• Кіріспе. Өткеніміздің бәрі – тарих, тарихтың бәрі – тағылым.
Күтілетін нәтиже:
Білім
• 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәнінің бөлімдерін еске түсіреді. 6-сыныптағы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің бөлімдерін атап, оларды сипаттайды.
Түсінік
• Пән бөлімдерінің ерекшелігін өз сөзімен түсіндіреді.
Қолданыс
• Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды.
Анализ
• 6-сыныптағы бөлімдерін алдыңғы сыныптармен салыстырып, олардың өзара байланысын көрсетеді.
Синтез
• 6-сынып оқулығымен жұмыс жасай отырып, нені танып білетінін жоспарлайды.
Баға
• 6-сыныптағы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің дерек-мәліметтерінің маңызы жайлы ой қорытады.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат блогы (12 мин.).
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин.).
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин.).
ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы (10 мин.).
V. Күтілетін нәтиже блогы (3 мин.).
Оқыту әдісі:
• Репродуктивті, ішінара-зерттеушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзерленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:
• Белсенді-ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу.
Танымдық тапсырмалар:
• ЛТ, ЖБЕА және ИТр блоктарының тапсырмалары.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:
• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Логикалық ойлау, ой қорту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Тарих, археология, жыл санау жүйесі, оқу пәнінің бөлімдері, карта түрлері (жалпыгеографиялық, тарихи, археологиялық).
Ақпарат көздері:
1. Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – Алматы: Атамұра, 2006. 3–6-б.
2. Б.С. Сәрсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы: Атамұра, 2006.
3. История Древнего мира: Учеб. для 5 кл. общеобразоват. учеб. заведений / С.В. Колпаков, Н.А. Селунская; Под общ. ред. акад. РАН Г.М. Бонгард-Левина. – 2-е изд., стереотип. – М.: Дрофа; Веди-принт, 2003. С. 4, 5, 9.
4. Атлас Казахской ССР. М.: Главное управление геодезии и картографии при Совете Министров СССР, 1990. С. 24.
5. Археологическая карта Казахстана, 1960 г.
6. Қазақстан тарихынан атлас. Ежелгі уақыттан ХVIII ғасырға дейін. Жалпы білім беретін мектептің 5–7-сыныптарына арналған (қазақ тілінде) – Алматы: «8&8», 2010.
7. Қазақстан тарихы. 6-сынып [Электронды оқулық] / Ұлттық ақпараттандыру орталығы. – Электрон. мәлімет пен бағдарл. – Астана, 2008. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM). – Атауы – дискінің этикеткасынан.
Сабақты бағалау:
• Негізгі баға ЖБЕА блогының тапсырмаларын, ал бонус балл ИТр блогын орындағаны үшін есептеледі.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабақта біз оқулықтан «§1. Алғашқы адамдардың пайда болуы» атты тақырыпты өтеміз. Осы тақырыпқа қатысты материалды сендер 5-сыныпта «§15. Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы адамдар мен ежелгі тайпалар» деген тақырыпта өттіңдер. Осы екі тақырыптардың байланысын және ерекшелігін түсіндір.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ БЛОГЫ
Тақырып жоспары:
1. Қайталау – білім анасы.
2. «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұндық ерекшеліктері.
3. «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеттері.
4. Өткеніміздің бәрі – тарих, тарихтың бәрі – тағылым.
Слайдтар:
1-слайд (титул)
2-слайд
Сабақ жоспары
3-слайд
Тақырып жоспары
4-слайд
1-тақырыпша. Қайталау – білім анасы
5-слайд
5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәнінен не өтіп едіңдер?
6-слайд
5-сыныпта өткен кейбір ұғымдарды еске түсірейік
• Тарих деп қандай ғылымды айтамыз?
– Тарих деп әртүрлі елдер мен халықтардың өткенін зерттейтін ғылымды айтамыз.
• Археология деген не?
– Археология – тарихқа қажет ғылым. Бұл ғылым қазба жұмыстары кезінде табылатын заттай ескерткіштерді зерттеуге көмектеседі.
7-слайд
Тарихта карта не үшін қажет?
• Біз өздерің білетін картаның үш түрін пайдаланамыз:
1) жалпыгеографиялық картаны;
2) археологиялық картаны;
3) тарихи картаны.
• 1-карта арқылы біз қазіргі Қазақстан жерінен бүгінде бар елді-мекендерді, өзен-көлдерді табу үшін пайдаланамыз.
• 2-карта бізге қазіргі Қазақстан аумағынан ежелгі заман адамдардарының қоныс-тұрақтарын табуға көмектеседі.
