 530 мың адам, 199 900 жауынгер. Б) 700 мың адам, 180 000 жауынгер. С) 630 мың адам 188 800 жауынгер.
6. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін, әр отбасы өз табынына ерекшелік белгі ?
А) Таңба басып, ен салған Б) Өз шекарасынан шығармаған С) Мойындарына жіп байлаған
Үйсіндер (б.з.б. II – б.з. V ғ.) – ежелгі дəуірде Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген тайпалар. Үйсіндер батысында Шу, Талас өзендерінен бастап, шығысында Тянь-Шянь тауының шығыс сілемдеріне дейінгі, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты жайлаған. Астанасы – Шығу (Чигучен – Қызыл алқап) қаласы Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Үйсіндер батыл əрі жауынгер халық болған. Ұрыстарда шыңдалған ондаған мың атты əскері қай кезде де жауларымен соғысуға дайын тұрған. Қуатты көршілерінің өзі оларды мойындап, құрметпен қараған. Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни көшпелі мал шаруашылығымен де, отырықшы егіншілікпен де айналысқан. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе асыраған. Халықтың бір бөлігі малмен жайлауға көшкенде, қалғандары жер өңдеп, егін еккен. Тары, бидай, арпа өсірген. Көкөніс, жеміс-жидек отырғызған. Жабайы алма, жүзім, өрік жинаған. Үйсіндерде темір қорытып, пышақ, қылыш, орақ соғатын ұсталар, ағаштан немесе қыштан ыдыс-аяқ жасайтын қолөнершілер, асыл тастармен безендіріп əшекейлік бұйымдар жасайтын асқан шеберлер болған. Соның бір айғағы – үйсіндер дəуірінде жасалған алтын тəті (диадема). Ол аң, құс жəне адам бейнелерімен безендірілген. Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Мұны жасаған ұстаның шеберлігіне таңданбасқа шара жоқ. Үйсіндердің байлығы жылқымен өлшенген, байлары үйір-үйір жылқы өсірген. Ақсүйектері жібек матадан киім киген. Алтын жəне мыстан соғылған мөрлер ұстаған
Үйсіндер шаруашылығы
мал шарауашылығы
егіншілік
бау-бақша өсіру
жартылай көшпелі
көшпелі
суармалы
Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлері
металл өндіру
ұ сталық
зергерлік
тері өңдеу
то қ ыма
қыш-к ұ мыра жасау
ағаш өңдеу
2 . Үйсін к ә сіпшілігі.
Шеберлер
темірден
ағаштан
балта, шот
табақ
айна, қару-жарақ
тастан
сүйектен
тегене
орақ, жебе ұшы
кетпен
тостаған
пышақ
жұмырлағыш,
келі
ожау
біз шеге, қазан
ұршықбас
жебенің ұшы
қайрақтас
Зергерлер
түйме
дөнүккіш
алтыннан, күмістен, асыл тастар – ақық, гауһар, перузадан
білезік, сырға, сақина, алқа, моншақ, қаптырма
Құмырашылар
саз балшықтан
құмыралар (алмұрт пішінде)
4. Үйсін әшекейлері:
1-5 - қола әшекейлер;
6 - күміс түймелер;
7 - күміс сырға;
8,11-әйнек секілді нәрседен жасалған
моншақ;
9, 12, 17 -қола сырға;
10, 13, 14, 21 -қола түйреуіштер;
15, 16 -темір түйреуіштер;
18 - тау хрусталінен жасалған моншақ;
19 - алқа; 20 - алтын сырға;
22, 30, 32, 33, 34 -қола салпыншақтар;
23 -алқа; 24 - тас түйме; 25 -алтын сырға;
26 - алтын сақина; 27 - қола айна;
28 -алқа; 29 - күміс сақина;
31 - сүйек қапсырма.
ІІ Мағынаны тану. ЖИГСО-1 әдісі бойынша әр топқа оқулықтағы мәтінді оқу, постер құрау