Просмотр содержимого документа
«Тарихты кім к?п біледі? »
Тарихты білесіңдер ме?
Тарих пәні мұғалімі: Нұрмаханова Мәншук
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының табиғаты, байлықтары, рәміздері, қоғам қайраткерлері туралы білімдерін жинақтап көрсете білу.
Түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: ҚР саяси картасы.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сайысқа 5 сыныптың барлық оқушылары қатысады. Оқушылардың білімін бағалу үшін қазылар сайланады. Ойыншылар сайыстың шарттарымен таныстырылады. Жарыстың әр кезеңінде аз ұпай жинаған оқушылар сайысты әрі қарай жалғастырмайды.
Сайыс ҚР әнұранымен басталады.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
І кезең: «ҚАзақ елі – менің Отаным». 20 сұрақтан құралған тест жұмысы
ІІ кезең: « Сандарды сөйлет»
ІІІ кезең: Картамен жұмыс
IV кезең: «Қызықты сөздер»
V кезең: «Полиглот»
VІ кезең: «Мақал – сөздің мәйегі.
VIІ кезең: «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран».
VІIІ кезең: Қорытынды
І кезең: « Қазақ елі – менің Отаным»
Бірнеше жүз жылдай уақыт әлемдік картада Қазақста деген мемлекет бары мен жоғы білінбеді. Себебі біз ол кезде Ресей империясының, одан кейін Кеңес Одағының құрамында болдық. Тек 1991 жылы 16 желтоқсанда өзіміз тәуелсіздік алып, егеменд ел болдық.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгін де әр әлемге даңқың жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
І кезең
«Қазақ елі – менің Отаным»
Қазақстан егемендігі туралы декларацияны кай жылы қабылдады?
\ 1990 жылы 25 қазан\
Тәуелсіздікті қай жылы алды?
\ 1991 жылы 16 желтоқсанда\
Қазақстан – « Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
\ Себебі Қазақстан Еуразияның қақ ортасында орналасқан\
Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?
\ 9 орында \
Еліміздің жер көлемі неше шаршы шақырымды алып жатыр?
\ 2,7 млн шаршы шақырым\
ҚР шекарасының ұзындығы қанша шақырым?
\ 13394 км\
Солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі шекарасы қанша шақырым?
\ 1600 км жуық \
Қазақстанда қанша облыс бар?
\ 14 облыс\
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
\ 140 – қа жуық \
Қазақстанның інжу маржанын атаңыз?
\ Арал теңізі\
ІІ кезең
«Сандар сөйлейді»
“ Сандар сөйлейді”
10 20 30
10 20 30
10 20 30
ІІІ кезең
Картамен жұмыс.
1 оқиға. ХV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ертіп, ... жеріне келді. Сол жерді көрсет.
\ Жетісу\
2 оқиға. 1836-1838 жылдары орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы шаруалар бас көтерді. Аталған Орда қай жерді алып жатты?
\ Еділ мен Жайықтың аралығын\
3 оқиға. 1841 жылы Кенесарыны үш жүздің өкілдерінің жиынында, ... жерінде ақ киізге отырғызып, хан етіп сайлады. Кенесарына қай жерде таққа отырғызды?
\ Ұлытауда\
ІV кезең
«Қызықты сөздер»
Карта ...
(Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы).
Нумизматика . ..
(Ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым)
Конституция . ..
( Ата Заң)
Геродот . ..
(Батыстың «Тарих атасы»)
Томирис . ..
(Сақтардың патшайымы)
Шаңырақ . ..
( Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі)
Шекпен . ..
(Түйе мен қой жүнінен салып сырып тіккен сыртқы киім)
Тымақ . ..
( Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі)
Этнос . ..
( Белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт)
Саба, торсық, келі, күбі . ..
(Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары)
Кебеже, абдыра, жастық ағаш . ..
(Үйдің негізгі жиһаздары)
Vкезең
Полиглот
1. Заң –
Закон
2. Мемлекет –
Государство
3. Елтаңба –
Герб
4. Абыздар –
Жрецы
5. Өлкетану –
Краеведение
6. Егемен –
Суверенный
7. Тәуелсіз –
Независимый
8. Қонақжай –
Гостепримый
9. Атамекен –
Земля предков
10. Отан –
Родина
VІ кезең
«Мақал – сөздің мәйегі»
Туған жердей жер болмас,
(туған елдей ел болмас)
Туған жер –
(алтын бесік)
Батыр ел үшін туады,
(ЕЛ ҮШІН ӨЛЕДІ)
Отан үшін отқа түс
( күймейсің)
Отан – оттан да
(ыстық)
Отансыз адам –
(ормансыз бұлбұл)
Бейбіт елде –
(береке бар)
VІІ кезең
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран»
Блиц-сұрақтар:
Туған жер дегеніміз не?
( Адамның туып-өскен жері)
Сіздің туған еліңіз қай ел?
(Қазақстан Республикасы)
Сіздің өз еліңіз алдында қандай міндеттеріңіз бар?
( Туған жерді қорғау, қадірлеу)
Ерлік деген не?
( Туған жерді қорғап, қадірлеу – ерлік. Жақсы оқып, еңбек етсең – бұлда ерлік)
VІІІ кезең Қорытынды:
ҚЫмбатты оқушылар! Бүгінгі «Тарихты білесіңдер ме?» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Сайысымыз жыл бойы алған білімдеріңізді жүйелеп, бекітіп, тексеріп, қорытындылап, кету мақсатында өткізілген болатын. Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.