• Тарихи карта өткен оқиғалар кезіндегі жердің ерекшеліктерін (халықтардың орналасуын, жолдардың өткен жерлерін, шайқас болған жерлерді т.б.) елестетуге пайдаланылады.
8-слайд
Ежелгі Қазақстан тарихында тарихи кезеңдерді қалай санаймыз?
• Естеріңде болса, қазіргі жыл санауда Иса пайғамбардың туған күні пайдаланылады. Ол туған күн – біздің заманымыздың (б.з.) басы. Осы күнге дейінгі уақытты біздің заманымыздан бұрын, қысқаша б.з.б. деп айтамыз.
9-слайд
Біздің заманымыздан бұрынғы жыл аралықтарын қалай есептейміз?
• Мысалы, б.з.б. 12–5 мың жыл аралығында өткен мезолит кезеңі дегенде біз бұл уақыттың 7 мың жылға созылғанын түсінеміз. Біздің заманымызға дейін санау кері жүргізілетіндіктен, мезолит 12 мың жыл бұрын басталып, 5 мың жыл бұрын аяқталды делінеді.
• Бұны уақыт кесіндісімен көрсетейік.
10-слайд
2-тақырыпша. «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұндық ерекшеліктері
11-слайд
12-слайд
6-сынып «Ежелгі Қазақстан тарихын» немен оқимыз?
• Бұл пәнді біз «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан Т.С. Садықовтардың оқулығымен оқимыз.
• Бұл оқулықтың бөлімдері алдыңғы слайдта сипатталған.
• Оқулық материалын түсінуге оңайлау болу үшін мұғалім әрбір сабаққа слайдтар дайындайды.
• Оқулыққа қоса біз жоғарыда аталған карталарды қажет болғанда пайдаланамыз. Сонымен бірге әр сабақтан қосымша баға алу үшін өзге дереккөздерді, мысалы, 6-сынып электронды оқулығын және Интернетті қолдануға болады.
13-слайд
3-тақырыпша. «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеттері
14-слайд
«Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты
• Ежелгі Қазақстанды мекендеген адамдардың даму тарихынан жүйелі білім алу.
• Ежелгі Қазақстан тұрғындары жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибені оқу, меңгеру.
15-слайд
«Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері
• Дүниеге, өткен тарихи оқиғаларға тарихшылар тұрғысынан қарауға үйрену.
• Ежелгі Қазақстан қоғамының тарихи дамуын – материалдық өндірісін, қоғамдық құрылымын, салт-дәстүрін түсіну.
• Тарихи тәжірибеден құндылық бағдарлары мен сенімді қалыптастыру.
• Қазақ халқының мәдениеті мен тарихын құрметтей білу сезімін қалыптастыру.
• Төл мәдениетке жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарап, оны сақтап байытуға, үлес қосуға бағытталған тәрбиелік ықпал алу.
• Қазақстандық патриотизмді, азаматтық сезімді дамыту, эстетикалық және экономикалық тұрғыда тәрбиелік ықпал алу.
• Діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіну.
16-слайд
4-тақырыпша. Өткеніміздің бәрі – тарих, тарихтың бәрі – тағылым
17-слайд
Өткенің түгенделмей – Бүгінің бүтінделмейді
• Өз еліңнің тарихын оқып білген қызық болуымен қатар қажет іс. Себебі, бұл – адамзаттың өткені, оның табыстары мен қателіктері туралы ес.
• Бұрын болған табыстарды ұмытсақ, біз бабаларымыз кезінде шешкен сұрақтарына қайта-қайта жауап іздеп уақыт жоғалтамыз.
• Тарихты зерделей отырып, сендер осы күнгі оқиғаларды оңай түсініп, олардың қалай өрбитінін болжайтын боласыңдар.
іі. лОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
6-сынып «Ежелгі Қазақстан тарихы» бөлімінің атаулары
6. Сендер Ежелгі Қазақстан тарихының І бөлімін өткенде «мезолит» деген кезеңмен танысасыңдар. Мезолит б.з.б. 5–3 мың жыл аралығында өткен. Осы ақпаратты пайдалана отырып мезолит неше жылға созылғанын, қашан басталып, аяқталғанын жаз.
1. Біз Ежелгі Қазақстан тарихын неше бөлім, қанша тарауға бөліп оқимыз? Оқулық бөлімдерінің қайсысы ең ұзақ тарихи кезеңді қамтиды? Сұрақтарға жауап беру үшін 11-слайдты және оқулық мазмұнын (157–158-бет) пайдалан.